Резервтік капиталдың аудиті туралы қазақша реферат

Резервтік капитал (қор) күшіндгі заң актілерінің баптарына сәйкес және құрылтайшыларының құжаттарында қаралған тармаққа сәйкес шаруашылықтың күтпеген шығындарын (зиянды) жабу үшін, сондай-ақ есепті жылдың табысы жетпеген жағдайда инвесторлардың табысын төлеу үшін құрылады. Бір сөзбен айтқанда, резервтік капитал дегеніміз шаруашылықтың сақтандыру капиталы. Резервтік капиталға бөлінбеген қаржылар шаруашылықтың тұрақты жұмыс істеуінің және үшінші тұлғаның мүддесін қорғаудың кепілдігі болып саналады. Осылай құралған қаржы көзі шаруашылықтың үшінші тұлғаның алдындағы міндеттемесін орындайтығына олардың сенімін арттырады.

Резервтік капиталды құру міндетті және ерікті сипатта болуы мүмкін. Бірінші жағдайда, ол Қазақстан Республикасының Заң актілерінде қаралған баптарға сәйкес құрылса, ал екіншісінде – шаруашылықтың құрылтайшыларының жүргізіп отырған саясатына сәйкес құрылады. 1996 жылғы 12 қарашада №2 Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі ұлттық комиссиясының қаулысымен бекітілген қаржылық қорытынды есепті дайындау және тапсыру үшін тұжырымдық негіздемеде резервті құру шаруашылықты және несие берушілерін зиян шегудің салдарынан қосымша қорғау үшін жарғысында немесе заңда қаралады деп атап көрсетілген.

Егер құрылтайшыларының құжаттарында резервтік қор құру қаралмаса, онда шаруашылыққа өз еркімен қор құруына рұқсат етілмейді.

Акционерлік қоғам және басқа да ұйымдық құқықтық нысанда құрылған субъектілілерге Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес міндетті түрде резервтік қор құру қаралса, резервтік капитал бабы бойынша құрылтайшыларының құжаттарында жарияланған жарғылық капиталдың кемінде 15% мөлшерінде резервтік капиталға бөлініп жинақталған сомасын көрсетеді. Резервтік капитал қоғам мемлекеттік тіркеуден өткізілген кезден бастап екі жылдың ішінде қалаптастырылуға тиіс. Қоғамның резервтік капиталы қоғамның таза табысынан жыл сайын қаржы бөлу жолымен қалыптастырылады. Жыл сайын бөлінетін қаржының мөлшерін қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы белгілейді.

Тұтынушыларға құрылған резервтік қор және оның көлемі туралы ақпарат маңызды болғандықтан, аудитор құрылтайшыларының /акционерлерінің/ оған табысты бағыттау және оның мөлшері туралы қабылданған шешімді, сондай-ақ резервтік капиталдың есебінен шаруашылықтың шеккен зиянын шығысқа шығарып жабудың негізділігін анықтауға тиісті. Аудитор тексеру барысында мынандай мәселелерге назар аударып анықтауға тиісті:

—         резервтік капиталды құру тәртіптерінің сақталғандығын;

—         резервтік капиталдың жарғылық капиталмен салыстырғанда мөлшерінің сақталғандығын;

—         резервтік капиталдың есебінен жабылған шығындардың заңдылығын;

—         резервтік капиталдың есебінен төленген дивидендтерді және олардың құрылтайшыларының құжаттарында қаралғандығын;

—         резервтік капиталдың баланстағы көрсеткішінің Бас кітаптағы, есеп регистрларындағы, машинажазбалардағы мәліметтеріне сәйкестігін;

—         резервтік капиталды тиімді пайдаланудың резервтерінің құрастыру бойынша ұсыныстар жасауға.

Резервтік капиталды бухгалтерлік есептің қаржы-шаруашылық қызметінің типтік жоспарында 5400 «Резервтік  капитал» бөлімшесінің 5310 «Заңда бекітілген резервтік капитал» және 5340 «Басқа да резервтік капитал» шоттарында көрсетеді. Бұл бөлімшенің шоттары, заң актілеріне және құрылтайшыларының құжаттарына сәйкес құрылатын, шаруашылықтың резервтік капиталының жағдайы туралы ақпараттарды жинақтау үшін бекітілген. Резервтік. капиталға бөлу 5310 «Заңда бекітілген резервтік капитал», 5340 «Басқадай резервтік капитал» шоттарының кредитінде және 5410 «Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) шотының дебетінде көрсетеді. Резервтік капиталды пайдалану 5310 «Заңда бекітілген резервтік капитал», 5340 «Басқадай резервтік капитал» шоттарының дебетіндегі жазулардың негізінде бақыланып, мына шоттар арқылы корреспенденцияланады:

