Барлық бақытты отбасылар бірдей бақытты, ал барлық бақытсыздар өздерінше бақытсыз. Л.Н.Толстой

Отбасында тұлғааралық шиеліністер

Отбасы- адамдардың байланысуының әмбебап институты. Бұның әмбебаптылығы ол бірнеше адамның (күйеуі және әйелі содан кейін балалары, олармен бірге күйеуінің немесе әйелінің ата-аналары бірге тұруы мүмкін) тәртіптік міндеттерін байланыстыратын мықты бірлестік. Осы бірлестікте адамдар осы байланыста уақыттарының көп бөлігін арнауға, байланысу процесінде бір-біріне қуаныш және қанағаттанушылықты беруге ұмтылады.

Отбасының даму кезеңдері және қызметтері

Дегенмен отбасы даму процесінде болады, нәтижесінде ойламаған жағдайлар туады және отбасы мүшелеріне осы өзгерістерге жауап беруге тура келеді. Олардың әртүрлі жағдайлардағы жүріс-тұрысына темперамент, мінез және жеке тұлғаның өзі әсер етеді. Әрбір отбасындағы мүшелер арасында әртүрлі кикілжіңдер болатындығына таң қалмаймыз. Ұзақ уақыт мерзімінде бірге болған әрбір отбасында шиленісті жағдайларды тудыруы мүмкін маңызды өзгерістер болатын кезеңдер кездеседі. Олардың ішінде негізгілерін атап өтейік.

Бастапқы кезең – жұбайлардың бір-біріне бейімделу жүреді. Статистика бойынша бір жылдық бірге тұру кезінде некенің  30 пайызына дейінгі мөлшерде бұзылады.

Екінші кезең – көп уақытты арнауға қажет ететін балалардың пайда болуы жұбайлардың професионалды өсу мүмкіндіктерін, бұрынғы қызығушылықтарын қанағаттануын шектейді, балалардың професионалды бағдарлануы оларды тәрбиелеу бойынша мәселелерде қарама-қайшы ойлар пайда болуы мүмкін. Мұндай жағдай жеке тұлғааралық шиеленістерге әкелуі мүмкін.

Үшінші кезең – жаңа отбасы мүшелерінің- келін, немере және келесі жақтын ата-аналардың отбасына қосылуы. Қартайған шақ және үлкен жастын ұлғаюы өзінді проблемалар туғызады. Әрбір осы кезеңдер өзіндік арнайы шиеленістік жағдайлар мен шиеленіспен сипатталады. Отбасының  дамуының кез-келген шағында жеке тұлға аралық шиеленістердің пайда болуына әртүрлі сыртқы факторлар әсер етуі мүмкін. Ең алдымен бұл қоғамда жүретін өзгерістер, мысалы, моралдық және мәдениеттік критерилердің өзгеруі, культың дұрыстығы және сезімдік қажеттіліктердің (уақыт және ішкі энергияның шығының қажет ететін интелектуалдыққа қарама-қайшылық) қанағанттандыруды бағдарлау,отбасының әлеуметтік қорғаныштың және т.б. болмауы.

Шиеленістің себеп-салдары.

Бірінші кезеңде, яғни жұбайлардың тану кезеңінде көбінесе шиеленістің себебі болып осылар болып табылады:

  • Жекетұлғааралық сәйкес келмеушілік;
  • Лидерлікке ұмтылу;
  • Жоғары болуға ұмтылу;
  • Үй жұмыстарын басқаруға ұмтылу;
  • Тумаластардың және достардың кенестеріне сүйену;
  • Жыныстық – жекелік бейімделу;

Жеке тұлғааралық сәйкестік бір-бірінің құндылық бағдарлануының, әлеуметтік ойларының, қызығушылықтарының, мотивтерінің, қажеттіліктерінің, мінездерінің, темпераментерінің, жеке тұлғалараның даму деңгейінің ұқсас болуының негізінде құрылады. Жекетұлғааралық сәйкесіздік осы жеке-психологиялық сипатамаларға әрбір жақтың басқа жаққа қарама-қарсы ойларының болуының әсерінен пайда болады. Бұндай шиеленістерден құтылу жолы бір-бірінің мінездерінің ерекшеліктерін білу және оларды ұстауды бірге үйрену. Екі пішінделген «мен» нен бір «бізге» келу оңай емес. Дегенмен бір-бірінің әдеттеріне төзімді қарым-қатынас, өзінің мінезінмен бірге төзімді жұмыс жасау арғы қарайғы өмірде шиеленіссіз байланысқа әкеледі.

Отбасындағы лидерлік.

Әйелі немесе күйеуі (немесе екеуінде) некеге дейін лидерлер болуы мүмкін, бұндай бағыттың сақталуы отбасында шиеленістер тудырады. Лидер отбасында сәтті басқара отырып, ішкі қарама-қайшылығын тудыратын ашық немесе жасырын шиеленістерге әкелетін басқаның инацитиваларын басады.

Жоғары болу.

