Саулелік жылдамдық қызметімен табылған 108 планеталық масса компаньоны бар жұлдыздың эволюциялық статусы қарастырылған. Бұл мақсатта Mv – түсіндегі диаграммадағы жұлдыздардың орналасуы, олардың хромосфералық активтілігі және айналым жылдамдығы қолданылады.  Hipparcos каталогындағы тригонометриялық паралакстар негізінде есептелген абсолютты өлшемдер және B – V түсінің көрсеткіштеріне негізделіп Mv – түс диаграммасы құрылған. Гиад басты ілгерілемелігін құру үшін V —  клас  жарықтығындағы тұрақты бірлік жұлдыздар таңдалып алынды. Жеке вектың паралакстарды қолдана отырып, олардың абсолютты өлшемі есептелді.

Планеталық компаньоны бар жұлдыздар үш топқа бөлінеді:

Бірінші топқа МК – спектралды классификациясында белгіленген жұлдыздар (61 жұлдыз), екінші топқа субгиганттар (25 жұлдыз), ал үшінші топқа жарқырау класы көрсетілмеген жұлдыздар (22 жұлдыз) кіреді.

Әрбір топтағы жұлдыздардың орналасуы түс диаграммасында абсолютты өлшемі жеке қарастырылған. Әрбір топ жұлдыздарына   M = Mvh – Mv өлшемі табылған, мұндағы Mvh – абсолютты жұлдыз өлшемі.

Бірінші топтағы 60 жұлдыздың тек жартысында -0.2    0.2 және металдар бар. Бұл жұлдыздардың хромосфералық активтілігі және айналу периодынан біздің Күннен жасы үлкен емес екендігін және сутектік жану стадиясында екендігін көреміз. Екінші жартысындағы жұлдыздар оңға қарай ығысқан M  0.3 ; Осы жұлдыздардың тоғызы екілік жүйеде орналасқан. Қалған жұлдыздар мұқият зерттеуді талап етеді, өйткені олардың жоғары активтілігі мен тез айналуы олардың екілік қасиеті немесе жас жұлдыз екендігінің белгісі болуы мүмкін.

Екінші топтағы 6 жұлдыз Гаид ілгерілемелігінің жанында жатыр. Бұл жұлдыздардың хромосфералық активтілігі Күн активтілігінен жоғары немесе тең. Бұл жұлдыздарды субгигант ретінде классификациялағанмен, олардың жылдам айналымы және металлдардың көптігі оларды сутегтік жану стдиясында деген жорамал жасауға мүмкіндік береді. Қалған 18 жұлдыз басты ілгерілемелікті тастап бара жатқан сяқты.

Үшінші топтағы 6 жұлдыз жағары хромасфералық активтілік пен тез айналуын көрсетіп отыр. Бұл жұлдыздар басты ілгерілемеліктің жұлдыздары болуы керек. Қалған 16 жұлдыз басты ілгерілемеліктен 0,6 m ге ығысқан. Бұл активты емес, баяу айналатын және басты ілгерілемелікті тастап бара жатқан жұлдыздар.

Сонымен біз қарастырған 108 жұлдыздың 42 басты ілгерілемекке, 36 жұлдыз субгигант, 30 жұлдыз әлі зерттеуді қажет етеді.
Тағы рефераттар