6120 «Дивиденд бойынша есеп айырысу» бөлімшесінің шоттары мен 4130 «Басқадай несиелік борыштар және есептеулер» бөлімшесінің «Басқадай» шоттарында есепті жылғы табыстың жетпеген немесе табыс алынбаған кезде серіктестікке қатысушыларға табыстарын және дивидендін төлеуге, 5500 «Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян)» бөлімшесінің шаруашылықтың есепті жылғы немесе бұрынғы жылдың зиянын жабуға./5/

Демек, аудитор резервтік капиталды тексерген кезде, оның дұрыс құрылуына және пайдалануына байланысты «Резервтік капитал» бабы бойынша, жылдың басындағы және аяғындағы көрсеткіші бойынша, журнал-ордер №13 мәліметтері бойынша Бас кітапта келтірілген 5300 «Резервтік капитал» бөлімшесінің шоттарындағы қалдықтарымен салыстырып анықтауы қажет.

Аудитор ұзақ мерзімді активтерді қайта бағалау операцияларының жоғарыда аталған шоттарда дұрыс көрсетілуін тексергенде қайта бағалаудың нәтижесінде негізгі құралдардың және ұзақ мерзімді инвестициялардың құнының артқан сомасын 2400 «Негізгі құралдар», 2000 «Инвестициялар» және 3100 «Қаржылық инвестициялар» бөлімшелерінің тиісті шоттарының дебетінде жазылған айналыммен салыстырса, ал негізгі құралдарды қайта бағалауға байланысты жазылған реттеу сомасын 2410 «Негізгі құралдардың тозуы» бөлімшесінің тиісті шоттарына жазылған айналыммен салыстырады. Қызмет ету мерзімінің ішінде бөлінбеген табысқа жатқызылмай, шығысқа шығарылған негізгі құралдардың қайта бағалану сомасын 5400 «Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян)» бөлімшесінің 5410 «Есепті жылға бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян)» немесе 5430 «негізгі емес қызметтен табыс» бөлімшесінің 6210 «Құнды қағаздарды сатудан табыс» шоттарының айналымдарымен салыстырып тексереді. Қайта бағалаудың үкіметтің шығарған қаулысына сәйкес статистикаға және талдау агенттігінің белгілеген мөлшерінен ауытқымағандығына назар аударуды талап етеді.

5020 «Қосымша төленбеген капитал» бөлімшесінің тиісті шоттарының кредитіндегі айналымы журнал-ордер №13 және шоттардың сипаттамасы жазылған минижазаларда дұрыс көрсетілгендігін тексеру қажет. «Баластың қосымша төленбеген капитал» бабы бойынша қалдығын 5020 бөлімшенің шоттарының Бас кітаптағы және басқа да есеп регистрларындағы мәліметтерімен салыстыруға тиісті.

Резервтік капитал өндірісті дамытуға, кәсіпорынның қызметі тоқтаған жағдайда еңбек ақы және бюджетке салық төлеуге инфляциялық зиянды жабуға, акционерлік қоғам кеңесінің шешімі бойынша жарғылық капиталды толықтыруға, қайта бағалау сомаларын жабуға және акционерлік қоғамның дамуының басқа бағыттарына пайдаланылады. .Аудитор резервтік капиталдың қаржылары материалдық көмек көрсетуге және кәсіпорын персоналына еңбек ақы мен сый ақы төлеуге жұмсалатын фактілерге кездесіп қалуы мүмкін. Сондықтан аудитор резервтік капиталдың пайдаланылуын барлық орындалған операцияларға талдау жасау жолымен егжей-тегжейлі тексеруге тиісті.

Резервтік капиталдың құрылуы міндетті және ерікті сипатта болуы мүмкін. Бірінші жағдайда ол Казақстан Республикасының заңына сәйкес, ал екіншіде – кәсіпорынның құрылтай кұжаттарында белгіленген тәртіпке немесе оның есеп саясатына сәйкес құрылады./6/

ҚР Каржы Министрлігінің «Қаржылық қорытынды есепті дайындап тапсырудың тұжырымдамалық (концептуалдық) негізін бекіту туралы» бұйрығының (29.10.2002ж.) 16-тарауының 66-параграфында «Резервтік капиталдың құралуы кәсіпорын (ұйым) мен оның кредиторларын зиянның зардаптарынан қосымша қорғауды қамтамасыз ету үшін заң актілерінде немесе құрылтай құжаттарында қарастырылады» делінген. Егер кәсіпорынның құрылтай құжаттарында резервтік капиталды құру қарастырылмаған болса, онда кәсіпорынның оны құруға құқығы жоқ.

