Туризм дамуының бұл кезеңі туризмді әкімшілік реттеуден экономикалық нарықтық қатынастарға  өтуімен сипатталады. Өтпелі кезеңге келесідей тенденциялар тән:

—  туристік ұйымдардың мемлекеттік иеліктен жеке иеліктерге өтуі;

—  жаңа заңдардың негізінде туристік нарықтың қалыптасуы;

— жаңа экономикалық және  құқықтық қатынастар негізіндегі нарықтық жағдайда туристік  ресурстарды пайдалану;

— туристік қызметтердің жаңа түрлерінің пайда болуына байланысты сұраныс сипатының өзгеруі (шоп турлар, көңіл көтеру, тіл үйрену т.б);

—  туризмнің материалдық базасына сұраныстың болмай қалуы;

—  көптеген кіші және орташа кәсіпорындардың пайда болуы;

—  шығу туризмінің орташа көрсеткішінің өсуі, әсіресе шоп туризм мақсатында.

2000 ж. туризмнің дамуы келесідей бағыттармен сипатталды:

—   туристік нарықтың ары қарай дамуы;

—   заңдық базаның жетілдірілуі;

—   қонақүй бизнесіндегі жаңа технологияларды игеру;

—   туристік өнімнің жаңа түрлерін әзірлеу;

—   алдын-ала орындарға тапсырыс берудің компьютерлік жүйесін қолдану;

—   туризмнің білімдік және ғылыми базасының дамуы;

—   туристік нарықта монопольді құрылымдардың пайда болуы;

—   нарықта туристік өнімді жылжытужы белсендіру.
Тағы рефераттар