МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ………………….3

І . НЕГІЗГІ БӨЛІМ. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ АМОРТИЗАЦИЯСЫНЫҢ ЕСЕБІ…… 5

1.1 Негізгі құралдардың экономикалық мазмұны……..5

1.2 Негізгі құралдардың амортизациясының есебі……….6

ІІ.НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ АМОРТИЗАЦИЯСЫ ЖӘНЕ ТОЗУЫНЫҢ ЕСЕБІ

2.1 Негізгі құралдардың тозуының есебі….14

2.2 Негізі құралдарды құнды,бірқалыпты және жылдамдатып шығару әдісі ……17

2.3 Толығымен амортизацияланған, пайдалануға жарамды негізгі   құралдарды есепке алу проблемасы…….20

ҚОРЫТЫНДЫ ………………….24

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ …….25

КІРІСПЕ

Қандай ғылымның болмасын пайда болу тарыхы, маңызы мен мақсаты және қоғамда алатын өз орны бар екендігі белгілі. Солардың ішінде басқа салалардан өзінің ерекшелігімен оқшауланатын бухгалтерлік есеп саласы бұдан бірнеше жүзедеген жылдар бұрын пайда болып, күнделікті өмірде қолданылуы барысында қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайларына қарай өзгерістерге ұшырап келе жатқан ғылым болып табылады.

Осы курстық жұмыста мен «Негізгі құралдардың  амортизациясының есебі, негізгі құралдардың тозуының есебі» тақырыбын тереңірек талдап, салыстырып, толығырақ зерттеп көрсетемін.

Курыстық жұмысымның кіріспе бөлігінде негізгі құралдардың экономикалық мәні және жалпы жіктемесі жайына тоқталамын.

Ең  алдымен жалпы  негізгі құралдарға  қысқаша атап өтетін болсам -негізгі құралдарға мыналар жатады: жылжымайтын мүліктер (жер учаскелері, үйлер, ғимараттар, көпжылдык, өсімдіктер және жермен өте тығыз байланысты, қозғалысы олардың, мақсатына зиян келтірмеуі мүмкін емес басқа объектілер), көлік құралдары, жабдықтар, аулау аспабы, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандар, үлкен және өнім беретін малдар, арнайы құралдар мен басқа да негізгі қорлар (кітапхана қорлары, мұражай құнды-лықтары, жануарлар әлемінің экспонаттары, автомобиль жолдары және т.б.).

Негізгі құралдар көптеген өндіріс құралдары бойына пайдаланылады, қасиеті мен нысанын сақтай отырып, жанама түрде тозады, өзінің құнын жаңадан жасалған өнімге біртіндеп көшіреді. Айналым құралдары бір ғана өндірістік процесте тұтынылады және өзінің құнын жаңадан жасалған өнімге толықтай көтереді.

Негізгі құралдар  өндіріс үдерісінде бірте-бірте тоза бастайды, яғни өзінің бастапқы сапасын жоғалтады. Олар белгілі бір уақыт өткеннен кейін пайдалануға жарамай қалады да, бұл құралдардың орнына жаңа негізгі құралдар сатып алуға тура келеді.

Негізгі құралдардың тозуын «табиғи» және «сапалық» тозу деп екіге бөледі. Негізгі құралдардың табиғи тозуы олардың материалдық жағынан тозуы болып табылады, яғни жұмыс істеу үдерісінде машиналар мен құралдардың жеке бөлшектерінің қажалып-мүжілуі, үйлер мен ғимараттардың тозығы жетіп құлайтындай дәрежеге жету. Негізгі құралдардың табиғи тозуы олардың көп уақыт бойы пайдаланылғандығына ғана байланысты емес, оған сонымен қатар басқа да табиғи жағдайлар әсер еткендігіне байланысты. Яғни негізгі құралдардың табиғи тозуы олардың ұзақ уақыт пайдаланылуы және оларға басқа да факторлардың әсер етуі нәтижесінен болып табылады.

Негізгі құралдардың сапалық тозу олардың толық табиғи тозуы жетпейақ құнсызданып, өндірістің даму үдерісінен кейін қалуы, яғни активтердің ғылым мен техниканың дамуының бүгінгі күнгі талаптарына сәйкес келмейтін жағдайда болуынан пайда болады.

Жоғарыда айтылғандарды осы «курыстық жұмыстың»  екінші бөлімінде, негізгі құралдардың тозуын, олардың табиғи және сапалық сипаттарын, жоғалту себебтерін ашып көрсетеміз. Яғни негізгі құралдардың амортизациясының есебін, құнды бірқалыпты және  жылдамдатып шығару әдісін анықтаймыз,негізгі құралдардың тозу есебін шығарамыз.

Сонымен бірге «курыстық жұмыс» барысында мен «Негізгі құралдардың амортизациясы мен тозуының есебін» шығарылуының  ерекшеліктерін мысал ету ретінде  «Толығымен амортизацияланған, пайдалануға жарамды негізгі құралдарды есепке алу проблемасының» бағытын ашып көрсетемін.

курстық жұмыс / 25 бет


Тағы рефераттар