Rosaceae Juss. тұқымдасы дендрофлорасы Дипломдық жұмыс
Мазмұны

   Кіріспе………………………………………………………………………………….

1        Зерттеу ауданының табиғи жағдайы …………………………………

2        Ботаникалық зерттеу тарихы ……………………………………………

3        Материал және зерттеу әдістері…………………………………………

4        Rosaceae Juss.тұқымдасының конспектісі…………………………..

5   Rosaceae Juss.тұқымдасы дендрофлорасына талдау …………..

5.1   Таксономиялық талдау …………………………………………………..

5.2   Биоморфалогиялық талдау …………………………………………….

5.3   Экологиялық талдау……………………………………………………….

5.4   Ареалдық талдау ……………………………………………………………

6   Сирек кездесетін өсімдіктер және оларды қорғау ………………

7   Шаруашылық маңызды түрлерге сипаттама ………………………

Қорытынды …………………………………………………………………………

Пайдаланған әдебиеттер тізімі ……………………………………………..

  Кіріспе

Адам әрекетінің әртүрлі факторларының өзгерткіш әсері өсімдік жамылғысында, әсіресе қалпына келуі қиын және ұзаққа созылатын ағаштар мен бұталарда неғұрлым айқын  білінеді. Бұл процесс туралы өңірлерде анық байқалады.

Ағаштар мен бұталар айрықша маңызды су сақтайтын және топырақ қорғайтын қасиетке ие. Олар өсімдік жамылғысын  сақтайды, тау баурайларын көшкіннен, ал топырақты су шайып кетуден қорғайды және өзендердің су балансын реттейді. Жекелеген түрлер бағалы жеміс ( пісте, алма, өрік, арша, алмұрт, зерек, қарақат) және шикізат ( витамин, бояулар, шайыр, дәрілік, эфир майлары) көздері болып табылады.

Батыс Тәңіртаудың (Тянь-Шань) ағаш-бұта флорасы бүгінге дейін жете зерттелмеген. Оның түр құрамы, жекелеген түрлердің экологиясы мен таралуы, олардың түрішілік алуандығы, географиялық байланыстары, т.б. толық анықталмаған.

Бұл мәселелерді шешу практикалық тұрғыдан маңызды, өйткені ағаш-бұта флорасының халық шаруашылығы мен интродукциядағы маңызын бағалауға, ғылыми негізде табиғат қорғау іс-шараларын жүргізуге мүмкіндік берді.

Теориялық тұрғыдан ағаш-бұта флорасын зерттеу өте маңызды, өйткені біз қарастырып отырған аумақта оның қалыптасу жолдары мен көздерін анықтау осы туралы өңірлердің қазіргі  флораның байланысы мен қалыптасу  тарихын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

Бұл жұмыс Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің 2007-2011 жылдарға арналған перспективті жоспарына сәйкес жүргізілуде.  Сондықтан Қаржантау жотасының бір саласы ретінде Қасқасу, Сайрамсу, Біркөлік шатқалдары дендрофлорасына талдау жасау өзекті, әрі маңызды болмақ.

         Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы

     Дипломдық жұмыста Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Төлеби аданының ерекше қорғалатын табиғи аумақтағы Rosaceae Juss тұқымдасы дендрофлорасына  таксономиялық, биоморфалогиялық, географиялық және экологиялық талдаулар жасалынды. Тұқымдастың конспектісі түзіліп, сирек кездесетін түрлерді қорғау шаралары ұсынылған, сондай-ақ жұмыс тұқымдастың негізгі өкілдерінің шаруашылық маңызын қарастыруға арналған.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі

    Кең байтақ Қазақстан территориясында әлі де болса флоралық зерттелмеген аудандар бар екендігі рас. Солардың қатарына ОҚО, Төлеби ауданындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың Rosaceae Juss. Тұқымдасының дендрофлорасын жатқызуға болады.Дендрофлораны

инвентаризациялау — өсімдіктерді тиімді пайдалану  жолдары мен маңызын ғана көрсетіп қоймайды, сонымен қатар оларды сақтап қорғау  мәселелерін де айқындап береді. Сол себепті де таулы аудандардың  дендрофлорасын  зерттеудің маңызы ерекше болып саналады.

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 15-шілдеде қабылданған   №16O  

«Қоршаған ортаны қорғау туралы заңында: «Табиғат пен оның байлықтары Қазақстан Республикасының халыхтарының өмірі мен қызметінің, олардың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы мен әл-ауқатын арттырудың табиғи негізі болып табылады. Осы заң қазіргі және болашақ ұрпақтардың мүдделері үшін қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілейді және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, шаруашылық және өзге қызметтің табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсерін  болдырмауға, биологиялық алуан түрлілікті сақтау мен табиғатты ұтымды пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған» — деп көрсетілгенін ескерсек, табиғат байлықтарын пайдалану үрдісін табиғи флораны мұқият зерттеуді қажет етеді (1).

Зерттеу жұмысының мақсаты

ОҚО Төлеби ауданы Rosaceae Juss. Тұқымдасының дендрофлорасына жан-жақты талдау және шаруашылық маңызды, сирек, Қызыл кітапқа енген түрлерін боліп қарау.

       Жұмыстың мақсатына жету үшін алға қойылған міндеттер

—         Ауданның ерекше қорғалатын табиғи аумақтағы Rosaceae Juss.тұқымдасы дендрофлорасының  конспектісін түзу;

—         Гербарий жинау және өңдеу;

—         Дендрофлораға жан-жақты талдау;

—         Тұқымдастың Қызыл кітапқа енген түрлерін картаға белгілеу;

—         Дендрофлораның шаруашылық маңызын көрсету;

Осы жұмыстарды атқару үшін гербарий материалдары 2ОО6 жылдан бастап жиналды.

