Бәсекеге қабілеттілікті анықтайтын барлық факторларды мына топтарға бөліп көрсетуге болады:

  • Өнім және қызмет сапасы;
  • Өнім және қызмет бағасы;
  • Персоналдың квалификациялық деңгейі;
  • Өндірістің технологиялық деңгейі;
  • Қаржыландыру көздерінің қол жетерлігі;
  • Нарықтың қаныққандығы, сұраныс және ұсыныс.

Енді бұл факторларды ашып талдайық.

Өнім сапасы.Сапа — өнімнің ең маңызды сипаттамасы. өнім белгілі          бір сапаға ие болғаннан кейін ғана аналогтар қатарында лайықты                       оры  алуы мүмкін. Сапаның  түсінігіне мыналар кіреді: ұзақ уақыт            бойы қолдану, сенімділік, нақтылық, қолданудағы қарапайымдылығы, сонымен қатар ақаулардың болмауы. Бірақ әрбір өнімге сапаның                   аталған   қасиеттер сай  келе  бермеуі  мүмкін. Бұдан басқа өнім  тұтынушылардың  мына  қажеттіліктерін  қанағаттандыруы           тиіс:

  • Физикалық;
  • Техникалық;
  • Сенімділік;
  • Эксплуатациялық;
  • Эстетикалық;
  • Қауіпсіздік;
  • Экологиялық;
  • Шығынды (эксплуатациямен байланысты шығындар), т.б. [6].

Өнімнің бәсекеге қабілеттіліктің бұл факторлардың маңыздылығын түсініп, біз оны кейінрек толығырақ қарастырамыз.

Өнімнің бағасы.Баға ─ өнімнің құндық ақшалай сипаттамасы болып табылатын экономикалық категория. Ол өнім өндірісіне кеткен жұмыс уақытының жанама өлшемі. Өнім бағасын анықтайтын факторлар:

  1. өндіріс жалпы шығыны;
  2. қоғамдық еңбек шығыны;
  3. өнім саны;
  4. өнім қызметі мен қасиеті;
  5. персоналдың квалификациясы;
  6. өндірістің технологиялық деңгейі;
  7. Мемлекеттің салық туралы заңы;
  8. Өнімді тасымалдау жәнесақтаумен байланысты шығындар;
  9. Өнімді өткізу үшін ғимараттар арендасымен байланысты шығындар;
  10. Өнімнің орамы;
  11. Фирманың танымалдылығы;
  12. Сервистік және кепілдік қызмет көрсетуінің деңгейі;
  13. Фирманың маркетингтік қызметі;
  14. Өнімге сұраныс пен ұсыныс;
  15. Фирманың садалық баға стратегиясы.

Кәсіпорынның баға саясатын жетілдіру бағыты нақты өндіріс орындарының тиімділігі нәтижесінде ғана жүзеге асуы мүмкін. Оның            себебі де бар, өйткені нарықтық баға бәсекесі кезінде қандай да бір             өнімнің құнын төмендету (ең төмен мөлшерде табыс таба отырып) үшін кәсіпорын өзі шығаратын басқа да өнім түрлерінен немесе қызметтерден тұрақты табыс алуы қажет. Онсыз баға бәсекесінде нәтижелі күресу             мүмкін емес. Жалпы баға саясатының қалыптасу реті мен оған әсер             ететін факторлардың сипатын сурет-3 көруге болады [6].

Баға  қалыптасу  стратегиясын  таңдағанда  белгілі  бір  өнім үшін қандай мақсат қойылатынын анықтау керек. Негізінде келесі мақсаттар қойылады:

  • Фирманың өміршеңдігін қамтамасыз ету, мысалы, қатал бәсекелестік кезінде;
  • Ағымдағы пайданы максимилизациялау;
  • Көрсеткіштік үлесі бойынша нарықты жаулап алу;
  • Өнім сапасының көрсеткіштері бойынша жаулап алу, яғни белгілі бір өнімнің имиджін қалыптастыру. Бұл жағдайда баға жоғары болады.

Бағаның өзгеруі факторлар әсер ететін уақыттың ұзақтығына қарай үш кезеңге бөлінеді:

  • Баға қозғалысының ұзақ мерзімдік тенденциясы ғылыми-техникалық жетістіктердің, мемлекеттік және монополиялық саясаттың, табиғи құбылыстардың әсері нәтижесінде тауардың және ақша құнының өзгеруін көрсетеді;
  • Орта мерзімдік циклдік бағаның ауытқуы сұраныс пен ұсыныстың салыстырмалы қалпының түрлі кезең циклдары бойынша өзгеруі нәтижесінде пайда болады;
  • Қысқа мерзімдік бағаның өзгеруі әр түрлі маусымдық және кездейсоқ факторлардың әсерінен туындайды.

