Өсиеттің нысаны. Құпия өсиет туралы қазақша реферат

Бұрынғы Қазақ КСР-нің АК-нің 540 бабына сәйкес, өсиетті орындау өсиетте тағайындалған мұрагерлерге немесе өсиет қалдырушы тағайындаған арнаулы жаққа, яғни өсиетті орындаушыға жүктеледі. Өсиетті орындаушы арнаулы жақ тағайындалған күнде оның өсиеттің өзіне жазылған немесе өсиетке қоса тіркелген жеке арыз арқылы білдірілген ризалығы қажет. Әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылған адам, сондай-ақ өсиет қалдырушы ұшін қсиетке қол қойған адам өсиетті орындаушы бола алмайды.

Сонымен қатар, Қазақ КСР-нің АК-нің 541 бабына сәйкес, өсиет орындаушының өсиетті орындау үшін барлық қажетті әрекеттерді жасауға құқы бар болған. Өсиетті орындаушы өсиетті орындау жөнінде жасалған әрекеттері үшін ақы алмайды, бірақ оның мұралық мүлікті қорғау және мүлікті сенімгерлікпен басқару бойынша кеткен қажетті шығындарын мұра есебінен өтеуге тиіс.

Өсиетті орындаушы мұрагерлерге олардың талабы бойынша есеп беруге міндетті.

Егер де салыстырмалы түрде бұрынғы Қазақ КСР-нің АК-сі мен ҚР-ның АК-дегі өсиеттің орындалуын қарастыратын болсақ, қазіргі кодексте өсиеттің орындалуына аса үлкен мән берілген.

Біздің ойымызша өсиетті орындаушы мұрагерлік қатынастардың барлық қатысушылары үшін өсиет қалдырушының еркін орындайды. Өсиетті орындау мұрагер болып табылмайтын адамға жүктелуі  мүмкін. Бұл жағдайда осы адамның өз қолымен жазылған өсиеттің өзінде, не өтінішке қоса берілген өтінішінде білдірілген келісімі қажет.

Көп жағдайда өсиет қалдырушы өсиет қалдырған кеде, заңды негізде түрлі себептермен жарамсыз болып табылады. Өсиет қалдырушының өзіне тиесілі мүлікке өз ықтиярымен билік етуі  өсиетті құрумен жүзеге асады. Өсиет қалдырушының соңғы еркімен қалдырылған өсиеттің сапасын нығайту мақсатында және өсиеттің жарамсыз болу қауупімен өсиет қалдырушыға аудио немесе видео таратушыға өз ықтиярымен еркін білдіру қосымша құрал ретінде ұсынылады. Ол әсіресе толық әрекетке қабілеттілігін иеленбейтін азаматтарға (дене кемістігіне, сауатсыздығына байланысты және т.б.) қатысты. Нотариус өз кезегінде өсиетті құру барысында қосымша ретіндегі таратушы заттар туралы жазып оны куәландыру керек. Және өсиетті құруда пайдаланған бұл қосымша құрал ретіндегі таратушы заттарды, егер заңда өзгеше көзделмесе өсиетті өз қолымен жазылған нысанға теңестірілу ұсынылады. Өсиеттің жарамсыз болып танылуына жол бермеу мақсатында (сонда да тәжірибеде мұндай жағдайлар жиі кездеседі), ҚР-ның АК-нің 1050 бабының 3 тармағының 1 азат жолындағы тұжарымдалған ой өзгертіліп, келесі түрде мазмұндалсын: «Өсиет қалдырушы өсиетті өз қолымен жазып және қол қоюы керек. Өсиет қалдырушы өсиетті құру барысында және оған қосымша ретінде өсиеттік билік етуді өз еркімен аудио немесе видео таратушыға жазып қоюына рұқсат етіледі (кассета, диск және т.б.). Бұл мәлімет таратушылар өсиетпен бірге нотариуста сақталуы қажет».

Өсиетті тұлғаның жеке өзі жасауы тиіс. Дегенменде, ҚР-ның АК-сі мен «Неке және отбас» туралы ҚР-ның заңына сәйкес, ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін иелену, пайдалану және оған билік ету құқықтық реттеудің ерекшеліктері ҚР-ның АК-не екі тұлғаның (ерлі-зайыптылар) өсиетті құру мүмкіндігін қарастыру қажеттілігі байқалады. Осы мақсатта ҚР-ның АК-нің 1046 бабының 3 тармағын келесі түрде толықтыру ұсынылады: «Егер ерлі-зайыптылардың арасында өзара келіспеушілік болмаған жағдайда, ортақ бірлескен меншік болып табылатын мүлікке қатысты, егер заңда өзгеше көзделмесе, екеуі бірігіп өсиет қалдыра алады».
Тағы рефераттар