Ойлаудың психологиялық теориясы туралы қазақша реферат

     Ойлау психологиясы арнайы түрде XX-шы ғасырда ғана жасала бастады.Осы уақытқа дейінүстемдік еткенассоциативтік психология барлық психикалық процестер ассоциациялар заңы бойынша өтетін және сананың құрылуы аз не көп күрделі комплекстердің ассоциациялары арқылы біріктірілген қарапайым сезімдік түсініктерден тұратын ережеден бастау алады.

Сондықтан да ассоциативтік психология өкілдері ойлауды арнайы зерттеуді қажет деп таппады: олар шынында да оны өз теориясының алғышартынан құрастырды.

Ұғымдар түсініктермен ұқсастырылды және белгілердің ассоциативті байланысқан жиынтығы ретінде тұжырымдалды: пікірлер түсініктердің ассоциациясы ретінде; ой қорытындысы–оның тиянақтарына қызмет ететін екі пікірдің арасындағы ассоциация ретінде және одан шығатын үшінші түсінік ретінде қарастырылды. Бұл тұжырымдама Д. Юмнан басталады. Ол XIX ғасырдың соңынан бастап үстемдік еткен болатын.

  1. Ойлаудың ассоциативтік теориялары.

Құрылымдық психологияға сәйкес жеке сезімдік елестер психологиялық тәжірибенің бастапқы элементтері болып табылады. Осындай жеке сезімдер елестер арасында ерекше байланыстар немесе ұқсастық, контрастылық, уақыт пен кеңістікте сәйкес келу сияқты аасоциациялар орнайды. Осылайша, ассоциативтік психологияда ойлау сезімдік елестердің ассоциациясы ретінде түсініледі. Бұл бағыттардың психологтардың негізгі қойған міндеті– ойлаудың белгілі логикалық формаларын ассоциация заңына сәйкес түсіндіру. Ұғымдардың қалыптасуы елестерді ассоциациялау барысында жүзеге асады деп есептелінді. Пікір ұғымдарды ассоциациялау, ал ой қорытындысы пікірлердің ассоциациялау нәтижесі ретінде түсіндірілді.

Осылайша, мәнді мен жалпының арасына теңдік белгісін қою тұтас аcсоцианизмге тән құбылыс болды. Бұл бағыттағы теоряиларға келесі тұжырымдар енді:

  1. Г. Мюллердің “диффузиялық репродукциялар” теориясы. Берілген тұжырымдамаға сәйкес, екі (немесе одан да көп) елестердің үйлесімі былайша қалыптасады: субъекте олардың әрқайсысы судағы шеңберлер тәрізді басқа елестермен ассоциацияларының ағымын тудырады (ал бұлар өз тарапынан дәл солай жаңа ассоциацияларды тудырады).
  2. Ойлау үйрену ретінде. Бұл жерде талдаудың негізгі элементтері болып, қозғалыстық реакция және оларды үйлесімге келтіру заңдылықтары бөлініп шығады. Жаңа стимул–реакциялық байланыстар, яғни шартталу механимздері инттелектуалдық мінез– құлыққа тән емес. Сондықтан ойлау бұл жерде үйрену, интеллектуалдық практикалық міндетті шешу дағдысын қалыптастыру болып табылады.

Ассоциативті теория ойлаудың мазмұнын түйсінудің сезімдік элементтеріне апарады, ал оның өту заңдылықтарын ассоциативті заңдарға апарады. Бұл екі жағдай да жарамсыз. Ойлау өзінің сапалы ерекше мазмұны мен өтудің сапалы ерекше заңдылықтарына ие. Ойлаудың ерекше мазмұны ұғымдарда көрінеді; ұғымдар түйсінулер немесе түсініктердің ассоциативті байланысқан қарапайым жиынтығына апарылмауы керек.

Тура сол сияқты ойлау процесінің өту заңдылықтарын ассоциативті процестерді (кеңістік пен уақытта араласу бойынша ассоциация заңдары) анықтайтын ассоциативті байланытсрамен заңдарға апарылмауы керек.

