Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

Өнер шығармаларымен таныстыру әдістері

скачать бесплатно
загрузка...

Мектеп оқушыларын қазақ халқының ерлік жолдарын бейнелейтін өнер шығармаларымен, ондағы көркем бейнелермен таныстыруда сыныптан тыс уақытта олармен әңгіме өткізудің  айтарлықтай  маңызы бар. Біз  бейнелеу өнер туралы әңгіме сабақтар өткізу барысында мына шарттарды  ескердік:

а). Оқушылардың ой-өрісіне, түсіну қабілетінің дәрежесіне қарай жо- ғары идеялы өнер шығармаларын таңдап алу. Шығармаларды мазмұнына, көркемдік ерекшіліктеріне қарап белгілі бір рет бойынша таңдау. Оқушыларды алдымен түсінуге жеңіл картиналармен таныстырып, онан әрі қарай біртіндеп мазмұны күрделі шығармаларға оқыту қажет. Картина мазмұны мен идеясының бүгінгі өмір талабымен тығыз байланысты, таныстыратын образдары айқын ойды білдіретіндей және нанымды болуын ескерген жөн. Мысалы, Е.Сидоркиннің «Сәкен Сейфуллинді оқығанда» атты картинасының мазмұны төртінші сынып оқушыларының, шамасына ауыр болар еді. Өйткені бұлардың идеялық мазмұны  аталған сынып оқушылары үшін өте күрделі, балалардың эмоциялық сезімін  оятуға аурлық туғазуы мүмкүн.

ә). Қартиналарды таныстыру барысында әңгімеге оқушыларды да қатыстыру. Оқушылардың картннаны талдауға қатысуы, ой жүйелеуі, пікір таластыруы олардың талғамын қалыптастырады, шығармаларды бір-бірімен салыстырып, ой тұжырымдауға, олардың мазмұнын тереңірек түсінуге үйретеді. Бейнелеу өнері туралы кластан тыс әңгіме негізгі және қосалқы ойды білдірудегі көркемдік бейнелердің мәнін түсінуге жәрдемдеседі.

б). Оқушылардың картинадағы көркемдік ерекшеліктерді қабылдау, көру қабілеттерін дамытуда оларға эмоциялық әсер ететіндей, барлык, ойды сол объектіге аударатындай көркем тілмен баяндаудың ерекше маңызы барын ескеру. Кейде оқушылар картинаға қарап оның көркемдік ерекшеліктерін ұқпай қалады, ойлары шашыранқы болады. Сондықтан оқушы оның бір бағытқа бейімдеген дұрыс. Мысалы, суретші И.Е.Репиннің «Бурлактар» картинасының мазмұнын түсіндіруде кейбір мұғалімдер қайықты сүйреп кележатқан адамдардың, теңіздің көрінісін әңгімелеумен шектеліп, шығарманың идеялық мазмұны мен көркемдік ерекшеліктері. туралы айтпайды. Сондықтан оқушылар өнер шығармасының мәніне жете көңіл аудармайды, эмоциялық әсер, эстетикалық ләззат ала алмайды. Бұ-лардан өнер туындыларын оқушыларға жүйелі талдай таныстыру қажет екендігін аңғарамыз. Оларды қызықты фактілермен толықтырған дұрыс.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          Қандай да бір өнер шығармасын алсақ та оның идеялық мазмұны, композициялық құрылысы, түстер үйлесімдігі және орындалу техника-сының ерекшеліктері болады. Бұлардың жиынтығын өнер шығармасының көркемдік ерекшелігі деп танимыз.

Біз өнер туындысының көркемдік ерекшелігін жеке-жеке талдау бары-сында оқушылардың ой-өрісін арттыру, көркемдік білім деңгейін толықтыру мақсатын көздедік.

Картинаны талдауды мазмұннан бастаған жөн, себебі оныц көркемдік ерекшелігі мазмұнымен өте тығыз байланысты. Оқушыларға көркемөнер білімінің негізін үйретуде картинаның композициялық құрылысын талдау аса қажет. Бұл жағдайда композициялық сюжеттің, негізгі және қосалқы ойды білдіретін бейнелердің шығарманың мазмұнын ашудағы мәнін түсіндірген жөн. Мысалы, Ә. Қастеевтің «Түрксіб» картинасында негізгі ойды білдіретін композициялық элемент –паровоз бейнесі. Ал адамдар бейнесі мен дала көрінісі осы ойды толықтырады. Бұл шығарма жайлы әңгімелегенде, осыларды ажырата айту, оқушылардың композиция туралы түсініктері қалыптасуына, ой-өрісінік кеңеюіне игі әсер етеді.

