Оңтүстік Американың климаты туралы қазақша реферат

    Оңтүстік Америка экватордың екі жағында жатыр, бірақ оның негізгі бөлігі оңтүстік жарты шарда жатыр. Материктің ең енді бөлігі тропиктердің аралығында, субтропиктік және қоңыржай ендіктерде оның енсіз және тілімделген шеті жатыр.

120 с.е. пен 560 о.е. аралығындағы географиялық орны Оңтүстік Американың бүкіл территориясында дерлік күн радиациясы жиынтығының өте мол болуына жағдай жасайды. Оның көпшілік бөлігі жылына 120-150 ккал/см2 жиынтық радиация қабылдайды, тек қиыр оңтүстікте ғана бұл шама 80 ккал/см2-ге дейін азаяды. Жер бетінің радиация баланысы қыс кезінде 450 о.е. оңтүстікке қарай ғана, яғни материктің өте шағын бөлігінде теріс мәнді болады. 

Атлант және Тынық мұхиттарының материктің жағасына таяу маңдағы ағыстарының да мәні зор. Атлант мұхитындағы Оңтүстік Пассат ағысының Гвиана және Бразилия тармақтары Оңтүстік Американың жағаға таяу маңында 30С мөлшеріндегі қысқы оң аномалия тудырады. Ал Тынық мұхиттағы экваторға дейін тікелей өтетін Перу салқын ағысы солтүстікке Антрактидадан салқын су массалары апарады да, экваторлық зонадағы температураны осы ендіктердің орташа температурасымен салыстырғанда 40С-ге төмендетеді.

Оңтүстік Американың көпшілік бөлігі үшін атмосфера циркуляциясының аса маңызды типі – екі жарты шардың пассаттық циркуляциясы. Біршама ылғалды тропиктік ауа массалары атланаттық максимумдардың батыс шеттері арқылы шығады. Бұл ауа материктердің түкпіріне қарай жылжи және ылғалының едәуір бөлігін Бразилия мен Гвиана таулы қыраттарының шеткі жағына бере отырып трансформацияға ұшырайды.

Материктің шығыс шетінде, экватордан оңтүстікке қарай солтүстік және оңтүстік жарты шарлардың пассаттары кездеседі, ал батысқа таман жатқан аудандарда әр жарты шардың жазғы кезінде пассат тасқындарының басқа жарты шарға ауысуы және муссон желдерінің түзілуі байқалады.

Материктің батыс шетінің едәір бөлігіне Оңтүстік Тынық мұхит максимумының шығыс шеті және онымен байланысты оңтүстік және оңтүстік-батыс желдері мен пассаттық инверсия әсерін тигізеді.

Материктің қиыр оңтүтігіне қоңыржай ендіктердің батыс тасымалы ықпал етеді.

Қаңтарда Оңтүстік Американың экватордан оңтүстікке жатқан бөлігі көбірек қызады да, оның үстінде төмен қысым аймағы орнайды. Солтүстік Атлант максимумы біршама оңтүстікке ауысқан, сөйтіп, оның оңтүстік шеті арқылы жететін ауа тасқыны, солтүстік-шығыс пассат түрінде Оңтүстік Американың солтүстік бөлігін қамтиды. Ол Гвиана таулы қыратының шығыс беткейі мен Гвиана ойпатында едәуір мөлшерде жауын-шашын болып түседі де, тау қыратының ішкі аудандары мен Ориноко ойпатында құрғақ жел түрінде соғады. Құрғақшылық кезеңі соған байланысты. Экваторды кесіп өткеннен кейін ол бағытын солтүстік және солтүстік-батысқа ауыстырады да, Бразилия таулы қыратының көпшілік бөлігі мен Гран-Чако жазығын жаңбырмен ылғалдандырады.

Оңтүстік Атлант антициклоны жағынан қызған материк жағына қарай муссон сипатындағы желдер соғып, олар Бразилия таулы қыратының оңтүстік-шығыс шеті мен Ла-Плата ойпатына жаңбыр әкеледі.

Батыс жағалаудың көпшілік бөлігі 300о.е. бастап экваторға дейін дерлік Тынық мұхит максимумының шығыс шетінің ықпалында болады және онда жауын-шашын болмайды. Гуаякиль шығанағынан солтүстіккке қарайғы жағалаудың бөлігінен ғана экваторлық ауа массалары әсер етеді, жаңбыр көп жауады.

Материктің қиыр оңтүстігінен батыстан мұхиттық ылғалды ауа келеді. Сөйтіп, Тынық мұхит жағалауында, әсіресе Анд тауының батыс беткейлерінде жауын-шашын мол болады, ал Анд тауының қалқасында жатқан және шығысынан салқын ағыс өтетін Патагония қоңыржай ендіктердің біршама құрғақ континенттік ауа массалары қалыптасатын орталығына айналады.

