ХХ ғасырда туризм дүние жүзінің көптеген аймақтарында аса маңызды массалық құбылысқа айналды, сол үшін рекреация феномені ғылымның зерттеу объектісі болды. Көптеген мемлекеттерде туризм шаруашылықтың маңызды саласы болып калыптасты, мысалы, Франция, Италия, Испания елдеріне жылына ондаған миллион туристтер келеді, олардың саны мемлекет халқының санынан асады. Көптеген мемлекеттерде туризм саласы ішкі өнімнің жартысынан астам бөлігін құрайды. Рекреациялық әрекет және туризм территорияны игерудің фундамнтальдық процестерінің құрамына жатады.

ҚСРО кезінде рекреация мәселелері бойынша теориялық еңбектер ХХ ғасырдың 70-80-ші жылдары жарияланып басталды. Қазіргі таңда рекреация адамдардың өмір сүруінде аса маңызды орын алады.

Рекреация деген латын тілінен аударғанда recreatio – қайта қалпына келу деген, яғни адамның қара (физикалық) және рухани күштерін еңбек әрекеті процесінде жұмсалуынан қайта қалпына келтіру, оның ден саулығының және жұмыс істеуінің деңгейін көтеру. Рекреациялық әрекет белгілі бір территорияның рекреациялық потенциалын анықтайтын рекреациялық ресурстарға негізденеді. Рекреациялық ресурстар деп рекреациялық іс-әрекеттің түрлерін ұйымдастыруда пайдаланатын бірегейлілік, тарихи немесе көркемөнерлік бағалыққа, эстетикалық ажарлылыққа және емдеу-сауқтыру маңыздылық қасиеттеріне ие болатын табиғи және антропогендік объектілерді түсінеді (Максаковский, 2004). Адамның ден саулығын және еңбек қабілеттілігін қалпына келтіру және ондай жағдайды сақтау ретінде демалуды қамтамасыздандыратын табиғи және мәдени ресурстарының белгілі бір бөлігі рекреациялық ресурстары деп аталады (Реймерс, 1990)

Рекреациялық іс-әрекетті ұйымдастыру кешенді сипатқа ие, себебі кез келген рекреациялық жүйеде өзара әрекеттесуге демалатын адамдар тобы, табиғи кешендер, техникалық инфрақұрылым, қызмет көрсету саласы, өндірістік сфера, еңбек ресурстары, қоныстану жүйелері.

Территориялық рекреациялық жүйелер туралы түсінік. Қазіргі рекреациялық географияның зерттеу предметі территориялық рекреациялық жүйелер (ТРЖ) болып табылады. Сонымен қатар рекреациялық география география, экономика және мәдениеттанудың түйскен жерінде орналасқан «шекаралас» ғылымға жатады. Қазіргі ТМД елдеріндегі зерттеушілер бойынша рекреациялық географияның негізгі үш көз қарасы ажыратылады:

—         қоршаған орта көз қарасынан (физикалық-географиялық бағыттар зерттеледі);

—         әрекеттік көз қарасынан (адамның іс-әрекеті және оның мінезі зерттеледі);

—         субъективтік көз қарас (адамдардың қабылдау қасиеттерін және олардың ерекшеліктерін зерттейді).

Материалдық заттар, жүйелер, процестер және құбылыстар

рекреацияның объектілері болып табылады. Рекреацияның субъектері деп рекреациялық әрекетпен шұғылданатын адамдары түсінеді. Рекреациялық географияның көз қарасынан өзінің әлеуметтік мәдени біліміне стандартына сәйкес өзінің күшін қайта қалпына келтіруге бағытталған адамдардың әр түрлі іс-әрекетін рекреациялық әркет деп атауға болады. Мұның ішіне рекреацияның тәулікті, апталық, кварталдық, жылдық және өмірлік циклдері кіреді.

В.Б. Николаенко [15] бойынша, рекреациялық география жүйелердің оптимальдық функциолануы бойынша түрлі үсыныстарды жасап шығарады; белгілі бір көрсеткіштерімен жүйелерді проектілейді; рекреациялық қажеттілікті анықтайды; жүйелердің жасау және функциолау саладарына болжам береді; территориялы-дифференциацияланған нормаларды және территориялық рекреациялық жүйелерді проектілеудің және оны зерттеу әдістер жүйесін жасап шығарады; территориялық рекреациялық жүйелердің аймақтық ерекшеліктерімен таныстырады. Демек, рекреациялық география қоғамдық арнайы географиялық ғылымдарға жатады, оның зерттеу объекті мен предметінің мақсатты функциясы әлеуметтік деп анықталады. Рекреациялық география географиялық ғылымдар жүйесеніде қолданылатын тарихи, салыстырмалы, картографиялық, талдау-статистикалық, экспедициялық зерттеу, математикалық модельдестіру әдістерін пайдаланады. Рекреациялық географияның зерттеу предметі әлеуметтік сипатқа ие болғандықтан бұл ғылымда басқа да қоғамдық және медикалы-биологиялық ғылымдарының әдістерін қолданыдаы, мысалы, баланстық, социологиялық т.б. Рекреациялық географияның басты мәселесі территориялық рекреациялық жүйелердің даму және қалыптасуының объективті заңдылықтарын айқындау және белгілі бір елдің немесе ауданның әлеуметтік-экономикалық және табиғи жағдайыда олардың әрекеттеу механизмдерін.

