Жұмысқа қабылданар алдында кей жағдайларда өмірбаян жазу талап етіледі. Өмірбаян еркін түрде ақ қағазға қолмен жазылады. Түйіндемеден ерекшелігі мұнда фактілер хронологиялық тәртіппен кеңірек баяндалады. Жеке жетістіктері мен наградалары, тағы басқа қажет деп тапқан мәліметтер жан-жақты қамтылады. 

Өмірбаянды ресімдеу үлгісі 

ӨМІРБАЯН 

            02.09.2007 ж.

Мен, Ермекова Гүлнәр Арманқызы 1972 жылы 15 тамызда Талдықорған қаласында дүниеге келдім. 1990 жылы Талдықорған қаласындағы № 145 орта мектепті бітірдім. Сол жылдың қазан айында Алматы қаласына келіп, осындағы Алматы мақта-мата комбинатына тігінші болып орналастым.

1991 жылы Қазақ қыздар педагогика институтының филология факультетіне оқуға түсіп, оны 1996 жылы «қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы» мамандығы бойынша бітіріп шықтым. Институттың жолдамасымен ҰҒА-ның М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтына жұмысқа орналасып, қазіргі уақытқа осында еңбек етіп келемін. 1997 жылы осы ғылыми-зерттеу институты жанындағы аспирантураға түстім. Алайда, отбасылық жағдайыма байланысты аспирантураны тастауға мәжбүр болдым.  1998 жылдың тамызында қазақ әдебиеті бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалдым. Бірнеше рет алғыс хаттар мен марапаттау қағаздарына ие болдым.

Менің әкем, Ермеков Арман Мұратұлы Москва инженерлік-құрылыс институтын бітірген. Талдықорған қаласында құрылыс команияларының бірінде прораб болып істейді. Анам Ермекова Ғазиза Бөкейханқызы Абай атындағы Қазақ Педагогика институтын бітірген. Қазір Талдықорғанда № 145 мектепте мұғалім болып қызмет етеді.

1997 жылы тұрмыс құрдым. Күйеуім Асанов Алмас Мақсатұлы Қ. Сәтбаев атындағы Ұлттық Техникалық университетті бітірген. Қазір жеке кәсіпкер.

Бір ұл, бір қызымыз бар. Ұлым Асан бірінші сыныпта оқыса, қызым Әсел бала бақшада.

Қолы                          Г. Ермекова
Тағы рефераттар