ПИК-тің атқарып жатқан шаралары өте көп. Ең басты міндеті – үйді ұстау бойынша барлық мәселелерді шешеді: жайластыру, жабдықтау, бір реттік және қайталанатын жөндеу, баспана, өжіре, шатырдың асты,  инженерлік коммуникациялар күтімі, техқамтамасыз ету, аймақ тазалығы. Егер баспана немесе құбыр жарылып су ақса, онда ПИК–ке шағымданыңыз.

Егер үй қымбат жөндеуді талап етсе, ал қаржы жетіспесе, онда ақшаның (20-40%) тұрғындардан жиналу бойынша мәселенің шешімі жалпы жиналыста талқыланатын болады. Сіздің мақсатты шығындарыңыз неге жұмсалатынын білгіңіз келсе, онда ПИК-тің тексеру комиссиясының көмегіне жүгіне аласыз. Бастысы – ПИК-тің тексеру комиссиясы құрамына ПИК әкімшілігі мүшелері кірмеу керек. Егер аталған комисия ПИК жұмысында бұзушылықтарды анықтаса, онда сотқа жүгініңіз. Ал егер комиссия тұрғындардың сенімінен айырылса, онда аудиторлық тексеру жұмыстарын  ұйымдастыра аласыз.

ПИК егер арзан болса, басқа заңды тұлғалардан мынадай қызмет түрлерін ала алады: дала сыпырушы, электрик, кіреберіс тазалаушысы. Кооперативтердің барлығы жөндеу бригадаларын ұстамайды. Бастысы қалада осындай қызмет түрлерінің бәсекелестік нарығы қалыптасса жақсы болар еді. Ал ПИК келісім-шарт жасасқанда, экономикалық пайда жағын ескеруі керек.

Меншік иелерінің талап етуімен ақшалардың, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға арналған қаражаттың қозғалысы туралы ақпарат ұсынады.

Ортақ мүлікті пайдалануға байланысты шығыстар кондоминиум объектісін басқару жөніндегі есепте көрсетілуге тиіс, кондоминиумды басқару органы, яғни ПИК үй-жай (пәтер) меншік иелеріне әрбір тоқсан үшін жазбаша нысанда есепті кезеңнен кейінгі айдың алғашқы он күнінде есеп береді.

ПИК басқармасы шаруашылық қызмет және қаржылық есеп бойынша тұрғындар алдында есеп беруі керек.

Егер тұрғындар есепті қабылдаса, онда келер жылға жұмыс жоспары жасалады. Ал егер есеп қабылданбаса, онда тұрғындар жаңа ПИК төрағасын – үйдің кез-келген сенімді тұрғынын тағайындауға құқылы. Егер есеп қанағаттанарлық жағдайда болса, онда төраға қайта сайлана алады.

ПИК жұмысында ең бастысы – төраға таңдау. Ол шаруашылық мәселелері мен заң саласын меңгеру керек. Ол тұрғындар жиналысы барысында дауыс беру арқылы  сайланады. Егер жиналыста пәтер иелерінің жартысынан көбі болмаса, онда ондай шешімнің күші жоқ.

Тұрғындар өздері мәселені шешуге араласқысы келе ме? Жауап түсінікті: жоқ   немесе мүмкіндіктері жоқ. Кейде, тіпті жиналыстың өзіне пәтер иелерінің көпшілігі келмей жатады. Алайда тұрмыстық қатынастар туралы заңға сәйкес, жиналыс ПИК-тің жоғары органы болып табылады. Жиналыстарда түрлі мәселелер талқыланып, тіпті төрағаны алып тастау туралы шешімдер де қабылданып жатады.

«Мен ақша төлеймін, менде шаруалары болмасын» деген пікір  – қате, егер тұрғындар немқұрайлы болса, онда ПИК те жаман жұмыс істейді. Әр үйде басшы болатын, бос уақыты бар сенімді үлкен адам таңдалу керек. Мақсатты шығындар тек сол үйге ғана жұмсалу тиіс (егер ол апаттық жағдай болып және ақша пайызсыз несие түрінде берілсе ғана).

Тұрғындар ПИК есеп шотына қандай міндетті төлемдер аударуы керек? Тұрғындар жалпы қолданыстағы орын-жайларды – дәліз, кіреберіс, шатырдың асты, жертөлені күту мен аймақты жинау шығындарын ғана төлейді. Жалпы шаруашылық үшін ПИК-ке қанша қаржы қажет ететінін ескерген тұрғындар ақша көлемін өздері белгілейді.

Мұны білген жөн (оқып шығыңыз):

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Заңы.

Пайдалы сілтемелер:

1) www.krisha.kz/ — «Крыша» сайты («Все о КСК» бөлімі);

2) www.minjust.kz/ — Әділет министрлігінің сайты.

3) www.zhkh-center.kz –  «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ сайтының «Үйлерді басқару» бөлімінде ПИК пен басқарушы компаниялар жөнінде мәліметтер орналастырылған;

4) «ТКШ Қаз.орталығы» парағы мен  и Facebook әлеуметтік желісіндегі «EnergysaversKZ» тобында – қазақстандық ТКШ саласындағы энергия үнемдеуге арналған жаңа технологиялардан ақпарат береді.

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы  www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «КСК деген не», «КСК жүйесі» және т.б. кілт сөздерді теру керек.
Тағы рефераттар