Организмнің әрекеттік қалпы туралы қазақша реферат

  Физиология мен психология ғылымдары организмнің әрекеттік қалпы туралы ұғымды кеңінен пайдаланады. Өйткені адамның әртүрлі іс-әрекеті өрісіндегі еңбегі мен тәлімінің сәті, денсаулығы, көңіл-күйі оның әрекеттік қалпынан тәуелді келеді.

Көбінесе әрекеттік қалып орталық жүйке жүйсінің бедерсіз белсенділігі арқылы анықталады. Мұны И.П. Павловтың айтуынша, үлкен ми сыңарлары қыртысының тонусы немесе оның қозғыштық қасиеті көрсетеді. Ал организмде орталық жүйенің бедерсіз белсенділігін жүрек соғуының жиілігі, қанның қысымы, тыныстың жиілігі мен тереңдігі, ЭЭГ – ның өзгерістері сияқты физиологиялық, мінездік және психологиялық деңгейден тұрады. Әрекеттік қалып өз заңдылығы бар психофизиологиялық құбылыс, ол ерекше әрекеттік жүйе құрылысының негізін құрайды. 

Адамның әрекеттік қалпын физиологиялық әсерленістің қозғалтқыш, вегетвтивтік және электроэнцефалогиялық көрсеткіштері арқылы анықтайды. Қозғалтқыш көрсеткіштің ішінде ісқимыл белсенділігі, белгілі бір мерзімдегі оның қарқыны мен сапасы, бұлшықеттердің бедерсіз тонусы бар. Вегетативтік көрсеткіштері ретінде тыныс, жүрек-тамыр жүйелерінің әрекеттік өлшемдер, тері-Гальвандық рефлексі қолданылады. ЭЭГ — әсерленістері альфа ырғақтың сипаты, электр белсенділігінің жиілік спектрі арқылы байқалады.

Осы көрсеткіштердің көмегімен организмнің әрекеттік қалпын, ырықсыз сезім, бағдарлама-зерттеу іс-әрекетін, сергектік-ұйқы оралымын анықтауға ьолады. Сергектік-ұйқы оралымы негізін гомеостаздық механизмдер құрады. Әрекеттік қалып ұйқы мен сергектік күйдің алмасуы мен кезектесуі арқылы жүзеге асады.
Тағы рефераттар