Мақтаның тарихын В. И. Лениннің Түркістанды суландыру үшін ирригациаллар басқармасын құру туралы 1918 жылы 17 мамырдағы шешімімен шектейтіндер қатты қателеседі. Қазақстан даласындағы мақтаның тарихы  ХІІ – ХІV ғасырлардан басталады.

Замандар әфсанасы, деректер Шыңғысхан  шапқыншылығы суырған топырақтың астында  қалған ежелгі Отырар мақтаның, жүзімнің отаны болғанын көрсетеді. Отырар қаласының орнынан табылған суландыру жүйелері , мақта шиті, жүзім тұқымдары мұнда өркендеген мақта, жүзім шаруашылықтары  болғанын дәлелдейді.

Он мыңдаған шақырымды алып жататын Мырзашөлдің ұзақ жазы, ыстық ауа райы ғана емес, құмдауышты топырақты, тақтайдай тегіс даласы ежелден  мақта өсіруге сұранып тұрғандай екен. Сол кезеңдерде басым Мырзашөлден алатын Сырдариядан тартылған 70 шақырымдық, алғаш “Орынбайарық” деп аталған каналды қазу басталған екен. Бұл канал қазақ жерінде  мақта өсірудің алғашқы өркениетті қадамының басы, алғашқы жоралғысы дейді тарихи деректер.

Осылай канал қазып, Мырзашөлде жайқалтып мақта өсірген бабаларымыз салған сол соқпаққа түскен мақта тарихының іздері бірде айқын, бірде көмескі  болғанымен, өзіліп қалмаған. 1913 жылы аталарымыз 15 мың  гектарға егілген мақталықтан 9,9 мың тонна өнім алады.

Ақшаның қайда жатқанын қазақтың байлары да білді. Олар да бұл жолда қарап жатпай, 1917 жылы Байбота бай атамыз К- 15 деп аталған каналды қаздырды. 1926 жылы К – 26 каналы қазылды. Каналдар қазылған соң “Байботарығының” жағасындағы жерлер тегіс суландырылып, мақта егістігінің көлемі ұлғая бастады, тағы басқа егіншілік  түрлері дамыды.

Орыстың көзіне түспеген қазақтың байлығы барма. Қазақ даласында мақта өсіруге оларда ерекше ықылас танытпапты. 1896 жылдары КНЯЗЬ Константин Мырзашөлге келіп, мақта өсіруге ат салысқан. Ол Мырзашөлді суландыру  үшін әлгі “Орынбай” каналдың ұзындығы 90 шақырымға  жеткізуді көздейді. 1939 –40  жылдары бұл канал тағы да 14,5  шақырымға ұзартылды.

Кеңес өкіметі бұл каналдың “Орынбайарық” атын алып тастады.  Каналға күйіс-түйісі жоқ  С. М. Киров ақсақалдың атын берді. Біз кіммен де дос болуға дайын халық емеспіз бе? Ол каналдың аты кейін “Достық” деп көрсетілді.

Қадамын енді бастаған  кеңес үкіметі бірден Мырзашөл, Түркістан аймақтар  суландыруға ден қойды. В. И. Ленин қол қойған үкіметтің  алғашқы декреттерінің бірінде  Түркістанды  суландыру жұмыстары үшін 50 млн. сом қаржы бөлуге  қаулы қабылданады.

Міне мақтаны,  мақтаның аралы – Мырзашөлді игеру осылай басталған апаларымыз бен аталарымыздың сол дәстүрі жылдан жылға сабақтасып, жалғасып дамуда. Тіпті соғысқа киім-кешек,  қорғанысқа қажеттілігіне  байланысты Ұлы Отан соғысы жылдары бір ғана  Мырзашөл емес, бүкіл Қазақстан халқы мақта өсірді.

Облыста қазірде  мақтаның денін – 100 мың  гектардан астамын мақта шаруашылығының қалыптасқан отаны ежелгі Мырзашөл  — Мақтаарал ауданы өсіреді. Одан кейінгі орынды Шардара, Түркістан, Сарыағаш, Келес өңірі, Ордабасы, Түркістан, Арыс аудандары алады. Соңғы жылдары облыстың барлық аудандары  дерлік мақта өсіруге  қадам жасауда. Бірақ көпшілігі бұрын егіп  көрмеген әрі жер, су, климат жағдайына байланысты жасақтайды.