Отбасы өмірінің алғашқы кезеңінде жұбайлардың біреуі жоғары екенің көрсетуге ұмтылады. Э.Берннің «Қымбаттым»  новелассында осында жүріс-тұрыс сипатталады. Күйеуі қонақтардың көзінше әйеліне ойға сыйымсыз сипаттамалар береді және келісу үшін «ия, қымбаттым?» деп қалжындайды. Әйелі күйеуінің бұндай жүріс-тұрысынан жағымды жағдайға түспейді, оның көңіл-күйі бұзылады. Күйеуінің (әйелінің) бұндай жүріс-тұрысы жақын адамға деген тәртіпсіздігенен болады. Қалыпты отбасында күйеуі және әйелі тепе-тең қатынаста болады. Сәйесінше жұбайлар бір-бірін төмен түсіретін жоғары болудан неғұрлым тез бас тартса соғұрлым олардың әрі қарайғы қарым-қатынасы жағымды болады. Әрқашан бір-бірінің жақсы жақтарын іздесе, айтса бұндай жағдайларда кері реакция әрқашан жағымды болады.

Отбасындағы жұмыстар.

Кейбір отбасында жұбайлар үй жұмысын әйелдікі және ер адамдікі деп бөледі. Осы проблема ерекше инсиденттер шақырмайтын отбасылар кездеседі. Бірақ үй жұмыстарын бөлу —  көп отбасылар үшін шешілмейтін проблема және шиеленісті жағдайлардың себебі. Бұл  жағдайға жеке тұлғалардың типтері және жұбайдың біреуі немесе екеуінінде еріншектіктері әсер етеді. Әрқашан келісу мүмкін емес,үйде ойламаған жағдай – «кім есікті жабады?» кездеседі. Сондықтан келісімнің арқасында жеке тұлғалық шиеленістерден қашып құтылу мүмкін емес. Проблеманы өзіне жақсы  көруші күйеуі алу керек. Егер күйеуіне кандайда бір оңай жұмысты атқару керек болса оған бұйрық ретінде емес, өтініш ретінде айтуы керек, мысалы былай: «Андрюшенька бізде таңғы асқа нан жоқ. Мүмкін сен дүкенді жапай тұрғанда алып келесин?» Андрюша жиналғанша оған қалта және ақша дайындап, оған сәттілік тілеп және жылдам қайтуын тілеу керек. Қайтқанында оны сүйіп, оны мейірімді екенің айту керек. Егер келіспесе әртүрлі «қарсылықтармен» жағдайды ушықтырмау керек. Мүмкін бұндай жүріс-тұрыс шиеленістің себебі болуы мүмкін, бірақ бұның негізінде тіптен басқа себебтер жатыр.

Отбасылық бюджет

Күйеуінің және әйелінің арасында проблемалар егер әйелі күйеуінен көп ақша тапса, әрқашан күйеуінің қадырын түсіруге ұмтылып, осыны ойына сала берсе проблемалар пайда болады. Шиеленістік жағдайлар мынандай жағдайларда да пайда болуы мүмкін егер жұбайының біреуі екіншісі ақшасын көп шашып, керек емес заттар сатып алады деп ойлаған жағдайда. Отбасы жағдайларында отбасылық проблемалар қарама-қарсы болғанда емес, бірге шешілетіне үйрену керек. Егер шығындар жұбайлар арасында әрқашан сәйкестендірілсе шиеленістер азырақ болады. Бұндай жағдайларда бюджеттің мүмкіндіктері әрқайсысына белгілі болады және олардың араласуынсыз ешандай шығындар болмайтындығын біледі. Қымбат сыйлықты басқа жақтан алдын ала сөйлесумен алмау керек.

Тумаластар және достар

Әрбір отбасы отбасылық өмірде кездесетін жағдайлардан өзіндік жеке өмірлік тәжірбие алады. Олардан құтылу тек әйелінің немесе күйеуінің күші жетпейді. Бұндай жағдайларда кейде тумаластарының және достарының арнайы әдебиеттердің кеңестеріне жүгінеді. Мысалы, әйелінің ойынша күйеуі оған азырақ назар аударады, себепсізден айқайлайды. Ол тумаластарының, достарының кеңестеріне жүгінеді, күйеуі үшін барлығын жасайтындығын, ал ол болса басқаша жауап беретіндігін түсіндіреді. Егер тумаластар немесе достар өздері осындай жағдайларды басынан кешкен тәжірбиелі адамдар болса, оның өзіне ойлану керек екенін, өзінің тәртібін талдауына кеңес береді. Бірақ жақсылық тілегеннен «ренжіген» әйелдің (күйеудің) жағына шығады және оларды ақылға үйретеді.  Ең маңызды «аргумент» бұндай жағдайларда: «сен білесінде бұндай жағдайда не істейтінімді?». Бұндай тумаластардың және достардың кеңесі сүйену шиеленістік жағдайларға әкеледі. Тумаластардың және достардың кеңестерін тыңдау қажет, бірақ өзінің жағдайын сол жағдайға түскен адам ғана жақсы біледі.