Рекреациялық географияның басқа бір маңызды мәселесі рекреациялық іс-әрекет жүргізу үшін жүй тармақтары арасындағы оптимальдық өзара байланыстар және өзара тәуелділіктерді орнату, территориялық рекреациялық жүйелердің шоғырлану деңгейін және олардың мамандануын негіздеу мақсатында әр түрлі деңгейдегі және әр түрлі типтерін зерттеу маңызды болып табылады. Одан басқа рекреациялық географияның маңызды мәселесі өз өлкенің, Қазақстанның, шет елдердің рекреациялық жүйелер туралы ақпаратты түсінікті деңгейде жеткізу.

Н.Ф. Реймерс [17] бойынша, адамның ден саулығын, оның еңбекке қабілеттілігін қайта қалпына келтіру үйден тыс болу қажет, яғни туристтік саяхатта, санаторияда, демалу үйлерінде т.б. Мұндай пікір, рекреация демалудың, синонимі ретінде қарастыруға себеп береді. Осы көз қарастан демалудың белсенді және пассивтік түрін ажыратады. Белсенді түрі басым туристтік, спорттық тағы басқа қозғалмалы әрекетпен байланыстарды. Ал пассивтік демалу, жалпы қозғалыстардың барлық түрлерін тыс демалу.

Демалу процесінің ұйымдастырылуы бойынша ұймдастырылмаған және ұйымдастырылған демалу түрлеріне бөлінеді. Ұйымдастырылған демалу рекреациялық ресурстарды пайдалануды басқарылатын процес түрінде болады, яғни демалу процесі уақыт, кеңістік т.б. көрсеткіштер бойынша шектелген, арнайы маршруттар бойынша, жалпы барлық рекреациялық объектілерді және процестерді белгілі бір тәртіпке бейіделген болады. Ұйымдастырылмаған демалу түрі белгілі бір жүйеге немесе тәртіпке жатпайды, яғни қызмет көрсету саласы жоқ жағдайда өткізілетін демалу.

Рекреациялық ресурстарды жалпы түрде табиғи және антропогендік түрлеріне бөледі. Рекреациялық ресурстардың табиғи түрлерін климаттық, гидрминеральдық, су, орман, таулы ресурстары және теңіз жаға бойының ресурстары жатады. Антропогендік рекреациялық ресурстарға мәдени-тарихи ескерткіштер, қалалар және басқада елді мекендер, бірегей (уникальный) техникалық құрылыстар т.б.

Рекреациялық ресурстарды түрлері бойынша ажыратады, мысалы, туризм ресурстары, емдеу ресурстары т.б. және функциялары бойынша курорттық немесе емдеу, сауықтыру, спорттық және экскурсиялы-туристтік немесе тану мақсатында пайдаланатын ресурстары.

Ғылыми географиялық әдебиетте «рекерациялық объект», «рекреациялық территория» және «территориялық рекреациялық жүйе (ТРЖ)» деген терминдер қолданады. Қазіргі таңдағы анықтамалар бойынша демалуға ерекше жағымды қасиеттерге ие ауданы бойынша шектелген кез келген орын – рекреациялық объект болып табылады, Ниагара сарқырамасы, Шардара су қоймасының плотинасы т.с.с. Адамның ден саулығын және еңбек қабілеттілігін қайта қалпына келтіру, жалпы демалуға арналған су акваториясының немесе құрлықтың учаскесі – рекреациялық территория болып табылады, ұлттық парктер, ормандар, көлдер т.б.

Үшінші термин жүйелі көз қарастан қарастырылады, сондықтан, территориялық рекреациялық жүйе деп өзара байланысқан жүйе тармақтарынан тұратын (табиғи және мәдени кешендерден, техникалық құрылыстардан, қызмет көрстеу персоналдан, басқару органдардан және демалушылардан) геожүйе болып табылады.

Территориялық рекреациялық жүйе концепциясы 1969 жылы В.С. Пребораженский негіздеді [15]. Оның ойыларын дамыта отырып бірнеше авторлар рекрациялық жүйенің адаптациялық моделін жасап шыққан. Берілген модельдің құрылымында демалушының рекреациялық ортаны қабылдаудың үш негізгі стадиясын ажыратады: әрекет алды (ортаның «көрінісі»), әрекеттегі («ситуация») және әркеттен кейін («із»).

Қабылдаудың бірінші фазасы (әрекет алды), рекреациялық шұғылдану циклдерге қатысты рекреациялық қажеттілігінің сипаты мен құрылымын сәулелендіреді. Екіншісі (әрекеттегі) – демалу ортамен адамдардың өзара әрекеттесудің ерекше формалары түрінде рекреациялық шұғылдануды орындау процесі. Үшінші (әрекеттен кейін) – рекреацияның эффективтілігі, яғни  естелік, басқа адамдарға мәлімет жеткізу, және сонымен қатар экономикаға, мәдениетке және экологияға жанама ықпалы.

Кеңес кезеңінде, рекреациялық ресурстарды, территориялық рекреациялық жүйелердің функциолануын, құрылымын және құрамын, рекреациялық территориялардың қасиеттерін зерттейтін ғылыми бағыт ҚСРО-да ХХ ғасырдың 60-ші жылдары «рекреациялық география» деп аталды. Еуропа мен Американың көптеген елдерінде рекреациялық географияны «туризм және демалу географиясы», «бос уақытының географиясы», «демалу географиясы» деп аталады.