Оңтүстік Қазақстанда суармалы егіншілік ерте заманда дамыған. Сырдария, Келес, Арыс өзендерінің бойын мекендеген халықтар біздің эрамызға дейінгі  4-3 ғасырларда диқаншылықпен айналысқан. Археологтар Б.И. Вайнберг, Л. И. Левиналардың зерттеулеріне қарағанда, біздің эрамыздың  бірінші ғасырында  Келес пен Шардара аудандарының маңында мақта, бидай, тары және т.б. дақылдар өсірілген. Белгілі ғалым, профессор  В. И. Юферов өзінің “Түркістанның мақта  шаруашылығы” деген кітабында қазіргі Жамбыл қаласының тұрғындары VIІ ғасырда мақтадан  тоқылған киім кигендерін жазса, академик В.В. Бартольд Х ғасырда Шымкент қаласынан сыртқы саудаға арналып мақта  шығарылғанын баяндайды.

Қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы мақта шаруашылығымен 1888 жылдан бастап айналысқан. Бұған 1877-1906 жылдар арасында салынған Орынбор Ташкент темір жолы үлкен ықпал жасаған. Мәселен, 1885 жылы Шымкент облысының территориясында  небары 432,2 гектар мақта егілген болса, 1910 жылы 3631,6 гектар, ал 1913 жылы 20,8 мың гектар мақта егілген. Бірақ ол кезде мақта қарапайым тәсілмен өсірілді. Егістік ағаш соқамен жыртылып, кетпенмен қазылған арықтан суарылды. Суармалы егістіктің  80% -тен астамы бай-кулактардың қолында болды. Мақтаның шығындылығы гектарына  3-4 центнерден аспайтын еді.

Ұлы Октябрь Социалистік революциясынан  кейін Совет үкіметі Орта Азиямен  Қазақстанның Оңтүстігінде мақта шаруашылығын дамыту жөнінде нақты шаралар белгілеп, оны қысқа мерзім ішінде жүзеге асырды. Түркістан мен Азербайжанда мақта шаруашылығын дамыту жөнінде 1920 жылы В. И. Ленин қол қойған аса маңызды  документ мақта шаруашылығын онан әрі дамытуға, халық шаруашылығы ғана аса қажетті маңызды дақыл – мақтаны өндіруге кеңінен жол ашты.

1921 жылдан бастап мақта өсірілетін аудандарда бұрын мақта егілген суармалы егістік  қалпына келтірумен бірге тың жерлерді игеру, суару жүйелерін  кеңейту, мелиорациялық, ирригациялық құрылыстар салу қолға алынды. Соның нәтижесінде республикамызда 1925 жылы мақта егісінің көлемі 30 мың гектарға таяу болды. 1927 жылы мақтаның әр гектарынан 8 центнерден өнім жиналып, небары 49,3 мың тонна мақта өндірілді. Бұған суармалы егістік жерлерді қайта бөлу әсерін тигізді.

Елімізде халық шаруашылығының басты саласы өнеркәсіптің жедел дамуына байланысты  шитті мақтаға деген қажет күн санап арта түсті. Осыған орай 1935 жылы наурыз айында Шымкент қаласында мақташылардың республикалық ІІ съезі болды. Съезде  озат калхозшылар көтеріңкі міндеттемелер қабылдап, облыс бойынша жоспарланған 58,7 мың тонна мақтаның  орнына мемлекет қоймасына 73,0 мың тонна мақта тапсыруға серт берді.

Облыс диқандары белгіленген межеден шығып бұл жылы алғашқы жеңіске ие болды. Көптеген шаруалықтар жоспарлы тапсырманы екі еседей  асыра орындап, еңбектің тамаша өнегесін көрсетті. Мәселен, Келес ауданына қарасты “Қызыл әскер”  колхозы сол жылы мақтаның әр гектарынан 25 центнерден өнім алды, ал Сарыағаш ауданындағы  “Красный Восток” колхозынан мақтаның әр гектарынан 46 центнерден  өнім жинап рекорттық көрсеткішке жетті.

