Жоспар:

Кіріспе:………….3-5бет

ТАРАУДЫҢ  ТАҚЫРЫБЫ: Эстетикалық тәрбие.
1.1 Эстетикалық тәрбиенің мәні мен міндеттері………….6-11бет
1.2 Оқушыларды эстетикалық  тәрбиеге баулу……….12-16бет
1.3 Күнделікті өмірдегі адамның жеке басының қалыптасуы…….17-18бет

2  ТАРАУДЫҢ ТАҚЫРЫБЫ : Жастардың эстетикалық тәрбиесін дамыту.
2.1 Эстетикалық тәрбие беру-жасөспірімдердің мәдени құзыреттілігін қалыптастыру……19-23бет
2.2 Жастардың эстетикалық тәрбиесін дамыту………24-28ет
2.3 Көркем және эстетикалық тәрбие беру………29-30бет

Қорытынды:………….31-32бет
Пайдаланған әдебиеттер тізімі………33бет

Кіріспе.

Зерттеудің өзектілігі:

Адамның өнердегі, өмірдегі әсемдікпен  сұлулықты  танып,  ұғынып  және  оны  ажыратып  рухани  әспеттеп  қабылдай  білуі  эстетикалық  тәрбиемен  сабақтас  құбылыс. Көріктілік пен  көркемдікті  халқымыз  ежелден –ақ  қастерлеп  сұлулыққа  сұқтанбағанның  көзі  шықсын  деп  тегін  айтпаған.  Олай  болса, бүгінгі  оқушыларға  эстетикалық  тәрбие  берудің  мақсаты  тұлғаның  әсемдік  жөніндегі  қабілетін  жетілдіріп,  өмірдегі  және  өнердегі  сұлулықты   сезіне  білуге  қалыптастыру  болып шығады. Оқушының  өнердегі,  адамдардың  іс-әрекетіндегі  қарым – қатынасындағы  әсемдікті  түйсініп,  әсерленуі  тұлғаның  эстетикалық  сезіміне  тәуелді.  Өмір  шындығының  образға  айналған  бейнесі  тұлғаны  әсерлендіріп,  кейде  күлкілі  қуанышқа  батырып,  немесе  мұңайтып,  ренжітіп   әр  түрлі  ойға  жетелейді,  қиялына  қанат  бітіреді.  Көркем  өнердегі   құндылықтарды   танып, одан  ләззат  алып  рахатттану  тұлғаның  эстетикалық  түйсінуі  мен  біліміне  қатысты  болғандықтан  оның  әсері  мен  ықпалы  адамның  арман  мұратына  қозғау  салып,  түрлі  әрекеттерге  баруына  ұйытқы болады. Сондай – ақ  табиғаттағы,  қоғам  өміріндегі,  адамдар  болмысындағы,  өнердегі  әсемдік  пен  сұлулықты,   көркемдікті танып  түсіну  тұлғаның  әлеуметтік,  психологиялық  қарым – қатынасына  ықпалды  әсер  туғызады. Әсердің  барысында  ұғым,  түсініктерін  бойына  дарытуға  ұмтылады.Ықпалды  әсер  оқушыны  еш  уақытта бейжай  қалдырмайды, әрекеттендіреді, бұл  белгілі  деңгейдегі  қозғаушы  күшке  айналады. Әсерленген  сезімдік  тағылымын өзіне  үйлестіруге, қолдана  білуге,  теріс әрекеттер  болса   одан  сақтануға  ынталандырады.  Сонымен  эстетикалық  әсер  оқушының  бойын  балқытып,  көңіліне  түрлі  ой  салып  іздендіреді. Оқушы  іздену  барысында  өнердегі,   өмірдегі  құбылыстар  мен  болмыстағы  әрекеттерді  саралап, болжап  өзінің  эстетикалық  білім  дәрежесіне  қарай  баға  береді,  арман  мүддесіне  үйлесімді сараптама  жасайды.

Эстетикалық  тәрбие, тәлімнің тиімділігін  арттыруда  әдіснамалық  заңдылықтардың  да  мәні зор. Өйткені   кеңестік  жүйе  ыдырағанға  дейін  коммунистік  партияның   саясаттандырылған  әміршілдік  нұсқауы   эстетикалық  тәрбие  мәселесіне  тек  материалистік  тұрғыдан  таптық  танымды  сіңіруді талап  етсе, енді  ондай  сыңаржақ  көзқарастан  айығып,  оқушыларды   жаңаша  тәрбиелеп,  шын  мағынасындағы  эстетикалық  таным, сана  қалыптастыруды   өмірдің  өзі  талап  етіп отар.  Көркемдік  таным,  сұлулық  өмірдің  өзі деген  тұрғыда  қаралғанымен  де  адам психологиясына  әсер  етудегі  рухани  құндылықтарға  басқаша  қарадық. Данышпан  Абай  айтқан  “Алланың  өзі де  рас, сөзі де  рас ”  деген  қағидадан  сырғақтап  сырттадық , теріс  айналдық. Әрине,  адамзат  ғұмырында  сұлулық,  көркемдік,  әсемдік, биязылық  өмірдің өзінде  екені  рас, сонымен  қатар  рухани  жаратушыны  мойындап