Рекреациялық іс-әрекет процесінде пайдаланатын территория мен жүйелердің объектілері негізінен табиғи және мәдени ескерткіштер болып келеді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қорықтар, табиғи ескерткіштер, ұлттық парктер, заказниктер туралы ережеде, ғылыми, мәдени-тануда және сауықтыру қатынаста бағалы болып табылатын бірегей (уникальный) немесе типтік табиғи объекттер, кіші-гірім урочищелер болып келетін (өзеннің, көлдің, жаға бойының, жеке бір тау жотасы), жеке объекттер (геологиялық ашылулар, үңгірлер, ерекше өсіп жатқан ағаштар, т.с.с., сонымен қатар тарихи немесе мәдени ескерткіш ретінде мойындалмаған немесе табиғи-мәдени ескертікштер құрамына кірмеген жасанды объекттер –  ескі паркттер, тоғандар т.с.с. табиғи ескертіштер деп жарияланады.

Мәдени ескерткіштерге архитектуралы-құрылыс, археологиялық, діни және басқада ұқсас объектілер жатады. Ескерткіштерді бағалылығына және біргейлігіне қарай дүние жүзі мұралар ескерткіштердің категориясына немесе ұлттық (мемлекеттік) ескерткіштерге жатқызады.

Мәдени ескерткіштерді бес топқа ажыратуға болады:

1) археологиялық ескерткіштер;

2) тарихи ескерткіштер (ғимараттар, тарихи оқиғалармен, қоғамның, ғылымның және техниканың дамуымен, мәдениет және тұрмыспен, көрнекті мемлекеттік қайраткерлерінің өмірімен, халық батырларымен, ғылым, әдебиет және өнер қайртакерлерімен байланысты);

3) архитектуралық ескерткіштер (архитектуралық ансабльдер, ескі қалаларданың қалдықтары, діни архитектура т.с.с.);

4) өнер ескерткіштері (скульптуралар, саябақ өнері т.с.с);

5) мемориалдық ескерткіштер (кесенелер, монументтер, мешіттер, шіркеулер т.с.с.).

Демек, табиғаттың және мәдениеттің ескерткіштері, демалушылардың белгілі бір ландшафтға келуінің негізгі себептері болу мүмкін

Жоғарыда көрсетілген территориялардан тыс, демалушылардың апта бойы қысқа мерзімді демалу мақсаттымен баратын, жалпы мақсатта пайдаланатын саябақтар, ормандар, елді мекендердегі жасыл учаскелері рекреациялық ресурстары ретінде пайдалануда.

Табиғи және мәдени объектілерімен қатар рекреациялық территориялар шегінде көпфункционалды рекреациялық әрекетті жүргізуді қамтамасыздандыратын (емделу, сауықтыру, спорттық) рекреациялық мекемелер түріндегі территориялық рекреациялық жүйелерде бар. Мұндайларға санаториялар, курорттар, жасалыңған маршруттар жүйесі бар экскурсиялық орталық болып табылатын қалалар, туристтік базалар, альпинисттік және тау шаңғы лагерлері.

Белсенді демалу көлемінде туризм деген рекреациялық іс-әрекетінің түрі ерекше дамыды. Қазіргі ғылыми әдебиетте «туризм» деген түсінікке бірнеше көз қарастан түсіндірме береді. Анықтамалардың бірі бойынша туризм деген бос уақытындағы белгілі бір мақсатпен саяхат жасау. Басқа бір пікір бойынша шаруашылықтың, тұратын жерінен уақытша тыс орналасқан адамдарға қызмет ету саласы немесе туристтерге тауар мен қызмет етуін қамтамасыздандыратын рыноктың бір сегменті болып табылады.

Жүйелі көз қарастан туризм географиялық элементтерден, туристтерден, туристтік индустриядан құрылған жүйе деп анықталған.

Географиялық элементтер туристтер аймағы, транзиттік аймақ және туристтік дестинация болып бөлінеді. Туристтердің тұтынуна жауап беретін және тасымалдау, түнеу, азықтану, демалу тағы сол сияқты сұраныстарды қамтамасыздандыратын территорияны дестинация деп атайды. (ТМД елдеріндегі туризм бойынша еңбектерде мұндай термин жоқ, оның орнына «курорт» термин қолдануда).

В.Б. Николаенко бойынша [15], туризм саяхаттанудың басты мақсатына қарай курорттық-емдеу-, сауықтыру-спорттық, тану, конгресстік, діни, білім алу, ойын-сауықтыру, ғарыштық т.б. ХХ ғасырдың 90-ші жылдарында экотуризм жақсы даымп бастады. Туризмнің мұндай түрінің басты маңыздылығы адамның табиғатты қорғау мәселелерін қарастыру.

Саяхат жасаудың орнына және көлік түріне қарай түризм жаяу жүру, сулы, автокөлікті, шаңғы, велосипедттік, мотоциклеттік, тау шаңғы, таулы, спелеотуризм, альпинизм, құзға шығу (скалолазание), сонымен қатар авиа мен теңіздік турларға бөлінеді.

Белсенді демалу түрлеріне қала түрғындарының саяжайларында демалу барысында айналадағы суаттарда шомылу, балық аулау, саңырауқұлақ теру т.с.с.

Қала түрғындары елді мекенде де демалуға мүмкіндік бар, мәдениет сарайлары, музейлер, кинотеатрлар, театрлар, библиотекалар, цирктер, әр түрлі көрмелер, әр түрлі спорттық құрылыстар (бассейндер, стадиондар, ипподромдар, корттар т.б.), клубтар және қоғамдар т.б. Сонымен қатар жалпы демалудың негізгі түсінігі іс-әрекеттің түрін өзгерту үй жағдайында өткізуге болады.