Жыныстық-жекелік бейімделу жұбайларда бір-бірінің жыныстық қатынаста моралды-писхологиялық және физиологиялық қанағаттандырылуды қажет етеді. Егер жұбайлардың біреуі жыныстық жақындықтан психологиялық немесе физиологиялық келеңсіздіктерді сезінсе, оның нәтижелеріне қанағанттанбаса проблеманы өзінен-өзі шешілуге қалдыруға болмайды. Жыныстық қатынастын қанағаттандырылмауына өзінің жыныстық «әлсіздігінен», қанағаттандырылмауынан және т.б. қорқыныш әсер етуі мүмкін. Бұндай жағдайлар шиеленіске әкеп соқтырады. Жұбайлардың гомониялық жыныстық өмірі әртүрлі психикалық стресстерден шығудын әртүрлі терапиялық құрал болып табылады. Бұндай өмірде қандай да бір келеңсіздіктер пайда болса және оны шешуге күшіін жетпесе, міндетті түрде психиатрға жүгіну керек. Егер бұл проблемалар жұбайлардың өмірінің басында шешілмесе ойламаған кезде жағымсыз көріністермен өзінен кешірек хабар береді. Жұбайлар бір-бірін бір күн көрмесе, бірақ кездескенде бір апта көрмегендей сезімде болған жағдайда жыныстық жекелік бейімделуге ең жоғарғы балл қойылады. Егер бір апта көрмесе, ал кездесенде бір жыл көрмегендей сезім тудыру керек. Жыныстық- жекелік қарым-қатынастар осындай дәрежеде жоғары болуы, егер жұбайлар бір-бірне жақсылық жасауға ұмтылса, қамқорласа, барлығын сеніп тапсырған кезде болады.  Бұндай жағдайларда шиеленістер аз болады, ал болған жағдайда конструктивті пішінде жүзеге асады. Екінші фундаментальды фактор түпкі  сансыздық деңгейінде нақты мағына және өмірдің бағыталуын бір бүтінге орталықтандыру әрбір адамда 3-5 жаста пайда болады. Отбасындағы баланың өсуі, тәрбиелеу, білім беру, профессионалды бағдарлау және т.б. проблемаларға әкеледі, ата-аналар және балалар арасындағы жекетұлғааралық шиеленістерді пайда болуына әкелетін кекілжіңдердің пайда болуына әсер ететін себептердің шығуына әкеледі. Жас ата-аналардың кең тараған ауруы жұбайлардың біреуінің жаңа ұрпақты басқасының ойын есепке алмай «дұрыс тәрбиелеу» процесін басқаруға ұмтылу болып табылады. Мысалы, бала әкесіне ренжип шешесіне барады ал шешесі оған «әкен жаман, ол сені ренжітеді» деп айтады және жұбатады. Бұндай жағдай күйеуімен ауыр қабылданады және балада жекелік бөлінушілікке әкелуі мүмкін, жұбайлар арасында шиеленістік жағдайларға әкелуі мүмкін. Ата-аналардың кез-келгені баланың қарым-қатынасында ол қалай әрекет етседе, баланың болған жерде әрқашан оның айтқаны дұрыс. Бір-бірінің тәртібін қарастыру тек бала жоқ болғанда, мейірімділікпен,біркелкі шешімді қабылдау мақсатымен жасалуы керек.

 

3.8. Балаларға қатысты зорлық-зомбылық       

Қазақстанда балалар, бүкіл әлемдегідей, үйінде, мектепте және басқа да қоғамдық мекемелерде күнделікті қатыгездікпен және зорлық-зомбылықпен ұшырасып отырады, алайда осы кезге дейін қоғам бұл проблемаға зейін қойып көрген жоқ.

Балалар, ересектер сияқты, негіз қалаушы: сыйлау, қол тигізбеу және адамзаттық абыройын сақтау құқықтарына ие, сондай-ақ Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы мен Азаматтық және саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Халықаралық пактіде көзделген заң тарапынан да тең қорғау көрсетілуіне құқылы.

Бала үшін ата-анасының үйі әрқашан ең қауіпсіз жер бола бермейтінін айғақтайтын фактілер жиі кездеседі. Балаларға қатысты зорлық-зомбылық көрсету проблемасы бойынша мәліметтер мен жетік статистикалық деректердің жетіспеу проблемасы бар елдердің қатарына Қазақстан да жатады: проблеманың тереңдігі мен көлемі әлі де белгісіз, ал біздің қолымыздағы біркелкі емес және үзінді зерделеу нәтижелері іс жүзіндегі жағдай туралы болжамдар жасауға ғана мүмкіндік береді.

Қазақстанның қолдануында іс-әрекеттер жасаудың белгілі құқықтық негізі – Балалар құқықтары туралы Конвенция бар, дегенмен, нақты міндеттемелерге келер болсақ, жалпы алғанда мемлекет, әлеуметтік қызметтер, құқық қорғау органдарының ресми тұлғалары, қоғам, БАҚ, отбасы тарапынан күннен-күнге тиісті жауапкершілікпен қарауы байқалмай келеді.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 137-бабы кәмелетке толмаған баланы ата-анасының немесе осы міндет жүктелген басқа адам, сонымен қатар педагог немесе оқыту, тәрбиелеу, емдеу не кәмелетке толмаған баланы қадағалау міндеттелген басқа да мекеменің қызметкері тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін атқармағаны немесе жөнді атқармағандығы үшін шара қолдануды қамтиды.

Балаларын бағып-қағу міндеттерін орындамаған, саны мыңнан асқан ата-ана ата-аналар құқығынан айрылды, сонымен қатар, ата-аналар әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа да тартылып жатыр.

