Ж о с п а р:

     Кіріспе…………..3-4

1 Тарау.  Рента шарты, өмір бойы асыруда ұстау ұғымдары.

1.1.  Рента шартының ұғымы…………….5-13

2  Тарау.  Рента шартының түрлері.

2.1.  Тұрақты рента шарты…………………14-20
2.2.    Ғұмырлық рента шарты…………..20-22

3 Тарау.  Өмір бойы асырауда ұстау………………23-27

Қорытынды……………………….28
Қолданылған әдебиеттер…………………29

          КІРІСПЕ.

Рента шарты құқық саласындағы азаматтық-құқықтық реттеудің алатын орны ерекше. Осы шарт құқықтық сипаты бар нормативтік заңдармен, актілермен және нормалармен бекітілуі тиіс.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 28 тармағы рента және өмір бойы асырауда ұстау шарттарына арналған.

Рента шарты тарихының дамуы мына жағдаймен қызықты болып келеді: 1922 жылғы Азаматтык кодексте рента және оның түрлері жайлы айтылмаған. Бірақта осындай келісімдер тәжірибе жүзінде жасалынатын. Аса кең таралушылық мұндай шарттар 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысы   кезінде және ол аяқталғаннан кейін алды. Ол түсінікті, өйткені сол кезде көпшілік үшін рента түріндегі ұстауды беру күн көрудің басты көзіне айналды, ең алдымен, мүгедектер, асыраушысын жоғалтқан тұлғалар, зейнеткерлер және тағы басқалар үшін. Сот тәжірибесі сондай жағдайлармен кездескен болатын.

Бұның бәрі 1963 ж. Қазақ ССР Азаматтық кодекста «Өмір бойы асырауда ұстау талабы негізінде үйді иеліктен шығару шарты» деген тараудың пайда болуына әкеп соқтырды. Көрсетілген тарауда «рента» термині қолданылған емес, бірақ, белгіленген шарт ранта шартының бір түрі болды.

ХХ ғасырдың алпысыншы жылдарында болған зейнетақы мөлшерінің тез арада өсуіне байланысты осы қатынастардың дамуының қажеттілігі болмады, және рента шарты тәжірибеде сирек қолданылды.

ХХ ғасырдың тоқсаныншы жылдардың басында рента қатынастары тағы да белсенділік танытты, осы шарттарды теріс пайдалану жағдайларының болуына байланысты, олардың қатаң құқық реттеушіліктің қажеттілігі туды.

Қазіргі уақытта Азаматтық кодекстің 28 тарауымен регламенттелген рента – бұл мүлікті иеліктен шығарумен байланысты, кепілді табысты қамтамасыз ететін азаматтық құқықтың дербес институты.

Рентаға тән белгі бұл оның мүлікті  рента төлеу үшін берген мүлік иесінің кәсіпкерлік қызметінің байланысы жоқ екендігінде. Рента міндеттемесі тек қана шарт негізінде пайда болады. Рента шарты шынайылық, ақысы төленетін болады, сондай – ақ мезгілсіз (тұрақты рента) немесе рента алушының өмір ұзақтығы уақытына (ғұмырлық рента иесі өмір бойы асырауда ұстау) жасалуы мүмкін.

Рента реалдық (шынайылық) шарт, өйткені рента алушы рента төлеушінің меншігіне қандай да бір мүліктің берілу сәтінен басталады, ал шарт талаптарына сай жақтар келіскен сәттен пайда болмайды. Егер де заңнамалық актілерге сәйкес шарт жасасу үшін мүлікті беру қажет болған жағдайда, қандай да бір мүлік берілген сәттен бастап шарт жасалды деп есептелінеді (АК 393-бабының 2 тармағы). Егер де мүлікті иеліктен шығару  туралы шарт нотариалдық куәландыруға немесе мемлекеттік тіркеуге жататын болса, онда сатып алуда меншік құқығы нотариалдық куәландыру немесе мемлекеттік тіркеу сәтінен бастап пайда болады, ал шарттың нотариалдық куәландыруы да, мемлекеттік тіркеуі де керек болған жағдайда – оны (шартты) тіркеу сәтінен бастап.

курстық жұмыс / 29 бет


Тағы рефераттар