Рекреацияның типтері. Рекреация жаңаны танудан басқа, стресс, шаршағандыққа реакция болып келеді. Адамның өмірінде стресстік жағдай, шаршағандық көп болған сайын, рекреацияда қажеттілігі күшейеді. Бұл заңдылық ең белсенді рекреанттар болып басым ірі, үлкен қалалардың түрғындары болады. Адам шаршағанын тәуліктік, апталық, квартальдық және жылдық циклдер есебінен қайта қалпына келтіріледі.

Кеңістік көз қарасынан рекреацияның екі стандарты – белсенді және пассивті түрлері ажыратылады. Мекен жайынан жақын жерде, немесе мекен жайының шегінде демалуды «пассивтік рекреация» деп түсінеді. «Белсенді рекреация» негізгі мекен жайынан алыс қашықтаған жерде демалу. Рекреациялық әрекеттің қайталану критериялары негізінде рекреацияның 5 түрін ажыратуға болады:

1) Тәуліктік демалу – 24 сағаттық цикл. Демалуға ажыратылған уақыт шамамен 8 сағат, бұл – ұйқы.

2) Апаталық демалу – 7 күндік цикл. Демалуға ажыратылған уақыт шартты түрде 6 – 8 сағат. Бұл демалыс мекен жайынан жақын орналасқан демалу орындарына бару, мысалы, саябақтар, зообақ т.с.с., сонымен қатар табиғатта шығып демалу.

3) Квартальдық демалу – 65 – 90 тәуліктік цикл. Орташа есеппен тікелей демалуға арналған уақыт көлемі 8 сағат. Демалудың квартальдық циклі басым біркүндік, мекен жайынан алыс емес жерге барып демалуды түсінеді. Бірақ сонымен қатар түрақты мекен жайынан алысқа кету шарт емес.

4) Жылдық демалу – 365 тәуліктік цикл. Демалуға арналған тікелей уақыт 10 – 14 тәулік деп белгілеуге болады. Демалудың жылдық циклі әр түрлі мақсатпен түрақты мекен жайынан алыс жерде (оқу, діни, курорт, спорттық демалу т.с.с.) болғанын түсінеді. Бірақ мекен жайымен шектелуге де болады, квартальдық демалу циклінен өзінің ұзақтылығымен сипатталады.

5) Өмірлік демалу – В.Б. Николаенко бойынша [15] – шамамен 10 – 15 жылды қамтиды. Бұл циклде мекен жайынан аса ұзақ орындарға бару, мұндай циклдер барлық адамдарда болмайды, оның себептері тосаттан болады.

Рекреацияның тәуліктік және апталық циклдері адамның іс-әрекеті процесіндегі биологиялық еркешеліктерімен анықталған. Тәуліктік рекреацияның себептері – күндізгі шаршағандық, адам белгілі бір уақыт бойы ұйықтау, жұмыс орнынан тыс болу қажет. Апталық рекреацияның себептері жоғардағыдай, адамның ден саулығы аптаның аяғына қарай демалуды талап етеді. Шамамен апта бойы 40 – 50 сағат жұмыстан кейінгі демалу. Тәуліктік және апталық рекреациялар: «шаршаған жерден» «демалу жері» арасындағы қашықытық маңызды емес. Квартальдық рекреация күрделі құбылыс болғандықтан оның себептері әр түрлі болады, соның ішінде ең маңызды себеп, бір орында ұзақ уақыт бойы болудан шаршау, сондықта квартальдық рекреацияда мекен жайынан белгілі бір қашықтықта кетуі байқалады.

Кеңістікті жылдық белсенді демалу типтері – кеңістікті игеру жоғарғы деңгейінің туындысы. Олар әлуеметтік мәдени эволюцияның белгілі кезеңдеріне сәйкес келеді. Бір қатар факторлар тәуелді бұл цикл әр түрлі формада және жиілігімен сипатталады. Демалу деген жақсы жағдайға ауысудан басқа мекен жайынан басқа бір әр түрлілікті іздеу болып табылады. Әр түрлілікке мекен жайынан алысқа кетпей де жетуге болады. Кеңістік көз қарасынан бұл пассивтік демалу, бірақ өізінің функциларын орындауда  белсенді демалудан айырмашылығы жоғары емес. Жылдық демалуда мекен жайынан алысқа кетуі шарт емес.

Рекреацияның шаруашылық потенциалы. Рекреацияның шаруашылық потенциалы деп рекреанттар үшін сату және тауар мен қызмет үсыну, тікелей өндіріс арқылы орындалатын негізгі қорды, сонымен қатар рекреацияның жағдайын жақсартатын бірақ процесте тіккелей қатыспайтын қосымша еңбек құралдарын түсінеді. Рекреацияның шаруашылық потенциалы территорияны рекреациялық мақсатта игеру барысында пайда болады. Бұл процестің күрделілігі рекреациялық игеру және рекреациялық игерілгендік деегн түсініктерді анықтауын қажет етеді.

Рекреациялық игеру және рекреациялық игеру деңгейі (игерілгендігі). Территорияны рекреациялық шүғылданудың белгілі бір түрлеріне және олардың комбинацияларына беуімделуінің көптарапты процесті – рекреациялық игеру деп аталды [12]. Еңбектің территориялық бөліну процесінде рекреацияның шаруашылық потенциялының деңгейі [12].

Бос және рекреациялық уақыт. АҚШ ұлттық туризм саясатын зерттеу Орталығының мамандары рекреацияның мынадай анықтамасын береді [15]: бос уақытты жасап шығу және оны жеке пайдалануымен шұғылданатын адамдардың іс-әрекетін түсінеді. Осыған байланысты «бос уақыт» деген түсінікті еңгізу қажет. Рекреациялық саланың дамуы бос уақыттың мәселесімен тікелей байланысты. Бос уақыт – көлемі және мазмұны бойынша өзгермелі, белгілі эпоханың, класстың, әлеуметтік топтың беліглеріне ие динамикалық категория. Ол жұмыстан тыс уақыттың белгілі бір бөлігі болып табылады. Бұл  түсінікке адамның іс-әрекетінің жан-жақтылығы сипатты, осыған бос уақытын пайдалану деңгейі тәуелді, яғни демалысын шығармышлықты өткізу немесе өзінің уақытын «босқа» өткізуде.

