Резинаның тұрақтылық қасиеттері туралы қазақша реферат

Резинаның маңызды тұрақты сипаттамаларының  бірідеформациялық релаксациялық қасиеттерге тәуелділігі.Резинаның тұрақтылығын жоғарылататын жолдарының бірі ол- активті толықтырғыш енгізу болып табылады. Бұл кезде резина бетінің бұзылуы жоғарылайды да,ол мателиалдың ең жұқа жерінде байқалады. Активті толықтырғыштың резинаның тұрақтылыңын жоғарылатуына созылу кезіндегі крисстализация әсер етеді.Резинаның тұрақтылық қасиеттері деформация түріне ( созылу,жылжу, сығылу, және тағы басқаларына ) тәуелді.

Резинаның қасиеттеріне механикалық күштердің әсер етуі салдарынан резинаның құрылысы өзгеруі мүмкін. Бұзылу уақытының ұзақ болуы  механикалық қасиеттеге байланысты. Органикалық жылдамдатқыштар одан да активті және әрбір резина қоспасының маңызды бөләгә болып табылады. Олар қоспаға аз мөлшерде енгізіледі: каучуктың 100 бөлігіне 0,5-1 бөлік. Жылдамдатқыштар көбісі мырыш оксиді немесе стеарин қышқылы сияқты активаторлардың көрсетеді. Сондықтан қазіргі кезде резина қоспаларына міндетті түрде мырыш оксиді мен стеарин қышқылын қосады.

Беріктеткіш қоспалар. Кейбір заттарды каучукке қосу арқылы оның беріктігін, тозуға төзімділігін арттырады. Оларды беріктеткіштер деп аталады. Кең қолданылатын беріктеткіш болып көмір (газ) күйесі табылады, ол әрі арзан, әрі ең эффективті. Автомобиль шинасының протектор резинасында 100 бөлікке каучукке 45 бөлік көмір кйесі қосылады. Беріктеткіш ретінде мырыш оксидін, магний карбонатын, кальций карбонатын, кремнеземді де қолдануға болады, бірақ ең эффективтісі –көмір күйесі.
Тағы рефераттар