Оқушыларға таныстыратын   картинадағы бояулар түстерінің мәнін ашып көрсетудің танымдық маңызы бар. Суретші Н.Нұрмұханбетовтың   «Тоқаш Бокин отрюды» деген кескіндеме еңбегінде қызыл түстер басым. Дала көрінісі де, аттылы адамдар  бейнесі де қызыл  бояулармен берілген. Шын мәнінде  дала сары немесе жасыл түсті болып келеді. Сондай-ақ шығармада бейнеленген адамдар, аттар өмірде әртүрлі көріністерден құралады. Бұл жағдайда картинадағы революция жеңісін, қоғам қайраткерінің — образын ашып архитектуралык құрылыстың фонында бейнеленсе, «Аден» және «Венеция» суреттемелерінде архитектуралық құрылыс қоршаған кеңістікті көруге болады.;

Шебердің шығармаларын оқу процесінде пайдалану арқылы өлшемдер қатынастары туралы мол мағлұматтар беруге болады. Бұл үшін көлемді полотноларды алу орынды. Мысалы, суретші Қ.Телжановтың «Сабақтан соң» шығармасында мектеп есігінен жаңа шығып тұрған баланың онан әріректегі мектепке жақындап келе жатқан балаларға қарағанда өлшемі үлкен етіп алынған. Сондай-ақ есік алдында тұрған баланың өлшемі әріректе мектепке балаларын әкеліп турған әже мен атаның өлшемдерінен әлде қайда үлкен. Осы сияқты құбылысты «Қазақстан 1918 жылы» атты картинадан да көруге болады. Шығарманың алдыңғы көрінісінде бейнеленген ауыл адамдары алыста келе жатқан атты әскерлерге қарап тұр. Бұл кемістікте екі түрлі қашықтық өлшемі бар. Біріншісі – ауыл адамдары, екіншісі – атты әскерлер. Осы көріністердегі адамдардың өмірдегі өлшемдері бірдей болғанымен суретші кеңістікті білдіру үшін жақындағы бейне өлшемдерін үлкен, алыстағы көрініс өлшемдерін кіші етіп көрсеткен. Мұнан шығатын қорытынды суретші белгілі бір көріністің кеңістіктегі алыс, жақындығын, орналасу ретіне байланысты өлшемдерін өзгертеді. Бұл ойды суретшінің «Көкпар», «Толқын», «Кеңес» және «Шабандоздар» картиналары дәлелдей түседі.

Суретшінің кеңістікті көрсетудегі ерекше әдісініц бірі – картина фор-матының өлшемін таңдап алуы. Мысалы, «Ата-баба жерінде» картнасыныц форматы көлденеңнен созылыңқы алынған. Шығармада егic даласында келе жатқан салт атты бейнеленген. Көрініс фонында – таңертеңгі дала. Суретшінің картинаны  өлшемін созылыңқы етіп алу себебі – қазақ даласының   кең екендігін символдық түрде көрсету.

Суретші кеңістікті бейнелеу үшін жарық пен көлеңкенің, түстердің уақыт мезгілдерінің мүмкіндігін шебер пайдаланады. Оның «Қыз қуу», «Таң сәріде» еңбектерінде таңертеңгі мезгіл бейнеленсе, «Ән бастаушы», «Бостандық», «Бозаралдың адамдары» шығармаларында – түскі мезгіл, «Домбыра үні», «Тыныштық» картиналарында кешкі мезгіл суреттелген. Мұнымен қатар бұл шығармалармен таныстыру барысында кеңістіктегі жарықтың күн мезгілдеріне байланысты өзгеруіне, ол езгерістерді көркөм бейнелеу жайында әңгімелейміз.

Суретші шығармаларының көпшілігінде негізгі көріністер аспан мен жердің фонында бейнеленсе, бірқатарында көрініс фонына аспанды бейнелемей-ақ жердің өзін керсету арқылы кеңістікті жеткізе білген. Мұндай шығармалар қатарына «Бозаралдың адамдары» триптихы, «Жылқышылар», «Ашық аспаи астында» және «Женіс» туындылары жатады. Бұл шығармаларды көрсету арқылы мұғалім оқушыларға белгілі сюжетке құрылған картиналардың фонына аспанды бейнелемей-ақ белгілі ойды білдіруге болатынына көз жеткізеді. Суретші шығармаларын таныстыру арқылы кеңістікті бейнелеудің бірқатар техникалық орындау әдістерін көрсетеміз. Мысалы, «Көкпар», «Домбыра үні», «Ата-баба жерінде» полотноларында жақындағы керіністердің түсі сыртқы контур сызығы айқын бейнеленсе, алыстағы түстер мен контур сызықтар бұлыңғыр.

