Палестина мәселесінің пайда болуы және екіге бөлінуі туралы қазақша реферат

Егер Солтүстік Африканың жағалауларымен жүрсеңіз, одан кейін Арабия жарты аралын түгелін аралап, Израильді өтіп, солтүстіктегі түрік шекарасына және шығыстағы Иран шекарасына дейін жетсеңіз, барлық жерде де араб тілінде сөйлеп, жүре бере аласыз. Бұл тіл бақытты деп айтсақ, қателеспеспіз. Осыдан шамамен 1400 жыл бұрын бұл тілде Имр-уль-Кейс өлең шығарса, Авиценна өз ғылыми трактаттарын жазды, бүкіл дүние жүзіне әйгілі, мәңгі ұмытылмас ”Бір мың түн” кітабы да осы тілде жазылған. Сол кезден бері көп тілдер жоғалды, ал араб тілі бүгінгі күнге дейін грамматикасын да, сөз қорын да сақтап келеді. Қазіргі таңда ол тілде адамдар сөйлеп, кітаптар жарық көріп, газеттер шығарылуда.

Ерте ғасырларда араб тілі тек Аравия жарты аралының тұрғындары үшін ғана туған тіл болатын. VІІ ғасырдың басында ол жерде мұсылман діні-ислам таралды, орталықтанған мемлекет-Араб халифаты құрылды. Оның шекаралары жылдам кеңейді, олар Атлант мұхитының жағалауы мен Каспий теңізінен, Гималай таулары мен Пиреней жарты аралынан көрінді. Бұл мұсылман империясында тұратындардың біреуі арабталып кетсе, яғни олардың дінін, тілі мен мәдениетін қабылдаса, басқалары (мысалы, Иран, Батыс Үндістан, Орталық Азия) тек исламды ғана қабылдап, қалған жақтарда өз ерекшеліктері мен дәстүрлерін сақтап қалды.

Әрине халифат барлық жағынан өте дамыған болды, бірақ осыншама үлкен территоррияны өз бақылауында ұстау қиынға соққандықтан, ол бірнеше бөліктерге, ұсақ князьдықтар мен сұлтанаттарға бөлініп кетті. XVІ ғасырда халифат территориясын түріктер басып алды, ал Осман империясы ыдырығаннан кейін оларды Ұлыбритания, Франция, Италия және Испания өзара бөлісіп алды (Йемен және Сауд Аравиясына кіретін ұсақ князьдықтардан басқа). Ұлы Қазан Социалистік революциясынан кейін көптеген араб елдері тәуелсіздіктерін алды. Ал, жалпы араб әлемі географиялық жағынан екіге бөлінеді: Алжир, Тунис және Марокко Араб Батысын немесе Мағриб елдерін құраса, қалған мемлекеттер Араб Шығысын немесе Машрик елдерін құрайды. Бірақ, әдетте барлық араб елдерін біртұтас кешен деп қарастырады.

Араб елдерін тек олардың тарихи және мәдени дамуы, мұсылман діні және тілі байланыстырып қоймайды, ең маңыздысы-араб халқының империализмге және колониализмге қарсы күресіндегі ортақ мақсаттары. Араб әлемінде антиимпериалистік дәстүрлер өте күшті және бір мемлекеттің күресін басқа мемлекеттер бүкіл арабтардың күресі деп түсінеді. Яғни, кез-келген араб мемлкетіндегі жағдайлар басқа араб мемлекетіне де өз әсерін тигізеді.

Дегенмен, әлеуметтік-экономикалық және саяси жағынан араб әлемі түрлі-түсті кілемге ұқсайды, өйткені онда феодализм де, капиталистік жолмен дамып келе жатқан елдер де бар, ал мемлекеттердің бір тобы прогрессивтік даму жолына түсті.