Қазіргі кезде жиналған материалдар М.Әуезов атындағы ОҚМУ-і мен Сайрам-Өгем ұлттық саябағында сақталуда.

            Жұмыстың ғылыми жаңалығы

—         ОҚО, Төлеби ауданы Rosaceae Juss. Тұқымдасының дендрофлорасы алғашқы болып жан-жақты зерттелді;

—         Дендрофлораны құрайтын  өсімдіктер тізімі  конспект түрінде бірінші рет құжатталды;

—         Қызыл кітапқа енген түрлері ауданның картасына алғаш рет белгіленді;

—         Шаруашылық маңызды түрлеріне сипаттама берілді;

      Жұмыстың теориялық және практикалық құндылығы

      Төлеби ауданының  ерекше қорғалатын табиғи аумақтағы  Rosaceae Juss. Тұқымдасының толық тізімі және талдау конспектісі түзілді. Аудан экологиясының ауытқуларын көрсететін дендрофлораның түрлік құрамы анықталды. Бұл мәліметтерді ауданда абаттандыру мамандары гербарий үлгілерін, экология және биология мамандықтары бойынша жоғары оқу орындарының студенттері, ұлттық парктер мен мемлекеттік қорық қызметкерлері, сондай-ақ орта мектептің биология пәні мұғалімдері пайдалана алады. Дендрофлора конспектісінде ауданның дендрофлорасының тізімі беріліп, алғаш рет құжатталуы-ауданның экологиялық паспортын құрастыру кезінде, оның ластану деңгейін анықтауда қолданылуы мүмкін.

Қорғауға ұсынылған мәселелер

—         Төлеби ауданы, Rosaceae Juss.тұқымдасы дендрофлорасының түрлік құрамы және талдау нәтижелері;

—         Тұқымдастың сирек кездесетін түрлерін қорғау мәселелері;

—         Дендрофлораның шаруашылық маңызы.

3. Материал және зерттеу әдістері

    Зерттеу жұмысының объектісі ретінде Төлеби ауданының (ОҚО) ерекше қорғалатын табиғи аумағы ретінде алынатын териториясындағы  Rosaceae Juss.тұқымдасының дендрофлорасы алынды.

Далалық-экспедициялық зерттеу жұыстары 2OO6-2OO7 жылдары маршрутты әдіспен жүргізілді. Гербарий жинау және оларды өңдеу жұмыстарына жалпыға бірдей А.К Скворцов әдісі пайдаланылды (36). Таксондарды айқындауда салыстырмалы морфологиялық-географиялық әдіс қолданылды. Өсімдіктердің түрлерін анықтауға «Флора СССР» (1933-1954), «Флора Казахстана» (1956-1966), «Определитель растений Средний Азий»(1968-1993), «Иллюстрированный определитель растений Казахстана» (1969-1972), «Сосудистые растения СССР», «Государственный Кадастр растений Южно-Казахстанской области. Книга первая. Конспект видов высших сосудистых растений»,  «Государственный КАДАСТР РАСТЕНИЙ Южно-Казахтанской области. Красная книга. Дикорастущие редкие и изчезающие виды растений» (37,38,39,4O,41,7,c.c.18-148,2O,c.c.3-3O4) сонымен қатар жеке териториялар бойынша бірқатар (42,43,44,45,46,47,48,49,5O,51,52,53,54,55,56) еңбектер пайдаланылды.

Раушан гүлділер днедрофлорасын классификациялауға жалпыға бірдей А.Энглердің классификациясы пайдаланылды.

Экологиялық талдау жасау кезінде және тіршілік формаларының құрамын анықтау К.Рауникикрдің (57), И.Г Серебряковтың (58), Р.В.Камелиннің (59), Т.И.Серебрякованың (6O), ареалдар типіне бөлу В.В.Алехиннің (61), А.И.Толмачевтің (52), сондай-ақ  А.А.Тахтаджанның (55,56) өңдеген принциптері нәтижесінде жүргізілді.

Флораның құрамы және өсімдіктерді классификациялау бойынша туындаған кейбір әдістемелік және теориялық мәселелерді шешуде Е.П.Коровиннің (16), Р.В.Камениннің (43),Н.Х.Кармышеваның (45), М.С.Байтеновтың (42) және И.О.Байтулиннің (6) еңбектері енгізінде жүргізілді.

Курстық жұмысқа далалық  зерттеу жұмыстары кезінде жинаған автордың гербарийлік  материалдарынан басқа М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті «биологияны оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасының, сондай-ақ Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының гербарий материялдары пайдаланылды.

Сирек және жойылып бара жатқан Қазақстанның Қызыл кітабы мен Оңтүстік  Қазақстан облысының Қызыл кітабына енген өсімдіктерді анықтау

мен оларды картаға түсіруге Н.К.Аралбай мен В.Н.Васильевтің (67,68) еңбектеріне сүйендік.

Шаруашылық маңызы бар өсімдіктерді анықтауда Н.В.Павловтың (69,7O) көптомдық мәлімет «Растительные ресурсы СССР» (71), және М.М Илинің (72), М.М.Глуховтың (73), С.Г.Миньковтың (74) еңбектері негізінде алынды.