Шілдеде материктің бүкіл солтүстік бөлігі оңтүстік-батыс муссон әкелетін ылғалды экваторлық ауаның және Атлант мұхиты жағынан келетін ылғалдылығы одан кем түспейтін теңіздік тропиктік ауаның ықпалында болады.

Бразилия таулы қыраты үстінде оңтүстік жарты шардың тропиктік максимумының солтүстікке ауысуына байланысты жоғары қысым және құрғақ ауа райы орнайды.Таулы қыраттың оңтүстік-шығыс шеті ғана тікелей Атлант мұхитынан келетін оңтүстік-шығыс пассаттың әсеріне душар болып, жазғыға қарағанда кемдеу болғанымен, мұнда едәуір жауын-шашын түседі.

Оңтүстік жарты шардың субтропиктік және қоңыржай белдеулерінде батыс тасымалы басым болады және циклондық жаңбырлар жауады. Патагония бұрынғысынша біршама құрғақ және салқын ауаның құрылу орталығы болып қалады. Бұл ауа мезгіл-мезгіл солтүстікке енеді және тура Амазонка ойпатына дейін өтеді де, онда ауаның температурасын едәуір төмендетеді.

Тынық мұхит жағалауының орталық бөлігінде шілдеде қаңтардағыдай 300 о.е. экваторға дейін жағаны қуалай салқын Перу ағысының үстінен соғатын оңтүстік және солтүстік-батыс желдері басым болады. Бұл Тынық мұхит жағалауының осы ендіктерде өте құрғақ болып соғуына әкеліп соғады. Пассат оңтүстік-батыс муссонға ауысатын солтүстік бөлігінде ғана жағалауға едәуір мөлшерде жауын-шашын жауады.

Оңтүстік Америкадағы экваторлық климат белдеуі Амазонка ойпатын түгелге жуық (шығыс бөлігі мен қиыр оңтүстігінен басқа), Гвиана таулы қыраты мен Ориноко ойпатының жапсарлас бөліктерін қамтиды. Экваторлық белдеу алабына экватордан солтүстіктегі Тынық мұхит жағалауы да кіреді. Бұл белдеуге бүкіл жыл бойы мол жауын-шашын мен бір қалыпты жоғары температура (+240, +280С) тән.Жылдық жауын-шашын жиынтығы 1500-ден 2500мм-ге дейін ауытқиды, тек Анд тауының беткейлері мен Тынық мұхит жағалауында ғана жауын-шашын мөлшері жылына 5000-7000 мм-ге дейін молаяды. Бүкіл жыл бойы бұл ауданға жауын-шашынды оңтүстік және оңтүстік-батыс желдері әкеледі және оның көп түсуі орфографиялық себептермен байланысты. Амазонка ойпатында жауын-шашынның негізгі бөлігі экваторлық ауа массаларындағы конвекция процестерінің есебінен жауады. Мол жауын-шашын буланушылықтан әлдеқайда асып кетеді де, бүкіл жыл бойы ылғалдану коэффицентінің жоғары болуына жағдай жасайды (барлық жерде 100%-тен астам).

Оңтүстік Американың бүкіл солтүстік бөлігі Ориноко ойпаты, Кариб теңізі жағалауы, Гвиана таулы қыратының едәуір бөлігі және Гвиана ойпатымен бірге субэкваторлық климат белдеуінде жатыр. Оңтүстік жарты шардың  субэкваторлық белдеуіне Бразилия таулы қыратының солтүстігі мен Амазонка ойпатының оңтүстігі кіреді. Шығыстасолтүстік жарты шар мен оңтүстік жарты шардың субэкваторлық белдеулері қосылып кетеді. Оған Тынық мұхит жағалауының эватордан 4-50о.е. дейінгі бөлігі де кіреді. Субэкваторлық климаттың ерекше сипаты – жауын-шашынның таралуындағы маусымдық – бүкіл осы территорияда айтарлықтай анық байқалады. Оңтүстік жарты шарда – Бразилия таулы қыратында,Амазонка ойпатының оңтүстігінде және Амазонканың төменгі ағысында – экваторлық муссонның әрекетімен байланысты болатын жаңбырлы кезең шамамен желтоқсаннан мамырғадейін созылады және онық ұзақтығы экваторға қарай арта береді. Солтүстікте жаңбырлы кезең мамырдан желтоқсанға дейін болады. Қыста пассаттар әрекеті кезінде жауын-шашын болмайды. Тек жылы мұхиттан келген пассаттар өз жолында тауға тірелетін Бразилия таулы қыратының жағалауындағы солтүстік бөлігінде ғана жаңбыр қыста да жауады.