Жұмыс және өндірістік уақытымен салыстырғандағы бос уақытын белсенді өткізудің негізгі элементтерінің бірі демалу уақыты – апталық мейрамдар, қысқы және жазғы демалыс т.б. Бос уақыттың түсінігі мәдени талаптарды қанағаттандыру, демалу мен ойын-сауықтырумен бір түсінікте болады.

Р.Ланкуаре, [15] адамның өмір бойы уақытын төмендегідей түрінде жіктейді:

1. Әлеуметтік және жеке уақыт: әлеуметтік уақыт деген – белсенді жұмыс істеуге, қоғамдық және от басындағы өмірге арналған уақыт; жеке уақыт – ден саулығына және мәдени дамуына арналған уақыт.

2. Демалу уақыты және белсенді әрекетте болу уақыты: еңбек, қоғамдық және от басына арналған уақыт; ал демалу уақыт —  демалуға арналған уақыт.

3. Өндірістік іс-әрекетінің уақыты және пайда табуымен байланысты емес уақыт.

4. Құрылымдалған және құрылымдалған емес уақыт: біріншісі – календарь және айқын кесте бойынша ұйымдастырылған уақыт, екіншісі — жобаластырылмаған уақыт.

Уақыттың маңызды қасиеттерінің бірі оның иерархиялығы. Уақыт иерархиялығын төмендегідей формада көрсетуге болады:

 

Әлеуметтік уақыт = жұмыс уақыты + жұмыстан тыс уақыт.

Рекреациялық уақыт жұмыстан тыс уақыттың бір бөлігі болып табылады. Тәуліктік әлеуметтік уақыт үш сегіздік қағидаға жауап береді (тәуліктің 24 сағатының – 8 сағаты ұйықыға жұмсалады, 8 сағаты жұмыс уақыты, 8 сағаты жұмыстан тыс кезең.

Б.В. Николаенко бойынша [15], бос уақыт – табиғи қажеттілігін қанағаттандырумен байланысты емес жұмыстан тыс уақытының бір бөлігі, ол жұмыстан тыс сипаттағы әрекетті орындауға мәжбүри жұмсалатын уақыт (мысалы, кеңістікте орын алмасуды, яғни жұмыстан үйге жету, немесе керісінде).

Рекреациялық уақыттың ажыратылған массивтері индивидтің (адамның) күштерін қарапайым және кеңейтілген ұдайы өндіріс (воспроизводство) функциаларын әр түрлі түрде орындайды. Мысалы, инклюзивтік уақыт – күштің қарапайым компенсаторлық қайта қалпына келтіру уақыты, күнделік уақыт – күштің компенсаторлықты-кеңейтілген қайта қалпына келтіру уақыты, отпускті (жылдық демалу) уақыт – кеңейьілген қайта қалпына келтіру уақыты. Сонымен қатар, қоғамдық ұйымдастырылған рекреацияның құрылымы рекреациялық уақытқа сәйкес келмейді. Рекреациялық уақыттың құрылымына сәйкес рекреацияның лайықты түрлерін ажыратады:

инклюзивті – күнделікті және еңбек іс-әрекетінің құрамына кіретін рекреациялық іс-әрекет;

күнделікті – түрақты рекреациялық іс-әрекет: қысқа мерзімді серуендеп жүру, таңғы жаттығу, спорттық ойын, шомылу, оқу;

Апталық – жұмыс атплығының соңына жататын рекреациялық іс-әрекет (уик-энд): саяжайға, қаладан тыс демалу орындарына бару т.с.с.;

Отпусті (жылдық демалыс) – жұмыс жылының аяғына қатынасты рекреациялық іс-әрекет.

Компенасторлық – адамның күшін қалыпты деңгейге дейін келтіретін рекреациялық әрекет.

Кеңейтілген – адамның күштерін белгілі бір қорымен компенсациялауға мүмкіндік беретін рекреациялық іс-әрекет.

Рекреациялық кеңістік және уақыт. Жоғарыда келтірілгендей рекреациялық уақыт жеке адамның, топтың, қоғамның физикалық, рухани ден сауылығын сақтау, қайта қалпына келтіру және даму және интеллеткуалдық жетілдіру үшін қолданылатын әлеуметтік уақыттың бір бөлігі.

Бүгінгі таңда, көп адамдардың рекрациялық уақыты бос уақытына сәйкес келеді. Одан қалса бос уақыттың халықтың ден саулығын қайта қалпына келтіруге және дамытуға жұмсалатаны уақытты рекрациялық уақыт деп анықтайды.

Қазіргі таңда рекреациялық географияның жаңа проблемалардың бірі бос және жұмыстан тыс уақытты рекреациялық уақытқа ауыстыру. Рекреациялық уақытты демалушылардың және демалысты ұйымдастыратындардың уақыттарын ажырату қажет.

Демалушылар рекреациялық уақытын өзінің жеке көз қарасынан қарастырады, ал демалысты ұйымдастырушылардың уақыты – халықтың рекреациялық тұтынуларын қамтамасыздандыруына бағытталған іс-әрекетті функциолану және қалыптасу уақыты.