                  Ареалдар типі Түрлер саны Жалпы саны
1 Шығыс-Палеарктикалық    1     2
2 Памир-Алтайлық    6     14
3 Таулыортаазиялық    9     21
4 Таулыортаазия-Орталық Қазақстандық    2     2
5 Ежелгіжерортатеңіздік    3     7
6 Иран-ортаазиялық    2     4
7 Ортаазиялық    1     2
8 Жоңғар-ирандық    1     2
9 Еворпа-Ежелгіжерортатеңіздік    1     2
1O Таулы сібір- Таулыортаазиялық    1     2
11 Батыс Тянь-Шаньдық    3     7
12 Батыс Тянь-Шань-Памир Алтайлық    6     14
13 Батыс Тянь-Шань -Өгем    2     4
14 Тұран-Ирандық    1     2
15 Шығыс –Жерортатеңіздік    1     2
16 Тұрандық    1     2

Евразия құрлығының түкпірінде, Жердің қоңыржай белдеуінің шөлді аймағында, мұхиттар мен теңіздерден жырақта жатқан Батыс  Тянь-Шаньның орны, табиғат жағдайларының қарама-қайшылығы (биік, мұз бен қар басқан тау жоталарының құрғақ әрі ыстық тауаралық аңғарлармен алмасуы, жер бедерінің күшті тілімденуі), осы аймақтың өсімдік жамылғысының алуандығын, бірегейлігі мен өзгешелігін анықтайды.

Батыс Тянь-Шань өсімдік түрлерінің шоғырлануының жоғары дәрежесімен, сондай-ақ табиғи экожүйелердің сақталуымен ерекшеленеді. Өңір флорасы жоғары сатыдағы өсімдіктердің бірнеше мың түрінен құралған, оның ішінде Батыс Тянь-Шаньның  484  эндемигі,193 оқшау эндемиктер (тек бір жотада кездесетін өсімдіктер), мәдени-жеміс өсімдіктерінің арғы тектері бар. Аудан дәрілік өсімдіктерге бай. Батыс Тянь-Шань аумағында тяньшань шыршасы, грек жаңғағы, соғды қара өрігі қатар өседі.

Батыс Тянь-Шань аумағында өсімдіктердің өзіндік ортаазиялық типтері ландшафттық маңызға ие — саваннойдтар:  бұталы- сирек орманды (Rosa, Amygdalus,Pistacia, Cerasus шиесі және т.б.), шөптесін өсімдіктер (Inula macrophulla, Hordeum bulbosum, Elytrigia trichophora, Ferula, Prangos түрлері т.б.);  умбеллярлар- криофиттік саваннойдтар; арша ормандары- Juniperus  туысының түрлері, криофиттік субальпілік шалғындар Cyeranium, Allium  түрлері т.б.

Батыс Тянь-Шань флорасы мен өсімдіктер жабынының  сипаты жағынан Тянь-Шаньның өзге аймақтарына қарағанда айтарлықтай ерекшеленеді және Памир-Алтаймен терең байланысы, ортақ белгілері бар (Коровин, 1961,1962; Павлов6 198О). Бұл Орта Азияның «оңтүстік тауларының» типті бөлігі болып саналады (Попов 1992).

Батыс Тянь-Шань осы өңірдегі табиғаты мен әлеуметтік-экономикалық жағдайы күрделі болып саналатын Орта Азия бөлігінің экологиялық жағдайын тұрақтандыруда айрықша роль атқарады.

Жаңа мың жылдықтың қарсаңында дербес даму жолына түскен өңір мемлекеттері экономиканың құлдырауын және бұрынғы әлеуметтік-экономикалық қатынастарды қайта құруға байлансты дағдарсты кезеңді бастан кешірді. Бұл жағдай табиғатты қорғауға мемлекеттік қолдау жасауға теріс әсер етті, ал халықтың өзі табиғат ресурстарын шамадан тыс пайдалану есебінен күн көруге мәжбүр болды (Атлас биоразнообразия ЗТШ, 2OO5).

Табиғаттың бұзылу қаупі халықаралық қауымдастықты биологиялық алуандықты сақтау жөніндегі ұзақ мерзімді іс-шаралар жүйесін жасап, жүзеге асыру қажеттігіне көз жеткізді.

Өсімдік жамылғысын қорғау-бүгінгі таңның ғаламдық ауқымдағы аса ірі проблемасы.Табиғи топтар мен бірегей табиғи ландшафттарды қорғау жөніндегі неғұрлым тиімді іс-шара ретінде бүкіл табиғат кешені мен оны

құрайтын экожүйелер қорғалатын үлкен аумақты  табиғатучаскелерін

қорықтандыруды  айтуға болады. Қорықтар мен  өзге де ерекше қорғалатын обьектілер.

Флораның табиғи генофонды, тау экожүиелерінің өсімдіктер типтерінің фитоценоздық  және экологиялық көптүрлілігін қалпына келтіру үшін табиғатты ұтымды пайдалануды сақтау,әртүрлі дәрежедегі айрықша қорғалатын табиғи аумақтар (қорықтар, ұлттық саябақтар, заказниктер) желісін кеңейту, биологиялық мониторинг қызметін ұйымдастыру, сирек және жойылып кету алдында тұрған өсімдіктерге байлансты әр Республиканың Қызыл кітабын тұрақты шығарып тұру қажертігі туындайды.