Бүгінгі күні колония, империализм деген терминдер жоқ болса да, оларды сипаттайтын әрекеттер әлі тоқтаған емес. Оның айқын мысалы-Палестина қасіреті, яғни Палестина мен Израаиль арасындағы конфликт. Бұл проблема жаңадан туындаған жоқ, сондықтан да, ол бойынша көзқарастар баршылық. Кейбір жазушылар оны КСРО мен АҚШ-тың өз ықпалын көрсеткісі келуі нәтижесінде, яғни ”әлемде кім күштірек” позициясын ұстануы нәтижесінде пайда болды десе, басқалары еврейлерге мемлекет алып беру немесе Палестинаны  “еврейлендіру” тек Батыс державалары тарапынан ғана болды деп айтады. Ол дегеніміз-Палестинаны басып алып, сол арқылы бүкіл Орта және Таяу Шығысты билеу үшін оларға “адам материалы” керек болды, яғни Батыс державалары колониализм саясатын жүргізу үшін ерте кездегі тарихқа сүйеніп, еврейлерді пайдаланғысы келді. Осыдан біз сионизмнің* шын мәніндегі “әкелері” немесе “аталары” еврей идеалистері емес, христиан колонизаторлары болғанын түсінеміз. Бұл-Палестина мәселесін түсіндірудің бірінші жолы.

Екінші жолы бойынша, Батыс державалары жұмысшы таптарының назарын басқа нәрсеге аударып, оларды “дұрыс жолға” салу үшін еврейлердің қоныс аударуын пайдаланды. Тарихтан белгілі, XІX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басында Европа мен Америкада марксистік теория және социалистік революциямен “қаруланған” жұмысшылардың ең үлкен бас көтрулері болды. Осы кезде империалистердің басты мақсаты-жұмысшы қозғалысы отрядтарын ажыратып, оны басып тастау болды. Ол үшін олар расистік, шовинистік идеологияны пайдаланып, жұмысшылардың көздерін жапқысы келді.

Сонымен, Германияда болған “арийлендіру” принципіне сәйкес еврейлер Палестинаның экономикалық, мәдени, саяси, әлеуметтік өмірін “еврейлендіру” принципін жүргізді. Бірақ, олардың немістерден бір айырмашылығы-еврейлер бұл саясатын ертерек, яғни “арийлік” үлгідегі нәсілдік идеология саясаткерлері мектептегі партада отырған кезде-ақ бастаған болатын…

Израиль мемлекеті картада тек 1948 жылы пайда болса да, оның құрылуын 1917 жылмен байланыстырады. Оны түсіну үшін тарихқа жүгінейік. XІX ғасырдың аяғында Европада еврей буржуазиялық-ұлттық ағымы пайда болады, ал 1897 жылы ол ресми ұйымға айналады, яғни Базельде болған конференцияда Бүкіләлемдік Сионистік Ұйымның құрылуы туралы жарияланады. Сионизмнің лидерлері қуғын-сүргінге наразылық білдірген жұмысшы еврейлерді өз идеясын тарату мақсатында пайдаланғысы келеді. Сионизмнің негізін қалаған Теодер Герцль бұл идея ең алдымен ірі еврей буржуазиясы үшін тиімді екендігін жасырған жоқ. “Ақшаларын тығып, тыныштықта тойлауға мәжбүр болған еврей байлары өздерінің мемлекетінде емін-еркін тұрып, өмірдің рахатын көре алады”,-деді Герцль1.

Бірақ, ондай мемлекетті құру туралы мәселе бірден шешілмеді. Сионистердің бір тобы мемлекетті Угандада, екіншілері Латын Америкасында құруды ұсынды. Ақырында, ең тиімді жер Палестина болып шықты, өйткені онда б.э.д. VІІІ ғасырда Израиль мемлекеті болған және оның атақты Соломон, Давид сияқты патшалары билік құрды.

Сионистер қозғалысының басшылары ірі державалар тарапынан қолдауға ие болу үшін екі ғасыр уақытты қажет етті.

Сонымен, Палестина территориясында екі мемлекет (Палестина мен Израиль) құру туралы шешім 1947 жылы 29 қарашада шықса да, проблеманың өзі одан бұрынырақ басталғаны мәлім.

