Оңтүстік  Қазақстан  облысы  Тянь-Шань тауларының сiлемдерi мен Тұран ойпатының шығысын ала, 117,3 мың шаршы шақырым аумаққа орналасқан. Оның солтүстiгiн Бетпақдала шөлi, оңтүстік қиыр шетiн Мырзашөл қуаң даласы алып жатыр. Солтүстiк шетi мен оңтүстік шетiнiң ара қашықтығы 600 км.

Оңтүстік Қазақстан ежелгi кезден қолайлы географиялық аймақ саналған. Бұл территориядан Батыс пен Шығысты – Жерорта теңiзi елдерiмен Азияны, Қытай, Монғолияны жалғастыратын маңызды керуен жолдары өткен. Оңтүстік Қазақстанның таулы аудандарынан өткен осы жолдар тарихта “Ұлы Жiбек жолы” атымен белгiлi. Сырдария өзенi жағалауынан өтетiн Орта Азия арқылы Үндiстанға, Хазарияға, кейiнiрек – Алтын Ордамен Мәскеуге алып баратын жолдың да маңызы жоғары болатын.

Осы керуен жолдарының бойында VI-XII ғ.ғ. көптеген сауда орталықтары, қалалар пайда болды. Әсiресе, Сырдария өзенi бассейнінде: Отырар, Испиджаб, Сүткент, Сығанақ, Сауран сияқты iрi қолөнер және сауда орталықтары салынды.

Ресейге толығымен қосылған соң (XIXғ. 60 жылдар ортасы) Оңтүстік Қазақстан Орта Азия оазистерiмен Ресейдiң Европалық бөлiгiндегi аудандарды жалғастырушы ретiнде танылған. Алайда, Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында жолдардың жоқтығынан бөлiм аралық байланыс қиын болатын.

Кеңес Одағы заманында Оңтүстік Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайы түбiрiмен өзгердi. Түркiстан–Сiбiр темiр жолы салынды, Мойынты-Шу линиясымен бiрге бiрнеше iрiлi ұсақты темiр жол жүйелерiнiң салынуымен пайдалы қазбалар кен орындарының ашылуы басталды.

 

 

Оңтүстік Қазақстан облысы – республикадағы маңызды және жақсы дамыған экономикалық аудандардың бiрi. Ауылшаруашылығына мамандануы Оңтүстік Қазақстанға шекаралас жатқан Орта Азияны еске түсiредi. Бұл – Қазақстанның бағалы техникалық және дәндi дақылдар өсiретiн суғармалы аймағы. Республикада бақша, жүзiм өсiру мен қой шаруашылығынан бiрiншi орынды иемденедi.

Оңтүстік Қазақстан азық-түлiк және жеңiл өнеркәсiп дамыған орталық. Тау кен өнеркәсiбi де жоғары деңгейде жолға қойылған (полиметалл, фосфорит, қорғасын өндiрiсi).

Оңтүстік Қазақстан табиғат жағдайы Орта Азиядағы көршi мемлекеттермен өте ұқсас. Мұнда Орта Азиядағы сияқты жазықтарда күн сәулесiнiң таралуы  жоғары. Оңтүстік Қазақстанның климаты шұғыл континенттi, әсiресе жазық шөлдi аймақтарда. Континеттiлiк солтүстiкке қарай айқын байқалады. Оңтүстік Қазақстанның барлық территориясына салыстырмалы суық, қары аз қыс тән, жылы, жаңбырмен ұласқан көктем, содан соң – ыстық жаз тән. Күз кенеттен кiредi де, ол температураның шұғыл тербелiсiмен, жаңбырмен ерекшеленiп, аяздың соңы қармен жалғасады.

Басқа экономикалық аудандармен салыстырғанда мұнда вегетациялық кезең ұзаққа созылады (220 күнге дейiн). Сәуiр мен қыркүйек аралығында түсетiн энергияның мөлшерi тропиктегiмен бiрдей. Температураның жалпы мөлшерi 4000 градусқа жеттi. Оған қоса, Оңтүстік Қазақстанда бұлттылық республика бойынша ең төмен (35-45% орташа жылдық), ал ауаның ылғалдылығы шiлдеде 18-20%-ға дейiн төмендейдi. Мұндай табиғи үйлесiмдiлiк дәндi дақылдармен бiрге жылу сүйгiш өсiмдiктердi өсiруге болады.

Оңтүстік Қазақстан климатының қолайсыз жақтары көктемнiң соңғы айларындағы аяздар. Бұл аяз жас мақталар мен  басқа да өсiмдiк түрлерiнiң үсуiне алып келедi.

Оңтүстік Қазақстанның көп бөлiгiнде жауын-шашын өте аз. Жауын –шашынның орташа жылдық көрсеткiшi солтүстiгiнде 150 мм-ге дейiн, Оңтүстік Қазақстаның   оңтүстiгiнде 500 мм-ге дейiн жетедi. Жылына 5-6 айдың көлемiнде жауын-шашын жауады.
Тағы рефераттар