Ойлау формалары туралы қазақша реферат

Ойлау түрлі формаларда жүзеге асады. Ой процесінің негізгі формалары – пікір және ой қорытындысы болып табылады. Олардың формалары да алуан түрлі болып келеді. Осы мәселелерге де тоқтап өтейік.

Пікір дегеніміз – құбылыстар арасында байланыс орнату.

Пікірде адам белгілі зат туралы өзінің ойын айтады, олардың заттар арасына орнатқан байланысын немесе қайсыбір құбылысқа деген өз қатынасын білдіреді. Демек, пікірде тек ой, яғни танымдық процесс қана бейнеленбейді.

Пікірден адамның сезімі де, оның ниеті де көрініп отырады. Пікірдің көрінісі және оны сипаттайтын ерекшеліктері де көп.

Адам өз пікірінің шынында да ақиқат жайды білдіретініне, дұрыс екеніне басқаларды немесе, тіпті, өзін-өзі нандырғысы келсе, ол оны негіздейді. Бұл үшін адам өмірден белгілі және тексерілген фактілерді, ғылыми дәлелдеген заңдарды келтіреді, түрлі дәлелдерге сүйеніп, логикалық болжамдар жасайды. Мұндай жағдайда пайымдау пайда болады.

Пікірдің әр түрін, оның формаларын, ерекшеліктерін логика ғылымы зерттейді. Психология, негізінен ойлау формасы ретінде пікірдің мазмұнын зерттейді.

Көпшілік жағдайда адам пікірлер жүйесін ғана емес, сондай-ақ ой қорытындысы жүйесін де, яғни, ол бар деректер негізінде жасаған тұжырымды да пайдаланады. Ой қорытындысы бірнеше жеке жағдайдан шығатын жалпы тұжырымға қарай ойысу болуы мүмкін. Бұл – индуктивтік  ой қорытындысы. Бірақ жалпы заң, ережеден жеке жағдайда қарай ойысы тұжырым жасауға да болады. Бұл дедуктивті ой қорытындысы.

Ой әрекетінде ой қорытындысы бұл екі формасы бір-бірінен бөлек өмір сүре алмайды. Олар біртұтас ой процесінің екі жағын немесе екі буын құрай отырып, ажырамас бірлікте болады.

Ой қорытындыларын адам ой әрекеті мен күнделікті практикада пайдаланып отырады. Бірақ ой қорытындысы адамды мәселені теріс шешуге де әкелуі мүмкін.

Ең бастысы – бар білім мен ой әрекет тәсілдерін пайдалана отырып, әр нақты жағдайда түрлі операцияларды орынды және тиісті үйлесім, жүйесімен қолдана білу.

Адам әрекет еткенде, мазмұны жағынан да, шешу тәсілі жағынан да алуан түрлі мәселелермен кездеседі.

Тәжірибелік немесе практикалық ойлау. Машина моторының неліктен бір қалыпты жұмыс істемей тұрғандығын білу үшін шофер капотты көтереді, мотородың қызуын байқайды, контактілері тексереді, егер қажет болса сымдардың ұшын тазартады, кей жерлердегі шайбаларды нықтайды, свечаларды алып қарайды, майды үстемелейді. Ойдың мұндай түрін практикалық немесе әрекетті деп аталады. Ол міндеттің көрнекі түрде, немесе нақтылы түрде берілуімен сипатталады. Оны шешу тәсілі – практикалық әрекетпен байланысты жүреді. Сонымен қатар практикалық немесе тәжірибелі ойлаудың барлық іс-әрекеттерге негіз болып адамның өміріне қажетті іскерлік пен дағдының негізі болып келеді.

Нақтылы — бейнелі ойлау — мәселені шеше отырып адам өзінде бар көрнекі бейнелерді пайдаланса, нақтылы бейнелік ойлау көрініс береді. Керек жерге қай жолмен тезірек жетуге болатынын ойластырған адам барар жолдың барлығын көрнекі бейнемен елестетіп шығады. Ол олардың әрқайсысының ұзақтығын, жол сипатын, жүріп өтуге кететін уақытын салыстырып, талдайды, мәселені ойша шешеді. Ойлаудың мұндай түрі нақтылы — бейнелік деп аталады да ол заттармен құбылыстар бейнесін дәл қайталауға мүмкіндік береді.