Республика мақташыларының тәжірибесі артқан сайын  мақтаның әр гектарынан 11,3  центнерден өнім алынды. Ол жылдарда мұның өзі елеулі  жетістік екені даусыз.

Ұлы Отан соғысы жылдарында республикада мақта егісінің көлемі біраз азайып, шығындылығы төмендеп кетті. Бұған ең алдымен соғыстың зардабы әсерін тигізді. Техника жетіспеді, суландыру жүйелері жаңартылмады, бұрын басталған ирригациялық құрылыстардың жұмыстары тоқтап қалды. Қолда бар техниканың бір бөлігі майданға жіберілді. Осының барлығы мақта егісінен төмен өнім жиналуына себепші болды. 1944 жылы 37,5 мың гектарға егілген мақтаның  әр гектарынан 5,3 центінерден ғана өнім жиналды. Әрине бұл көрсеткіш соғыстың алдындағы жылдармен салыстырғанда екі есе кем.

Соғыстан  кейінгі уақытта республика мақташыларының алдында мақта өндіруді соғысқа дейінгі дәрежесіне жеткізу, сонымен қатар мақта шаруашылығы онан әрі міндетте тұрды.

Комунистік партиямен совет үкіметі соғыстан кейін мақта шаруашылығын  жедел дамытуға ерекше көңіл бөлді.  КПСС орталық комитетінің 1965 жылғы наурыз Пленумының және онан кейінгі Пленумдарының шешімдерінде мақта өндірудің  нақты жолдары көрсетілді. СССР Министрлік Советі 1965 жылғы 5 тамызда  колхоздар мен совхоздардың шитті мақта өндіруді және мемлекетке сатуды молайтуға  материалдық  ынталылығын арттыру туралы арнайы қаулы қабылдады.

Партия мен үкіметтің жасап отырған қамқорлығына облыстың мақташылары қажырлы да жемісті ісімен жауап берді. Партия мен үкімет мақташылардың еңбектерін жоғары бағалады. 18 мақташыға социолистік еңбек ері атағы берілді. Жүздеген диқандар ауыл шаруашылығы  мамандары Совет Одағының  ордендерімен, медальдармен наградталды. 8-ші бес жылдықта оның алдындағы бес жылмен салыстырғанда  облыста шитті мақта өндіру 29 процент артты. 9-шы бес жылдықтың үш жылында  ауыл шаруашылық еңбеккерлерінің  еңбегі  тіпті жемісті  болды, үш жылда олар  мемлекетке жоспардағы 75 тоннаның орнына 902 мың тонна мақта сатты. Сөйтіп жоспар 120 процент болып орындалды. 151 мың тонна мақта  жоспардан артық  сатылды. Бұдан облыс шаруашылықтары қыруар пайда келтірді.

.ХІХ ғасырдың алпысыншы жылдарында Америкадағы азамат соғысы нәтижесінде мақта жөнінде болған дүние жүзілік дағдарыс, Орта Азияның Ресейге қосылуы, Каспиий теңізі  — Самарқанд (1881-1889)жж Орынбор – Ташкент (1877 – 1906)жж  темір жолдарының салынуы Орта Азиямен  Оңтүстік Қазақстанда тауарлы мақта шаруашылығының өркендеуіне көп әсер етті.

Осыған орай, қазіргі Шымкент облысы территориясына  кіретін жерлерде мақта өсіру  кәсібі кең етек  ала бастады. Бұрын дәнді дақылдар егіліп келген суармалы жерлердің  едәуір бөлігіне енді мақта егілетін болды, одан жиналатын мақтаның  көлемі де жылдан – жылға ұлғая түсті. Мысалы 1888 жылы Шымкент уезіне қарасты жерлерде қоза бар болғаны 408,18 гектар жерге егілген  болса, 1910 жылы  оның көлемі 3631,6 гектарға жетті. Сөйтіп, Қазақстанда мақта шаруашылығы ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың алғашқы кезінен бастап даму жолына түсті.

