Облыстық әкімдер және олардың өкілеттіктері туралы қазақша реферат

Жергілікті атқарушы органдарға әкімдер  және олардың аппараттары жатады. Заң  талаптарына сәйкес, әкім – Қазақстан Республикасы Президенті мен Республика Үкіметінің, жергілікті атқарушы органдарды басқаратын, қарауындағы аумақта мемлекеттік саясаттың жүзеге асуын, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының барлық аумақтық бөлімдерінің үйлесімді қызмет жасауын қамтамасыз ететін, атқарушы органдарға басшылық жасайтын, тиісті бюджеттен қаржыландырылатын, Қазақстан республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік басқару өкілеттігіне ие, сол сияқты тиісті аумақтың әлеуметтік және экономикалық дамуына жауапты уәкілі болып табылады.

Жергілікті атқарушы органдардың және әкімнің қызметін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік мекеме — әкімнің аппараты құрылады.

Жергілікті мемлекеттік басқару дегеніміз – жергілікті өкілдікті және атқарушы органдардың белгілі бір аумақта мемлекеттің саясатын жүргізетін, осы және басқа да заң актілерінде көрсетілген өкілеттіктердің аясында оның дамуына  және осы аумақтағы істің ахуалына жауапты болу үшін атқарылатын қызмет.

Ал, жергілікті атқарушы орган деген ұғымға келетін болсақ- бұл облыстың ауданның, қалалардың әкімдері басқаратын, өзінің өкілеттігі аясында тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган.

Жергілікті мемлекеттік басқару институтының негізгі буыны атқарушы органдар — әкімдер мен әкімшіліктер болып саналады.

Аудандық (қалалық), облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, Астананың) әкімдері Қазақстан Республикасы  атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді және тиісті аумақтың мүддесі мен мұқтаждарына байланысты атқарушы биліктің жалпымемлекеттік саясатын жүргізеді.

Облыстық, аудандық әкімшіліктерді заңда көрсеьілген тәртіппен сайланатын әкімдер басқарады. Ал, әкімшіліктің құрамына әкімнің орынбасарлары, аппарат басшысы, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бірінші басшылары кіреді.

Әкімшілік – заңдық тұлға санатына кірмейтін алқалы орган болып табылады. Әкімшіліктердің төмендегі буындары құрылады: 1) облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық; 2) аудандық  (облыстық маңызы бар қалалардың), республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) аудандық, аудандық маңызы бар қалалық, кенттік, ауылдық (селолық), ауылдық ( селолық ) округтік әкімшіліктер .

Облыстық әкімдіктер

Облыстық (Алматының, Астананың), аудандық (облыстық маңызы бар қаладағы (Астанадағы) аудандық, аудандық маңызы бар қалалық, кенттік, ауылдық (селолық), ауылдық (селолық) округтік әкімдіктер түзілмейтін болғандықтан, олар тиісті атқарушы органдардың бір бөлігі болып саналады.

Облыстық (Алматының, Астананың), аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың)  әкімшіліктерінің ортақ бір міндеті бар: тиісті аумақтың мүдделері  мен даму қажеттіліктеріне тіркес атқарушы үкіметтің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз ету.

Облыс әкімшілігінің құзыретінің төмендегідей бағыттары бар:

1)    ұйымдық – шаруашылық; 2) басқарушылық, 3) реттеушілік; 4) үйлестірушілік5) консультативтік.

Ұйымдық шаруашылыққа төмендегі өкілеттіктер жатады: облысты (Алматыны, Астананы), облыстық (Алматының, Астананың) бюджетті дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын әзірлеу, облыс (Алматының, Астананың) аумағында кәсіпкерлік қызметті, инвестициялық ахуалды дамыту үшін жағдайлар жасау, облыс аумағында су құбырларының, тазартқыш құрылыстары, электр беру желістерінің, басқа да инфрақұрылым обьектілерінің құрылысын ұйымдастыру, қоғамдық тәртіп қорғау және қауіпсіздік сақтауды қамтамасыз етуді ұйымдастыру және т.б.

Басқарушылыққа төмендегі өкілеттіктерді жатқызуға болады:

Аграрлық сектордың ұтымды және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету, облыстық ( Алматы, Астаналық) маңызы бар жолдарды ұтымды іске пайдалану мен күтіп ұстауды қамтамасыз ету,мемлекеттік стандарттарды сақтауды қамтамасыз ету, азаматтардың кепілдік берілген медициналық қызметке құқығын іске асыруын қаматамасыз ету, облсытық коммуналық шеншікті басқару, оны қорғау бойынша шараларды жүзеге асыру, мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер құру.

Реттеушілік заңдарға сәйкес жер қатынастарын реттеуді жүзеге асыру жатады:    әкімшілік нормативтік қаулылар қабылдайды.

Облыстық әкімшілік аудандық әкімшіліктердің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша олардың жұмысын үйлестіреді, халықтың әлеуметтік осал топтарына қайырымдылық және әлеуметтік көмек көрсету бойынша жұмысын үйлестіреді.

Облыстық (Алматы, Астаналық) әкімшілік консультативтік жұмысты жүзеге асырады, ол үшін ведомствоаралық сипаттағы мәселелер  бойынша консультативтік-кеңестік органдар түзейді. Облыстық әкім Қазақстан Республикасының Конституцяисына сәйкес облыстардың  (Алматының, Астананың) әкімдерін қызметке Премьер-Министрдің ұсынуы бойынша Президент тағайындайды. Облыстың әкіміне бірнеше түрге бөлуге болатын құзырет берілген:

Облыстың (Алматының, Астананың) әкімі мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен қарым-қатынастарда облыстың мүдделеріне өкілдік етеді. Әкім өз құзыретін жүзеге асыру барысында Парламент пен сот органдарынан  басқа, Үкіметтен бастап орталық атқарушы органдардан төмен тұрған атқарушы органдарға дейінгі барлық органдармен қарым-қатынастарға кіреді.

         Орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері әкімшіліктің аумағында орналасады және қызмет істейді. Олардың қалай жұмыс істейтіні, өздерінің міндеттерін қалай атқаратыны, нормативтік актілер талаптарын орындайтыны облыс әкімшілігі үшін бәрі бір емес. Сондықтан облыс әкіміне орталық атқарушы органдардың басшыларына олардың аумақтық бөлімшілірінің заңдарды, Президент пен Үкіметтің  актілерін, облыс әкімдерінің өздерінің және әкімшіліктерінің актілерін, облыс әкімдерінің өздерінің және әкімшіліктерінің актілерін орындау бөлігінде соңғылардың қызметі туралы ұсыныс енгізу құқығы берілген.

Кадрлық өкілеттіктер. Облыс әкімі төмендегі лауазымды адамдарды: 1) жоғары тұрған уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша облыс (Алматы, Астана) әкімінің орынбасарларын; орынбасаралрдың шекіт санын Үкімет белгілейді;

облыс (Алматы, Астана) әкімі аппаратының басшысын және оның құрылымдық бөлімшілеріның басшыларын; 3) заңдарда белгіленген тәртіпте нысанды киім кию құқығы және әскери немесе өзге арнайы атақ берілетін басшыларды қоспағанда облыс бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларын қызметке тағайындайды және қызметінен босатады.

Облыс әкімі қала аудандарының әкімдері арқылы жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара әрекеттеседі. Бұл облыс әкімінің жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен тікелей байланысы жоқ екенін білдіреді. Бірақ бұл облыс әкімі жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен тікелей байланысы жоқ екенін білдіреді.
Тағы рефераттар