Резервтік капиталдың есебі туралы қазақша реферат

Акционерлік қоғамдар мен басқа да ұйымдар өздерінің таза пайдасы есебінен жоғарыда айтылғандай резервтік капитал құрады. Бұл резервтік капиталдың мөлшері қоғамның жарғысында белгіленеді. Резервтік капиталдағы жинақталған сома алдын ала болжанбаған (есептелмеген), төтенше жағдайларданболатын шығындарды жабу .үшін жұмсалады. Жалпы резервтік капиталдағы жинақталатын сомаларды жұмсау тәртібі акционерлік қоғамның жарғысында бекітіледі. Резервтік капиталдың жұмсалуына байланысты азаюы келесі есепті кезең ішінде қоғамның жарғысында көрсетілген мөлшерге тең етіп қайта қалыптастыруды қажет етеді. Кәсіпорындарда резервтік капиталдың есебі «Резервтік капитал» бөлімінің:

«Заңмен белгіленгеп резервтік капитал»,

«Басқадай резервтік капитал»

деп аталатын шоттарда есептеледі Резервтік капитал ұйымның таза пайдасы есебінен қалыптасқан уақытта бухгалтерлік есепте:

Д-т: «Ағымдағы жылдың бөлінбеген табысы» шоты;

К-т: «Заңмен белгіленген резервтік капитал» немесе

«Басқадай резервтік капитал» деп аталатьш шоттар түрінде жазу жазылуы тиіс.

Ал кәсіпорынның резервтік капиталындағы жинақталған сомасы жұмсалынғанда бухгалтерлік есепте:

Д-т: «Заңмен белгіленген резервтік капитал» немесе

«Басқадай резервтік капитал» шоттарының тиістісі;

К-т: «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)»;

«Өткен жылдардағы бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян)»;

«Артықшылығы бар акциялар бойынша есеп айырысу» немесе тағы да басқа шоттардың тиістілері түрінде екі жақты жазу жазылады.

Акционерлік қоғамдар немесе басқа да ұйымдар өздерінің тапқан таза пайдасының есебінен әр түрлі бағыттарға байланысты қорлар құруына болады. Бұндай бағытта құрылған қор сомаларын керекті уақытында жұмсағаннан кейін қайта қалыптастыру кәсіпорын үшін міндетті болып саналмайды. Ол аталған қорлардың есебі «Басқадай резервтік капитал» деп аталатын шотта жүргізіледі.

Резервтік капитал – акционерлерлік қоғамның және басқа да тараптардың таза табысының есебінен қалыптасатын меншік капиталының бір бөлігі. Резервтік капитал субъектінің негізгі (оперативтік) қызметінен алынған зияндарын жабуға және ағымдағы табыс жеткіліксіз болған жағдайда, дивиденттерді төлеуге пайдаланылады. Резервтік капиталды құрау және оны пайдалану құрылтайлық құжаттармен және қолданыстағы зандармен анықталады. Резервтік капитал жарлық капиталымен және басқа да қаражаттармен бірге бухгалтерлік баланстың пассивінде көрініс табады және ол кәсіпорынның меншік капиталы болып табылады.

Резервтік капиталдың есебі 5300 «Резервтік капитал» бөлімшесінің мынадай пассивті шоттарында жүргізіледі. 5013-ші «Заңдармен белгіленген резервтік капитал» және 5340-шы «Басқа да резервтік капитал».

Заңдармен белгіленген резервтік капиталдың есебі. Шаруашылық жүргізуші серіктестіктің (ЖШС, АҚ және басқалар) резервтік капиталы құрылтайшылардың кұжаттарында (жарғысында, құрылтайшылардың шарттарында) белгіленеді, сондай-ақ белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік тіркеуден өтеді. Жыл сайын түскен таза табыстан аударып отыру акционерлердің жалпы жиналысында белгіленеді. Оның мөлшері жарияланған жарлық капиталдың 15%-нен кем болмауы керек.

Резервтік капиталдарды қалыптастырған (құраған) кезде 5410 шоты дебеттеледі де, 5310 шоты кредиттеледі.

Резервтік капитал қаражаттарын пайдалану 5310-ші шоттың дебетінен мына шоттардың кредитінде көрініс табады:

3031,3032 – артықшылығы бар акциялар бойынша төлем жасауға қажет қаржысы болмаған жағдайда серіктестіктердің резервтік капиталының ішіндегі дивидендтердің есебінен төлеген кезде: 5410 шот «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)», 5430 шот «Өткен жылдардың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)» – зиян шеккен соманы резервтік капиталдың есебінен жапқан кезде.

Басқа да резервтік капитал есебі, 5340-ші «Басқа да резервтік капитал» шотында 5340 жүргізіледі. Бұл шотта заң тәртібімен көзделген ең төменгі мөлшерден тыс жасалған резервтік капиталдар есептелінеді.

5340 шоттың дебеті мен кредиті.бойынша шоттар корреспонденциясы 5310 шоттың корреспонденциясына ұқсас. Бұндай резервтер кәсіпорынның өз қалауы бойынша қалыптастырылады.
Тағы рефераттар