Мақта өсіру кәсібі  алдымен Оңтүстік Қазақстанның Ташкент қаласына жапсарлас Келес және Сарыағаш аудандарында, ал ХХ ғасырдың алғашқы жылдарында, Ташкент-Орынбор темір жолы салынып біткеннен кейін, Түркістан және Шымкент қалаларына жақын аудандарда өнім алды. Мысалы Арыс өзенінің бойында 1910 жылы 2075 гектар,  1911 жылы – 32,35 гектар, 1912 жылы – 4226 гектар жерге мақта егілді. 1910 – 1913 жылдары Мырзашөлде суландыру жұмысы жүргізумен байланысты Мақтаарал ауданының территориясындағы жаңадан игерілген жерлерге де  мақта егіле бастады. Сонымен, Қазақстанның қазіргі территориясында қоза егісінің жалпы аумағы 1913 жылы 20,8 мың гектарға жетті.

Әрине, ол кезде қоза  қозадүрсін тәсілдермен жүйектеп немесе қолмен шашылып егілетін  Мақташылар ауыл шаруашылық машиналар мен минералдық тыңайтқыштарды білмейтін. Олардың және өңдейтін  құралдары тек жерағаш  пен кетпен ғана болатын. Мақта егілген суармалы жерлер, негізінен алғанда, мақта егісін өңдеу үшін көп батырақтар ұстап отырған ірі жер иелері – байлардың қармағында болатын. Олар жерлерінің едәуір бөлігін, қатаң шарттар қойып, кедейлерге жалға беріп отырды. Ал, кедейлер болса, одан өнген өнімнің  тек төрттен бірін ғана алып келді. Оның үстіне мақтаның өнімі ол кезде гектарынан 3 – 4 центнерден аспайтын еді. Ал өндірілген мақта өнімі мақта өңдейтін қарапайым шағын заводтарда майдагерлік жолмен ғана тазартылатын .

Дүние жүзілік бірініші империалистік соғыс кезінде Қазақстан аудандарында шұғыл азайып кеткен мақта егісі тек совет үкіметі жылдарында  ғана қайтадан қолға алынды. Совет үкіметі өзінің алғашқы жылдарынан бастап – ақ Орта Азияда, Закавказье аймағында және Оңтүстік Қазақстан аудандарында мақта шаруашылығын қайтадан өркендету  жөнінде бір қатар нақты шараларды іске асырды. РСФСР  Халық комиссарлары Советінің Түркістан мен Азербайжан  мақта шаруашылығын қайтадан қалпына келтіру туралы 1920 жылға желтоқсанның  шенінде В. И. Ленин қол қойған декреттері мақта шаруашылығын қалпына келтіріп өркендетуге негіз қалады.

Бұрын мақта өсірумен шұғылданған аудандарда шаруашылықтың бұл саласын қайтадан қалпына келтірумен қатар, Мырзашөлдің жаңа тың жерлерін суландыру үшін ирригациялық құрылыстар салу  кең өріс алды. 1924 жылы жаңа жерлерде 11 мың га суармалы жері бар “Мақтаарал” совхозы құрылды.

1925 жылға қарай Қазақстанда  қоза егісінің аумағы дүние жүзілік бірікелкі империалистік соғысқа дейінгі дәрежесінен асып түсіп, 29 900 га жетті.

Мақталы ауданда 1925 – 1926 жылдарда жүргізілген  жер – су реформасы  мақта шаруашылығын одан әрі өркендете түсуде  қозғаушы күш болды. Өйткені ірі бай, манап, алпауыттардың қармағындағы жерлерін  кесіп алу есебінен мыңдаған батырақтар жерсіз және жері аз мақташылар жерге ие болды.