Оңтүстік Америка тропиктік климат белдеуінің шегіне оңтүстік жарты шарда ғана кіреді. Бразилия таулы қыратының шығысы мен оңтүстік-шығысы ылғалды пассаттық климат аймағында жатады. Онда жауын-шашынды бүкіл жыл бойы Атлантика жағынан тропиктік ауа тасқындары әкеледі. Ауа тау беткейлерімен көтеріле отырып, оның жел жағына мол ылғал қалдырады. Жауын-шашын режимі және ылғалдану жөнінен бұл климат Амазонка ойпатының климатына ұқсас, бірақ ең ыстық аймен ең салқын ай температуралары айырмашылықтарымен ерекшеленеді.

Материктің ішкі тропиктік белдеуде (Гран-Чако жазығы) климат қуаң, жазда жауын-шашын мол түседі де, қысы өте-мөте құрғақ болады. Жауын-шашын режимі жөнінен ол субэкваторлық белдеуге ұқсас, бірақ оған қарағанда температурасы күрт өзгермелі (әсіресе, қыс кезінде), жылдық жауын-шашын жиынтығы кем және ылғал жеткіліксіз болады.

Тынық мұхит жағалауының 50 пен 300 о.е. аралығы жағалықшөл мен шөлейт климаты аймағында жатыр. Бұл климат Тынық мұхит максимумының шығыс шет аймағында және биік ендіктерден келетін бішама салқын суынан пайда болатын температура инверсиясының ықпалында жатқан Атакама шөлінде барынша айқын көрінеді. Салыстырмалы ылғалдылық 80%-ке дейін барғанымен, жауын-шашын өте аз – кейбір аудандарда жылына не бары бірнеше мм ғана. Жаңбыр тапшылығын жағалауда қыс кезінде түсетін мол шық біршама толтырады. Ең ыстық айлардың өзінде температура қоңыржай (+200С-ден сирек асады) және оның маусымдық ауытқуы онша емес.

300 о.е. оңтүстікке қарай Оңтүстік Америка субтропиктік кллимат белдеуі шегіне кіреді.

Материктің солтүстік-шығысында (Бразилия таулы қыратының оңтүстік шеті, төменгі Уругвай бассейні, Парана мен Уругвай өзен аралығы, Пампаның шығыс бөлігі) климат біркелкі ылғалды субтропиктік болады. Жазда муссондық сипаттағы солтүстік-шығыс желдері ылғал әкеледі, қыста полярлық фронттағы циклондық әрекетке байланысты жауын-шашын түседі. Бұл аудандарда жаз өте ыстық, қыс жұмсақ: айлық орташа температура 100 С шамасында, бірақ оңтүстіктен біршама салқын ауа массаларының басып кіруіне байланысты температураның 00 С-ден едәуір төмендейтін кездері де болады.

Субтропиктік белдеудің материктің ішкі аудандарында (Батыс Пампа) субтропиктік қуаң климат тән. Онда Атлант мұхитынан ылғал аз еледі де, жазда жауын-шашын (жылына 500мм-ден аспайды) негізінен конвекциядан пайда болады. Бүкіл жыл бойы температура күрт ауытқып тұрады және айлық орташа температуралар +100С болады, қыста ол жиі-жиі 00С-ден төмен түсіп отырады.

Тынық мұхит жағалауының (30-дан 370 о.е. дейін) климаты субтропиктік, жазы құрғақ. Тынық мұхит максимумының шығыс шеткі аймағының әсерінен онда жаз жаңбырсыз дерлік және ыстық емес (әсіресе, жағалаудың өзінде ). Қыс жұмсақ және жаңбырлы. Температураның маусымдық ауытқуы мардымсыз.

Қоңыржай белдеуде (400 о.е. оңтүстікке қарай) Оңтүстік Американың ен енсіз бөлігі жатыр. Патагония – қоңыржай ендіктердің континенттік ауасының қалыптасу орталығы болып отыр. Бұл ендіктерге батыс желдері жауын-шашын әкеледі. Олардың Патагонияға баратын жолын Анд тау бөгейді, сондықтан жауын-шашын мөлшері 250 -300 мм-ден аспайды. Қыста оңтүстіктен суық ауаның өтуіне байланысты қатты аяз болады. Кейде аяз  -30 -350С-ге жетеді, бірақ айлық орташа температурасы жылы.

Материктің қиыр оңтүстік батысы мен жағалаудағы аралдарда климат қоңыржай жылы, мұхиттық. Бүкіл осы аймақ күшті циклондық әрекеттің және қоңыржай ендіктен келетін мұхиттық ауаның ықпалында болады. Анд тауының батыс беткейлерінде жауын-шашын, әсіресе қыста көп түседі. Жазда жаңбыр аз, бірақ бұлыңғыр бұлтты күндер басым болады. Жауын-шашынның жылдық жиынтығы барлық жерде 2000 мм-ден асады. Жаз бен қыс айлары темперарурасының айырмашылығы шамалы.
Тағы рефераттар