Поливинил спиртінің физико-химиялық қасиеті және қолданысы туралы қазақша реферат

Поливинил спирті — кристалды полимер. Поливинил спиртінің қасиеттері оның молекулалық массасы мен құрамында жуылмаған ацетатты топтардың болуына байланысты. Поливинил спирттің құрамында екіншілік спирттер тобы бар және ол осы топтарға тән реакцияларға қатысады. Соның ішінде альдегидтермен әрекеттесіп ацетаттар түзеді. Бұл топтарды әр түрлі жолдармен ыдыратуға болады: сусыз ортада, катализатор ретінде елеусіз мөлшерде қышқылдың немесе сілтінің қатысында а) сілтімен (стехиометриялық мөлшерде жуу), ә) қышқылдармен (гидролиз) және б)  спирттермен (алкоголиз) әрекет ету.

Поливинил спиртінің суда ерігіштігі құрамында жуылмаған ацетатты тобының болуына байланысты. Құрамында кемінде 5% ацетат тобы бар поливинил спирті суда ерімейді, бірақ 60-700 С онай ерітіндіге өтеді. Құрамында 20% ацетат тобы бар поливинил спирті суда 35-400С қыздырғанда ериді.

Кейбір жағдайларға поливинил спиртін өзінің суда ерігіштік қасиетінен арылту керек. Ол бірнеше жолмен жүзеге асырылуы мүмкін: 1) асқын тотық түзілетін молекула ішкі немесе молекула аралық этерификациямен қатар жүретін термиялық өңдеу, сонымен қатар құрылымдау; 2) альдегидтермен (формальдегидпен) өндеу; 3) ерімейтін комплекстер түзетін кейбір бейорганикалық заттармен (бура, хром қышқылының тұздары, мысаминді негіздер және басқалары) өңдеу; 4) органикалық заттармен мысалы дикарбонды қышқылдармен тігу. Поливинил спиртінің талшықтарына қайнаған суға тұрақтылық беру үшін, оны екі сатылы өңдеуден өткізеді: а) 210-2200С-тағы термиялық және ә) формальдегидпен.

Поливинил спирті әртүрлі аймақтарда қолданылады: одан синтетикалық талшықтар, суда еритін қабыршақтар, ацеталь, олардың тұрақтылығы мен өндеуді жақсарту үшін шлихта, кейбір органикалық орталарда жұмыс істеу үшін қалдықтар және жұқа қабықшалар жасайды. Құрамында 10-15% жуылмаған ацетат тобы бар поливинил спирті (сольвар) сулы ортада өтетін полимеризация процесінде эмульгатор (тұрақтандырғыш) ретінде қолданылады. Поливинил спиртінің құрамының өндірісі және қолдану аясы. Поливинил спиртін поливинилацетаттан күрделі эфир топтарын ыдырату (жуу) арқылы алады. Поливинил спирті майлардың, майлағыш майларды, көмірсутектердің және көптеген органикалық еріткіштердің әрекеттеріне тұрақты.

Поливинил спиртінен жасалған талшықтар (винол) кейбір қышқылдардың, негіздердің және микроағзалардың әрекетіне тұрақты, сондықтан оны мата, негізінен техникалық мақсаттағы, балық аулау үшін және басқа заттарды жасау үшін қолданылады. ПВС-тің биологиялық түрде зиянсыз болғандықтан, одан жасалған талшықтар хирургияда және де шампундерде, клейде, латекстерде қоюландырғыш және адгезиялық материал ретінде; әйелдер гигиенасы мен балаларға арналған жуындырғыш өнімдердің құрамды бөлігі; тамақ өнеркәсібінде эмульгатор ретінде; қаптағыш материалдар дайындайтын процестерде суда ерігіш қабықшалар жасауда; микробиологияда жасушалар мен энзимдерді иммобилизациялауда; поливинилбутираль өндірісінде; көзге арналған тамшы мен контакты линзаларға арналған ерітінділерде лубрикант ретінде; капсулаланған нанобөлшектер алу үшін сурфактант ретінде кең қолданыс табады.
Тағы рефераттар