Сондай-ақ суретші кеңістіктегі көрініс немесе белгілі бір құбылыстың қимылын білдіру үшін де осындай әдісті жиі қолданады.

Өнер шығармаларындағы кеңістіктін бейнеленуін таныстыру бары-сында сұрақ-жауап әдісі арқылы оқушыларды әңгімеге араластырып отыру қажет. Әңгімеден соң бірнеше шығармалардың репродукцияларын қатар қойып, олардағы горизонт сызығын, көрініс пен фонды перспективалық құбылыстың сипатын өздеріне талдатып үйреткен жөн. Мұндай пысықтау жұмысынан соң балалар кеңістік туралы бірқатар сұрақтарға жауап беруге үйренетін болады.

Кеңістік туралы жоғарыда аталған перспектива құбылысына бай-ланысты түстср мен өлшемдердің пропорциялық қатынастарының меңгеруі, кеңістікті құратын жазықтықтар (мысалы аспан мен жер т.б.), горизонт сызығы мен көріністің горизонт сызығынан жоғары немесе төмен болуы туралы түсініктерді оқушылардың білуі – кеңістік туралы жалпы ұғымның қалыптасуының негіз салады.

Баланың кеңістік туралы дағдыларды меңгеруі нұсқаға қарап сурет салу мен тақырып бойыпша сурет салу шеберліктерінің артуына едәуір әсерін тигізеді. Сондықтан нұсқаға қарап сурет салу мен тақырыптық сурет салу сабақтарының алдында кескіндеме шығармаларындағы кеңістіктің бейнеленуін көрсету ете ұтымды.

Өнер шығармаларындағы кеңістіктің бейнеленуін түсіндіруге ар-налған репродукциялар көлемінің үлкен болғаны дұрыс. Олар алыстан жақсы көрінеді. Сондықтан бейнелеу өнері кабинетіне репродукциялар қорын жинау орынды.

Бейнелеу өнерін оқыту барысында кеңістік ұғымын қалыптастыру -  әліде жете мән берілмей келе жатқан оқу мәселелердің бірі. Оқушылардың бейнелеу жұмыстарындағы кездесетін   қателіктердің көпшілігі қағаз бетінде белгілі құрылысты немесе заттың кеңістіктегі сипатын дұрыс көрсете білмеуінен. Бұл кемшілікті болдырмау үшін шығармадағы кеңістіктің  бейнеленуін талдауға көп мән беру қажет.  Себебі баланың жеке жұмыс жасау барысында жіберген қатесін ауызша айтып жеткізу, ұғындыру нақты көздеген нәтижеге жеткізе бермейді.

Мұндай жағдайда өнер шеберлері шығармаларының үлгісін көрсетсек, оқушыға өз қатесін жете түсіндіруге мүмкіндік туады. Кеңістік ұғымын дамыту   әңгіме – сабақта ғана емес, нұсқаға қарап сурет салу, тақырыптық сурет салу және сәндік сурет салу сабақтарында да жүзеге асады.

Халық суретшісі, Көркемсурет Академиясының корреспондент мүшесі, Қазақ Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қанапия Телжановтың шығармашылымен таныстыру, арқылы оқушыларға кеңістік пен оның түрлері, кеңістіктегі горизонт сызығы, кеңістікті құрайтын жазықтықтар туралы кең көлемде түсінік беруге қолайлы жағдай туындайды.

Кеністіктің бейнеленуін түсіндіруге суретшінің «Жамал» (1955) шы-ғармасының орнын ерекше атауға болады. Полотнонын ортасынан жо-ғарылау орналасқан горизонт сызығы көрушіге айқын байқалады. Кар-тинаның алдыңғы көрінісінде суретші қазақ әйелінің бейнесін суреттеген. Алыстан алдында бір отар қойы бар шопан бейнесі бұлдырап көрінеді. Картинада әйел бейнесінің өлшемі алыстағы шопан бейнесі өлшемінен әлде қайда үлкен алынған. Бұл суреттен өнер шеберінің кеңістік түкпірінде орналасқан заттарды картина жазықтығының жоғары және төменгі бөлігіне де орналастырылғанын анық байқаймыз.