Ойлау процесінің ассоциативті процестен ең бірінші маңызды айырмашылығы мынада, ойлау процесінің өтуі өзінің санадағы заттық мазмұнының байланыстарымен азды–көпті адекватты бейнелегендермен реттеледі; ассоциативтік процесс тек қана кеңістікте және уақытқа араласу бойынша ұғылмаған байланыстарды алған субъектінің мәліметтерімен немесе кездейсоқ субъективті әсерленулерімен ғана анықталады. Әр бір субъектіде олар сол заттар үшін қаншалықты маңызды екендігіне қарамастан, сол әсерлену мәліметтері қаншалықты біріктірілгеніне қарамастан қабылданады. Сондықтан да, ассоциативті байланыстар танымның әлі жетілмеген сатысы болып табылады. Онда тек қана мәнді байланыстар ғана бейнеленеді, және әрбір жеке жағдайда ассоциациялар кездейсоқ сипатқа ие болады.

Ассоциациялық процесте процестің өтуін объективті анықтайтын қатынастар мен байланыстарды субъект заттық мазмұнның байланысы ретінде ұғынбайды. Сондықтан да процестің мазмұны танымдық қатынаста субъективті, және сонымен қатар оның өтуі автоматты турде субъектіден тәуелсіз болады; субъект оның өтуін реттемейді. Ассоциативті процесте субъектіге тәуелсіз бірқатар субъективті түсініктер өтеді; ассоциативті процестің мақсатты бағыты жоқ.

Әрбір түсінік ассоциациялар бойынша кез келген түсінікті шақыра алады, олар өздерінің қатысыуымен кеңістік немесе уақытша араласуларда көрінеді, ал мұндай түсініктер әдетте көп болады. Ассоциативті шақырылған түсініктердің әрқайсысы өз кезегінде ассоциациялардың әр түрлі жақтарына тарап кететін бастапқы нүктесі болып табылады.

Сонымен, алғашқы және соңғы түсініктер арасындағы байланыстарға негізделген ассоциациялар бір жақты емес: процесс бағыттылықтан айырылады, онда оны ұйымдастыруды реттеп, отыру деген болмайды. Мысалы, кездейсоқ келген ойлар әр жаққа шашырап, үзіле берсе, олар бір затқа қатысты жинақылықты және шоғырланған бағыттылықты талап ететін ойлау жұмысынан шығып қалады, сөйтіп біз шешіп отырған міндетте өз “ойымыздың адасуға, шаршауға әкелеміз және кездейсоқ армандарымыз да ыдырайды; алайда осы армандарда ассоциациялардың қарапайым тізбегіне қарағанда бағыттылық көп болады”. Ойлау процесінде ассоциацияның осы механизмнің әрекетін “шашыраңқылық” жағдайымен түсіндіруге болушы еді, алайда ойлау операцияларының бірізді жүру барысында ойлау операциялары реттелген, дұрыс өту барысынан, оның жолынан ойды ауытқытып, кездейсоқ ассоциациялар бойынша шыға келген бейнелер пайда болады.

Сөйтіп, жоғарғы ойлау процесі және қарапайым ассоциативтік процестердің өту сипаты бір–бірінен мәнді айырмашылығы болады, сондықтан да екіншіні біріншісіне апару мүлдем дұрыс болмайтын еді.

Ассоциативті теорияның алғашқы алғышарттарынан бас тартпай ойлау процесінің бағытталған сипатын түсіндіру үшін, ол бойынша барлық ойлау процестері сезімдік деректер мазмұнын өндіретін репродуктивті сипатқа ие болады деген көзқарасты ассоциациялармен қатар осы теорияны жақтағандар персеверацияны (Г. Мюллер), пайдалануға тырысты. Персеверация тоқтау түсінігі бағытында көрінеді, әрбір жолы біздің түсініктердің өту барысына қайтадан кіреді. Сөйтіп, адамның артынан қандай да бір мотив ілесіп қалмайды. Жабысқақ идеялар персеверацияның соңғы патологиялық формасын көрсетеді.

Ойлау бағыттылығын түсіндіру үшін персеверативті үрдісті пайдалану талпынысы Г. Эббингауздың формуласынан айқын көрінді: “реттелген ойлау –бұл идеялардың секірісі және жабысқақ түсініктердің арасындағы орташа бір нәрсе деп айтуға болады”. Сөйтіп, ойлау екі патологиялық күйдің теңдей әрекет етуші түрінде түсіндіріледі – оны түсіндіру жүзеге асатын негізде осы теорияның алғышарының ойлаудың табиғатына сәйкес келмеуінің айқын дәлелін көреміз.