Теориялық ойлау – ойлау процесінің ең күрделі түрі. Адам алдында тұрған проблемалар егер мәселен, теориялық түрде қойылса, оны шешу үшін абстракциялың ұғымдарды, теориялық білімдерді пайдаланып шешу талап етіледі. Мұндай әрекеттер өте күрделі ойлау арқылы жүзеге асырылады.

Мысалы, оқушыға оқыған шығармасының әдеби каһармандарының қайсысының пікірі дұрыс екенін анықтау тапсырылса, ол кітап қаһармандарының барлық нақтылы қылықтарын талдаудан өткізуі керек. Мұндай әрекет теориялық ой арқылы жүргізіледі, сондықтан әрекеттің түріде теориялық талдау деп аталады.

Теориялық ойлардың жоғары формалары – заңдарды ашу, ғылыми болжамдар жасау, күрделі өндірістік процесті жоспарлау міндетті түрде практикадан шығады да құрамына азды-көпті жалпыланған елестерді енгізеді.

Әр адам бірқатар мамандық, темперамент, мінез, жас ерекшеліктерге ие. Жеке адамдық ерекшеліктер адамның барлық танымдық әрекетінен, соның ішінде оның ойлауынан айқын көрінеді. Ойлаудың субъективтік факторы — адамның зейіні қандай екеніне байланысты. Мәселенің өзіне аударатындығына, олардың әрқайсысын ол қалай шешетіндігінен, мәселені шешкенде қандай сезімге болатындығынан, шешімді қалай және қай бағытта іздейтіндігінен, сәттілік пен сәтсіздікке деген реакциясының қандай екендігінен көрініс береді.

Субъективті фактордың ролі ойлауды адамның айрықша қызмет ретінде қарастырғанда айқынырақ көрінеді. Қызмет адам орындайтын және белгілі бір ақылға қонымды мақсатқа жетуге бағытталған әрекеттер жүйесі. Қызмет белгілі түрткісінен туады.

Еңбекпен бірге адамның практикалық қызметіне ене отырып, оған саналы, күрделі, бағыт-бағдарлы және жасампаз сипат беретін ойлау да пайда болды.

Ақыл-ой қызметінің айрықша эмоциялық-еріктік жақтарының қосылатындығы болып табылады.

Адамның сезімдері оның ойлау процесіне үш түрлі формада орналасады. Біріншіден, ол адамдарды қиындығы мол ақыл-ой жұмысына жұмылдыратын түрткі, мотивтер.

Ақыл-ой және арнаулы ой қызметінің мотиві кейбір әжептеуір қиын мәселе шешуге мәжбүрлік болуы мүмкін. Көп жағдайда адамды ақыл-ой қызметіне жарыс, өзімшілдік, жоғары баға алу, мансапқа мотивтер де итермелейді. Мотив сипаты бүкіл ой процесінің өтуіне әсерін тигізеді. Ойлаудың бұл ерекшелігі ақыл-ой қызметінің бүкіл процесіне ақылға қонымды және дәлелді сипат береді.

— Біріншіден, әлеумет қоғамның алға өріс алдына қарай 7-11 жастағы балалар тиісті байланыс құралдары (телевизор, радио т.б.) арқылы түрлі жаңалықтарды естіп, өзінің сол мағлұматтарға орай байлығын көбейтіп, осының нәтижесінде үлкендерге күтпеген сұрақтар қойып отырады.

— Екіншіден, қазіргі кіші оқушының мүмкіншілігін өткен дәуірлердегі осы жастағылармен бірден-бір теңестіруге болмайды. Оған бүгінгі кезде 3 сыныптан бастап баланы шет тілін, не алгебра, геометрия сабақтарына оқыту тәжірибелері дәлел бола алады. Осы жәйіттерге сүйеніп, кіші оқушының әлі толық аңғарылмаған, бүгінгі күнге дейін тексеріліп бітпеген оқуға деген қабілеті бар дейді. Осыны бастауыш сыныпта еске алған жөн.
Тағы рефераттар