Популяциядағы жануарлардың арасындағы біржақты тиімді байланыстары туралы қазақша реферат

Бәсекелестiк (конкуренция)- экологиялық қажеттiлiктерi ұқсас түрлердiң арасындағы қарым-қатынас. Бәсекелестiк байланыстардың түрлерi әртүрлi, ол қарапайым  физикалық күрестен басталып, бейбiт бiрге өмiр сүруге дейiн барады. Алайда, ерте ме кеш пе экологиялық қажеттiлiгi ортақ болса, бiр түр екiншiсiн ығыстырып шығарады.

Бәсекелестiк күресте, сол кездегi экологиялық жағдайға немесе тiршiлiк  ортасына жақсырақ бейiмделген түрлердiң өкiлдерi жеңiп шығады. Немiс экологы Г.Ф.Гаузе мынадай тәжiрибе жасаған. 2 пробирка алып, iшiне шөптен жасалған танба құяды. Оларға туфельканың 2 түрiнiң өкiлдерiн жiбередi, Paramecium aurelia  жєне Paramecium caudatum. Пробиркада олар жақсы көбейедi. Содан соң 2 пробиркадағы  таңбаны араластырады, бiраз уақытқа дейiн туфелькалардың көбеюi қалыпты жүредi, содан соң  Р. caudatum саны бiрте-бiрте азайып жоқ болып кетедi. Ал Р. aurelia саны тұрақты күйiнде қалады.

Бәсекелестердiң мұқтаждары неғұрлым ұқсас болса, бәсекелестiк соғұрлым қатаң болады. Бәсекелестiк күресте жеңiп шыққандар ұрпақ қалдыру мүмкiндiгiне ие болады. Бәсекелестiк күресте жеңiлгендер жойылады. Сөйтiп, түр iшiндегi бәсекелестiктiң негiзгi нәтижесi популяциялар дивергенциясы болып табылады.

Бәсекелестiктiң екi түрi – тiкелей және жанама бәсекелестiк кездеседi. Тiкелей бәсекелестiк даралардың бiр-бiрiне тiкелей ықпал етуi арқылы жүзеге асырылады. Жанама бәсекелестiк- даралардың аралық буындар арқылы жүретiн бәсекелестiгi, оны әдетте, пайдаланушылық бәсекелестiк деп атайды. Бәсекелестiк кез-келген шектелген ресурсқа, сондай-ақ көбею және паналау үшiн қолайлы орындарға байланысты туындауы мүмкiн.

Түр iшiндегi бәсекелестiк көп жағдайларда территориялық, яғни жекелеген жануарлардың немесе олардың топтарының өз территорияларын қоруынан байқалады. Кез-келген шектеулi ресурс үшiн бәсекелестiк, әдетте жануарлардың кеңiстiкте бiркелкi орналасуына әкелiп соғады.

Өсiмдiктер арасындағы күрес жарық үшiн жүредi. Тым жиi өскен өсiмдiктер бiрiн-бiрi көлегейлейдi. Бәсекелестiк нәтижесiнде олардың тығыздығы кемидi. Бұл құбылыс кейбiр ауылшаруашылық дақылдарынан (сәбiз, қызылша) анық көрiнедi. Жарық үшiн бәсекелестiк ағаштардың пiшiнiне де әсер етедi. Мысалы, егер емен оқшау өссе, төменгi қапталдас бұтақтары жоғарыдағы бұтақтарынан кем дамымайды, жеткiлiктi мөлшерде жарық алатындықтан, оның бөрiкбасы шар тәрiздi келедi. Орманды жерде өссе, керiсiнше төменгi бұтақтардың  жапырақтары осы ағаштың өз бұтақтарымен де, көршi өсiмдiктермен де көлеңкеленедi.

Жыртқыш пен жемтiк, паразит пен иесi арасындағы қарым-қатынастар. Жыртқыш пен жемтiк, паразит пен иесi  арасындағы қарым-қатынастар тiкелей қоректiк байланыстар. Мұндай байланыстар түрлердiң бiреуiне керi, екiншiсiне қолайлы әсер етедi. Қоректiк қарым-қатынастар бiрлестiкте маңызды орын алады. Кез-келген гетеротрофты ағзалар  басқа гетеротрофтардың немесе автотрофтардың есебiнен өмiр сүредi. Жыртқыштар деп әдетте  жануартектi азықпен қоректенетiн жануарларды атайды. Оларѓа аңшылық мiнез-қылық тең.

Паразитизм – бір жануар (паразитті) екінші жануардың (иесінің) денесінің сыртында, не ішінде тіршілік етуін, оның денесінің ұлпаларынмен немесе сұйық заттарымен, ішегінің ішіндегі заттарымен қоректенуін, нәтижесінде иесіне үлкен зиян тигізетін, кейде ажалына да себеп болатын бірлесіп тіршілік ету әдісін айтады. Кейбір паразиттер өзінің иесіне тек қоректену үшін, анда-санда келіп тұрады (масалар), олар уақытша паразиттер деп аталады, басқа бір түрлері өмірбойы иесінің денесінде болады, бұларды тұрақты паразиттер деп атайды (жалпақ құттар, жұмыр құрттардың өкілдері т.б.). егер парзит өзінің иесінің сыртқы денесінде (бүргелер, кенелер, биттер т.б.) жануарлардың сыртында тіршілік етсе, олар сыртқы-эктопаразит деп, ал паразиттің мекені иесінің ішкі мүшелерінде болса (ішек,қан, бұлшық еттер т.б.) онда оларды ішкі – эндопаразит деп атайды. Паразиттік тіршілік ететін жануарлар бірнден пайда болған жоқ, олар эволюцияның даму барысында табиғатта өз бетінше еркін тіршілік ететін жануарлардан щыққан. Олар  дамудың барысында бірте-бірте екінші бір басқа жануарлардан шыққан.
Тағы рефераттар