Қазақстанның мақта шаруашылығында бірінші бес  жылдық бүкіл Советтер Одағындағы сияқты елдің мақта жөніндегі тәуелсіздігі үшін күрес ұранымен өтті, өйткені бұл кезде СССР –дың тоқыма өнеркәсібі жыл сайын  50 % — ке   жуығы шет елдерден әкелінген мақтамен жұмыс істейтін. Елімізде жүзеге асырылған индустрияландыру шаруалардың бытыраңқы шаруашылықтарын коллективтендіру шаралары бұл  ең маңызды міндетті ойдағыдай орындап шығуға берік негіз қалады. Мақта шаруашылығында машиналар мен минералдық тыңайтқыштарды кеңінен қолдану қоза егісінің аумағын тез ұлғайтуға және шитті мақтаның жалпы өнімін арттыруға мүмкіндік жасады.

1932 ж бастап мақта шаруашылығы  Республиканың Оңтүстік Қазақстан облысынан басқа  оңтүстік —  шығыс облыстарында да  тарады. Қоза егісі Алматы облысының Панфилов және басқа аудандарында, Қызылорда облысының Сырдария, Шиелі және Жаңақорған аудандарында, Жамбыл облысының  Шу, Талас, Луговой, Свердлов, Жамбыл және Сарысу  аудандарында да егілетін болды. Сөйтіп сол жылы мақта егісінің аумағы 133,8 мың гектарға жетті. 1935 жылы шитті мақтаның  жалпы өнімі 72,6 мың тонна болды.

Алайда, осы тұста жер – су жағдайы  мақта өсіруге қолайсыз аудандарда  бұл дақылдың егіс көлемі орынсыз ұлғаюы салдарынан оның өнімі шұғыл төмендеп кетті.

1934 жылдарда  және Мақтаарал ауданының территорияларында шитті мақтаны өсіруді кеңінен өріс алды.

Дүние жүзілік империалистік соғыс кезінде Қазақстан аудандарында шұғыл  азайып кеткен мақта егісі тек совет өкіметі жылдарында ғана қайтадан қолға алынды. Совет өкіметі өзінің алғашқы жылдарынан  бастап – ақ Орта Азияда, Закавказье аймағында және Оңтүстік Қазақстан аудандарында мақта шаруашылығын қайтадан өркендету жөнінде бірқатар нақты  шараларды іске асырды.

ХІХ ғасырдың 32 жылдарында мақта шаруашылығы республикамыздың  оңтүстік облысынан басқа оңтүстік шығыс облыстарына да тарады. Мақта шаруашылығы Алматы облысының Панфилов және басқа аудандарында, Қызылорда облысының Сырдария , Шиелі және Жаңақорған аудандарында, Жамбыл облысының Шу, Талас, Луговой, Свердлов, Жамбыл және Сарысу аудандарында  өркендей түсті.

Алайда, кейіннен жер – су жағдайы мақта өсіруге қолайсыз аудандарында  бұл дақылдың егіс көлемі орынсыз ұлғайюы  салдарынан оның өнімі шұғыл төмендеп кетті.  Сондықтан ХІХ ғасырдың 34 жылдарынан  бастап республиканың  мақта егуге ауа райы қолайсыз Жамбыл, Алматы және Қызылорда облыстарында мақта егісі бірте- бірте азайтылып, кейін мүлдем егілмейтін болды.

Республикамызда  мақта шаруашылығын өркендетуде мақтаның  отандық ең жоғары сапалы сорттарын егудің, мақтаның аудандастырылған сорттарын оқтын – оқтын жаңа, неғұрлым бітік өсетін сорттармен алмастырып отырудың маңызы  зор. Мақта сортының жаңартылуын  өзі мақта түсімділігін едәуір арттырып, мақта торқасының сапасын жақсартуға көмектеседі.

Соңғы жылдары облыстың мақта өсіретін барлық аудандары мақтаның мол өнім беретін сорттары – С – 4727,  108 – Ф , “Қырғыз – З”, “Мақтаарал” сорты облысымызда  2000 жылдан бастап егіле бастады. Қазіргі кезде бұл “Мақтаарал” жаңа сортының жеті түрі шығарылып келеді. Мұның үшеуі Оңтүстік Қазақстанда аудандастырылған. Биылдың өзінде “Мақтаарал — 4005” жаңа сорты мемлекеттік сорттық  сынақ инспекциясының  шешімімен Оңтүстік Қазақстан облысының мақталы алқаптарында аудандастырылды. Әрине, бұл тұқым сорттарының жоғары дамығанын көрсетеді.