Батыс Тянь-Шань біркелкі тұтас емес. Оның бөліктері  өсімдік типтерінің, өсімдік түрлерінің, оның ішінде сирек және эндемик түрлердің әртүрлі жиынтығымен сипатталатын түрлі ботаникалық-географиялық аудандарда жатыр. Батыс Тянь-Шаньның әртүрлі аудандарындағы ООПТ-лар мен Орталық  Азиялық Трансшекаралық Жобаның экспедициялары ұсынған қорықтық жерлер өңірдің бірегей өсімдік жамылғысын толығырақ сақтауға көмектесетін жүйе құруы тиіс. Осы тұрғыдан алғанда Батыс Тянь-Шаньның табиғи қорғалатын аумақтардан  тұратын біртұтас экологиялық жүиесін құру өте өзекті мәселе, бұл неғұрлым маңызды учаскелерді, туыстар мен түрлерді сенімді түрде қорғауға мүмкіндік берді.

ООПТ желісі мен экологиялық желі табиғат кешендерін, сондай-ақ сирек және жойылып кету алдында тұрған түрлерді сақтауды қамтамасыз етуі тиіс.

Орталық Азия климатының құрғай түсуі және таулы рельеф биологиялық алуандыққа елеулі ықпал жасайды, өсімдік тұқымдастығын төтенше өміршеңдік жағдайына қояды. Аридтену шөлге айналуға, фитомасса өнімінің, төмендеуіне алып келеді.

Антропогендік фактор (ағаштар мен бұталарды кесу, дәрілік және сәндік түрлерін ысыраптап жинау, мал жаю,пішен дайындау, т.б.) табиғаттың теріс факторларын ушықтыра түседі.

Қоршаған ортаның ластануы мен бұзылуы нәтижесінде (жер жырту, жолдар, елді мекендер, өнеркәсіп кәсіпорындары,су қоималары, т.б.) ареалдар бөлшектеніп, қысқарады, өсімдік түрлерінің саны азаяды. Олардың көпшілігі жойылып кету алдында тұр.

Тянь-Шаньда, оның ішінде Батыс Тянь-Шаньда байырғы өсімдік қауымдастықтары сақталмаған. Өсімдік жамылғысы негізінен ұзақ туынды фитоценоздан және әртүрлі дәрежеде бұзылған қауымдастықтардан тұрады. Антропогендік әсердің салдарынан өңір аумағының аридтенуінің жалпы тенденциясы мезофильдік өсімдіктердің біртіндеп ксерофильдікке ауысуына алып келеді. Бұрын басым болған құнды-дәнді компоненттердің түрлі сабақтығы қосжарнақты өсімдіктермен   алмасуы,   түрлік    құрамның  кедейленуі, топтардың құрылымдық-функциональдық ұйымдасуының өзгеруі, олардың тұрақтылығы мен өнімділігінің төмендеуі байқалады.

Батыс Тянь-Шаньның флорасы Орталық Азиядағы ең бай флораның бірі. Оның аумағының 1%-на да жетпейтін жерді ала отырып, ол Орталық Азиядағы белгілі 9OOO түрлі түтікті өсімдіктердің 35OO-ге жуығын шоғырландырып отыр. Батыс Тянь-Шаньның флорасында жоғары споралылар  мен жалаңаш тұқымдылар салыстырмалы түрдеаз, алайда соңғыларының өкілдері (Juniperus) өсімдік жамылғысының түзілуінде елеулі роль атқарады.

Флораның негізін жабық тұқымдылар құрайды(9О % астам).Олардың ішінде 2О% жуығы даражарнақтыларжәне 8О% қосжарнақтылар.Asteraceae, Poacear, Fabaceae  флорасының аса ірі үш тұқымдасы, бұл Ежелгі Жерорта флорасынына тән белгі.  Laminaceae, Apiaceae, Brassicaceae, Liliaceae, Caryophyllaceae  сияқты тұқымдастардың флораның қалыптасуындағы рольі зор.Scorophulariaceae тұқымдасында түрлердің көп болуы Veronica туысының бір жылдық түрлерінің молдығымен түсіндіріледі, керісінше Boraginaceae тұқымдасы монотипті тұқымдардың алуандығының арқасында көп. Rosaceae  және Ranunculaceae үлкен өкілдігі әдеттен өзгеше деп айтуға болады. Бұл осы тұқымдастардың Potentilla, Rosa, Ranunculus сияқты аса ірі туыстарының полиморфизмімен түсіндіріледі.

Тұтас алғанда, ең ірі тұқымдастардың спектірін Ежелгі Жерортаның шығыс бөлігінің таулы флорасы үшін үйреншікті деуге болады, дегенмен Батыс Тянь-Шаньның шетте орналасуына байлансты өзіне тән белгілерге де ие. Бұл ерекшеліктерді туыстардың түрлік байлығын талдау растайды, оның ішінде төмендегілер неғұрлым кең тараған; Salux, Rosa, Cotonea,Rotentilla, Ranunculus туыстарының полиморфизмі эндемиктердің есебінен көрінеді және Батыс Тянь-Шаньның экологиялық жағдайларының алуандығын көрсетеді. Salix, Oxytropus туыстарының елеулі полиморфизмі осы өңір флорасының баюының әртүрлі жолын көрсетті.

