Немқұрайдылықтың объективтік кририйі туралы қазақша реферат

            Немқұрайдылықтың объективтік кририйі дегеніміз адамның өз іс-әрекетінің қоғамға қауіпті зардабының болу мүмкін екендігін болжап білу міндеті. Бұл міндет заңның, өзге нормативтік актілердің, қызметтік немесе кәсіби міндеттердің, сақтық сақтау ережелерінің талаптарынан туындайды. Ол адамның өзіне жүктелген міндетті орындауда, әрекет жасалынатын нақты жағдайда ұқыпты, сақ болуын, зиянды зардаптың болуы мүмкін екендігін болжай білуін және оның алдын алуға шара қолдануын көздейді.

Объективтік критерий белгілі бір кәсіп, мамандық иелерінің саұтауы тиіс сақтық талаптарын не әр адамға құқық пен мораль нормалары, қоғамдық тұрмыс ережелері жүктейтін сақтық шараларын ескеруді міндеттейді.

Объективтік критерий тұрғысынан алғанда қоғамға қауіпті зардаптың болатындығын болжай алатын мүмкіндік бар деп саналады, егер осындай жағдайда тап болған кез келген адам оны болжай алатын болса.

Объективтік критерий адамның жеке басының ерекшеліктерін есепке алмайды және өз іс-әрекетінің зиянды зардабы болатындығын болжайға онда нақты мүмкіндік болады ма деген сұраққа жауап бермейді. Сондықтан да, объективтік критерийді субъективтік критериймен байланыстырып қарау керек.

Субъективтік критерий адамның жеке басының ерекшеліктерін әрбір нақты жағдайға қарай ескеруді талап етеді.

Адам өз өрекетінің немесе өрекетсіздігінің қоғамға қауіпті зардабының болуы мүмкін екендігін болжай алатын ба еді деген сұраққа жауап беру ұшін оның жасын, білімін, кәсібін, өмір тәжірибесін және тағы басқаларды, сондай-ақ денсаулығының күйі мен іс-өрекет жасалған кездегі жағдайды ескеру керек. Осындай субъективтік критерийлерге сүйене отырып, зиянды зардаптың болатындығын алдын ала болжауға адамның мүмкіндігі болған болмағандығын анықтай аламыз.

Субъективтік критерий объективтік назардың болу мүмкіндігін жоққа шығарады. Сондықтан дақылмыстық құқық немқұрайдылықтың субъективтік критерийіне шешуші мән береді.

Субъективтік критерийдің бар-жоқтығы туралы мәселе қою үшін алдымен объективтік объективтік критерийдің бар екендігін анықтау керек. Немқұрайдылықтың объективтік критерийі жоқ болса адам өз әрекетінің зиянды зардаптары болуы мүмкін екендігін болжай білуге тиіс емес, субъективтік критерий туралы мәселе қойылмайды. Егер объективтік критерий анықталса адам өз іс әрекетінің зиянды зардаптары болуы мүмкін екендігін болжай     білуге тиіс, онда, зардаптың болатындығын адам болжай алғанда ғана немқұрайдылық орын алады.

Мысалы, қатты керіс кезінде М. бар күшімен К.-ны кеудесінен итеріп жібереді. Ол бетон еденге құлап, басын жарып алады. Алған жарақаттан қайтыс болып кетеді. К.-ны итергенде М. оның құлап өлетінін болжай алмасада, оның итергенде құлайтынын, одан үлкен зардап болуы мүмкін екендігін алдын ала білуге тиіс еді және біле алатын да еді.

Зиянды зардаптың болуы мүмкін екендігін адам алдын ала болжауға тиіс емес жағдайда, сондай-ақ оны болжай алмайтын жағдайда немқұрайдылық болмайы.

Қылмыстық немқұрайдылықты кездейсоқтықпен, жазықсыз зиян келтірумен шатастырмау керек.

Кездейсоқтықта адам келген ауыр зардап үшін кінәлі емес, оған қылмыстық жауапкершілік жүктелмейді.

ҚК-нің 23-бабының 1-бөлігіне сәйкес, егер іс-әрекет жасаған адамның іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі және одан кейін пайда болған қоғамдық қауіпті зардаптар оның ниетімен қамтылмаса, ал осы кодексте абайсызда мұндай әрекет жасағаны және қоғамдық қауіпті зардаптар келтіргені үшін қылмыстық жауаптылық көзделмесе, әрекет жазықсыз жасалған деп танылады.

ҚК-нің 23-бабының 2-бөлігіне сәйкес, егер әрекет жасаған адам өзінің іс-әрекетінің немесе әрекетсіздігінің қоғамдық қауіптілігін ұғынбаған және істің мән-жайы бойынша ұғына алмаған болса, не қоғамдық қауіпті зардаптардың пайда болуы мүмкін екенін алдын ала білмесе және істің мән-жайы бойынша оларды алдын ала білуге тиіс болмаса немесе білуі мүмкін болмаса, әрекет жазықсыз жасалған деп танылады.

Бұл баптың осы бөлігінде жазықсыз зиян келтірудің айрықша түрлері де қарастырылған.
Тағы рефераттар