Балаларға, әсіресе кішкентай балаларға зорлық-зомбылықтың үй, отбасы ішінде көрсетілуі көзге түсе қоймағандықтан, көп жағдайда мойындалмайды. Соңғы жылдары БАҚ-та балаларға қауіп-қатер сыртта жүргенде бөгде адамдар тарапынан төнеді деген жалған пікір қалыптастыру үрдісі байқалуда. Жағдайдың шатақ болуы проблеманың күрделілігіне байланысты, сондай-ақ балалар жайлы пікірдің индивидум және отбасының басқа мүшелері сияқты қорғалу құқығы бар құқық субъектісі болудан гөрі, ата-анасының меншігі ретінде қалыптасудың салдары. Қазақстанда осы күнге дейін «үй ішіндегі» немесе «отбасындағы» зорлық-зомбылық анықтамасы және ол үшін жауапкершілік заңды түрде бекітілмеген. Осы тақырыптағы пікірталастар негізінен әйелдерге көрсетілетін зорлық-зомбылыққа меңзейді, ал балаларға күш көрсетілуі заң шығарушы назарынан мүлдем тыс қалып отыр.

Балаларға қатыгездік көрсету және адамзаттық абыройына нұқсан келтіру, оларды ата-аналарының және өзге қамқоршыларының жазалауын қоғамдық пікірдің қолдауы, балалар мүддесін қорғауға бағытталған, аталмыш қоғам ішінде рұқсат етілетін «тәрбиелеу» мен жол берілмейтін «қатыгездік» ұғымдарының ара-жігін ажыратуға мәжбүр қызметтер жұмысына айтарлықтай кедергі келтіреді. Қоғамдағы пікір бойынша балаға қасақана зақым келтіру немесе абыройына нұқсан келтіру қалыпты жағдай болып есептелсе, балаларды қорғау және тәрбиелеудің оң нышандарының дамуына ықпал жасау қажеттілігін көңілге қонымды етіп негіздеу мен жеткізу мүлде мүмкін емес.

Отбасында балаларға қатыгездікпен қарау көпшілік жағдайларда мемлекеттік органдардың көзқарасынан тыс қалатындығына, балалар құқықтарын бұзушылықтың осындай түрінің аса жасырындылығына қарай және отбасыларында тұратын балалар құқықтарының сақталуын мемлекеттік билік органдарының әлсіз байқайтынына назар аударған жөн.

Адам құқықтары жөніндегі қазіргі бар құқықтық құжаттар негізгі мәні балалық проблемасы болып табылатын, осы проблемаларға қатысты талқылануы мүмкін өзінің жиынтығында үлкендер қалай қорғалса, балаларды да солай қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған. Мектеп арасындағы балалар объектісі болатын дене жарақаттары мен басқа да адамгершілікке жат және қадір-қасиетін қорлайтын қарым-қатынас ұзақ уақыт сақталып келеді және белгілі бір шыдамды қоғамда осы күнге дейін сақталып келеді, олай болса, БҰҰ Баланың құқықтары жөніндегі комитеті, атап айтқанда, «балалар мектеп табалдырығын аттай отырып, өздерінің адамдық құқықтарын жоғалтпайды» деп атап көрсетті.

Сондай-ақ зорлық-зомбылық, дәлірек айтқанда, зорлық-зомбылықтың әр түрлі түрлері мұғалім/оқушыларға қатысты оқу орнына, білім деңгейіне және т.б. тән, мектепте қандай да бір ерекше феномен ретінде қадағаланбайтындығын атап өткен жөн, ол қоршаған жағдайларға, атап айтқанда, экономикалық, әлеуметтік, саяси факторларға, отбасындағы жағдайға байланысты болмай отыр, зорлық-зомбылықтың (оның әр түрлі нысандарының) пайда болуы ретінде де, оны ескерту ретінде де жәрдемдесуі мүмкін. Сондықтан зорлықтың түрлі нысандарының пайда болу себептері туралы мәселеге мектептің ерекше түпмәтіні ретінде қарауға болмайды, өйткені керісінше оны талдау үшін интербелсенді, жүйелі көзқарас қажет. Мектеп арасындағы шеңберден тыс зорлық-зомбылық проблематикасын қараған кезде мектеп тыйым салған мектепте жүзеге асырылатын алдын алу немесе қуғын-сүргін шаралары шығады деп түсінуді білдіреді және мұның зорлықты тудыратын экономикалық, әлеуметтік, отбасылық және мәдени проблемалардың түпмәтінінен толық үзіп алынуына қарай болмашы ғана қызығушылықты білдіруі мүмкін.

Зорлық-зомбылық актісі, әлеуметтік аномалия жағдайын, яғни ережелер мен нормалардың жоқтығын, ақыр аяғында, олардың құндылықтарының негізінде жатқан бағдарларды жоғалту мен естен шығаруда жиі көрініс табады. Шындығында да, оқу орнында педагогикалық, моральдық, әлеуметтік немесе таза реттеушілік шартының болмауынан кез келген зорлық-зомбылық актісі үшін аса игілікті негіз бола алмайды. Осыған ұқсас ақтаңдақ тиісті құқықты, бостандық пен бұрмалаушылықты анықтауға мүмкіндік бермейді. Моральдық міндеттемелердің болмауы, санкциялар ретінде тең, тыйымдардың шегінен тыс көкжиекке өзгеріссіз жылжытып тастайды, ол билік жүйесімен оның нақты емес материалдық және символикалық түрде іске асыру жүйесімен аяқталмайтын «мүмкін болатын әлеует» ойынына айналады.

Бұдан басқа, шарттың болмауынан санкция барынша әділетсіз өтеді және кемітуге әкеледі. Ұсақ, болмашы іс-әрекеттен, дөрекіліктің пайда болуынан зорлықтың елеулі актілеріне ақырындап бастайтын арқау тиімділігінің алдын алған жөн. «Мектеп ахуалына» зорлық актілерінің катализаторы ретінде келген жөн.