Ішкі нарықтағы бағаларға ақшаның сатып алу қабілетінің өзгеруі, ал сыртқы сауда бағаларына ұлттық ақшаның валюталық курсының өзгеруі  әсер етеді.

Бағаның түрлері:

  1. Көтерме баға – кәсіпорын үлкен мөлшерде басқа кәсіпорындарға, сауда ұйымдарына өткізеді;
  2. Контракты баға сатушылар мен сатып алушылар арасында келіссөздер барысында тағайындалатын баға;
  3. Дайындау бағасы – ауылшаруашылық өнімдерін сатып алу;
  4. бөлшек сауда ьағасы – тұрғындарға сату бағасы;
  5. Өзгермелі   баға   дайындалатын  бұымдарға  сауда     мәмілесінде ұзақ уақыт белгіленетін баға, осы бұйымдарды дайындау үшін қажетті  уақыт  ішінде  өндіріс  шығынының өзгеруін есепке           алуға  мүмкіндік  беретін  өзгермелі  принципке  негізделген.

Практикада қолданылатын баға стратегиялары:

  1. Жоғары баға стратегиясы.Алғашқы өндіріс шығындары жоғары  болады,  одан  кейін  ол  төмендейді. Бұған жаңа тауарлар жатады. Сапасы жоғары тауарлардың бағасы да жоғары болады.
  2. Төменгі баға стратегиясы  немесе нарыққа өту стратегиясы. Бұл сұранысты ынталандыру мақсатында жүзеге асады.
  3. Сараланған баға стратегиясысатып алушылармен жұмыс істеу, яғни кәсіпорынға деген ынтасынарттыру үшін оларға тауар жеңілдетілген бағамен сатылады.
  4. Икемді баға стратегиясы. Бағалар сатып алушылардың   мүмкіндіктеріне қарай белгіленеді.
  5. Тұрақты, стандартты, өзгермейтін баға стратегиясы.
  6. Дөңгелексіз баға стратегиясы, яғни сатып алушы 100 теңгенің тауарын 99 теңгеге сатып алады.
  7. Жаппай көтере сатып алу стратегиясы, яғни көтерме баға.

Персоналдың квалификациялық деңгейі.Квалификациялық жұмысшылардың бар болуы минималды шығындармен жоғарғы сапалы өнімді шығаруға мүмкіндік береді. Өнімнің ұлғаймалы қатары жоғары квалификациялық персоналсыз өндірілуі мүмкін емес. Сонымен бірге, жоғары  квалификациялық  менеджмент те соңғы рольді атқармайды. Өйткені, жақсы білікті жұмысшылар бар болғанымен жоғары даярланған технологтар мен инженерлерсіз бәсекеге қабілетті өнім қалыптастыру өте қиын, сонымен қатар, тәжірибелі маркетологтардың алдын-ала есебінсіз өнімнің  өткізілуі  қиынға  соғады.

Өндірістің технологиялық деңгейі.Квалификациялық персоналдың деңгейімен бірге өндірістің технологиялық деңгей төмен шығынды және қысқа  уақытта жоғары сапалы өнім өндіруіне мүмкіндік береді.  Осыған орай, өнімнің өзіндік құнын төмендетіп, сапалы өнім шығаруға болады. Технологиялық  өндірісті   үнемі алдыңғы қатарлы технологиямен  қайта қаруландыру  жағдайында көп өнім шығару мүмкін емес, бұл жағдайда қаржыландырудың  қол  жетерлігі  маңызды  болып  келеді.

Қаржыландыру көздерінің қол жетерлігі.Негізінде қаржыландырудың 2 түрі бар:

  • Несиелік;
  • Құнды қағаздарды орналастыру (биржада акцияларды шығару және котировкалау).

Кәсіпорынның акционерлік капиталы арқылы қаржыландыруды қамтамасыз ету ең дұрысы болып келеді. Бірақ, кәсіпорын басшыларымен акцияларды шығару мен орналастыруына шешім қабылдауына бірнеше мәселелер қиындық туғызады. Біріншіден, кәсіпорын басшылары кәсіпорын капиталында  үлкен  үлеске  ие болып, акционерлік меншікпен қолдана алады. Бұл жағдайда акцияларды орналастыру арқылы кәсіпорынды қаржыландырғанда  менеджмент  пен  инвестордың  қызығушылықтары дауға әкелуі мүмкін. Екіншіден, бұл әдістен бас тарту себебі, бұл кәсіпорын менеджменті өз қызметтерін дұрыс атқармауы жағдайында жаңа акционер басқарушылардың  ауыстырылуын  талап  ете  алады. Үшіншіден, акцияларды  орналастыру шешімін қабылдаудағы кедергі инвестор қаржылық есебінің толық мөлдірлілігін талап етеді. Мұндағы қиыншылық басшылар табысты салық салудан жасырып, шынайы есепті инвесторға көрсете  алмайтындығы.