Суретшінің «Жамал» атты шығармасынан дала кеңістігін көретін болсақ «Әжесі мен немересі» еңбегінен бөлме ішіндегі кеңістіктік сипаты айқын байқалады. Шығармада киіз үйдің ішінде отырған қарт пен оның кішкене немересі бейнеленген. Мұндағы кеңістік жер мен киіз үйдің қабырғасы арқылы берілген. Көріністерге жары көзінің түсу бағытына қарап зат түстерінің өз түстерінен қараңғы болып өзгеруінен белгілі бір бөлме ішіндегі кеңістік екендігі байқалады. Түстерді ұтымды пайдалану арқылы суретші «Жамал» картинасын өмірдегі құбылыстың ашық кеңістікте екенін, «Әже мен немересі шығармасында белгілі бір жабық кеңістік екенін көрсетеді.

Шебердік «Күн сәулелі өлкеде» полотносындағы кеңістікті бейнелеу шешімі бұларға қарағанда өзгеше.  Қартинадағы  алдыңғы  көрікісте киіз үйдін, есігі алдында кітап оқып отырған кішкене қыз бейнеленген. Картинада негізінен үйдің іші бейнеленгенімен есіктен дала бейнесі де көрінеді. Үйдің ішіндегі түстер қоңырқай, дала жарық ашық түстерге біріктірілген. Сурешінің «Тұңғыш рет», «Әңгіме» «Ильич тапсырмасы» картиналарынан бөлме ішіндегі кеңістікті бейнелеудің әр түрлі шешімдерін көруге болады.

Талдау барысында бірнеше   шығармаларды  топтастырып,  немесе  салыстырып көрсету арқылы түсінік беру қолайлы. Мысалы, компо-зициялық көріністің горизонт сызығынан жоғары бейнеленуін «Кеш», «Көкпар», «Ән бастаушы», «Октябрь» триптихы, «Қыз қуу», «Алакөлде» және «Революция күзетінде» картиналарынан көруге болады. Горизонт сызығы аспан мен жердің шекарасын білдіреді. Бұл картиналарда форматтың жоғары жағынан аспанды көрсетуге көп орын қалдырған да, төменгі жағынан жерді бейнелеуге аз орын қалдырылған. Мұның себебі негізгі ойды білдіретін композициялык элементтердің горизонт сызығының жоғары жағында болуында.

Қеңістіктегі форма мен фон туралы түсінік беру үшін суретшінің «Құрбылар» полотносынан мысал келтіруге болады. Бұл шығармада көп қабатты биік үйдің алдында әңгімелесіп тұрған екі әйел бейнеленген. Полотнодағы негізгі бейне — әйелдер де, оныц фонына көп қабатты үйдің көрінісін алған. Шығарманыц мұның алдындағы талданған картиналардан ерекшслігі – негізгі көріністің фонында аспан емес, белгілі бір көріністің алынуы.

Суретшінің бірқатар еңбектерінен кеңістіктің архитектуралық құ-рылыстармен байланысты шешілуін керуге болады. «Құрбылар» атты еңбектерінде негізгі  композициядық көріністер көрсету мақсатында суретші шығарма колоритін қызыл түстердің байланысына біріктірген. Бұл – салта-натты, коғамдық құрылыс жеңістерін бейнелейтін, символдық түс. Мұнан суретшінің бояулар түстері мүмкіндіктерін пайдаланып, шығарма мазмұнын толықтырғанын көреміз. Оқушыларға шығарма мазмұны мен бояулар түстерінін, өте тығыз байланыстылығын  осы тұрғыдан ұғындырамыз. Осындай талдаулар нәтижесінде оларға туындының көркемдік ерекшеліктерін өздігінен табуды үйретеміз және бағыт береміз, балалардың  өнер туралы түсініктерін қалыптастырамыз.

Көркемөнер туындысын оқушыларға таныстыруда суретшінің орындау техникасы туралы айта кету қажет. Суретші белгілі бір туындыны, образды жасау үшін әр түрлі материалдарды, әр түрлі техникалық әдістерді пайдаланады. Мысалы, мүсін шығармалары тастан, ағаштан және т.б. материалдардан жасалады. Графикалық жұмыстарды линолеумге, тасқа, ағашқа ойып, сурет салып, оны бояу арқылы қағаз бетіне түсіреді. Кескіндеме туындылары кенепке майлы бояумен жазу арқылы орындалады.