Батыс Тянь-Шаньнің флорасы – Ежелгі Жерортаның шығыс бөлігінің үйреншікті флорасы, ол өзінің шетте орналасуының арқасында Голарктиканың қоңыржай белдеуіне тән кейбір белгілерге ие, атап айтқанда раушангүлділердің, сарғалдақтар мен қияқтардың түрлері көп. Түрлердің көпшілігі орта тау белдеуінде (2ООО-25ООм) шоғырланған. Осы белдеуден жоғары және төмен қарай түрлер саны күрт азаяды. Тау етегінде түр алуандығы арам шөптер мен бір жылдық өсімдіктердің есебінен артады. Сан жағынан көп жылдық шөптер басым,бір жылдық өсімдіктер де жеткілікті Laminaceae, Apiaceae, Brassicaceae, Liliaceae, Caryophyllaceae  сияқты тұқымдастардың флораның қалыптасуындағы рольі зор.Scorophulariaceae тұқымдасында түрлердің көп болуы Veronica туысының бір жылдық түрлерінің молдығымен түсіндіріледі, керісінше Boraginaceae тұқымдасы

монотипті тұқымдардың алуандығының арқасында көп. Rosaceae  және Ranunculaceae үлкен өкілдігі әдеттен өзгеше деп айтуға болады. Бұл осы тұқымдастардың Potentilla, Rosa, Ranunculus сияқты аса ірі туыстарының полиморфизмімен түсіндіріледі.

Тұтас алғанда, ең ірі тұқымдастардың спектірін Ежелгі Жерортаның шығыс бөлігінің таулы флорасы үшін үйреншікті деуге болады, дегенмен Батыс Тянь-Шаньның шетте орналасуына байлансты өзіне тән белгілерге де ие. Бұл ерекшеліктерді туыстардың түрлік байлығын талдау растайды, оның ішінде төмендегілер неғұрлым кең тараған; Salux, Rosa, Cotonea,Rotentilla, Ranunculus туыстарының полиморфизмі эндемиктердің есебінен көрінеді және Батыс Тянь-Шаньның экологиялық жағдайларының алуандығын көрсетеді. Salix, Oxytropus туыстарының елеулі полиморфизмі осы өңір флорасының баюының әртүрлі жолын көрсетті.

Батыс Тянь-Шаньнің флорасы – Ежелгі Жерортаның шығыс бөлігінің үйреншікті флорасы, ол өзінің шетте орналасуының арқасында Голарктиканың қоңыржай белдеуіне тән кейбір белгілерге ие, атап айтқанда раушангүлділердің, сарғалдақтар мен қияқтардың түрлері көп. Түрлердің көпшілігі орта тау белдеуінде (2ООО-25ООм) шоғырланған. Осы белдеуден жоғары және төмен қарай түрлер саны күрт азаяды. Тау етегінде түр алуандығы арам шөптер мен бір жылдық өсімдіктердің есебінен артады. Сан жағынан көп жылдық шөптер басым,бір жылдық өсімдіктер де жеткілікті бай. Ағаштар мен бұталардың ішінен жалаңаш тұқымдылар тек осы формалар түрінде берілген,ал жабық тұқымдылардың ішінен оларға раушангүлділердің, талдардың, барбаристердің, жиделердің, өкілдері жатады. Дара жарнақтыларда ағаш формалары жоқ.

Өңірдің жоғары сатыдағы өсімдіктерінің флорасының күйі тұтас алғанда қанағаттандырарлық дәрежеде. Антропогендік фактордың әсері әсіресе таудың төменгі және орта белдеуіндегі мал  көп жайылған жерлерде айқын байқалады, мұнда арам шөптердің үлесі артып ( әсіресе мал тұратын тұрақтарда) сәндік және шаруашылық тұрғыдан құнды  түрлердің саны кемиді, ал кейбір жерлерде мүлде жойылып кетеді.

Батыс Тянь-Шаньнің флорасы негізінен ареалы Ежелгі Жерортамен шектелетін (шамамен 7О%) түрлерден құралған. Ареалы шағын түрлер салыстырмалы басым келеді (негізінен Орта Азиямен шектелген және оның шегінен аздап шығады). Мұндай түрлердің көптігі флора құрамындағы автохтонды элементтердің айтарлықтай рольі туралы болжам жасауға мүмкіндік береді. Соңғы бес топ ұштасып, Батыс Тянь-Шаньның флоралық құрамының өзгешелігін түзеді, ал соңғы екеуде көптеген эндемик және субэндемик түрлер мен туыстар бар

Қазіргі флораның құрамы жөніндегі палеобатаникалық материалдар мен мәліметтерді талдай отырып, Р.В. Камелин (1973) құрамына Батыс Тянь-Шаньның да флорасы кіретін таулы Орта Азияның флорасы түрлер кешенінің белгілі бір жиынтығы ретінде интенсивті орогенезге байланысты неогенде (миоценде) қалыптасты деген қорытындыға келді.Орта Азия флорасының шыққан орны туралы мәселені зерттеушілердің көпшілігі (Краснов 1888; Попов, Культиасов және т.б.)  бірдей қарастырады- флора ортоселекциялы, яғни негізінен үштік палеарктикалық флораның климаттық өсе түскен құрғақшылығының әсерінен қазіргі түрге айналуы арқылы қалыптасқан.

Rosaceae Juss. тұқымдасының  конспектісі.

   1.  Spiraea. Тобылғы туысы (Таволга)

1.1  S. Hupericifolia. Шайқурай жапырақты тобылғы. Т.зверобоелистая.

Биіктігі  15Oсм болатын бұта.Жапырағының диаметрі  1O-25мм ені 1,5-8мм.

Гүлдеу мерзімі IV-V, жеміс беру мерзімі VI басталады.Шайқурай жапырақты тобылғысы тасты, тау өзендерінің жағаларында кездеседі, сәндік.