Әлеуметтік уақытты зерттеудің өлшеу бірліктері өмір (балалық шақ, кәмелеттік, кәрілік), жыл, апта, тәулік болып табылады. Осы кезеңдердің рамкасында әлеуметтік уақыттың құрылымы, жұмыс және жұмыс тыс уақыттың кезектесуінің белгілі бір ритмі қалыптасады.

Әдеттегі еңбек күнін сипаттайтын тәуліктік кезеңіне жұмыс басталуға дейін, түскі асқа бөлінген, жұмыстан кейінгі жұмыс емес кезеңдері кіреді. Оның ұзақтылығы бірнеше сағат. Апталық кезеңнің құрамына, кезекті қайталанатын тәуліктік жұмыста тыс уақытымен сенбі-жексенбі (уик-энд) демалу уақыты кіреді, оның ұзақтылығы 1-2 күн шамасында. Жылдық кезеңге отпускті уақыт кіреді, ол кезеңнің ұзақтылығы еңбек түріне қарай әр түрлі болып табылады, мысалы Қазақстанда, 18 календарлық күннен 56 күнге дейін созылады.

Рекреациялық кеңістік әлеуметтік кеңістіктің бір бөлігі болып табылады. Ол рекреациялық уақыт сияқты рекрациялық іс-әрекетінің субъектімен тікелей байланысты. Демек, жеке адамның, адамдар тобының, аймақ, мемлекет халқының, т.с.с. рекреациялық кеңістігі туралы айтуға болады.

Рекреациялық кеңістікті демалушылар және демалысты ұйымадстырушылар қалыптастырады. Рекреациялық кеңістіктің қалыптасуы таңдау негізінде қалыптасады: нақтылықтың көптеген объектілері мен қасиеттерінен рекреациялық тұтынуға ылайықты болып келетін.

Рекреациялық іс-әрекет және рекреациялық потенциал. Рекреациялық потенциалды ұзақтылығы және өткізу орны бойынша критерийлерге қарап ажырату өте күрделі мәселе болып табылады. Экскурсия мен туризмнің арасындағы уақыт бойы айырмашылығын тәуліктік цикл бойынша ажыратылады деп түсінеді. Яғни 24 сағат дейін рекреациялық әрекет экскурсияға жатады, ал одан көп болған жағдайда оны туризм деп есептейді.

Рекреациялық іс-әрекеттер әр түрлі болып келеді. Мысалы демалудың барлық түрлерін екі үлкен топқа бөледі, стационарлық және мобильді (қозғалмалы десек болады). Басқа бір классификациясы бойынша демалуды ұзақ уақыт бойы (емделу, сауықтыру, спорттық, тану т.б.) және қысқа мерзімді категорияларға бөледі.

Маусымдық белгілері бойынша демалу түрлерінің топтарында жазғы, қысқы, өтпелі масымдарда демалу түрлеріне бөлуге болады. Жастық шақ бойынша мектепке жетпеген балалардың, мектеп оқушылардың, орта жастағы және кәрі жас адамдардың демалу түрлеріне бөлінеді. Осыған қосымша отбасымен демалу, жеке демалу, аралас демалу, ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған демалу болып бөлінеді.

Рекреацияның дамуына рекреациялық потенциалдың бар болуы қажетті жағдай, ол жағдай әр түрлі масштабта бағаланады: халықаралық, мемлекет, аймақ, аудан деңгейлері.

Белгілі бір территориядағы рекреациялық іс-әрекетті ұйымдастыру үшін табиғи, мәдени-тарихи және әлеуметтік-экономикалық алғы шарттарының жиынтығын рекреациялық потенциал деп атайды.

Рекреациялық потенциалды төмендегідей көрсеткіштер бойынша қарастыруға болады:

1. Табиғи және тарихи-мәдени объектілердің бірегейлік, экзотикалылық деңгейі:

—         мәдени-тарихи объектілердің ақпараттық мәні;

—         объектілердің тану және тәрбиелік маңызы;

—         ЮНЕСКО тізіміне жататын, халықаралық деңгейдегі объектілер мен   ескерткішердің бар болуы;

—         ұқсас объектілер арасындағы типтілігі;

—         түрақты мекен жайына салыстырғандағы объекттің контарсттылық деңгейі;

—         объекттер мен құбылыстардың басқа жерде кездесетіндығы және қайталанбайтығын дәрежесі;

—         сұраныс орындарына қатынасты тарихи-мәдени объектілердің қол жетерлігі және осы объектілер танымал болуы;

—         мәдени кешендердің сыйымдылығы және сенімділігі;

—         объектілердің көлемі мен пішіндері және оны шолу мүмкіндігі.

2. Табиғи және тарихи-мәдени потенциал мен территорияның қол жетерлігі:

—         көлікті қол жетерлігі;

—         кеңістікті қол жетерлік;

—         уақыт бойы қол жетерлік;

—         саяси қол жетерлік;

—         әлеуметтік-экономикалық қол жетерлік;

—         қаржы қол жетерлік;

—         ақпараттық қол жетерлік;

—         формальдық қол жетерлік;

—         инфрақұрылымдық қол жетерлік.

3. Рекреациялық және туристтік инфрақұрылымның бар болуы.

—         орналастыру индустриясы;

—         азықтандыру индустриясы;

—         ойын-сауық (развлечение) индустриясы;

—         көлік тасмалдау индустриясы.

