Ғылым мен техниканың қарқынды дамуы барысында оқушылардың кеңістік туралы ойлау қабілетін дамыту педагогика саласындағы маңызды мәселелердің біріне айналып отыр. Қазіргі кезде көптеген мамандық иелерінің техникамен жұмыс атқаратындығы баршаға мәлім. Осыған байланысты баланың жас кезінен кеңістік туралы ойлау негіздерін үйрету ғылым мен техниканың тілін ерте үйренуге жол ашты.

Оқушылардың кеңістік туралы ойын дамыту перспектива заңдылықтарын оқытумен өте тығыз байланысты шешілетіндігі айқындалып келеді. Жалпы білім беретін мектептерде перспектива заңдылықтарын оқьіту мен оны бейнелеудің әдістемелік мәселелері әлі толық шешіліп болған жоқ. Мүның себебі, перспектива зандылықтарының мазмұны толық ашылып, оны оқыту мен бейнелеуге үйретудің әдістемелік талдауларын жасауды қажет етеді.

Бейнелеу өнері әдістемесі саласындағы перспективаны оқытуға байланысты олқылықтарды жою мақсатында жүргізілген зерттеудің нәтижесінде біз перспектива мен оны бейнелеу ережелерінің ішінен мектеп оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай ең негізгі қажеттілерін алдық. Төменде перспектива мен оны бейнелеу ережелері туралы оқу процесі^е берілетін мәліметтердің толық мазмұнын ұсынамыз. Перспеқтива заңдылықтары мен оны бейнелеу туралы білім негіздерін бейнелеу өнерінің барлық сабақтарында оқушыларға меңгертуге болады.

Перспектива құбылысы табиғатта біздің көзімізге қалай көрінсе, қағаз бетінде де соған сәйкес бейнеленеді. Біз кәсіпқой суретшілердің картиналарын көру барысында кеңістіктің терендігін айқын сезінеміз. Мысалы, кейбір заттар бізге жақын, ал кейбірі алыс болып көрінеді. Суретші арнайы салу тәсілдері арқылы жазықтық бетіне белгілі жазықтықты, кеңістікті иллюзиялық түрде көрсетеді. Перспектива көрінетін нүктелердің өлшемдерінің бізден ұзақтаған сайын қысқарып, түстердің өзгеріп көріну құбылысы. Перспектива заңдылықтарын білу арқылы картинадағы көріністің тереңдігін айқын бейнелеуге болады. Перспективаның түрлері: сызықтық перспектива, ауа және жарық пен көлеңке перспективасы болып бірнеше түрге бөлінеді.

Сызықтық перспектива – көрушіден алыстаған сайын заттардың бөлшектерінің және сызықтардың ара қашықтықтарының кішірейіп көріну құбылысы. Сызықтық перспектива фронталдық және бұрыштық болып екіге бөлінеді. Фронталь перспектива бойынша суретшіге заттың бір жақ беті толық көрінеді де, қалған беттері көрінбейді. Мысалы, заттың тура алдынан қарағандағы көрінісі. Бұрыштық перспектива бойынша көрушіге заттың бір бүрышы менен екі немесе үш қабырғасы айқын көрінеді.

Ауа перспективасы – кеңістіктегі заттар түстерінің көрушіден алыстаған сайын бұлыңғыр немесе солғын болып эзгеру құбылысы.

Жарық пен көлеңкенің перспективасы заттардың жарық көзінен ұзақтаған сайын заттардың беттеріндегі жарық деңгейлерінің көмескі тартып өзгеру сипаты, кілеңкелердің солғын тарту көрінісі. Бейнелеу өнерін оқыту үрдісінде оқушыларды перспективаның заңдылықтарымен таныстырып, оны мұғалім көрнекі құралдардың көмегімен көрсетіп отырады.

Сызықтық перспективаның заңдылықтары туралы мұғалімнің оқушыларға меңгертетін негізгі түсінктері мынадай бағыттарды қамтиды:

1.   Белгілі  бір  бұрышпен горизонт сызығына қарай бағытталған параллель сызықтар бір нүктеге барып қосылады.

2.   Параллель сызықтардың қосылу нүктесі әр уақытта көкжиек сызығында жатады.

3. Көкжиек сызығына жақындаған сайын параллель сызықтардың  арақашықтығы бір-біріне жақындай  түседі. Мысалы, темір жолдың рельстері мен шпалдарының көрінісі.

4. Көрушіден алыстаған сайын вертикаль бағыттағы сызықтардың арақашықтық өлшемдері кішірейе түседі.

5.   Көкжиек сызығы дегеніміз – біздің көз деңгейімізді білдіретін сызық.

Көкжиек   сызығынан   төмен   орналасқан   сызықтар, төменнен жоғары қарай бағытталса, көкжиек сызығынан жоғары орналасқан   сызықтар жоғарыдан төмен қарай бағьпталады. Мысалы, қала көшесіндегі қатар орналасқан көп қабатты үйлердің жоғарғы және төменгі контур зықтарының жиынтығы.