Е.Сидоркиннің қазақ эпостарына жасаған «Жыршы» атты, сериялық картиналарынан  суретшінің орындау техникасының ерекшелігі айқын көрінеді. Олар линогравюра  техникасымен орындалған.  Сурет линолеум — материалына арнайы құралдармен ойып салынған, ойылған сурет бетіне бояу жағылып, көрініс түсірілген. Бұл картинадағы бейнелер  сызықтарды үйлесімді қолданумен орындалған. Осы суретші М.Әуезовтың «Абай жолы» романына жасаған иллюстрацияларын басқа техникалық жолмен яғни тушпен орындаған. Ол «Күй» атты графикалық жұмыста жарық пен көлеңкені нүктелер арқылы берген. Бейнедегі жарық деңгейі нүктелердің ара қашықтығына, нүкте ауданының үлкен немесе кіші болуына байланысты өзгеріп отырады, суретші бұл жағдайда тұтас сызықтарды қолданбайды, бейненің пластикалық қасиетін (қатты, жұмсақ немесе, майысқақ және т.б.) нүктелер арқылы шебер бере білген.

Қорыта айтқанда, картинаның композициялық құрылысы, бояулар түстері, орындалу техникасы оның идеялық мазмұнымен өте тығыз бай-ланысты. Сондықтан олар туралы ұғыныңқы, әсерлі баяндау қажет. Шәкірт, суретші ойын ұғып, қолданған көркемдік құралдарын біліп, аңдағанда ғана образдық бейнелеуге түсінеді, эстетикалык ләззат алады, оның эмоциялық сезімі оянады. Енді осы талаптарды ескере, «Республика еңбеккерлерінің ерлік жолдары бейнелеу өнерінде» тақырыбына  әңгіме сабақ өткізу әдістерін қарастырамыз. Мұнда республика еңбеккерлерінің ерлік жолдарын бейнелеу өнері шығармалары көмегімен таныстыруды, шығарманың көркемдік ерекшеліктерін оның идеялық мазмұнымен байланысын түсіндіру арқылы оқушылардың бейиелеу өнері туралы негізгі түсініктерін қалыптастыруды мақсат етілді. Әңгіме барысында шығармалардың түрлі-түсті иллюстрациялары, эпидиаскоп пайдаланылды.

Қазақстанда совет өкіметінің орнауы, Турксіб темір жолының салы-нуы, Ұлы Отан соғысы және тыңайған жерлерді игеру, ірі өнеркәсіптің дамуы сияқты Қазақстан халқының тарихи ерлік істері бірқатар суретшілердің шығармаларына негізгі арқау болды. Мысалы, С.Романов «Жер туралы декрет» атты шығармасында Қазақстанда кеңес өкіметін орнатуға белсене қатысқан алғашқы үгітшілердің образын жасады. Картинада қазақ ауылында жер туралы декретін насихаттап тұрған қызыл армияшы жігіт бейнеленген. Алдыңғы көріністе  оның сөзін тыңдап отырған бір топ адам көрінеді. Бұлардың бәрі де – жаңа өмірге араласушылар. Композициядағы бұл көріністер олардың бір үлкен мәселе жайында кеңесіп отырғанын білдіреді. Қалған көріністер осыны толықтыра түседі.

Шығармадағы бояулар түстері әр түрлі. Әсіресе, алдыңғы көрінісдегі түстер жиынтығы ортаңғы көріністегі адам портреті ілінген киіз үй түсімен ерекше үйлесім тапқан. Картинада басымырақ кездесетін қызыл түстер қазақ жеріндегі революция жеңісінің қанат жайып, өсуін білдіреді.

Шығарма майлы бояумен жазылған. Картина авторы – кескіндеме жұмыстарын жазумен қатар, графикалық және кино суреттерін салатын маман суретші.

Мұнан соң суретші М.Кенбаевтың «1918 жылғы Ә. Жанкелдин отряды» картинасының иллюстрациясын эпигдиаскоп жәрдемімен экранға түсіріп, оны талдай бастаймыз. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін шетел басқыншыларына қарсы күресуге қажетті қару-жарақ жеткіліксіз еді. Сондықтан Ә. Жанкелдин бастаған отряд Россиядан Қазақстанға қару-жарақ әкелді. Суретте осы отрядтың жол үстіндегі демалыс сәті бейнеленген.

