Мұнай өнімдерінде түзілетін эмульсиялар туралы қазақша реферат 

Мұнайда әрқашанда қаттық сулар болады. Әдетте қаттық судың құрамында 30 – 35% шамасында еріген тұздар – натрий, кальций, магний хлоридтері мен бикарбонаттары, ал карбонаттары мен суьфаттары сирек кездеседі. Оның ішінде хлоридтер өте зиянды. Суда еритін және ерімейтін тұздар жылуалмастырғыштар мен пештер құбырларының қабырғаларына отырады да, соның нәтижесінде олардың жылубергіш коэффицентінің шамасы емиді. Суда еритін хлоридтер гидролизденбейді, олар электрохимиялық коррозиясының ұйытқысы болып саналады.

Қаттық судың көбісі ерімейтін қатты қоспалар мен бірге мұнайдан үлкен резервуарларда тұндыру арқылы бөледі.Соңғы сусыздандыру мен тұзсыздандыру процесі арнайы қондырғыларда жүргізіледі. Осы екі процестің мәні – мұнай эмульсиясын бұзу болып табылады.

Эмульсия деп өзара ерімейтін сұйықтарды немесе ерітінділерді араластырғанда түзілетін системаларды айтады. Эмульсияларда бір сұйық екіншісінде ұсақ тамшылар түрінде таралған.

Эмульсиялар, оның ішінде мұнай эмульсиялары, өзара ерімейтін екі сұйықты қатты араластырғанда біреуі екіншісінде дисперленетін, яғни ұсақ тамшылар түрінде таралатын болғанда түзіледі.

Ұзақ уақыт сақталу кезінде кәдімгі жағдайда мұнай эмульсиялары екі сұйық фазаға өздігінен бөлінуі мүмкін. Алайда көп жағдайда екі сұйық фазаға бөліну жартылай жүреді де, су мен мұнай қабаттарының арасында аралық эмульсиялық қабаттар қалады. Эмульсиялардың тұтқырлығы су мен мұнайдың тұтқырлықтарынан әлдеқайда жоғары болып келеді.

Мұнай эмульсиясы деп бip-бipінде ерімейтін және ұсақ дисперсті бытыраңқы күйде болатын мұнай мен қабат суларының механикалық қоспасын айтамыз.

Қабатта және ұңғыма түбінде эмульсия түзілмейді. Олар ұңғы ойпатында түзіледі, сол себепті эмульсияның түзілу қарқынына ұңғыны пайдалану тиесілі әсер етеді [9].

Фонтанды ұңғыларда, егер ұңғыма өнімде су болса, онда қысымның төмендеуі әсерінен бөлінетін газдық көбіктер себебінен сұйықтардың қарқынды араласуы байқалады, яғни неғұрлым тұрақты эмульсиялардың түзілуіне жағдай жасайды.

Бұл процесс әсіресе, штуцер арқылы су аралас мұнай өткен кезде қатты журеді.

Газлифті ұңғымаларда эмульсиялардың түзілу жағдайы фонтанды ұңғылардыкыне ұқсас, бipaқ та әрлифті (ауаны) қолданған кезде неғұрлым тұрақты эмульсиялар түзіледі бұл эмульгатор болып табылатын нафтенді қышқылдың тотықтапуымен түсіндіріледі

Штапты сораптарды колдана отырып ұңғыны терең сораптар мен пайдалану кезінде эмульсиялардың түзілуіне жағдай жасайтын факторлар: плунжерден жүру ұзындығы, минуттағы жүріс саны, сорап клапандарының өлшемдері epкiн газдың болуы, сораптың динамикалық деңгейден төмен батырылуы, сораптың толу дәрежесі және т.б.

Электрлі ортадан тепкіш сораптарды қолдану кезінде, сораптың әpбip сатысында газдысұйық, қоспасының қарқынды араласуы жүреді, осының нәтижесінде эмульсиялар түзіледі. Неғұрлым тұрақты эмульсиялар электрлі ортадан тепкіш сорапты кондырғыны қолдану кезінде байқалса, ал тұрақсыз эмульсиялар бұрандалы (винтті) сорапты колдану кезінде байқалады. Құбырлар бойында эмульсиялардың түзілуіне турбулентті ағын энергиясы себеп болады. Құбырлардағы кысымның үлкен өзгepici, газдыц бүлкілдеуі (пульсациясы), ысырмалардың болуы, бұрылыстар мен басқа да жергілікті кедергілері мұнайдағы су тамшыларының қарқынды ұсақталуына (диспергирленуіне) жағдай жасайды.

Эмульсиялардың түзілуіне сондай-ақ парафиндерде әсер етеді. Өйткені олар құбырлардың өту қимасыи тарылтып және ағу жылдамдығын арттырады, осыған байланысты сұйықтардың араласуы кушейеді.

Осылайша, мынадай қорытынды жасауға болады, яғни мұнай эмульсиясы келесі түрде корінетін эпергиялар әсерінен пайда болады:

механикалық энергия; газдың ұлғаю энергиясы;      ауырлық күші әсерінен пайда болатын энергия.

Мұнай эмульсиясындағы су тамшыларының өлшемі жұмсалған энергия мөлшеріне кepi пропорционал. Ұңғы өнімінің сулануы 40-60%-ке жеткен кезде эмульсияның түзілу процесс қарқынды жүреді, яғни жүйе жоғары тұтқырлық және тиксотроптық қасиеттер әсерінен ағымдылығын жоғалтады.

Бұл жағдайларда жүйеге ертерек реагент — деэмульгаторды енгізу усынылады.
Тағы рефераттар