Акцияларды орналастыру жолымен капиталды тарту талай жігер, уақыт пен ақшаны қажет ететіні сөзсіз.

Нарықтың қаныққындығы, сұраныс пен ұсыныс.Нарықтағы өнімнің бәсекеге қабілеттілігі мен кәсіпорынның тиімді қызметінің негізгі мәселелердің бірі ─ сұраныс пен ұсыныстың қатынасы.

«Бәсекеге қабілеттілік – Қазақстанның әлемдік экономика мен қоғамдастыққа табысты кірігуінің кілті. Жәнемұныңқажетті шарты – Қазақстан тауарлары мен қызметтерінің озық халықаралық стандарттардың сапалық деңгейіне шығуы»,  деп айтқан Қазақстан Республикасының Президенті өзінің халқына жолдаунда [1].

 Нарықтық  жағдайда    егер  кәсіпорын  өз  өнімнің  немесе  қызметтің бәсеке  қабілеттілігін қамтамасыз ете алмаса, онда бұл кәсіпорынды ешқандай  инвестициялар  құтқара  алмайды. Бәсеке қабілеттіліктің негізі сапа  болып  табылады.  Бәсеке  қабілеттіліктің  құрамына  сападан басқа баға,    жеткізу    уақыты,    кепілдік,    сервистік   қызмет   көрсету  және  тағы басқа  көрсеткіштер  кіргенімен  сатып  алушылар  мен  тапсырыс    берушілер  өнімді  таңдағанда  сапаны  басқа қасиеттерден жоғары бағалайды.

Бәсекеге  қабілетті  өнім  кәсіпорынның  бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз  етеді,  ал  мұның  өзі  экономиканың   жалпы  дамуына оң   әсерін  тигізеді.  Кейбір  өндірушілер үшін өнім сапасы жеке мәселе ғана емес. Ол  біртіндеп  халықтың өмірінің жалпыұлттық сапа мәселесіне айналып келеді. Мұны  сапа  саласында  жетекші  болып  табылатын  соғыстан кейінгі уақытта  Жапония  экономикасының  даму  мысалында  көруге  болады.

Өнімнің  сапасы ─ бұл белгілі мұқтаждықты қанағаттандыруға үлкен себепші болатын өнімнің пайдалылығының жиынтық ерекшелігі мен кәсіпорынның маңызды көрсеткіштерінің бірі болып саналады. Өнімнің сапалығы  тек  техникалық,  тауар  тану  ғана емес, сонымен қатар ең маңызды экономикалық санаты болып табылады. Экономикалық санаты ретінде  ол  тұтыну  құнына  тығыз  байланысты.  Егер  де  тұтыну құны ─ бұл  жалпы  алғанда  тауардың  пайдалылығы  болса,  ал  өнімнің  сапалылығы ─ бұл оны пайдаланудағы нақтылы жағдайда тұтыну құнының деңгейінің көрінуі.

Өнімнің  сапасы ─ өндіріс тиімділігінің жоғарлауының, кәсіпорынның бәсеке қабілетінің, елдің өмірлік деңгейінің өсуінің маңызды факторы, көптеген  әлеуметтік  мәселелердің  шешілуінің  амалы.  Сонымен  қатар,  ол қоғамдық еңбектің өнімділігінің өсуіне, қор қайтымына,  материалдық   ресурстардың  үнемделуіне  ықпалын  тигізеді.

Сапа қасиеттерінің бірнеше көрсеткіштері бар:

Сапа көрсеткіштерінің номенклатурасының талғамы мыналар есебімен негізделеді:

  • өнімнің тағайындауы және қолдану шарттары;
  • тұтынушылардың талаптарын талдау;
  • сапа көрсеткіштерінің негізгі талаптары;
  • сипатталатын қасиеттердің құрамы мен құрылымы;
  • өнім сапасын басқару мәселелері.

Экономикалық көрсеткіштер сатып алушының сатып алуға немесе эксплуатацияға кеткен толық шығындарды сипаттайды және тұтыну баға элементтерін ұсынады. Жалпы түрде тұтыну бағасы келесі элементтерді құрайды:

  • тауар бағасы;
  • қолдану орнына дейін тауардың транспорттауына кеткен шығын;
  • орнату, монтаждау құны;
  • қызмет көрсетуші персалды оқытып үйрету;
  • электроэнергия, отын шығындары;
  • қызмет көрсетуші персоналдың еңбекақысы;
  • салықтар;
  • алдын-ала көзделмеген шығындар.

Эргономикалық көрсеткіштер адамдар мен заттардың арасындағы арақатынастар, адамдардың заттарды қолданудағы психологиялық, физиологиялық,  гигиеналық қасиеттерін көрсетеді. (Температураның, шудың,   вибрацияның,   газдың,   будың   және т.б. ылғалдылықтың әсерлері).