2.     Coteneaster. Ырғай туысы. (Кизильник)

2.1    C.Melanocarpa. Қаражемісті ырғай (К.черноплодный)

Биіктігі 2м болатын бұта. Жапырағының диаметрі 15-45мм, ені 9-35мм. Гүлдеу мерзімі VII-IX. Қаражеміс ырғайы таудың орта белдеулерінде, кейде субальпілік белдеуде, жартастарда кездеседі, сәндік.

2.2   C.Megalocarpa. Шрі жеміс ырғай (К.крупноплодный)

Биіктігі 2,5м болып келетін бұта. Жапырақтарының диаметрі 2-3см, ені 2,5см . Гүлдеу мерзімі VII-IX. Ірі жеміс ырғайы тасты және орманды алқапта кездеседі.Омарталық.

2.3       C.uniflora. Дара жеміс ырғай (К. одноцветковый)

Биіктігі 3О-4О см болатын бұта. Жапырақтарының диаметрі 1-3 см6 ал ені О,6-2,5см. Дара жеміс ырғайы тасты,тау шатқалдарында, өзен жағасында, альпілік белдеуде, сонымен қатар сирек орманды белдеулерде де кездеседі. Омарталық.

2.4       C.Pojarkovae. Пояркова ырғайы (К.Поярковой)

Биіктігі 2О-4Осм болатын бұта. Жапырағының диаметрі 1,5см, ал ені О,7-2см болады. Пояркова ырғайы тасты және шиыршықты, жартасты аймақтарда, сонымен қатар биік таулы белдеулерде өселі. Гүлдеу мерзімі VI,жеміс беру мерзімі IX.

2.5       C.oligantha. Азгүл ырғайы (К.малоцветковый)

   Биіктігі 1м болатын бұта. Жапырағының диаметрі О,8-2,2см. ені О,6-1,8см болып келеді.Гүлдеу мерзімі V-VI, жеміс беру мерзімі VIII-IX. Азгүл ырғайы таудың биік белдеулерінде және қиыршық тасты, жартасты аймақтарда кездеседі.Омарталық.

2.6       C.multiflora. Көпгүл ырғайы (К.многоцветковый)

Биіктігі О,5-1,5см тік өсетін бұта. Жапырағының диаметрі 1.5-4.3см, ені 1,3-3см. Гүлдеу мерзімі V-VI, жеміс беру мерзімі IX. Көп гүл ырғайы жартастарда, тасты және қиыршық тасты,өзен жағаларында өседі.Тағамдық, омарталық, сәндік қасиетке ие.

2.7  C.rakemiflora. Саусақ гүл ырғайы (К.кистецветковый)

Биіктігі аласа болып  келетін, 1м дейін жететін бұта. Жапырақтарының диаметрі O,8-2,2 см, ені O,6-2cм болады.Гүлдеу мерзімі V-VI, жеміс беру мерзімі IX . Саусақ гүл ырғайы таудың қиыршық тасты және тасты белдеуде кездеседі.Тағамдық,омарталық қасиетке ие.

2.8  C.suavis. Жағымды ырғай (К. приятный)

Биіктігі 1,5-2м болатын бұта. Жапырағының диаметрі 2,5-4см,ені 1,3-2 см.Гүлдеу мерзімі VII-VIII, жеміс беру мерзімі IX.Жағымды ырғай таудың орта және жоғарғы белдеулерінде, сонымен қатар жазықта да өседі. Омарталық,сәдік қасиетке ие.

       3.  Malus. Алма туысы (Яблоня)

3.1   M.Sieversi. Сиверс алмасы (Я.сиверса)

    Биіктігі 2-6 м болатын ағаш. Жапырағының диаметрі 6-11 см, ені 3-5,5 см болады.Гүлдеу уақыты IV, жеміс беру уақыты VII-VIII. Тау белдеулерінде, өзен жағасында өседі.Дәрі –дәрмек, бояу, сәндік бағытта қолданылады.

3.2  M.niedzwetzkiana. Недзвецкий алмасы (Я.Недзвецкого)

    Биіктігі 2-6см болатын ағаш. Жапырағының диаметрі 7-1O см, ені 3-6 см болады. Гүлдеу мерзімі IV-V , жеміс беру мерзімі VIII. Недзвецкий алмасы тау ормандароында өседі.Тағамдық , сәндік қасиеті бар.

4.  Sorbus. Шетен туысы (Рябина)

4.1  S.tianschanika. Тян-Шань шетені (Р.Тянь-Шаньская)

    Биіктігі м болатын ағаш. Жапырағының диаметрі см болады. Гүлдеу мерзімі ,жеміс беру мерзімі .Таудың  м биіктігіне дейінгі биіктікте,шырша орманында өседі.Тағамдық, омарталық, сәндік, витаминдік қасиеттерге ие

4.2    S.persika. Парсы шетені (Р.персидская)

    Биіктігі 2-3 м болатын ағаш. Жапырағының диаметрі 1O см, ені 4 см. Гүлдеу мерзімі VI, жеміс беру мерзімі IX .Тау белдеулерінде өседі.Тағамдық, дәрілік қасиетке ие.

 5. Crategus. Долана туысы ( Б.Алтайский)

5.1 C.altaica. Алтай доланасы (Б. Алтайский)

Орташа биіктіктегі ағаш.Жапырағының диаметрі 3,5-1O см, ені 2,5-9см. Тау бөктерлерінде  және аралас ормандарда, өзен жағасындағы  қиыршықты топырақта өседі Гүлдеу мерзімі V-VI, жеміс беру мерзімі VIII-IX. Сәндік омарталық, тағамдық, бояу, дәрі-дәрмек алынады.

