Осы әдістер теориялық біліммен байланысты және негізделген, оның қорытындылығы, абстракцияның мазмұны мен жүйелілігінің ерекшеліктері. Ізденіс жұмысының негізі біртұтастылығымен анықталады.

Мысалы, А.А.Альшванг музыкалық өнердің жанрлық мәнін ашқанда «жанр арқылы үйлестіру» теориялық әдісті қолданды. Берілген әдістің негізінде оның табиғатын, құрылысын және ерекшелілігін ашады. Д.Б.Кабалевский осы музыкатану концепциясы мен ізденіс әдісін қолданып, балаларды музыкалық өнердің жанрлық негізінде эмпириялық жолмен (нақты музыкалық шығармалардың жанрлық негізінде) таныстырмай, ол теориялық әдісінің көмегімен, жалпынамадан (ән, би, күй, марш) «жекелікке» (шығарманың нақты атауымен). Осы арқалы балалар музыкалық шығарманы тыңдай отыра өз бетімен қандай жанрға жататынын анықтайды. Оқушылар музыкалық жанрлардың түрлерін шығармашылықпен қабылдай және айыра алатындай.

Жалпынамадан жекелікке, нақтылыққа қарай бет алғанда берілген процесте музыкалық — педагогикалық ізденісте үш дәрежені анықтауға болдаы:

1. Ізденістің, гипотезаның құрылысы (жалпы білім беру барысында жүйе құрып, оқушылар музыкалық өнерді біртұтас қабылдап, меңгеруіне педагогикалық механизмді ұсыну).

2. Жанр — интонациялық желісі мен музыкалық өнердің өмірмен байланысы арқылы ғылыми тану теориясын таңдау арқылы.

3. Оқу бағдарламасында теорияны қолдану және оны практикада жүзеге асыру.

         Қарама — қарсылық жолы болуы мүмкін: керекті эмпириялық факторлардың нақтылауы мен жинақтауы, ізденіс мәселелерінің мәліметтер нәтижесіне және нәтижесі — теориялық деңгейде әдіснамалық талдау сапалы нәтижеге жетеді.

Пікір логикалық ойлау форма ретінде кері жағынан синтезбен бірліктекөрінеді.Пікір мен синтез уақыт кезенінде жеке-жеке процесс емес, теориялық ойлаудың негізі (бұл бірінші теориялық ізденістің әдісі).

Ал музыка сабағын қарастырсақ: өнерге ғана ерекшеліктерді байқап табуға болады, — бейнелеушілік, эмоционалдығы, жарқын эстетикалық бейнелеушіліктің бағыты және де дидактикаға ғана жататын: педагогикалық мақсатты нақты шешу, педагогикалық логикасы және жалпы педагогиканың заңдылықтарын бұзбау, еру – доступность, жүйелілігі және бірізділігі.

Педагог-музыкант тек қана ана-мына мәселенің пікірімен шұғылданса, онда пікірі біртұтасты болмайды. Ал керісінше, оның жұмысында тек синтез ғана болса, онда ол «жекеменшік, дербестікті» жоғалтады, онда оны арнайы пікірмен талдайды да арнайы қарастырады.

Сондықтан, пікір диалектикасы мен синтезі әдіснамалық пікірдің сипаттамасы бола алады, оған қоса теориялық әдісі жатады (музыкалық-педагогикалық болмысы мен процесті зерттеуі).

Келесі әдіс, ол моделдеу әдісі. Моделдеу элементтер жұйесін талап етеді, оның жан-жақтылығын, байланысын, функцияларын, музыкалық-педагогикалық процес қызметінің жағдайын.

Үлгі ретінде В.А.Школярдың «Музыкалық педагогикадағы теориялық таным» еңбегінде Д.Б.Кабалевскийдің бағдараламасының мазмұнын теориялық таным категориясын теориялық функция моделдеу арқылы көрсетеді.

Келесі үлгі ретінде әдіс болмысы оқушылардың музыкалық мәдениетінің дамуы диагностика арқылы. Бұл модельде конструктивті — техникалық функциясы оның музыкалық — педагогикалық формасы да байқалады.

Үшінші әдіс – құрылыс-жүйелі үйлесуі, оның шешімі философия, жалпы ғылыми және жеке ғылыми жүрісінің біртұтастылық негізінде. Осы теориялық әдіс жүйелі сипаттамасы арқылы ізденіс объектісінің біртұтастылығы, мәселенің маңыздылығын түсіну, алатын нәтиженің дәлелдеуі мен объектівтілігі.

Музыкалық — педагогикалық мәселері құрамына кіретін теориялық әдісті қысқаша қорыта келе, кейінгі жылдары философиядан, басқадай ғылым мен өнер саласынан алынған коптеген әдіс, шешімдер пайда болды.

Сонымен, музыкалық — педагогикалық мәселелерінің әдіснамалық пікірінің сипаттамасына маңызды қосымша жасауға болады: әдіснамалық пікір деген – педагог — музыканттың қызметі, өзінің ғылымында әдіснамалық білімінің ұштастығы және де шектестік философиялық, ғылымилық, көркемдік —  өзіндік — шығармашылық кезеңде (ізденіс принциптері мен әдістері) музыкалық – педагогикалық кәсібилік негізінде қаралады, оның шешімі, ғылыми тұрғыдағы дәйектеме біртұтастылығы.  
Тағы рефераттар