Алайда, жақсы тұқым қозадан мол өнім алу мәселесін толық шеше қоймайды. Оңтүстік Қазақстанның әр түрлі  шаруашылықтарында бір тұқымнан  өнген мақтаның  өзі де әр түрлі өнім береді. Демек, әр  ауданда мақтаны жергілікті топырақ, ауа райы ерекшеліктеріне қарай бейімдеп егіп өсіру керек. Сондықтан да Оңтүстік Қазақстан облысының мақта өсірілетін жерлерінің топырағы, ауа райы, жауын – шашыны және басқа жағдайларына қарай төрт түрлі табиғи – экономикалық аймаққа бөлуге болады.

1. Бетпақдала аймағы.

2. Келес аймағы.

3. Түркістан аймағы.

4. Шымкент аймағы.

Бетпақдала аймағы – бұл көлбеу жазық болып келеді. Топырағы ашық сұр түсті. Оңтүстік батысының топырағы сульфатты сор, ал оңтүстік шығысының топырағы сульфатты, хлоридті – сульфатты сор. Жер асты суы тайызда жатады. Суда еритін тұздар бұл  ауданда жердің жоғарғы  қабатынан жарты метр тереңдікте 0,8 – 1,5 %, ал одан тереңде  2 % — ке дейін көбейе түседі. Бетпақдаланың жері  жазық болғанымен оның релефінде  ойпаттарда көп кездеседі. Бетпақдала аймағын – Мақтаарал ауданы қамтиды.

Келес аймағы. Бұл —  жер бедері төбелі – жонды, ойлы – қырлы болып келетін Сарыағаш, Шардара  аудандарын қамтиды. Мұнда жер қыртысы сұр топырақтан құралған. Келес, Құркелес және басқа алқаптарда сортаңды сұр топырақ, сондай – ақ шалғындық және шалғындық – батпақтық топырақ басым келеді. Өзен аралықтарында сарғылт саздақ топырақ көбірек кездеседі.

Түркістан аймағы – бір ғана Түркістан ауданын қамтиды, оның жер бедері, бірақ тегіс, 1-2 метр тереңде малта тастары бар ашық сұр топырақты болып келеді. Мұнда малта тас  астындағы ұсақ топырақ ұнтағы шамалы сұр топырақты жер көбірек кездеседі. Бұл аймақтың шығыс бөлігінде әр түрлі дәрежеде сортаңданған сарғылт саздақ сұр топырақты жерлер басым.

Шымкент аймағы – Сайрам, Бөген аудандарын қамтиды. Жер бедері жонды  — төбелі болып келіп, бірте – бірте тау етегіне және тауға ұласады.

Мұнда сорланбаған ашық сұр топырақ ыза суы тереңірек жататын жерде болады. Онша биік емес бөктерлерде қара – қоңыр саздақ, кейде сазды сұр  топырақ басымдау. Сай – жыралары  мен өзен салалары көп бел – белестерде , тау етегіндегі саздақ ұсақ тасты көшкін топырақты жерде боз – қызыл қоңыр саздақ қиыршық топырақты қыртыстар көбірек ұшырайды.

Бетпақдала, келес, Түркістан аймақтарының ерекшелігі сол – бұларда жылу  көбірек те, жауын – шашын азырақ, ал Шымкент аймағында, мұның керісінше, жауын – шашын көбірек те, жылу азырақ.

Топырақ, ауа райы жағдайы жағынан мақтаның өсіп өркендеуіне Бетпақдала , Келес, Түркістан аймақтары өте қолайлы, мақта өсіретін шаруашылықтардың көбісі де осы аудандарда орналасқан, мақтаның неғұрлым  көп алынып жүрген жерлері де осы аймақтар болып саналады
Тағы рефераттар