Резиналық қоспаны екісатылы дайындау туралы қазақша реферат

   Екісатылы әдісті жоғары активті техникалық көміртек және камералық қоспасы бар, сонымен қатар бутадиен-нитрильді, құрамында стиролы көп бутадиен стиролды каучугі болғанда қолданады. Өндіру көлеміне қарай бір немесе екі резина араластырғыш пайдаланады.

Бірінші сатыда резина араластырғышқа барлық ингредиентті, күкірт пен жылдамдатқыштан басқасын қосады. Бірінші сатының араластыру ұзақтығы 4 минут, одан кейін қоспаны 140-1500 С-та траспортер арқылы стрейнер-грануляторға апарылады. Содан кейін түйіршіктерді суспензиямен суытып, вибротранспорт және элеватор көмегімен суытқыш-кептіргіш камераға әкеледі. Суытылған түйіршіктерді жалғанкөлікпен циклонға, одан ары шығын бункеріне апарады. Содан кейін түйіршіктер автоматты таразыда өлшеніп, жабық тиелгіш ленталы траспортермен резина араластырғышқа түседі. Екінші сатысында жылдамдатқыш пен күкіртті енгізеді.

Өнімді үлкен көлемде алу үшін екі резина араластырғыш орнатады. Бірінші сатыда араластыруды  РСВД-250-80 аппаратында периодты түрде, ал екінші сатыда- валкісі бар «Трансфермикс» секілді РСНД-380\450 аппаратында үздіксіз орындайды. Бұл аппараттар бастапқы капиталды аз салуға, өндіру ауданын кішірейтуге, араластыру қарқындылығын жоғарлатуға және 140-1500 С орныны температураны 80-1000 С-қа дейін төмендетуге, және де өнімді 5-8 т/сағ өндіруге мүмкіншілік береді.

Лента тәрізді екінші резина араластырғыштан шыққан резиналық қоспаны фестон құрылғысында суытып жеке-жеке платформаға салып, дайын өнімді қоймаға апарады.

5-суретте қазіргі кезде ауқымды қолданатын аппараттың суреті келтірілген. Бірінші сатыда іркілдек қоспаны дайындайды. Ол үшін көбінесе РСВД-250-40 периодты резина араластырғышты (5) қолданады. Техникалық көміртек қоректендіргішпен (2) шығын бункерінен (1) шығып, автоматты таразыға (3) одан ары тиегіш ыдысқа (4), одан шығып барып резина араластырғышқа (5) келеді. Жұмсатқыштар циркуляциялық жүйеден (6) шығып электроқадағалаушы клапандар арқылы автоматты таразыға (7 және 8) барады, одан шыққан өлшенділер жинағыш-үрлегіш бакте (9) жиналады. Бактен жұмсатқыштар сығылған ауамен бірге насос (10) арқылы клапаннан (11) резина араластырғышқа өтеді. Күкірт пен жылдамдатқыштардан басқа барлық ингредиенттер бірсатылы дайындау секілді резина араластырғышқа қосылады.

Іркілдек қоспаны дайындау үшін 3 минут 1400 С қажет. Дайындалған осы қоспаны грануляторға (12) жібереді. Түйіршіктердің қосылмауы үшін грануляторға бактен (13) центробежный насос (14) арқылы каолинді суспензия жібереді. Осы қоспаларды араластырғанда виброкөлік (15) арқылы артық суспензия шығарылады, және ол құбырмен бакке (13) кетеді. Виброкөліктен түйіршіктерн элеватор (16) көмегімен үшжақты кептіргіш-суытқыш камераға (17) өтеді. Одан шығып түйіршіктер циклонға (19) барады. Циклоннан шығып түйіршіктер шығын бункеріне (20) барып, одан автоматты таразыда (21) өлшеніп, қоректендіргіштермен (22) резина араластырудың (23) екінші сатысына (РСВД-250-30) өтеді. Күкірт пен жылдамдатқыштар автоматты таразыда (26,27) өлшеніп, бункерден шығып (24,25) тиегіш ыдыс (28,29) арқылы резина араластырғышқа барады. Араластыру температурасы екінші сатыда 1100 С-тан аспау керек.
Тағы рефераттар