Мектепте оқитын балалардың да, мұғалімдердің де психикалық-эмоциялық жай-күйіне жеткіліксіз бақылау жасау мұғалім мен оқушының бір-біріне деген әдепсіз тәртіпке жол беру жағдайларына алып келетіндігі бүгінде айқын болып отыр. Сондықтан, ата-аналардың қатысуымен жиі созылмалы жанжалды жағдайлар, мұндай жанжалдар мектептегі қарым-қатынастарды ушықтырып жібереді және баспасөз беттерінде көрініп қалады. Белгілі бір уақыттан кейін жанжал жасаған тарап балалардың құқықтары туралы ұмытып кетіп, өз проблемаларын шеше бастауы жиі кездеседі.

Қозғалған аспектілер мектептегі оқушылар тарапынан зорлық-зомбылық актілерінің пайда болуына, әділетсіздіктің пайда болуына реакция ретінде және сонымен бір мезгілде мектеппен арадағы үзіліс туралы, мектеп сабақтарына қатыспау туралы мәселелерді қосымша қайта қарауға өзгеше келуге мүмкіндік береді.

Бұл орайда, зорлықтың-зомбылықтың сирек жарияланатын жиі үнсіздік тәрізді басқа да нысандары бар, сонымен бір мезгілде, атап айтқанда, тәрбиешілердің тарапынан моральдық қудалауды немесе нәпсіқұмарлықты назардан тыс қалдырмаған жөн. Осындай зорлық-зомбылық нысандарынан оқу орындарының өздері құтылуға жиі ұмтылады. Олар сонымен бір мезгілде өзіне өзі баға беруді төмендету туралы, мектеп ахуалына зиян келтіре отырып, куәландыруы және кейбір нысандарды өзімен өзі үндеместен және шеттетіле отырып, сондай-ақ оқушылар тарапынан кейбір белгілі бір зорлық-зомбылықтың көрініс табуы туралы түсіндіруі мүмкін.

Тәртіп бұзу жағдайы (дөрекілік, бағдарларын жоғалту, әлеуметтік қатынастардың нашарлауы және т.б.) сонымен бір мезгілде қауіптілік сезімі мен зорлық-зомбылықтың дамуын және қылмысты тудырады, ол өз өзіне қол жұмсауға алып келеді немесе бала тағдырын бұзады.

Интернат, «қамқоршылық» немесе «түзету» мекемелеріндегі балаларға қатысты зорлықтың себебі көптеген факторлар болып табылады және мұндай зорлық-зомбылық бірқатар нысандарды қабылдайды. Басқа балаға қатысты бір баламен жасалған зорлық-зомбылықтың (оның ішінде өзіне-өзі зиян келтіру) маңызы, осы мекемелердің қызметкерімен жасалған зорлықтан кем еместігі жиі кездеседі.

Жағдайдың «топтық» сипаты және осындай мекемелердің жабылғандығы жеке өмірдің болмауы, фрустрация, теріс пайдалануды биліктің ештеңемен ұстамайтындығы, кемсітушілік, персоналдың жағдайды түзетуге және тиісті дәрежедегі тәртіптік шаралар қолдануға қабілетсіздігі ретінде осындай факторларды жүзеге асырудың салдарынан зорлық-зомбылық қатерін көбейтіп отыр.

Бұл проблемалар барлық жерде бар, олар интернат мекемелеріндегі балалардың едәуір санын қамтиды. Интернат мекемелеріндегі зорлық -зомбылық ауқымдарын қысқартуға бағытталған күш-жігер шын мәніне қолданылады, бірақ олар сирек құжатталады, осыған орай, олардың нәтижелерін бағалау жүргізілмейді.

Балаларды интернат мекемелеріне бірқатар себептерге орай орналастырады, оның ішінде мыналар:

•        ата-аналарының өлуіне байланысты ата-ана қамқорлығының болмауы, олардың уақытша болмауы немесе олардың балалары туралы қамқорлық жасауға қабілетсіздігі (аурулығы, абақтыда отыруы, экономикалық қиыншылығы), ата-ана құқығынан бас тартуы немесе кедейлігі немесе арына дақ түскендік себебі бойынша баласын қалдырып кету;

•        ата-аналардың қатігездік әрекетіне жауап шарасы ретінде оны қорғауды және игілігін қамтамасыз ету мақсатында баланы тәрбиелеуден шеттетілуі, балаға қатысты міндеттерін орындамауы немесе оны қанау;

•        қабілетсіз немесе аурулығы, психикалық ауруды қоса және көңіл бөлу тапшылығының синдромы/гипереактивтілік тәрізді мінез-құлқындағы елеулі проблемалар, осы жағдайлар мамандандырылған күтімді немесе арнайы білім беруді талап етеді;

•        мектеп интернатына немесе арнайы мектепке орналастыру;

•        болжанатын немесе дәлелденген құқық бұзушылық жасау;

•        иммигрант немесе пана іздеуші адам ретінде басқа елге қоныс аударуы.