4. Территорияның рекреациялық және туристтік мүмкіндіктері және оны пайдалану дәрежесі. Рекреациялық іс-әрекетінің ресурстары және жағдайы:

—         территорияның медикалы-географиялық және физикалық-географиялық сипатты көрсеткіштері;

—         территорияның микроклиматтық ерекшеліктері;

—         территорияның мәдени-тарихи маңыздылығы;

—         территорияның рекреациялық игерілгендігі және рекреациялық игеруі;

—         рекреациялық ресурстардың сиымдылығы;

—         рекреациялық және туристтік ресурстары туралы ақпарттық құрамдастығы;

—         рекреация және туризм дамуының жинақтау, орындалу және локализдену факторлары.

5. Территорияны рекреациялық пайдалану дәстүрлері.

—         территорияның рекреациялық игерілу деңгейі;

—         территорияның әлеуметтік-мәдени өзгерістері;

—         аймақтағы рекреация мен туризм дамуының дәстүрлі және бірегей бағыттары;

—         туристтік орталықтар және туризм орталықтары: олардың ерекшеліктері, мамандануы және дамуы мен қалыптасуындағы ерекшеліктері;

—         ауданның игеру кезеңі және игерулік дәрежесі;

—         территорияны рекреациялық пайдалану түрлері.

6. Жергілікті халықтың өмір сүру салт-дәстүрлері және территорияның туристтік-рекреациялық мұраны қабылдау жағдайы.

7. Табиғи-климаттық және ландшафттық жағдайы:

—         климат жағдайы;

—         орографиялық жағдайы;

—         гидрологиялық жағдайы;

—         фауналық және флоралық ресурстары;

—         ерекше қорғалатын табиғи территориялар және бірегей табиғи объектілер;

—         адамның организміне табиғи факторлардың ықпалы, олардың комфорттылығы: жергілікті жердің метеорологиялық жағдайы, ауа райының өзгермелілігі т.с.с.

—         топологиялық (жергілікті жердің бірегейлігі; табиғи орталардың байланыстылығы және табиғи мен мәдени-тарихи рекреациялық ресурстардың өзара әрекеттесу формалары), фукционалдық (саңырауқүлақ, жидек теру, балық аулау, өнеркәсіптік емес аң аулау жағдай, саяжай үшін территория бөлістіру жағдайы) және эстетикалық қасиеттері (рекреанттың психологиялы-эмоциональдық сферасына территорияның әсер ететін қабілеті).

8. Рекреация мен туризм дамуына ықпалы бар жағымды және жағымсыз факторлар:

—         ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұра тізіміне еңгізілген объектілердің бар болуы;

—         техногендік іс-әрекетінің саладырының және табиғаттың апаттық құбылыстардың орын алуы (авариялар, апаттар);

—         халықаралық және ішкі туризмнің инфрақұрылымдық қамтамасыздану дәрежесі;

—         жергілікті түрғындарды және еңбек ресурстарын пайдалану мүмкіндіктері;

—         аймақтағы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы.

9. Демалудың территориялық ұйымдастырудың негізгі аспектілерін өзара байланысты зерттеу:

—         демалуды ұйымдастыру формалары;

—         демалуды ұйымдастырудың перспективтік бағыттары;

—         рекреациялық инфрақұрылым және оның кеңістікті ұйымдастыруының ерекшеліктері;

—         кеңістіктің туристтік-рекреациялық диффееренциациясы;

—         территорияның экологиялық жағдайы;

—         территорияның рекреациялық және шаруашылықты маңыздылығы.

 

Табиғат ресурстарын рекреациялық баға беру. Табиғат жағдайы мен ресурстарды рекреациялық мақсатта пайдалану үшін оларды бағалау қажет. Оларды бағалаудың үш міндетті кезеңін көрсетуге болады:

—         рекреациялық бағалауда объектілерді ажырату – табиғи кешендерді, олардың компоненттерін және қасиеттерін;

—         бағалауда баға беру көз қарасын анықтау;

—         зерттеудің мақсатымен және масштабымен және де субъекттің қасиеттерімен анықталатын бағалаудың критерийлердің қалыптасуы;

—         градациялаудың бағалау шкаласының параметрлерін жасап шығу. Шкалалар субъект пен объект арасындағы бағалау қарым-қатынастарын көрсетеді. Шкаланың әр бір сатысы берілген объекттің қасиеттерінің субъекттің жағадайымен өзара әрекеттесу жиілігінің көрсеткіші болып табылады. Рекреация үшін алғы шарттарды бағалаудың бес сатылы шкаласы мынадай градациялардан тұрады: аса жағымды, жағымды, орташа жағымды, аз жағымды және жағымсыз.

Табиғат ресурстарын рекреациялық көз қарасынан бағалаудың үш негізгі

типті ажыратады: медикалық-биологиялық, психологиялық-эстетикалық және технологиялық.

Медикалық-биологиялық тип адамның организміне табиғи факторлардың ықпалын сәулелендіреді, олардың комфорттылығын. Сонымен, климаттық ресурстардың рекреациялық бағалауы басты рольді атқарады. Климат деген белгілі бір жергілікті жерге тән ауа райының көп жылдық режимі. Оның адамға ықпалы ауа райы арқылы болады. Ауа райы өзара байланысқан және өзара тәуелді метеорологиялық құбылыстар кешені. Ауа райы жағдайына жауапты реакция ретінде адамның организмінің жағдайына ерекше көңіл аударылады.

Климатологтар мен курортологтар климатты бағалауда ауа райының физикалық бөлігінен басқа оның эмоциональдық көрінісіне де көңіл аударады. Бағалаудың кешенді әдісінде шартты (эффективтік) температуралар жүйесін қолданады. Метеорологиялық элементтердің кешенді ықпалының төмендегідей көрсеткіштері сипатталады: ауа температурасы, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, желдің жылдамдығы, күн радиациясы және үзын толқынды сәулелену.