Адамның психикалық өмірінің әмбебап заңдылықтары ассоциация принципімен байланысты. Ассоциацияның негізгі заңы: ассоциация жиі қайталанған сайын, дұрыс әрі берік болды.

Ассоциацияның төрт негізгі түрі бар: ұқсастық бойынша, контраст бойынша, уақыттық немесе кеңістіктік іргелестік бойынша, қатынас бойынша.

Ассоциациялардың заңдылықтары Д. Гартли, Дж. Пристли, Дж. С. Милль, А. Бэн, Т. Цигень және т.б. еңбектерінде зерттелінді. Бұл жерде ассоциация психикалық бірлігі және түсіндіруші принципі ретінде қарастырылды. Ассоциациялар ойлау белсенділігін түсіндіре алмай, оларды априорлы, яғни ассоциацияларға тәуелсіз ақыл–ойдың туа біткен қабілеті деп білген. Бұлар да рационалдық сезімдікке баланып, субъекттің іс-әрекет белсенділігі талдаудан тыс қалды. Бейне-елестердің ырықсыз ілесуі кез келген ақыл-ой процесінің жүзеге асу типі ретінде ұғынылды. Осылайша, ассоцианистердің пайымдауынша, ойлау–ассоциацияларды жинау процесі.

Идеялардың репродукция (қайта өңделуі) сауалы ақыл–ой іс-әрекетінің ассоциативтік теориясының негізгі мәселелерінің бірі болып табылғандықтан, оны жиі репродуктивті психология деп атаған.

Отандық психологияда ассоцианистік тұрғы Ю.А. Самарин, П.А. Шеваревпен зерттелінді. Ассоциациялардың ойлау механизмі ретіндегі мәні А.Ф. Эсауловпен ерекше аталды.

      2. Вюрцбурлық мектеп. Вюрцбурлық мектеп–сана психологиясын зерттеген бағыттардың бірі. Бұл мектептің негізін салушылр–О. Кюльпе және К. Бюллер, ал өкілдеріне жататындар – Н. Ах, А. Марбе, О. Зельц және т.б.

     Вюрцбурлық мектеппен зерттелінген негізгі мәселелер: a) ойлаушы субъекттің белсенділігін анықтайтын ұғымдарды шығару; ә) ерекше психологиялық ақиқат ретіндегі ойлаудың қасиеттерін сипаттау және мазмұнын анықтау; б) ойлау процесінің психологиялық механимдерін түсіндіру.

Сәйкес әдістемені шығара отырып, Н. Ах ұғымдарды қалыптастырудың тәсілдерін таңдау процесі мен қолдану сипаты субъектпен шешілетін нақты міндеттерге байланыстылығын атап өтті. Осылайша, вюрцбурлық мектептің негізгі қосқан үлесі–“міндет” ұғымын енгізуі (В. Уайт). Вюрцбурлық мектеп өкілдері интроспекция әдісін өзгертті. Субъекттің өзінің ішкі ойлары, елестері, күйзелістері жөніндегі есебі белгілі бір қойылған сқраққа жауапты іздей, белгілі бір міндетті шешу жолымен жүрді.

Сенсуалистік ассоциациялық психология жүргізген логикалықты сезімдікке апарған мәліметтер, ойлау психологиясын жасауды өзінің негізгі міндеті деп санаған вюрцберг мектебі логикалықты сезімдіктен рационалды, идеалистік тұрғыда бөлуге қарсы қойды.

Франциядағы А. Бинемен қатар ойлау психологиясын жүйелік зерттеуді бастаған вюрцберг мектебінің өкілдері, ең алдымен, ассоциативті психологияның сенсуализміне қарсы, ойлау, қабылдау және түйсінудің көрнекі–образды мазмұнына апарылмайтын ерекше мазмұны бар деген ережені алға тартты. Алайда ойлаудың көрнекі сезімдік мазмұнға апаралмайтындығы жайлы дұрыс тұжырымдар оларда бір–бірінен жалған ажыралатын тұжырымдармен біріктірілді: “таза” сезімдік “таза” ойлауға қарсы қойылды; олардың арасында бірліксіз тек сыртқы қарама–қайшылық орнатылды. Нәтижесінде Вюрцберг мекбетінде ойлаудың және сезімдік пайымдаудың ара қатысын дұрыс ұқпайға алып келді.