Эстетикалық  көрсеткіштер  өнімнің  сыртқы  орындалуын,  формасын,  тауарлық   түрін   қамтамасыз  етеді.

Тасымалдауға шыдамдылық көрсеткіштері өнімнің тасымалдауға   бейімділігін,   шыдамдылығын   көрсетеді. Тасымалдау көрсеткіштеріне жатады:

  • тасымалдауға өнімді дайындаудың орташа ұзақтығы;
  • тасымалдауға өнімді дайындаудың орташа еңбек сыйымдылығы;
  • тасымалдау құралының көлемін қолданудың коэффициенті;
  • тасымалдау құралынан өнім партиясын түсіруінің орташа ұзақтығы.

Патенттік-құқықтық көрсеткіштер ─ патенттік тазалық, патенттік қорғалымдылықты, өнімдердегі  жаңа техникалық шешімдерді, тауарлық  белгі  мен  өндірістік  үлгіні  тіркеуді  көрсетеді.

Экологиялық  көрсеткіштер ─ өнімдерді іске қосқанда және қолданғанда  қоршаған ортаға тигізетін кері  әсерінің  деңгейін  көрсетеді. (Мысалы: өнімді сақтағанда, тасымалдағанда және іске қосқанда, қауіпті қоспалардың, газдардың, радиациялық  сәулелердің  болу  мүмкіндігі). Экологиялық көрсеткіштер есебі қамтамасыз ету керек:

  • табиғатқа, қоршаған ортаға өнеркәсіптік, тасымалдау заттардың, ағын сулардың шектеулі көлемде лақтырылуы;
  • биологиялық расурстардың рационалды қолданылуы және оларды сақтау;
  • өсімдік пен жануар әлемінің геоқорын сақтау.

Қауіпсіздік  көрсеткіштер  (өнімді жөндеу, сақтау,тасымалдау, шығару, қолдану  кезіндегі  қауіпсіздікті  сақтау).

Осы  көрсеткіштердің  жиынтығы  өнімнің  сапасын  құрайды. Сапаны жобалау,   сақтау   және   қолдану  процестері сапаны басқару жүйесіне кіреді.

Сапа көрсеткіштері келесі негізгі талаптарға жауап беруі тиіс:

  • халық шаруашылығ мен халық қажеттіліктеріне өнім сапасының сәйкес келуін қамтамасыз ету;
  • тұрақты болуы керек;
  • өндіріс тиімділігінің жоспарлы өсуіне жағдай жасау керек;
  • халық шаруашылық салаларындағы техника, ғылым, техникалық прогрестің бағыттарының қазіргі замандағы жетістіктерін ескеруі қажет;
  • оның тағайындауымен байланысты белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыратын өнімнің барлық қасиеттерін сипаттау [10].

Өнім сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын таңдау реті алдын- ала анықталады:

  • өнім топтарының түрі;
  • өнімнің сапа көрсеткішінің номенклатурасын қолдану мақсаттары;
  • сапа көрсеткіштерінің бастапқы номенклатура топтары;
  • әрбір топ бойынша сапа көрсеткіштерінің бастапқы номенклатурасы;
  • сапа көрсеткішінің номенклатурасын таңдау әдісі.

Бәсеке қабілеттіліктің деңгейін бағалау үшін өнімнің параметрлерін сандық анықтау маңызды мәселе болып табылады. Сандық анықтау әдісі бойынша  «қатты»  және  «жұмсақ»  параметрлер  ажыратылады.

«Қатты» параметрлердің белгілі бір бірлікте көрсетілген табиғи физикалық  өлшемі  бар,  конструктивті  принциппен  берілген  өнімнің негізгі  функцияларын  көрсетеді.  Мысалы,  қуаттық,  мөлшер,  дәлдік,       т.б.

«Жұмсақ» параметрлердің әдетте табиғи физикалық өлшемі жоқ, сондықтан  оны сандық  бағалау  өте  қиын.  «Жұмсақ» параметрлерге өнімнің эстетикалық, эргономикалық қасиеттерін  сипаттайтын  көрсеткіштер, ұйымдастырушылық-коммерциялық көрсеткіштер жатады. Бұл көрсеткіштерді  анықтау  үшін  сандық  бағалау  әдісін  таңдау керек.

Нарықтық экономика жағдайында сапаның дамуы бәсекелестікпен анықталады. Қазіргі заманғы тенденциялар кәсіпорын қызметінің барлық сфераларында сапа жүйесін құруды қарастырады. Сапаны басқару жүйесі халықаралық стандарттарға сай және кәсіпорын қызметінің есебімен дайындалу керек, сол кезде ғана ол өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылауын қамтамасыз ете алады [10].
Тағы рефераттар