1917 жылы 2 қарашада Ұлыбританиянвң Сыртқы Істер Министрі лорд Бальфур еврей миллиардері Ротшильдке хат жолдайды. Ол хатында Бальфур Ұлыбритания Үкіметі Палестинада еврей халқының ұлттық ошағын құруын қолдайды және оған жету мақсатында көмектесіп, бар күшін салуға дайын екендігін айтады. Онымен бірге, “Палестинада тұратын еврей емес халықтардың азаматтық және діни құқықтары шектелмеу керек, бірақ еврейлердің де құқықтары мен саяси статусына нұқсан келмеуі керек”,-деп жазылған2. Кейін Бальфур декларациясы аталып кеткен бұл хат палестина проблемасының барлық кезеңдерінде де кері әсерін тигізген болатын. Оны жүзеге асыру-көптеген қиыншылықтар мен проблемалар, ал ақырында палестиналықтардың Отандарынан айырылуына себеп болды.

Бальфур декларациясын жүзеге асыру барысында маңызды роль атқарған-Бүкіләлемдік сионистік ұйым болды, оның негізгі мақсаты-Палестинада палестиналық еместерді қоныстандыру болды. Палестиналықтардың құқықтары шектеліп, мүдделері ескерілмегенін айтпаса да болатын шығар, бірақ ең қызығы-ол документте арабтар немесе палестиналықтар туралы бір ауыз сөз айтылмаған. Сол кезде бүкіл халықтың 90%-ін құраған, ал территорияның 97%-ін өз қолдарында ұстаған арабтарды (мұсылмандар немесе христиандар болсын) тек Палестинадағы еврей емес қауымдастық деп атады3.

Бальфур декларациясын жариялауда Англияның өз мақсат-мүдделері болды. Кейбір авторлар оны біріншіден, Ұлыбританияның Таяу және Орта Шығыста билігін орнатқысы келгенімен және екіншіден, сол аймақта шоғырланған мұнай байлықтарымен байланыстырады. Басқа авторлардың пікірінше Палестина айтарлықтай табиғи байлықтарға бай емес, халқы аз және кедей мемлекеттердің қатарында болғандықтан, ағылшындарды оның стратегиялық орналасуы қызықтырды. Әсіресе оның жанында Жерорта теңізі мен Үнді мұхитын байланыстыратын Суэц каналы ашылғаннан кейін бұл аймақ өте маңызды бола бастады. Канал арқылы Батыс державалары Таяу Шығыс және Месопотамияға кіруге мүмкіндік алды. Бірақ, шын мәнінде, мұнда империалистерді аталған барлық жағдайлар да қызықтырды. Себебі, Палестина Европа метрополияларын олардың Азия және Африкадағы отарларымен байланыстыратын Суэц каналының жанында орналасқан, ол Европа, АҚШ және Азия арқылы өтетін әуе жолдарының ортасында орналасқан, Палестина арқылы Жерорта теңізін Парсы шығанағымен байланыстаратын автомагистраль өтеді және Таяу Шығыстың тура жүрегінде орналасқан Палестина арқылы империалистер басқа араб мемлекеттеріне де үстемдігін жүргізе алады.

Бірақ, бұл жерде Англия Американың қарсылығына кезікті. Яғни, бірінші Дүниежүзілік соғыстан кейін әлемнің басты кредиторына айналған АҚШ та енді өзінің Палестинаға деген мүддесін білдіре бастады. Жалпы АҚШ Палестинада еврейлер мемлекетінің құрылуына қарсы болмады. Америка президенті В.Вильсон Бальфур декларациясын қолдады, оның айтуынша: ”Біздің үкімет пен халқымыздың қолдауын тапқан одақтастар Палестинада еврей достастығының негізінің қалануына келіседі”. Америкалықтардың ойынша бұл мемлекет сол аймақтағы Англияның билігін әлсіретеді, себебі ол уақытта араб мемлекеттері түгелімен Европа державаларының, оның ішінде ең алдымен Ұлыбританияның қол астында болатын. Ұлыбритания 1920 жылы сәуірде өткен одақаралық Сан-Ремо конференциясында Палестинаға мандат* алады, бірақ АҚШ позициясына байланысты ол екі жылдан кейін ғана өз күшіне енді. Бұл кезде де Палестинаның құқықтары өте қатты шектелді: Ұлттар Лигасы мандат берген барлық араб мемлекеттері тәуелсіздікке қол жеткізгенде, Палестина тәуелсіздігін сол бойы ала алмады.
Тағы рефераттар