Ойлау процесін субъективті түсініктердің қарапайым ассоциацияларына апаратын ассоциативті психологияның субъективизміне қарсы Ф. Брентано мен Э. Гуссерлярдан келген интенция ұғымына сүйенген вюрцбург мектебі ойлардың заттық бағыттылығы жайлы тұжырымды жылжытты және ойлау процесіндегі заттың ролін бекітті.

Алайда идеалистік философияға сәйкес шыққан вюрцбург мектебі ойлауды болмыстың барлық сезімдік мазмұнына сырттай қарсы қояды, ойлаудың бағыттылығын затқа (интенция) қарсы қойып ол таза актіге (схоластиктік философиядағы actus purus) және барлық мазмұнынан тыс мистикалық белсенділікке айналды. Осы таза ойлар идеалды объектілермен ара қатыстырылды, ал идеялық мазмұны өзі трансцендентті ойлау болып табылады. Ойлаудың одан тәуелсіз іштей ара қатыстылығы жайлы дұрыс тұжырымдар трансцендентті идеяларға қарсы тұратын таза мазмұндық белсенділік жайлы жалған метафизикалық тұжырымдамаға айналды.

Ойлау процестерін түсініктерді сыртқы механикалық тіркеуге апаратын ассоциативті теорияның механизміне қарсы вюрцбург мектебінің өкілдері ойлаудың бағытталған, реттелген сипаты жайлы тұжырымды қойды. Алайда ассоциативті психология өкілдерінің ойлаудың механикалық тұжырымдамасына вюрцберг мектебінің өкілдері міндетті шешкенде ассоциативті процестерді мақсатқа бағыттайтын детерминацияланған үрдістер (Н. Ах) жайлы телеологиялық тұжырымдаманы қарсы қойды. Міндетті шешуге жарамды болатын ойлаудың маңызды ішкі ерекшеліктерін ашудың орнына механикалық ассоциативті процестерімен шешілмейтін міндеттерге өзіндік таралуға деген қабілетті қосақтады.

Осы телеологизмді жеңуге және ойлау процесінің өтуін түсіндіруге ұмтылған О. Зельц ойлауды зерттейтін еңбегінде мынадай дұрыс тұжырымды жасады, яғни тиңмді ойлау, репродуктивті және детерминацияланған әр түрлі үрдістердің  қозғалысы, жеке түсініктердің констеляцияларынан тұрмайды, ол белгілі бір міндеттерді шешуге бағытталған әдістердің рөлін атқаратын арнайы операциялардың жұмыс істеуімен байланысты болады. Ойлау процесінің өтуі актуальды зияткерлік операцияларды шешуге арналған міндеттермен немесе ішкі бағдарлардың арасындағы ара қатыспен анықталады.

Алайда осы негізгі ара қатынасты анықтауда Зельц таза механикалық позицияға қайта оралады: реакция ретінде сәйкес операцияларды жіберетін міндеттерді шешуге қойылған ішкі бағдарды мойындайтын тітіркендіргіштер деп түсініледі. Сөйтіп, ойлау құрылымы бойынша күрделі рефлекстерге (тізбекті рефлекстер) ұқсас болатын “рефлексойдты бірігулер жүйесі” болып табылады. Зельц алдымен ойлау актісі ассоциациялардың механикалық тіркеуіне апарылмайтын операция деп көрсетіп, ол операцияларды ойлау табиғатына сыртқы және механикалық ассоциативті байланыстыстар сияқты мүлдем адекватты емес рефлексойдты қатынастарды тіркеді.

Вюцбурлық мектептің негізгі идеялары О. Зельцтің еңбектерінде жалғасын тапты. Ол ойлауды интеллектуалдық операциялардың қызмет етуі ретінде анықтады. О. Зельц өз алдына ойлау іс-әрекетінің қандай да бір нәтижесінің жүзеге асуындағы интеллектуалдық іс-әрекеттің әрбір сатысының қызметін анықтау мақсатын қойды. Қатынастарды саналау әрекеті ретіндегі ойлауды түсіндіру үшін оның міндетті шешуде жүзеге асырылатын әрекет немесе операция ретінде қарастыру керек.