Резервтік капитал бухгалтерлік есептің типтік шот жоспарындағы 5410 «Резервтік капитал» бөлімшесінің 5510 «Заңмен белгіленген резервтік капитал» және 5340 «Басқа да резервтік капитал» шоттарында есепке алынады. Бұл бөлімшенің шоттары заңға және құрылтай құжаттарына сәйкес құрылған резервтік капиталдың жағдайы туралы ақпараттарды жинақтауға арналған. Резервтік капиталға аударым жасау 5310 «Заңмен белгіленген резервтік капитал», 5340 «Басқа да резервтік капитал» шоттарының кредитінде және 5400 «Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян)» шотының дебетінде көрсетіледі.

Казақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңында қоғамның резервтік капиталын пайдалану тәртібін анықтау Директорлар кеңесінің ерекше міндетіне жатқызылған. Сондықтан аудитор резервтік капиталға бөлінбеген табыстан аударым жасау және оның мөлшері туралы Директорлар кеңесі шешімінің бар екендігін, сонымен бірге осы резервтің есебінен зиянды есептен шығарудың негізділігін анықтауға тиісті.

Резервтік капиталдың пайдаланылуы 5310 «Заңмен белгіленген резервтік капитал», 5340 «Басқа да резервтік капитал» шоттарының дебеті және 3033 «Дивиденд және қатысушылардың табыстары бойынша есеп айырысу» бөлімшесі шоттарының, «Басқа да кредиторлық борыштар» бөлімшесінің «Басқалары» шотының кредиті бойынша көрсетіледі – есепті жылдың табысы болмаған жағдайда резервтік капиталдың есебінен дивиденд және серіктестік қатысушыларына табыс есептелгенде; 5400 «Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян)» бөлімшесі шоттарының кредиті бойынша көрсетіледі – есепті жылда немесе өткен жылдарда кәсіпорынның шеккен зияны резервтік капиталдың есебінен жабылғанда. Осы жазулардың негізінде резервтік капиталдың пайдаланылуына бақылау жасалынады.

Резервтік капиталдың өзгеруі құрылтай құжаттарының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады. Мысалы, резервтік капитал меншікті акцияларды қайтарып сатып алуға жұмсалуы мүмкін. Компанияның акцияларды қайтарып сатып алуы оның қаржылық қызметінде келеңсіз жағдайлар болған кезде ақшаның едәуір шығып кетуін болдырмау мақсатында, акциялардың санын және олардың бағамын жасанды түрде реттеп отыру үшін қолданылуы мүмкін.

Акциялардың қайтарып сатып алынуы не осы мақсат үшін құрылған резервтің есебінен не болмаса бөлінбеген табыстың есебінен жүзеге асырылады. Қайтарып сатып алынған акциялар оларды төлеп алуға шығарылған нақты шығындар бойынша есепке алынады./7/

Сонымен, аудиторға резервтік капиталға тексеру жүргізу кезінде оның құрылуы мен пайдаланылуының дұрыстығын, баланстың «Резервтік капитал» бабында көрсетілген жылдың басындағы және аяғындағы қалдықтардың Бас кітап пен бухгалтерлік есеп регистрлеріндегі 5310 «Заңмен белгіленген резервтік капитал», 5340 «Басқа да резервтік капитал» шоттарының қалдықтарымен сәйкестігін анықтау қажет.

Меншікті капиталдың келесі негізгі элементі қосымша төленген капитал болып табылады. Ол меншікті акциялардың сатып-өткізу құнының олардың номиналдық құнынан артық сомасы. Ол жөнінде ақпараттарды жинақтау үшін 5020 «Қосымша төленген капитал» шоты пайдаланылады. Акциялар бойынша сый-ақы, яғни, меншікті капиталдың сатып-өткізу құнының олардың номиналдық құнынан артық сомасы 5020 «Қосымша төленген капитал» шотының кредиті және ақша қаражаттары шоттарының (1050,1040,1010) немесе «Басқа да дебиторлық борыш» бөлімшесінің 1260 «Басқалары» шотының дебетінде көрсетіледі. Аудиторға қосымша төленген капиталдың мөлшерін анықтаудың дұрыстығын тексеру, баланстан осы бап бойынша қалдық сомасын 5020 «Қосымша төленген капитал» шотының кредиті бойынша есеп регистрлерінің мәліметтерімен салыстыру қажет.
Тағы рефераттар