Осындай себептердің өрісі балалар орналаса алатын мекемелердің әртүрлілігіне негізделеді. Баланы қанда да бір интернат үлгісіндегі мекемеге орналастыру себебіне және осы мекеменің сипатына қарамастан, олардың барлығы үшін ортақ екі негізгі фактор болып табылады:

Кез келген ішінде балаға қатысты персонал тарапынан да, басқа балаға қатысы бойынша біәр баланының тарапынан да зорлықтың аса жоғары тәуекелі бар «топтық» жағдай.

Бұдан басқа, мекеме аса «жабық» болса да, зорлық-зомбылықтың көрініс табу мүмкіндігі соншама көп және осындай фактілер жария етілмейді.

Осындай жағдайлардың барлығында мемлекет тиісті балаларға қарм-қатынасы бойынша және олардың құқықтарын қорғау жөнінде міндеттемелерін толық орындауды қамтамасыз ету үшін тікелей жауап береді.

Қазіргі уақытта Қазақстанда осы екі тармақ бойынша: интернат үлгісіндегі балалар мекемелеріндегі зорлық-зомбылықтың деңгейі және зорлық-зомбылықты болдырмауға және тиісті дәрежеде мұндай зорлық-зомбылыққа жауап ретінде шаралар қолдануға қатысты оның міндеттемелеріне қатысты мемлекеттің жеткіліксіз ден қоюына алаңдаушылық білдіріп отыр.

Арнаулы мекемелердегі балалар үй-жайларының санын шынайы сипаттайтын деректерді аймақтық деңгейде қорытындылау жүргізілмейді, сондай-ақ дұрыс бағалауды жасауға мүмкіндік беретін ұлттық деңгейде қол жетімді салыстырмалы деректерде жоқ.

Балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселелері 2005 жылғы шілдеде Словенияның Любляна қаласында өткен Еуропа мен Орталық Азия елдерінде балаларға қатысты зорлық-зомбылық көрсету мәселелері бойынша аймақтық- консультативтік кеңесте талқыланған болатын. Осы кеңеске қатысқан Еуропа мен Орталық Азия аймағының барлық елдерінің өкілдері балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа байланысты шұғыл іс-қимылдар жөнінде Любляна келісімін қабылдады.

БҰҰ-ның Бас хатшысы Кофи Аннан балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың проблемалары бойынша ғаламдық зерттеудің жетекшісі болып тәуелсіз сарапшы Пауло Серхио Пинейроны тағайындады. Зорлықтың барлық нысандарынан балаларды қорғауға арналған құқықтарға сүйене отырып осы зерттеудің мақсаты балаларға қатысты зорлықтың көріністерін халықаралық, аймақтық, ұлттық және жергілікті деңгейлерде болдырмауға және жоюға бағытталған қызметке жәрдемдесу болып табылады. Бұл зерттеу БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы бекіткен мандатқа сәйкес БҰҰ оларға басшылықты жүзеге асыратын бірқатар ұйымдардың бірлескен жобасы болып табылады. Осы жобаның шеңберінде балалар мен жастар (18 жасқа толмаған) тап болатын зорлық-зомбылықтың нысандарына, себептері мен салдарларына қатысты қазіргі бар ақпарат жинауды және қорытындылауды жоспарлау көзделіп отыр. Осы тақырыпқа негізгі баяндаманы 2006 жылы жариялау жоспарланған, ал оның тиісті ұсынымдары БҰҰ-ның Бас Ассамблеясына ұсынылатын болады.

Мемлекет қызметі мен отбасыларды мемлекеттік қолдау бала отбасында және одан тыс тап болатын зорлық көру қаупін мұқият және жан-жақты бағалау негізінде жүзеге асырылуға тиіс.

Қазақстанда балалардың құқықтарын сақтау жағдайын талдай отырып, құқық қорғау органдары, негізінде учаскелік инспекторлардың қызметі әлеуметке қарсы отбасыларын әлсіз бақылауды жүзеге асырып отыр. Оның нәтижесінде балалар осындай отбасыларынан уақытында алынбайды, ал ата-аналары жауапкершілікке тартылмайды. Мұндай жағдай панасыздық проблемасын ушықтыруға, балаларды қоғамға қарсы іс-қимылдар жасауға тартуға, балалар жезөкшелігінің өркендеуіне, балалардың өз өзіне қол жұмсау санының өсуіне алып келеді. Әлеуметке қарсы өмір сүретін, балаларға қатыгездік көрсететін, және оларды тәрбиелеу жөнінде өздерінің міндеттерін орындамайтын адамдар іс жүзінде жауапқа тартылмай отыр.

Білім беру органдары, атап айтқанда, орта білім беру орындарының әкімшіліктері тиісті дәрежеде оқушылардың дене жарақатымен келуін, оқушылардың мектептерге келмеуін, олардың үлгерімінің төменділігін анықтамайды, әлеуметтік тәуекел отбасыларындағы оқушылармен алдын алу және ағартушылық жұмыс жүргізбейді, ішкі істер органдарымен, прокуратурамен, халықты әлеуметтік қорғау органдарымен нашар өзара іс-қимыл жасайды.