О. Зельц міндетті шешу барысы мен тәсілдерін сипаттауда үш ұғымды енгізді:

1. Арнайы реакция, яғни берілген жәйтта қойылған мақсатқа сәйкес келетін объективті қажетті жауап.

2. Операция–осындай жауапты анықтайтын амал.

3. Әдіс, яғни субъектімен міндетті шешу тәсілі ретінде саналатын және пайдаланылатын операция.

О. Зельц репродуктивтік және продуктивтік ойлау түрлерін эксперименттік зерттеуде ойлау процестерінің ерекше “мәселе тудыратын кешен” түріндегі шешілетін мінлеттің құрылымымен себептенетіні жөнінде тұжырымға келді. Бұл “мәселе тудыратын кешеннің” ерекшелігі–онда аяқталмағандық элементінің болуы. Осы аяқталмаған элементті толтыру берілген міндетті шешу нәтижесін анықтайды. Мұның өзі, негізінен антиципапия схемасын жүзеге асыру, яғни әлі табылмаған шешімді алдын ала болжау негізінде іске асады. Бұл кезде субъектпен міндетті шешуге қажетті интеллектуалдық операциялар жаңғыртылып, есептің шешімі табылады (комплексті толықтыру, абстракция және ұқсастықтарды қайта келтіру әдістері арқылы).

Вюрцберг мектебі өзінің өмір сүру уақытында өте мәнді эволюцияны жасады. Ойладың образсыз сипаты (О. Кюльпе, Х. Дж. Уатт, К. Бюлер өздерінің ертеректегі жұмыстарында) жайлы тұжырымнан бастап ол мектептің өкілдері (О. Зельц, кейінгі жұмыстарында айтқандай сол К. Бюлер) содан кейін ойлау процесіндегі көрнекі компоненттеріндегі рөлі жайлы әдейі нақты көрсетіп айтты.

О. Кюльпе “Ойлау психологиясы” еңбегінде ойлау мен ерікті зерттеуде интроспекциялық әдісті қолданды. Зерттеген мәселелері: “эмпирикалық ойлау” деп аталатын және формальдық логика заңдарына сүйенетін “таза ойлаудың” нақты жүзеге асуын көрсететін психикалық акттер мен күйлер. Н. Ахтың тағы бір қосқан үлесі–“детерминациялық тенденциялар” тұжырымдамасын шығарып, негіздеуі. Басқаша айтқанда, бұл–себептендіру теориясы. Адамның бойындағы осындай детерминациялық тенденциялары адамды тұртіп отыратын, санадан тыс процестерге жатады. Ойлау өзінен-өзі қалыптаспайды. Ол тікелей сыртқы орта әсерінен пайда болады.

Сезімдік елестер мен ойлаудың арақатынасын түсіндіруде бұлар мынадай пікірде болды. Өздігінен сезімдік елестер мен олардың кез келген үйлесімі, тіпті оңай логикалық есепті шешіп бере алмайды. Себебі есепті шешу үшін берілген міндеттің сезімдік көрінісінен тыс, одан еркін болатын есептің (міндеттің) шарттары мен талаптары арасындағы қатынастарды ашу мен саналау маңызды болып табылады.

Вюрцбург мектеп өкілдері ойлаудың басқа психикалық процестерден өзіндік ерекшеліктерін көрсетті; тұтастылығы, белсеңділігі, бағыттылығы, бейнесіздігі және т.б.

Алайда көрнекілік бастан–аяқ зияткерлік сипат алды, көрнекілік түсініктер ойлаудың икемді құралының тәуелсіз сезімдік сипатынан айырылған көрініске айналды; сөйтіп зияткерлік принципі жаңа формада таралды. Мұндай революцияны вюрцбург мектебі ойлау мен сөздің өзарақатынасында да жасады. Алдымен (О. Кюльпеде) ойлау дайын, одан тәуелсіз сырттай қаралды. Содан кейін нәтижесінде ойлау және ұғымдардың құрылуы (Н. Ах) міндетті шешудегі сөздік белгіні формальды ұғынуды кіргізуге айналды.

Осындай мәселе тудыратын жәйттің құрылымының тұтастығын қалпына келтіру идеясы кейін гештальтпсихология өкілдерінің зерттеулерінде, сондай –ақ басқа да, мысалы, шығармашылық ойлау зертеулерінде басшылыққа алынды.

