Ноғай Ордасының негізін қалаған Едігенің баласы Нұраддин хандық құрған тұста ( 1426-1440ж.) Ноғай Ордасы түпкілікті қалыптасты.

Ноғай Ордасы 13 ғасырдың екінші жартысында Алтын Орданың әскери қолбасшысы Ноғай әскерлерінің құрамына енген қыпшақ тайпалары мен маңғыт тайпаларынан құралған. Ноғайлар Еділден Ертіске дейін, Каспий мен Арал теңіздерінен Қазан мен Тюменьге дейінгі жерлерде көшіп жүрді. Орданың орталығы Жайық озенінің сағасындағы Сарайшық қаласы болды. Негізгі кәсібі – кошпелі мал шаруашылығы еді.

Хақназар хандық құрған дәуірде Қазақ хандығының сыртқы жағдайында аса ірі тарихи оқиға – Ноғай Ордасының мәселесі болды. Бұл кезде батыста күшейе түскен орыс мемлекеті шығысқа қарай ірге кеңейтіп, 1552 жылы Қазан хандығы, 1556 жылы Астрахань хандығын бағындырды. Осы жағдайға байланысты Еділ мен Жайық арасындағы ұлан-байтақ өңірді мекендеген Ноғай Ордасы ыдырай бастады. Ноғай Ордасын билеген маңғыт мырзаларының арасында өкімет билігіне таласқан феодалдық қырқыс үдей түсті. Бұл қырқыс халық наразылығын тудырып – Ноғай Ордасы ыдырап, ел ауыр дағдарысқа ұшырады.

Загрузка...

Хақназар тұсында Қазақ хандығының күшеюі және халық тұрмысының оңалуы Ноғай Ордасына қарасты қазақ тайпаларын қызықтырып, өзіне тартты. Ноғай Ордасына қарасты көшпелі тайпалар – қаңлылар, қыпшақтар т. Б. Қазақ хандығына келіп қосылып жатты. Оларды Хақназар хан қабыл алып отырды.

Ноғай Ордасы билеушілерінің бірі – Ысмағыл мырза ішкі феодалық қырқыста өз ағасы Жүсіп мырзаны өлтірді. Жүсіп мырзаның балалары Ысмағыл мырзаға қарсы шықты. Сөйтіп Ноғай Ордасында өзара қырқысқан 2 топ пайда болды. Ысмағыл тобы Мәскеу княздығына қосылуды жақтады, оған қарсы топ Қазақ хандығына қосылуға бой ұрды. Бұл жағдайды пайдаланған Хақназар Ноғай Ордасының көптеген ұлысын өзіне қосып алды. 1557 жылы Ноғай мырзасы Ысмағыл орыс патшасы IV Иванға «Менің туыстарым қазір Жайықтың арғы жағында, бізден қалып қойып, қазақ патшысына қосылып кетті» — деп арыз айтты. Хақназар хан Ноғай ордасының ыдырауын пайдаланып Жайық жағалауындағы көшпелі тайпаларды Қазақ хандығына қосып алумен тынбай, Ысмағыл мырзаға ілесіп батысқа қарай ауған ноғайларға қуалай шабуыл жасап, өз іргесін кеңейту ірекетіне көшті. Орыс патшасы IV Иванның Ноғай Ордасына жіберген елшісі Семен Мальцов 1569 жылы орыс патшасына «Хақназар патшаның, Шығай ханзаданың, Шалым ханзаданың қазақ ордалары, ал олармен қоса 20 ханзада Ноғайға келіп ұрыс салды» деп хабарлаған. Кейбір зерттеушілердің айтуына қарағанда, жоғарыдағы шабуылдар батысқа қарай ауған Ноғай тайпалары еділ мен Жайық өңірін тастап, Доп сахарасына қарай кетуге себеп болған кқрінеді. Бұл жқнінде Ахмет Заки Уәлиди: «1569 жылы Шығай, Хақназар, Шалым сұлтандар бірлесіп, Ысмағұлдың баласы Орыс сұлтанға шабуыл жасады. Осыдан соң көп ұзамай өз елін ақырындап, Жайық пен еділдің батыс жағына, Доп сахараларына көшіруге, Башқұрт елін тастауға мәжбүр болды» — дейді. Бұл жеңіс Қазақ хандығының жерін кеңейтіп, күш-қуатын, беделін арттырды. Тарихи деректемелерде қазақ ханы Хаұназарды «Қазақ-ноғай» ханы деп атағын. XVI ғасырдың ортасында ауыр дағдарысқа ұшыраған Ноғай одағы ішкі-феодалдық қайшылықтар мен қырқыстардың және халық бұқарасының феодалдық үстемдік пен қанауға қарсы күрестерінің нәтижесінде бордай тозып, 1569 жылдан соң мемлекет ретінде өмір сүруін тоқтатты. Ноғай Одағына қараған қазақ тайпалары және олардың этникалық жер аумағы қазақ хандығына бірікті. Бұрын Ноғай Ордасының астанасы болып келген Сарайшық қаласы да Қазақ хандығына өтті. Бұл Қазақ хандығының, қазақ тайпаларының және қазақтардың этникалық жер аумағын біріктіру жолында жасаған жеңісті қадамдарының бірі болды. Сонымен қатар өз дәуірінде шығарылған немесе жаңғыртылып жырланған қыруар жырлар, «Қырық батыр жыры» сияқты үлкен эпостық мұралар қазақ мәдениетінің қазынасына қосылды. Ноғай Ордасының ыдырауы, оған қарасыт қазақ тайпалары мен олардың мекендеген жерлерінің Қазақ хандығына қосылуы хандықтың батыс солтүстік және солтүстікжақтарында түрлі өзгерістер тудырды. Орыс мемлекеті мен Қазақ ханды,ы арасындағы кең өңірді алып жатқан Ноғай Одағының ыдырауы, оның бір бөлігінің орыс патшасына бағынуы шығысқа қарай кеңейіп келе жатқан орыс мемлекетінің шекарасын Қазақ хандығына жақындата түсті.

Қазан мен Астрахань хандықтарын Ресей қосып алғаннан кейін XVI ғасырдың екінші жартысында Ноғай Ордасы бірнеше мемлекеттік бірлестіктерге ыдырап кетті. Алдынғы Кавказда кіші Ноғай Ордасы, ембі өзені жағалауында Алты ұлыс Ордасы құрылды. Белді Ноғай ысмағыл мырзаның қарамағындағы тайпалар Үлкен Ноғай Ордасына бірігіп 1557 жылы орыс мемлекетіне өзінің тәуелді екендігін мойындады. Қалмақтардың шабуылынан кейін 1634 жылы ноғайлар Еділдің оң жақ жағалауына қоныс аударып, Кіші Ноғай Ордасы мен бірікті де, Қырым хандығына тәуелді болды.

.
Загрузка...

Нравится


Проблемы со скачиванием? (нажмите на ссылку)

Тағы рефераттар