Ауа перспективасының заңдылықтары туралы мұғалім оқушыларға меңгертетін түсініктері мыналар:

1. Көрушіге жақын орналасқан заттардың түстері ашық, айкын, ал алыстағылардың түстері солғын және жиынтық түстер түрінде қабылданады.

2. Суретшіге жақын орналасқан заттар түрі айқын, ал алыстағылар бүлыңғыр, көмескі болып қабылданады.

3. Жақындағы барлық заттардың түстері қандай болса сол күйінде қабылданса, алыстағы әр түрлі түстердің ішіндегі біреуі басым больш көрініп, қалғандары соған жақындау түстерге айналады.

4. Қашықта тұрған жарық заттардың түстері өз түсінен қараңғылау, ал алыстағы қараңғы түстер жақындағы қараңғы түстерге қарағанда жарықтау болып көрінеді,

Жарық пен көлеңке перспективасының; заңдылықтарына кіретін мына қағидалар оқушылардың кеңістік түсініктерін арттыруға ықпал етіп, оларды дұрыс бейнелеуге жөрдемдеседі.

1. Жарық көзінен қашықта тұрған заттардың бетіндегі жарық деңгейі, жарық көзінен алыс түрған заттардың бетіндегі жарыққа қарағанда солғындау болады.

2. Жарық көзі мен бақылаушы арасындағы заттар басқа заттарға қарағанда өз түсінен қараңғы болып өзгереді.

3. Егер бақылаушы заттар мен жарық көзінің ортасында болса заттардың  бетіндегі жарық деңгейі өз түсінен де жарығырақ болып өзгереді.

Бейнелеу өнерін оқыту процесінде мұғалім перспектива заңдылықтарын үйретумен қатар, перспективаның бейнелеу негіздері туралы мынадай мәліметтер беруі қажет:

Перспективаны бейнелеу негіздері картина жазықтығы, көкжиек сызығы, көру нүктесі, шығу нүктесі, көру деңгейі және т.б. түсініктердің жиынтығынан құралады.

Картина жазықтығы деп бейнеленетін зат пен суретшінің көзі арасындағы ойша алынған вертикаль бағыттағы жазықтықты айтамыз.

Көюкиек сызығы — суретшінің көз деңгейін білдіретін өлшем.

Көру нүктесі — сурет салушының затты бақылайтын нүктесі немесе орны.

Шығу нүктесі — өзара параллель түзулердің алыстаған сайын бір-біріне жақындап, көкжиек сызығына барып қосылатын нүктесі.

Көру деңгейі — суретшінің көз деңгейін білдіретін, ойша алынған жазықтық.

Нұсқаға қарап сурет салу, тақырыптық сурет салу сабақтарында мұғалім үнемі оқушыларға перспективаны бейнелеудің ережелерін көрсетіп бағыт беріп отырады. Сондықтан сызықтық, ауа, жарық пен көлеңке перспективаларының бейнелеу ережелерін оқушыларға көрсету, олардың кеңістікті бейнелеуге үйретудің ұтымды жолы.

Сызықтық перспективаның бейнелеу ережелері мыналар:

1.  Суретшіден алыста түрған заттардың өлшемдері кіші болып бейнеленеді.

2. Табиғаттағы көкжиек сызығына параллель барлық сызықтар формат бетінде де көкжиек сызығына параллель етіп бейнеленеді.

3. Табиғаттағы вертикаль жағдайда орналасқан параллель сызықтар қағаз бетінде де вертикаль жағдайда бейнеленеді.

4. Белгілі бұрышпен көкжиек сызығына қарай бағытталған параллель сызықтарды көкжиек сызығындағы бір нүктеге қосылатындай етіп бейнелеу қажет.

5. Конус, цилиндр формасындағы заттардың бойындағы шеңберлер перспектива зандылығына сәйкес оваль түрінде бейнеленеді.

Ауа перспективасының бейнелеу ережёлері мьгааларды қамтиды:

1. Суреттегі кеңістікті білдіру үшін жақында тұрған заттардың бейнесін анық етіп, ал алыстағыларын солғын етіп бояу қажет.

2. Жақындағы заттардың формаларындағы сыртқы сызықтарын    айқын, ал алыстағыларын бұлыңғыр етіп бейнелейді.

3. Алыстағы түрған жарық түсті заттарды бейнелегенде сол  заттың  өз  түсінен сәл қараңғылау етіп, ал қараңғы заттардың түсін сәл жарықтау етіп бейнелеу қажет.

4. Жақындағы заттарды көлемді форма етіп бейнелесек, өте ұзақтағы   заттар тегіс жазықтық етіп бейнеленеді.

5. Жақындағы заттар айқын түстермен, ал алыстағылар солғын бұлыңғыр түстермен жазылады.

Жарық пен көлеңке перспективасын бернелеу кезінде мына ережелерді ескеру қажет:

1. Жарық көзінен алыста тұрған заттарға қарағанда, жақында тұрған зат бетінің жарығының деңгейін артық етіп бейнелеу керек.

2. Суретшіден алыстағы заттардың бетіндегі жарықтардың қарама-қарсылығы (контраст) жақындағы зат бетінің деңгейіне қарағанда әлсіз етіп бейнеленеді.