  1. Гештальтпсихологтар ойлау жайында. Гештальтпсихологияның өкілдері–Келер, Вертгеймер, Коффка, К. Левин. Гештальт психологтар ойлаудың құрылымын, шығармашылық астарларын қарастырды. Ізделген шешімді оған қажетті құрылымды табу арқылы шешуді ойлау деп атаған. Гештальт психологтар ойлауды формальды–логикалық операциялардан ажыралатын, мәселе тудыратын жәйтті ескеру арқылы соған қарай танымдық құрылымдарды қайта құру, жаңадан “орталықтандыру” нәтижесінде жүзеге асатын продуктивті психикалық процесс ретінді түсіндірді. Олар тұтас құрылым ретіндегі мәселе тудыратын жәйттің барлық құрауыштарын, олардың арасындағы қатынастады бірден ұғынуды инсайт деп атады.

     Ойлау психологиясын сынаудан кеткен О. Зельц, К. Коффка ойлау теориясын гештальт психология позициямен белгілдеуге тырысты: өздері орнанылған мүшелердің арасындағы көрнекілік мазмұнға апарылмайтын ойлаудың мәнді мазмұнын құрайтын қатынасты дәлелдеген вюрцбург мектебінің өкілдеріне қарсы (А. Грюнбаум), Коффка көрнекілік мазмұнды құрылымдыққа апаратын қатынасты жасағысы келеді.

Оның ойлау теориясының негізгі тұжырымдамасы мына жағдаймен байланысты болды, ойлау,-қатынастарды операциялау емес, құрылымдардың көрнекілік ахуалға айналуы.

Проблема туындайтын алғашқы ситуация–бұл өзінің көрнекілік мазмұнындағы толтырылмаған орны бар теңгерілмеген феноменалды өріс болып табылады. Осының салдарынан проблемалық азуалда орнықты көрнекілік ахуалдан басқасына өтуді шақыратын шиеленіс туады. Осындай бір қатар ауысулардың бірізділігі арқылы (Вертхаймер бойынша Umzentrierung) өзгерулер өтеді, яғни міндетті шешуге әкелетін бастапқы көрнекілік мазмұнынын құрылымдардың өзгерісі жүзеге асады.

Вюрцбург мектебінің ойлауды сезімдік пайымдаудан ажыратқан ойлау психологиясына қарсы Коффка құрылымдар принципі негізінде ассоциативті психологияны ассоциациялар жайлы ілімін жақтау негізінде ойлауды көрнекілік мазмұнға әкелуді жүзеге  асыруға талпынды. Бұл талпыныс ойлаудың ерекшелігін елемейді.

Коффка бойынша, ойлау дегеніміз–вюрцбурлық мектептегідей қатынастармен әрекет ету емес, ол көрнекі жәйттердің құрылымдарын түрлендіру. Мәселе тудыратын жәйт–бұл өзінің көрнекі мазмұны теңестірілмеген феноменальдық өріс тәрізді. Бұл өрістегі кейбір толтырылмаған орындар мәселе тудыратын жәйтте белгілі бір кернеу тудырады. Осы кернеу тұрақсыз көрнекі жәйтті басқасына ауыстырады. Осылайша, міндет біздің бастапқы жәйтті басқаша көруіміздің нәтижесінде шешіледі. Осы пікірлерден, Коффканың ойлауды ассоцианистер сияқты көрнекі мазмұнға теңестіргенін байқаймыз.

Коффканың ойынша оның теориясы Вюрбургшелердің ойлау субъектінің операцияларынан тұрады деген идеалистік теориясына қарсы ойлау прцоесінде субъектіде “феноменалды объектіге” ауыстырады деп саналды. Бұл мәні бойынша субъектінің объектіні механикалық жұтып қою; ол айқын түрде субъективті сипатқа ие болады, себебі объектіге сананың көрнекілік мазмұны, яғни “феноменалды объект”–ойлау процесі апарылды.

Сөйтіп Коффка олардың теңдігін ұғынбайтын екі әр түрлі фигураларды қабылдауға болады деген (және екі фигураның теңдігін ұғыну, ол фигуралар қандай екенін дәл ұғынбау), содан кейін сол фигуралардың теңдігін ұғынамыз деп көрсеткен А. Грюнбаумның тәжірибелерінің дұрыс талқыланбағанын айтты.