Температура мен ылғалдылықтың ықпалын сипаттайтын кешенді көрсеткіш эффективтік температура деп аталады (ЭТ); температураның, ылғалдылықтың және желдың жылдамдығының көрсеткіші – эквивалентті-эффективтік температура деп аталады (ЭЭТ); температураның, ылғалдылықтың, желдің жылдамдығының және күн радиациясының кешенді көрсеткіші – радиациялы-эквивалентті температурасы деп аталады (РЭТ).

Шартты температуралар туралы түсінікпен «комфорт зонасы» түсінік тығыз байланыста, әдетте басым көпшілік адам үшін бұл температура +17°C — +23°C аралығында болады. Ол температуралар аралығынан тыс адам салқындықты немесе ыстылықты сезеді. Белсенді рекреанттар үшін комфорт зонасының температуралары +12°C — +16°C ЭЭТ аралығында орналасқан.

Климаттық рерсурстарды медикалық-биологиялық бағалаудың басқа эффективтік әдіс – кешенді климатология әдісі, ол адамның организміне метеорологиялық жағдайдың жалпы кешенінің ықпалы түсінігінен шығып келеді, соның ішінде «тәуліктік ауа райы», «белгілі бір кездің ауа райы – (погода момента)», ауа райының ауысу контарстылығы. «Тәуліктік ауа райын» пайдалану ауа райының тәуліктік жүрісіне тәуелді адам организмінің функциялануының тәуліктік ритміне байланысты. Ауа райының көптүрлілігі ауа райының 16 классқа бөлінетін классификация көмегімен талдауға болады, ол жіктелу өз кезегінде 3 топқа бөлінеді: аязсыз ауа райы (8 класс), ауаның температурасы 0°C өту ауа райы (2 класс) және аязды ауа райы (6 класс).

Адамға ауа райының барлық класстары жағымды, күндіз күн сәулесі жақсы түсетін, тек ғана жақсы жарықтықты қамтамасыздандыратын көрінетін жарық және ультракүлгін нұрларының келуі болған жағдайда, мұндай жағдайда қоршаған ландшафттар ерекше сүйкімді болатын кезде.

Контрасттық өзгермелілігі мәніне сәйкес ауа райының төмендегідей режимдерін ажыратады: өте түрақты (25 % дейін), түрақты (25 – 34 % дейін), өзгермелі (35 – 50 % дейін), күшті өзгермелі (> 50% аса).

Ауа райы жағдайының организмге ықпалын бағалауда адамның денесі мен қоршаған орта арасындағы жылу алмасуына көп көңіл аударылады, себебі, организмнің жағдайы жылу сезімділігімен анықталады. Адамның жылу жағдайына ауа райының ықпалы объективтік бағалауда, организмнің термореттейтін механизмдерінің дәрежесі деген критерийді қолданады, ол адам денесінің орташа температурасының өзгеруіне, немесе терлеу көрсеткішіне қарай анықталады.

Жылу сезімділігіне есепке ала отырып орташа температураға тәуелді кездесетін ауа райы типтерін 9 категорияға бөлінеді — өте суық ауа райынан — өте ыстық ауа райына дейін. Клмфорттық жағдай – ең жағымды жылу сезімділік адам ыстықты және суықты сезбеген жағдайда байқалады, адам денесінің температурасы 31°C-33°C шамасында.

Психологиялы-эстетикалық бағалауда табиғи ландшафттың немесе оның компоненттерінің ерекше белгілерінің адамға эмоциональдық әсерін зерттейді. Яғни белгілі бір ландшафтқа адамның эмоциональдық реакциясын қарастырады. Сондықтан, жоғары эстетикалық бағаланатын территориялар күшті сұраныспен сипатталады.

Эстетикалық құндылығы пейзаждың элементтерінің әр түрлілігіне, ландшафттың морфологиялық құрылымына тәуелді. Пейзаждық әр түрлілік ландшафттың ішкі морфологиялық құрылымдылықпен анықталады (жер бедерімен, өсімдік жамылғысмен, гидрографиясымен, ландшафттың компоненттері арасындағы өзара байланыстардың сипатымен). Ішкі пейзаждық әр түрліліктің бірнеше көрсеткіштері бар, мысалы, ландшафттың мозаикалылық дәрежесі – қоныстар (урочище) санының зерттеп жатқан ландшафттың жер көлеміне қатынасы; ландшафттардың әр түрлілік дәрежесі – қоныстар түрлерінің ландшафттың ауданына қатынасы т.б.

Табиғи кешендердің ішкі эстетикалық қасиеттері тағы басқа көптеген көрсеткіштерімен сипаттауға болады, мысалы, орманның ішіндегі ағаштардың түрлері, қабаттылығы, бұталылығы т.с.с. Баға беруде орманды және ашық кеңістіктер кезектесіп отыратын кешендер жоғары балл алады. Сонымен қатар өсімдік пен жер бедері пішіндерінің үйлесімділік сипаты аса маңызды болып табылады.

Экзотикалылық – демалу орынның турақты мекен жайына қатынасты контарстылықтың дәрежесі ретінде анықталады.

Табиғат кешенінің рекреациялық бағаладуда бірегейлілігі – объект пен құбылыстардың қайталанбайтығындық және кезедесетіндік дәрежесімен анықталады.

Технологиялық баға беру, рекреациялық іс-әрекеті үшін табиғиттағы басқа ресурстарды пайдалануда техника мен технологияны пайдалану мәселелерін түсінеді.
Тағы рефераттар