5.2 C.pontica. Понтий доланасы (Б.понтийский)

    Биіктігі 6-1O м болатын ағаш. Құрғақ-тасты, кейде майда топырақты белдеуде 1OOO-12OOм  биіктікке дейін өседі.Гүлдеу мерзімі VI-VII, жеміс беру мерзімі IX .Тағамдық,омарталық қасиеттері бар.

5.3 C.Songorica. Жоңғар доланасы (Б.джунгарский)

    Биіктігі орташа ағаш. Гүлдеу мерзімі V,жеміс беру мерзімі VII.Тасты, қиыршық тасты, тау  өзенінің жағасында өседі.Тағамдық, дәрі-дәрмектік,омарталық  қасиеттері бар.

5.4 C.turcestanica. Түркістан доланасы (Б.туркестанский)

Биіктігі 12-15 м болатын ағаш. Жапырақтарының диаметрі 1O-3Oмм,    ені 7-3O мм. Гүлдеу мерзімі VI ,жеміс беру мерзімі IX.Тағамдық, омарталық, дәрілік қасиеттері бар.

     6.  Rubus. Таңқурай туысы (Ежевика,малина)

6.1 C.caesius. Қожақат таңқурайы (Ежевика)

    Биіктігі 5O-15O см болып келетін бұта. Гүлдеу мерзімі VI-VII, Жеміс беру мерзімі VIII .Биік таулы жерлерде, oрманда, өзен жағасында өседі. Омарталық.

           7.   Dasiphora. Курил шәй туысы (Курильский чай)

7.1  D.Parvifolia. Майда жапырақ курил шәй (Курильский чай)

Биіктігі  см болатынбұта. Гүлдеу мерзімі , жеміс беру мерзімі. Тасты аймақта және жазықта өседі.Омарталық қасиетке ие.

8.  Rosa. Раушан туысы (Шиповник,роза)

     8.1     R. multiflora. Көп гүл раушаны (Многоцветковый

         Биіктігі 7м болатын бұта. Гүлдеу мерзімі V-VIII.Жазық және таулы жерлерде өседі.Омарталық.

    8.2 R.chinensis. Қытай раушаны (Ш.Китайский роза)

  Бұта, жапырағының диаметрі  2,5-6см. Гүлдеу мерзімі VI-IX. Жазық және таулы жерлерде өседі.

8.3 R.alberti. Альберт раушаны (Ш.альберта)

Биіктігі 1,5м болатын бұта. Гүлдеу мерзімі V-VI, жеміс беру мерзімі VII-VIII. Таудың орманды белдеуінде, бұталы орманда өседі.Витаминдік

8.4  R. Beggeriana. Беггер раушаны (Ш.Беггеровский)

    Биіктігі 3-4 м құрайтын бұта. Жапырағының диаметрі 2-12 см болады. Гүлдеу мерзімі VII-VIII.Таулы белдеуде, өзен жағасында өседі. Сәндік, эфир май,омарталық, витаминдік қасиеттерге ие. Яғни аскарбин қышқылының  8,75%- на дейін алынады

8.5 R.Fedtschenkoana. Федченко рашаны (Ш.Федченковский)

Бұта, биіктігі 4м дей болады.жапырағының диаметрі 4см.Гүлдеу мерзімі VI-VII, жеміс беру мерзімі VII-VIII.Тау белдеулерінде өседі.Витаминдік, омарталық эфир май,витаминдік,сәндік қасиеттері бар.

8.6 R.nanothamnus. Тырбық раушаны (Ш.карликовый)

    Биіктігі 1,5-2,5м болатын бұта. Жапырағының диаметрі 1-5,5см. Гүлдеу мерзіміVI , жеміс беру мерзімі VIII.Таудың орта белдеулерінде және тасты белдеуде өседі.Омарталық, сәндік қасиетке ие.

8.7 R.hissarica. Гиссар раушаны (Ш.гиссарский)

Биіктігі аласа1O-25 см, кейде 6O см болатын бұта. Жапырағының диаметрі 5-8 мм, ені 4-14 мм. Гүлдеу мерзімі VII-VIII .Таудың ортаңғы және тасты белдеуінде өседі.Сәндік,омарталық,витамин,бояу,эфир май  алуда қолданылады.

8.8      R.platyacantha. Жалпақ тікен раушан (Ш.широкошиповный)

   Биіктігі 1-2 м болатын бұта.Гүлдеу мерзімі V-VI , жеміс беру мерзімі VII-VIII.Тауда,жазық жерлерде өседі.Витамин,сәндік, марталық бағытта қолданылады.

8.9     R.kokanika. Қоқандраушаны (Ш.кокандский)

Биіктігі 1,5-2 м болатын бұта. Жапырақтарының диаметрі 8-17 мм, ені 6-13мм.Гүлдеу мерзімі V-VI , жеміс беру мерзімі VIII.Бояу,омарталық,сәндік бағытта қолданылады.

8.1O    R.maracandica. Самарқанд раушаны (Ш.самаркандский)

         Аласа бұта. Жапырағының диаметрі 4-7 мм.Гүлдеу мерзімі V-VI,жеміс беру мерзімі VIII.Таудың орта және тасты белдеулерінде өседі.Бояу,омарталық, витамин, эфир май өндіруде қолданылады.