Естеріңізге сала кетейік, Комиссия отырысы барысында Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында мамандандырылған отбасы мен балаларды әлеуметтік қамсыздандыру институттарын, отбасыларына дағдарыстан шығу жөніндегі мамандандырылған психологиялық-педагогикалық көмек қызметтерін дамыту туралы мәселе қаралған болатын. Осыған орай Ұлттық комиссия өңірлердегі  мамандандырылған психологиялық-педагогикалық көмек қызметтерін дамыту жөніндегі жұмыстың жай-күйін зерделеп, бірқатар қорытындылар шығарды. Атап айтқанда, комиссия Батыс Қазақстан облысы елдегі әлі күнге дейін дағдарыстық орталық құрылмаған 4 өңірдің бірі екендігін атап өтеді. Сондай-ақ облыс бюджетінде ҮЕҰ жобаларын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы жыл сайынғы қаржыландыруды қамтамасыз ету қажеттігі айтылады.

Ал Қарағанды облысында қиын жағдайға тап болған отбасылар мен балаларға қолдау және психологиялық көмек көрсету қызметін ұйымдастыруда мемлекеттік органдар мен азаматтық сектордың өзара іс-қимылының оң тәжірибесі байқалған. «Бұл жерде облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі өңірлік комиссия үйлестірушілік рөл атқарады. ЮНИСЕФ БҰҰ Балалар қорының «Арнайы қызмет көрсетулердің интеграцияланған моделін іске асырудың бес қадамы» бағдарламасын іске асыру шеңберінде өңірде «Балалар мен отбасыларға арнайы әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі үйлестіру орталығы» мемлекеттік мекемесін ашу қолға алынған. Әлеуметтік маңызды жобаларды орындауға мемлекеттік тапсырыс бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен 3 дағдарыстық орталық ашылған», — делінген Ұлттық комиссия отырысында таратылған ақпараттық хабарламада

Болашақ ата-аналарға арналған «Чудо-мама» мектебі

Мектеп бағдардамасына кіретін мә­селелер:

● босануға дайындық пен жаңа туыл­ған нәресте күтіміне және оны емі­зу­ге байланысты тақырыптар

● әртүрлі тәсілдерді тәжірибе жү­зін­де меңгеру (бұлшық еттерді бо­са­нуға әзірлеу, релаксация, қа­лып­ты дем алу мен күшенген кездегі ты­ны салу ырғағына үйрену), босану ке­зіндегі массаж, нүктелік массаж әдіс­тері, босанудың 1 және 2 ке­зе­ңін­дегі дене тұрысы, дауыс те­ра­пия­сы, босанудың 2 және 3 ке­зе­ңі­нің жөн-жо­сығы, баланың туылу сә­тін­де­­гі де­не кейпі, тыныс алу, баланы кеу­деге ұстау және жөргекке орай тех­никалары.

Қолға берілетін материал:

● тарту ретіндегі бейнеқұрал («Бо­са­нудың үш кезеңі», «Әріптестік. Мас­саж және нүктелік массаж», «Бо­са­нуға дейінгі және одан кейінгі ке­зең­дегі гимнастика мен аэробика», «Адамның денесі» фильмдері),

● курс бойынша көрнекі құрал (ең қажетті мәліметтермен бірге).

«Көктем» отбасын дамыту ор­та­лығы

Бұл орталықта жүкті әйелдер тәжірибелі  дәрігерлердің көмегіне, ақыл-кеңесіне жүгіне алады.  жұмыс істейді. Тұңғыш перзентіне аяғы ауыр аналар ғана емес, екінші, үшінші сәбиін босанатын әйелдердің өзі бұл арада құнды ақпараттардан құ­лағ­дар болады. Болашақ ана­лар үшін орталықта йога және дұ­рыс тыныс алу жаттығулары қа­рас­тырылған. Бо­санғаннан кейінгі уа­қытта сәбиді қа­лай дұрыс емізуге бо­латындығы жө­нінде арнайы кеңестер беріледі. Жүкті әйелдердің шығармашылық­пен айналысуы да ойластырылған, босанғаннан кейінгі арнайы сауық­ты­ру бағдарламасы түзілген.

 «Аист» отбасына қолдау көрсету орталығы

Бұл орталық ата-ананы үлкен өмірге дайындайды. Мұнда болашақ ана­лар­ға арналған тренингтер өткізіліп, түрлі бейнебаяндар көрсетіледі. Тіп­ті баланы емізу жолдары да қа­рас­ты­рылған. Сондай-ақ шейпинг пен массаж түрлері бар. Мұнда ара-тұра йога және фитнеспен де айналысуға болады. Ал   «Сымбатты ана» фитнес-бағдарламасы аналардың сұлу қал­пын сақтауға көмектеседі. Одан бас­қа компьютерлік диагностика, та­биғи медицина, гомеопатия, пси­хо­лог кеңесі, балаларға арналған түр­лі спорттық бағдарламалар қа­рас­ты­рыл­ған.

 «Рыбки» балалар орталығы

Кейбір аналар жүктілік кезінде өзін артық іс-қимылдардан шектеп оты­ра­ды. Бірақ болашақ аналарға дене шынықтыру жұмыстарын жасау еш ар­тықтық етпейді. Аталмыш ор­та­лықта болашақ аналар түрлі жат­ты­ғулар жасап, суда жүзуге мүмкіндік ала­ды. Сондай-ақ мұнда босанған ана­лардың сауықтыру курсына жа­зы­лып, тіпті  нәрестесімен бірге суда жүзуіне жағдай жасалған. Кішкентай балаларға арналған фитбол бағ­дар­ламасы да бар.