3. Заттардың алыстағы көлеңкесіне қарағанда жақындағы көлеңкесі айқын анық салынады.

Перспектива заңдылықтарымен оның бейнелеу ережелерін оқушыларға таныстыру – заттардың түрі туралы түсініктер берумен өте тығыз байланыста шешіледі.

Заттардың формасы туралы түсініктер беруге арналған мұғалімнің әңгімесі мына бағыттарды қамтиды. Кеңістіктегі қандай зат болмасын оның белгілі формасы болады. Әрбір зат өзінің форма ерекшеліктеріне байланысты көлемді немесе жазықтық сияқты болып келеді. Көлемді, дене қатарына (биіктігі, ені, тереңдігі немесе қалыңдығы бар) үш өлшемді заттар кіреді. Бұл үш өлшем зат көлемінің сипатын білдіреді. Зат көлемі жәшік, чемодан, стол, битон, кастрюль сияқты заттарда айқын білінеді. Ал кейбір (бір бет қағаз, жалауша, оқушы дәптері, сызғыш, ағаш жапырағы т.б.) заттардың көлемі айқын байқала бермейді. Мұндай формаларды жазықтық формалары деп атаймыз. Жазық заттардың түрлері төртбұрыш, үшбүрыш, шеңбер сияқты геометриялық (денелерге) ұқсастықтарына байланысты анықталады. Көптеген заттардың формалары симметриялық болып келеді.

Симметриялық формаларды ойша ортасынан екіге бөлсек екі бірдей ұқсас формалар шығады. Заттардың формалары жасанды және табиғи болып бөлінеді.

Жасанды формалар дегеніміз – адам қолымен жасалған заттар. Табиғи формалар қатарына – өсімдіктер, жан-жануарлар, тау, тас, т.б. табиғи заттар кіреді.

Перспектива заңдылықтарын оқыту мен бейнелеу ережелерін үйрету бейнелеу өнері әдістемесі саласындағы күрделі мәселенің бірі. Перспектива туралы түсініктер беру мен оқыту процесі 1-6 кластарды қамтиды. Перспективаны меңгеру бейнелеу өнерінің бір ғана сабағында емес, нұсқаға қарап сурет салу, тақырыптық сурет салу, сәндік сурет салу, бейнелеу өнері туралы әңгіме сабақтармен қатар кластан тыс сабақтарда, табиғат аясына экскурсия жасау барысында жүзеге асады. Сонымен қатар оқушыларға перспектива туралы түсініктер берудің бір жолы көрмелерге апарып, профессионал суретшілердің шығармаларының перспективалық құрылысын талдап түсіндіру.

Перспектива заңдылықтарын және оны бейнелеу ережелерін оқушыларға үйрету барысывда көрнекі құралдар маңызды рөл атқарады. Перспективаға байланысты жасалған көрңекі құралдары сабақта қолдануымен қатар, бейнелеу өнері кабинетінің қабырғасына іліп орнату қажет. Мұның себебі оқушы қандай сыныпта болмасын бейнелеген заттарының перспективасын көрсетіп бейнелеуі қажет. Бұл көрнекіліктер оқушының бейнелеуіне бағыт берумен қатар перспектива құбылысы туралы образдық ойлау қабілетін арттыруға ықпал етеді.

Заттардың перспективалық көрінісін бейнелеу жүйесінде жаттығулардың маңызы үлкен. Жаттығулардың алғашқы кезеңінде қарапайым геометриялық денелерді салудан бастап, бірнеше заттардың суретін салуға дейін жалғасады.

Тақырып бойынша сурет салу сабақтарында оқушылар кеңістіктегі бірнеше заттардың, жануарлар мен адамдардың көрінісін бейнелейді. Сабақ барысында мұғалім оқушылардың ісіне сызықтық, ауа, жарық пен көлеңке перспективаларын бейнелеу ережелерін қайталап түсіндіріп отырады.

Перспектива заңдарын оқыту мен оны бейнелеуді үйрету әдістемесін анықтауға арналған эксперимент сабақтарында көрсетілген жүйенің ұтымды жақтары анықталады. Атап айтқанда: оқушылар кеңістіктегі заттарды қағаз бетіне дұрыс орналастыру, кеңістіктегі заттардың өлшемдерінің алыс және жақын болуына байланысты өзгеру және түстердің қашықтыққа байланысты құбылысын дұрые қабылдауға үйренеді. Кеңістіктегі формаларды бейнелеу дағдыларын меңгереді. Өнер шығармаларындағы кеңістіктің бейнеленуіне талдау жасаудың негіздерін үйренеді.

Перспективаның білім негіздерін үйрену мен оны бейнелеу ережелерін меңгеру нәтижесінде оқушылардың кеңістік туралы ойлау қабілеті дамиды. Оқушылардың кеңістік туралы ойлау қабілетінің дамуы жалпы білім беретін мектептердегі басқа да пәндердің білім негіздерін меңгеруге игі ықпал ететіндігінен көрінеді.
Тағы рефераттар