ақиқат  шындықты  тануда, тұлғаның  соған  бейімделіп, оны  өнеге  етіп  тұтынуда  эстетикалық  тәрбие  жетекші  мәнге  ие  болады.  Оқушылардың бойына  эстетикалық  тәрбиенің  сіңуі  мен  көңіліне  дарытуды қазірде  философтар  да  жан – жақты  дәлелдеп,  көркемдік  таным  тұлғаның  боына  зорлықпен ,  күш  көрсетумен,  әміршылдікпен  дарымайтындығын  мойындатып  отыр.

Эстетиалық  тәрбие  беруде  мұғалім  оқушы  бойындағы  көркем  өнерге  деген  ынта  ықыласын  қолдай  отырып, табығи  болмысындағы  өмірге  үйлесімді  сыр – сипатын  аша  түсуге  зейін  аударуы  керек. Айталық,  тұлғаның  дыбысты,  үнді,  әуенді,  ырғақты  дәл  аңғара  алуы,  немесе  түр, түс,  бәден, реңді  байқай білу  ерекшеліктерін  ажырату   қабілетіне  мән  беріп, үйлесімділікті  ескерсе  оның  нәтижесі  де  тұлғаның санасын,  танымын  қалыптастыруға  тиімді  ықпал  жасайды. Әрбір  оқушының  эстетикалық  таным  ерекшеліктерінде  байқалған   бейімділік  көріністеріне  назар  аударып  оған  бағдар  берумен  қатар,  сл  салаға  байланысты  нақты  тапсырмалар  орындаттырып,  олардың  өздігінен  ізденуіне  жол  нұсқау  тұлғаның  бойында  әлі  көрінбей  жатқан  мүмкіндіктерін  ашуға  жәрдем  ететіндігін  есте  сақтау  керек. Мұның  өзі  оқушының  эстетикалық  мұрат  мақсатының  жетілуіне  қозғау  салып,  оның  өркен  жайып,  өріс  алуына  жол  ашатындықтан  ұйымдастыру  жұмыстарының   тиімді  әдістерін   таба  білу  де  шарт.

Зерттеудің мақсаты: Оқушыларға  эстетикалық  тәрбие  берудің  мақсаты  тұлғаның  әсемдік  жөніндегі  қабілетін  жетілдіріп,  өмірдегі  және  өнердегі  сұлулықты   сезіне  білуге  қалыптастыру ,жеке адамның эстетикалық мәдениетін дамыту.Ал түпкі мақсаты-эстетикалық іс-әрекетке жетелеу, түрткі беру, ояту

Зерттеудің міндеті:Жеке адамның эстетикалық мәдениетін дамыту.

—         өнер және әдебиет салаларында балалардың қабілетін , ынтасын және бейімділігін дамыту;

—         бейнелеу өнері (кескіндеме, графика, мүсін ) көркемөнер шығармашылығы (көркем әдебиет, музыка, театр , кино) арқылы баланың сезімдері мен талғамдарын дамытып, сұлулық туралы ұғымдарын қалыптастыру;

—         эстетикалық құралдарды пайдалануға дағдыландыру;

—         әсемдікке үлесін қосуға тәрбиелеу.

Зерттеудің болжамы:Егер біз эстетикалық тәрбие арқылы жастарды түрткі беріп оятсақ , онда болашағымыз жақсы болады.Егер олай болмаған күнде эстетикалық тәрбиенің нәтижелілігі де жеткіліксіз болмақ.

Зерттеудің әдісі:Эстетикалық тәрбиенің әдістері: а) эстетикалық нанымын қалыптастыратын әдістер; б) эстетикалық әдет пен эстетикалық дағдылар қалыптастыратын әдістер мен тәсілдер; в) эстетикалық іс-әрекетке ынталандыратын; г) эстетикалық әсер ететін жағдай туғызу әдістері.

Зерттеудің құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден , екі тараудан, қорытындыдан пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспе бөлігінде зерттеу мәселесінің  көкейкестілігі мен маңызы негізделген, жұмыстың мақсаты, нысаны анықталған, зерттеудің болжамы құрылған,ғылыми жаңалығы, зерттеу әдістері, кезеңдері ашылып көрсетілген.Қорытындыда зерттеу нәтижелері алынған.

Зерттеу базасы: Жамбыл гуманитарлық-техникалық университет

        курстық жұмыс / 34 бет


Тағы рефераттар