Астана

«Планета-Семья» босануға дайындау мектебі

Аталмыш мектеп ата-ананы үлкен өмірге дайындайды. Мұнда болашақ аналарға арналған тренингтер өт­кізіліп, түрлі бейнебаяндар көр­се­ті­леді. Тіпті баланы емізу жолдары да қарастырылған. Сондай-ақ шей­пинг пен массаж түрлері де бар. Ал «Сымбатты ана» фитнес-бағ­дар­ла­масы аналардың сұлу қалпын сақ­тау­ға көмектеседі. Арнайы ор­та­лық­тың жұмыс аясында  бұдан басқа компьютерлік диагностика, табиғи ме­дицина, гомеопатия, психолог ке­ңесі, балаларға арналған түр­лі спорт­тық бағдарламалар қа­рас­ты­рыл­ған.

 «Sabi» Ана мен бала клубы

Бұл жерде жүкті әйелдермен бі­лік­ті дәрігерлер жұмыс істейді. Мұн­да алғаш босанатын аналар үшін жақ­сы жағдай жасалған. Түрлі бағ­дар­ла­ма­лар негізінде жұмыс іс­тей­тін ма­ман­дар ана мен баланың ара­сын­дағы сү­йіспеншілікті ны­ғай­ту­ға кө­мек­те­седі. 0 және 18 ай ара­лы­ғын­да­ғы ба­лалар үшін ар­найы бағ­дар­ла­ма бар. Түрлі жат­ты­ғу­лар­дан тұ­ра­тын бұл бағ­дарлама ба­ла ден­сау­лы­ғы­ның дұрыс жұмыс іс­теуі­не жағ­дай жа­сай­ды. Сонымен бірге ор­та­лық ая­сын­да шағын балабақша да ашыл­ған.

Петропавл

«Я – мама» тренинг  орталығы

Бұл орталықтың дәрігерлері мен пси­­­хологтары анаға жүктілік мер­зі­міндегі және босану кезіндегі қи­ын­дықтарды еңсеруге кө­мек­теседі. Бо­сану жұмыстарына үл­кен жауап­кер­шілікпен қарайтын ма­мандар бо­лашақ әке мен анаға үлкен өмірге қа­жетті кеңестерін беріп, көмек қолын созады. Мұнда да йога мен фитнес түрлері ескерілген.

Ақтау

«Современные родители» студиясы

Кез келген болашақ ана өзінің ғана емес, өмірге әкелер нәрестесінің де тағдырына жауапты. Сондықтан да жүктілікке салғырт қарауға бол­майды. Бұл орайда аяғы ауыр ай­ымдарға осыны жете түсіндіріп,   сауатын көтеру, белсенділігін арт­тыру аса маңызды. Сол үшін де «Сов­ременные родители» сту­дия­сын­дағы білікті мамандар әрбір анамен дербес түрде жұмыс істеп, олардың сырлас досына, кеңесшісіне ай­на­луды мақсат етеді.

Мұның сыр­тында сту­дияда жүкті әйелдер  үшін арт те­рапия және вокал да қа­рас­ты­рыл­ған. Психологтармен кеңесіп, ги­­не­кологтардың дәрісін тыңдауға бо­лады.

Өскемен

«Детство» босануға дайындау, кеңес беру орталығы

Сәбиге жарық дүние сый­лау — ерекше процесс жә­не оның қалыпты өтуі бо­ла­­шақ ана­ның жүктілік мерзімінде нені ескеру керектігін жақсы бі­луіне, нақты бір ережелерді мұқият сақтауына да байланысты. Бұл ретте, «Детство» орталығының ма­ман­дары аяғы ауыр әйелдер­дің пси­хологиялық, физиологиялық жай-­кү­­­­йіне жағымды ықпал етуге күш са­лады. Сондай-ақ мұнда босанған ана­­лардың сауықтыру курсына жа­зы­­­луына да мүмкіндік бар.

«Любосвет» сауықтыру орталығы

Бұл орталықта аналарға білікті ма­ман­дар бала тәрбиесі мен кү­тімі жайлы түрлі дәрістер оқып, бо­са­ну­дың оңтайлы тә­сіл­де­рін үй­ретеді. Бо­лашақ аналарға бі­лікті дәрігер-пси­хо­лог­тар ке­ңес беріп оты­ра­ды. Сон­дай-­ақ қазіргі таңда бо­ла­шақ әке­лер де босану ба­ры­сын­да жа­рына қолдау көрсете ала­ды. Ор­та­лық мамандары әкенің осын­дай жауапкершілікті еркін ең­се­руі­не кө­мек­теседі. Осындай дә­ріс­тер­дің не­гізінде жас отбасы ба­ла­ны жуын­ды­ру мен жаялыққа орау се­кіл­ді қа­ра­пайым тәсілдердің тілін үй­ре­не ала­ды.

Қарағанды

«Индиго» отбасын зерттеу және қолдау орталығы 

Бұл орталықта акушер-гинекологтар мен мықты психологтар қызмет етеді. Олар ананың жеңіл босануына жағ­дай жасап, әртүрлі жаттығу түр­ле­рін үйретеді. Мамандар сонымен бір­ге балаға дұрыс тәрбие беру жө­нін­дегі арнайы инновациялық бағ­дар­лама негізінде жұмыс іс­тей­ді. Ор­та­лықта бұдан басқа та­на­то­те­ра­пия, йога, аквааэробика әдіс­тері қа­рас­тырылған.

Қолданылған әдебиеттер:

1 Невлева И М. Конфликтология в социальной работе 
Тағы рефераттар