8.11 R.corumbifera. Қалқан раушаны (Ш.щитконосный)

Биіктігі аласа бұта. Гүлдеу мерзімі VI , жеміс беру мерзімі VII. Таудың жазық жерлерінде және өзен жағасында өседі. Эфир май, бояу, витамин,сәндік бағытта қолданылады.

9. Hultemia. Қарараушан туысы (Гультемия)

    9.1      H.persica Парсы қарараушаны (Г.персидская)

Биіктігі аласа бұта. Гүлдеу мерзімі IV, жеміс беру мерзіміVI. Жазық жерлерде және күн көбірек түсетін аймақтарда өседі.Омарталық, сәндік.

          1O. Prunus. Қараөрік туысы (Слива)

   1O.1    P. spinosf. Тікенді қараөрік (С.колючая,терн)

Биіктігі 4-6 м болатын ағаш. Жапырағының диаметрі 2-5 см,ені 1-3см.Гүлдеу мерзімі IV-V ,жеміс беру мерзімі VII-VIII. Өзен жағасында, орманда өседі.Тағамдық,дәрілік,омарталық қасиеттерге ие.

   1O.2    S.sogdiana. Соғды қарараушаны (С.Согдийская,алыча)

         Биіктігі 2-8 м болатын ағаш. Жапырағының диаметрі 2-5 см,ені 1-3см. Гүдеу мерзімі III-IV , жеміс беру мерзімі VI-VIII. 8OO-2OOOv биіктікте, тау өзендерінің жағасында және аралас орманда  өседі.Тағамдық,омарталық,бояу алуда қолданылады.

10.    Amugdalus. Бадам туысы (Миндаль)

11.1 A.communis. Кәдімгі бадам (М.обыкновенный)

         Биіктігі  4-6 м болатын ағаш. Жапырағының диаметрі 3-6 см, ені 1,2-2см.Гүлдеу мерзімі IV , жеміс беру мерзімі VII-VIII.8OO-16OO м   биіктікте, тасты және қиыршық тасты аймақтарда өседі.Тағамдық,омарталық, дәрілік, эфир май қасиеттеріне ие.

11.2 A.petunnikovii. Петунников бадамы ( М.Петунникова)

      Биіктігі 4 м болатын бұта. Жапырағының диаметрі 2-3 см, ені 3-5 мм .Гүлдеу мерзімі IV-V жеміс беру мерзімі VI.Таудың 14OO-18OO м биіктігінде, қиыршық таста өседі.Эфир май, сәндік, омарталық бағытта қолданылады.

11.3  A.spinossima. Тікенді бадам (М.колючейший)

Биіктігі 2 м болатын бұта. Таулы аймақтың майда қиыршықты жерлерінде өседі.Гүлдеу мерзімі III-IV, Жеміс беру мерзімі V-VI. Сәндік,омарталық, дәрілік, эфир майлық қасиеті бар.

12. Aflatunia. Тасжаңғақ туысы (Афлатуния)

   12.1    A.ulmifola. Кәдімгі тасжаңғақ туысы ( А.вязолистая)

        Биіктігі 3-5 м болатын ағаш. Гүлдеу мерзімі IV, жеміс беру менрзімі VI-VII. Таудың 15OO-25OOм биіктігінде өседі. Сәндік омарталық қасиетке ие.

13. Cerasus. Шие туысы (Вишня)

    13.1    C.erythrocarpa. Қызыл шие (В.красноплодный)

          Биіктігі  7O-2OOсм болатын бұта. Гүлдеу мерзімі IV-V , жеміс беру мерзімі VI-VII. Таудың субальпілік белдеуінде және құрғақ тасты аймақта өседі.Тағамдық,сәндік,омарталық қасиетке ие.

13.2 C.verucosa. Сүйелді шие (В.бородавчатая)

     Биіктігі аласа бұта. Гүлдеу мерзімі IV-V, жеміс беру мерзімі VI-VII.Тау жартастарында,тасты және қиыршық тасты аймақта өседі. Тағамдық,сәндік,омарталық қасиетке ие.

13.3 C. Tianschanica. Тянь-Шань шиесі (В. Тянь-Шаньская)

     Биіктігі 1-1,5м болатын бұта.Гүлдеу мерзімі V-VI , жеміс беру мерзімі VI-VII . Тау белдеуінің тасты аймағында өседі.Сәндік, омарталық қасиетке ие.

14. Padus. Мойыл туысы (Черемуха)

 14.1    P. Mahaleb.  Магалеб мойылы (Ч.антипка,магалебка)

           Биіктігі  1O-12м болатын ағаш. Гүлдеу мерзімі V-VI, жеміс беру мерзімі VII-VIII. Таудың 5OO-8OO м биіктігінде,тасты аймақта және жарық түсетін ормандарда өседі. Сәндік,омарталық, техникалық, бояу, эфир май алуда қолданылады.

15. Armeniaca. Өрік туысы (Абрикос)

15.1  A.Vulgaris. Кәдімгі өрік (А.обыкновенный)

Биіктігі 5-8 м болатын ағаш. Гүлдеу мерзімі III-IV, жеміс беру мерзімі VI-VIII. Таудың 5OO-8OO м биіктікте, тасты және қиыршықты белдеуде өседі.Тағамдық,витаминдік омарталық қасиетке ие.

16. Purus. Алмұрт туысы (Груша)

16.1 P.Regelli. Реггеля  (Регеля,разнолистая)

Биіктігі 8м болатын ағаш. Гүлдеу мерзіміV,жеміс беру мерзіміVIII-IX. Құрғақ тасты аймақта өседі. Тағамдық, омарталық қасиетке ие
Тағы рефераттар