Нарықтық  экономика – ертеден келе жатқан шаруашылықтың жүргізу құралы, оның дамуының өзіндік бай тарихы бар. Нарықтың қалыптасуы айырбас пен қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуымен байланысты. Нарық қатынастарының дамуын мынадай негізгі кезеңдерге бөлуге болады: нарық әлемінің пайда болуы; натуралдық айырбас кезеңі нарығы; тауар болмысы кезеңінің нарығы; тауар емес балама кезеңінің нарығы;

1) Кезеңінде айырбас операциялары тұрақсыз, кездейсоқ болады, олар өндірістің шарттары болып табылмайды. Құндық қатынастар әрбір жеке сауда-саттық көріністерде кездейсоқ болады.

2) Кезеңдегі тауар қозғалысын мына формула бойынша т1-т2 көруге болады. Балама айырбас көбіне-көп өндірістің шарты бола бастайды. Осының нәтижесінде қоғамдық қажетті шығындар категориясы қалыптасады. Құнның субстанциясы әлде болса тауарды бір түрімен біртұтас болып бірігіп кеткен жоқ, сондықтан таза құнның иеленушісі болып бірнеше тауарлар көрінуі мүмкін.

3) Кезеңдегі тауар тепе-теңдігі мына айырбас формуласы бойынша т1-т2 балама Т2 . Әрбір жергілікті нарыққа балама тауардың бір түрі тән. Ол ерекше тұтұну қасиетіне байланысты әрдайым ортасынан ығысып шығып қалып отырады. Бұл кезеңде таза құн өзінің иеленушісінің белгілі бір заттық формасымен біртұтас болып бірігіп кетеді, оған тауар қабығынсыз өмір сүре алмайтын шығындық емес деп бөлінетін құрамалары байланады. Дүниежүзілік нарықтың қалыптасуы мен құнның жеке дара иеленушісі қызметін атқара бастайды.

4) Кезеңдегі тауар қозғалысының формуласы: Т1-тауар емес балама –Т2 . Алтынға тікелей айырбастың тоқталуымен, құнның таза иеленушілері — несие ақшалар өздерінің тауарлық мәнін жоғалтады. Былайша айтқанда, құнның өзінің заттық иеленушісінің оқшаулануы — қазіргі замандағы нарықты сипаттайтын құбылыс болып табылады. Сонымен бірге, нарық стихиялы түрде дамушы немесе еркін нарық, монополиялы нарық, реттелмелі нарық деп бөлінеді.

Стихиялы нарық — капитализмнің алғашқы кезеңінде болды, оған еркін тауар өндірушілер мен сатып алушылар, еркін бәсеке мен еркін бағалар тән болады. Стихиялы нарықтың идеологы, әлемдік экономикалық теорияның негізін қалаушы А. Смит (1723-1790 ж.) өзінің “Халықтар байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеу” (1776ж.) деген басты еңбегінде — жеке меншік иелерінің байлықты көбейтудегі мүддесі өндірісті дамытудың және оны қоғамдық қажеттіліктерге лайықтаудың қозғаушы күші болып табылады деп жазған болатын. Сонымен бірге А. Смит екі кәсіпкер немесе саудагердің арасындағы әңгіме әрқашанда бағаны өсіру ниетіндегі дамумен аяқталады деп көрсетті. Оның пікірінше, мемлекет мұндай даулы мәселелерді шешуге  араласпауы керек, ол тек қана жалпы тәртіпті қамтамасыз ететін “түнгі күзетшінің” рөлін атқару қажет. Мемлекет “мейлі өзінен өзі жүрсін” саясатын жүргізіп, бәсекені шектеуден аулақ болуы керек. Бірақ А.Смит осы екі дәлел негізінде жаппай анархияны қорғаған жоқ. Керсінше, ол жеке капиталдың монополиялар мен картельдер арқылы бәсеке күресіне шек қоятын “жаман әдеттеріне” мейлінше күдікпен қарады. Тек бәсеке ғана бағаны төмендету және өндіріс көлемін арттыруға ынталандырады, нақты реттеу қабілетті болады деп көрсеткен болатын. Сөйтіп А.Смит нарықты экономиканы өзін-өзі реттеу механизмін ашты. Еркін бәсеке мен нарықтың көрінбейтін қолының пайғамбарының пікірінше, жеке мүддені қоғамдық игіліктің пайдасына жарату мүмкін болады. Кейіннен, қоғамдық өндірістің күрделіленуіне байланысты нарықта анархия орын ала бастады. Мұндай жағдайда оны реттеуді монополиялар өз қолынан ала бастады. Осы кезден бастап монополиялық нарық қалыптасты. Монополиялық нарық ХIХ ғасырдың аяғында ХХ ғасырлардың алғашқы кезеңінде өмір сүрді. Нарықтың бұл түрінде еркін бәсеке шектеледі, ал ол экономикадағы сапалық және сандық өзгерістердің динамикасына кері әсер етеді.

Өндірістегі монополиялық үстемдік ғылыми техникалық прогресстің баяулануына, бағаның өсуіне, тауар тапшылығына, ал түптеп келгенде, қоғамның барлық қайшылықтарының меншіктегі ірі кәсіпорындар монополиясына негізделген бұрынғы КСРО-ның экономикасы да жатады. Нәтижесінде, сұраным мен ұсыным сұрақтары әкімшілдік-әміршілдік тәсілмен шешілетін, тұтұнушылардың мүддесіне бағдарланбаған өндірушілер нарығының типі қалыптасты.

Қазіргі заманда өркениетті елдерге реттелмелі нарық тән болып отыр. Оны тек қана еркін тауар өндірушілер мен тұтынушылар, еркін бәсеке мен бағалар ғана емес, сонымен бірге өнім өндіруге мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру, шаруашылық субъектілеріне қаржы несие тұтқалары арқылы әсер ету, белгілі бір тауар түрлері мен топтарына мемлекеттік баға белгілеу, нарық коньюнктурасын зерттейтін маркетингтік қызметті енгізу, өндірістің көлемін тікелей шарт жасау негізінде реттеп отыру, әр түрлі кәсіпорын ассоцияцияларын, жарнама ақпараттық жүйелерді құру арқылы реттеуде мемлекеттің шешуші рөлін атап көрсету керек.

Біздің жас тәуелсіз Қазақ мемлекетінде де толыққанды жүйелі, әлеуметтік бағдарланған нарыққа көшу экономиканы дағдарыстан шығарудың баламасыз құралы деп танылып өттік.
Тағы рефераттар