Оның көзқарасы бойынша біз алдымен екі фигураны қабылдаймыз; бізге сол бір ғана заттар және олардың арасындағы қатынастар берілмеген, және бірінші және екінші жағдайда да заттар әр түрлі болған.

Бұл жағдайда заттар ұқсас заттық ара қатысқа қатыссыз болатын сананың көрнекі мазмұны жағдайына жағдайдан тыс өзгеретін жағдайлармен анық ұқсастырылады. Әр түрлі көрнекі мазмұнды заттық арақатынастың ұқсастығы ойлаудың маңызды алғышартын құрайды; онсыз ойлаудың болуы мүмкін емес.

Ал шындығында, бір көрнекі ахуалдан басқасына, бір “феноменальды өріске” өтуіне ойлау процесін апарғысы келген Коффка бірінші жағдайда пайда болған; міндетті шешуге әкелмейді: ол үшін алғашқы ахуалды соңғы ахуалға ауыстыру жеткіліксіз.

Соңғы ахуал бірінші ахуалда пайда болған міндетті шешу үшін соңғы ахуалдың мазмұны біріншісіне қатысты болуы қажет және екеуінің мазмұны бір затқа ғана қатысты болуы керек. Шешім Коффқа жоққа шығарған осы жағдайда ғана шешім ретінде ұғынылады. Коффқа айтқан бір көрнекі ахуалдан басқасына өту процесін алғашқы проблемалық ахуалдан келесісіне өту деп айтуға болады, ал жағдай дұрыс болғанда міндеттен кету және одан құтылу, алайда біз шешкен нәрсе деп түсінбеу керек.

Субъектінің тікелей аталған мазмұндағы сананың құрылымына деген затқа және операцияға деген екіжақты мағлұмат ойлау актісінің негізгі алғы шарттарын жойып жібереді. Ойлау сонымен қатар түсніктер ассоциациялары сияқты феноменальды құрылымдарды өзгертуге де апарылмайды.

  1. Психоанализ: Ойлау мотивтелген процесс ретінде. Адам мінез– құлқының мотивтері ең алғаш психоанализмен қойылып, зерттелді. З. Фрейд бойынша, негізгі мотивтер санасыз сипатта болады және әр түрлі көрініс табады: түс көру, сөзден жаңылу, ұмыту, аурулар симптомдары.

—         Түстер–бұл ырықсыз жүзеге асатын, бейнелік ойлаудың түрі.

—         Еркін ассоциациялар әдісі. Ырықсыз бейнелік ойлау, еркін ассоцициялар–санасыз мотивтердің көрініс табатын маңызды аумақтарының бірі.

—         Сублимация–санасыз энергияны әлеуметтік құпталған тәсілдерге ауыстыруда іске асатын шығармашылық ойлау процесі.

—         Мотивті саналау адамның өзіндік саналуын, ішкі ойлау типін қажет етеді.

Аутистік ойлау тұжырымдамасы Э. Блейлермен шығарылған. Аутизм адамның ішкі өмірінің басымдылығымен, сыртқы өмірден кетуімен байланысты. Әдетте түс көру, ырымшылдық, аңыздарға сену, шизофрениялық ойлау–аутистік ойлаудың көріністері. Бұларда ойлар аффективтік ұғымдарға бағынады.

     5. Ойлаудың когнитивтік психологиясы (У. Найсер).Бұл тұрғы танымдық процестерді жасанды моделбдеу негізінде белгілі бір міндеттерді шешу тәсілдерін табу мақсатымен қарастырған. Адам ақпаратты тасымалдау және өңдеу каналы, компьютерлік жүйелердің аналогы ретінде ұғынылады. Есептерді шешу механизмдері және оған қажетті жағдайлар (саналы елестер, әлеуметтік тәжірибе, тұлғаның мағыналық аумағы және т.б.) ерекше когнитивтік құрылымдар болып есептеледі. Танымдық ретіндегі адамның кез келген іс-әрекетін талдау тек жаңа, айрықша ғылыми нәтижелерге әкелумен қатар бұрыс тұжырымдарды да өмірге келтіреді. Осылайша, когнитивтік психология тұрғысынан ойлау адам білімдерін жүйелейтін, өңдейтін, құрылмдайтын, реттейтін танымдық процесс болып табылады.
Тағы рефераттар