Шығарманыц композициялық ортасынан жол картасына қарап тұрған отряд басшысы — Әліби Жанкелдиннің бейнесін көреміз. Жанындағы отряд адамдары оның сөзін зейін сала тыңдап қалған. Картинаның соңғы көрінісінде түйеге артқан жүкті түсіріп жатқан және ат суарып тұрған адамдар бейнеленген. Онан әріде аттылы кісі бір топ түйе көруенін бастап келеді. Шығарманың композициялық құрылысы шебер берілген. Көріністер бір-бірімен өте тығыз байланысқан. Шығарма композициясында соңғы көрініс берілмесе, автор ойы толық ашылмас еді. Өйткені алдыңғы көріністегі жеке топтарға қарап оның отряд екенін білу қиын. Сондықтан суретші Ә.Жанкелдин бейнесімен сонғы көріністегі бейнелер арқылы мұның отряд екенін көз алдымызға елестеткізе білген. Сонымен картина мазмұнын көрерменге түсінікті етіп жеткізу үшін суретші көріністерді белгілі композициялық ретпен орналастырады. Бұл жұмыста негізгі бейне алдыңғы көріністе, қосалқы бейнелер   отрыңғы  және соңғы көріністе берілген.

Картинадан уақыттың түс мезгілі екені анық байқалады. Өйткені көлеңкелер қысқа. Мұнда жылы түстер басым. Құм, дала түстері табиғаттағы өз түстерімен сәйкес. Бұл – картинаның өмірде болған тарихи оқиғаны бейнелейтіндігінің белгісі. Адамдардың бет пішіні, дене құрылысы, киімдерінің түсі де суретші шеберлігін танытқандай.

Жалпы   алғанда,  картинада суретші   шетел   басқыншыларына қарсы Ә.Жанкелдин отрядының ғана емес, бүкіл еліміздің күрес жолының белгілі бір үзіндісін   бейнелеген.

1926 жылдан бастап Орта Азия мен Сібір арасында темір жол салына  бастады. Бұл Қазақстан еңбеккерлері үшін де елеулі оқиға болды. Жолды салуға көптеген жумысшылар қатысты. Ол салынып болған соң, бұрын атпен, түйемен бір күн жүретін жерге поезбен бірнеше сағатта жететін жағдай туды. Осы темір жол бойымен қазірде халыққа қажетті товарлар тасылуда. Сонымен, бұл жол қазақ, халқының ерлік, ерен еңбегінің жемісі ретінде тарихта қалды. Суретші Ә. Қастаевтің «Түрксіб» картинасы осы тарихи окиғаның бір эпизодын көз алдымызға әкеледі.

Шығарманың композициялық ортасында поезд, алдыңғы көріністе оны қарсы алушы ауыл адамдары бейнеленген. Бұл көрініс халықтың жаңа тұрмысын білдіреді.

Картинадағы бояулар түстері әр түрлі. Жылы түсті бояулар алдыңғы көріністе көбірек қолданылған. Орталық көріністе қызыл және көк түстер үйлесімді пайдаланылған. Түстер құрамы көктем гүлін елестеткендей. Суретші бұл арқылы кейіпкерлердің көңіл күйін көктем гүлімен, жаңа өмірді көктеммен теңейді. Ол ауа перспективасын өте шебер берген. Алдыңғы көріністегі бейнелер анық соңғы көріністегі бейнелер бұлыңғыр.

Автор  ойын   картина  көмегімен жеткізе келе, ол туралы баяндау ба-рысында перспектива және суретшінің оны беру техникасы туралы оқу-шылардың түсініктерін байыта түсеміз. Жалпы алғанда, «Түрксіб» кар-тинасы бізді Қазақстандағы алғашқы ірі құрылыстармен, еңбекшілердің ерлік   істерімен таныстырады. Осы сияқты қазақ халықының ерлік жолдарын бейнелейтін В. Крыловтың «Шахтерлерды майданға шығарып салу», Т.Тоғысбаевтың «Дала балладасы», Ә.Исмайловтың «Бетпақ даладағы тоған», Ә.Сыдыхановтың «Еңбек» атты картиналарының мазмұны, көркемдік ерекшелігі, суретшінің шеберлігі мен картинаны салу техникасы жайлы да  өткізілген осы сабақта тартымды әңгімеленеді. Картиналарды талдап болған соң, сұрақ-жауап әдісімен сабақ қорытындыланады. Қорыта айтқанда, бұл әңгіменің  оқушыларды республика халқының ерлік жолдарымен таныстырып, олардың бейнелеу өнері туралы түсініктерін  молайтуға көмегі тиді.


скачать бесплатно
Нравится


Проблемы со скачиванием? (нажмите на ссылку)

Тағы рефераттар

Пікір қалдыру