Сақтандыру — қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне қатегорияларының бірі. Сақтандыру сферасы адам өмірінің, өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп — бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру, азаматтардың жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен әлауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының (салалық және аумақтық аспектілерде) натуралдық заттай босалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай-ақ ақша ресурстарын да кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв және сақтық қорлары түрінде  қалыптасады. 

Сақтандыру нарығы түрлі секторларының арақатынасы, сақтандыру қорының мөлшерлері бойынша сақтандыру және қайта сақтандыру компанияларының саралау, коммерциялық қызметін әртараптандыру мәселелері бойынша және ұлттық сақтандыру нарығының құрылымдық тұрғызылуын және оның негізгі қосымша жүйешесін тұтас алғанда осы уақытқа дейін жалпы танылған белгілері жоқ.   Сақтандыру  нарығының ұтымды  құрылымдық ұйымдастырылуы туралы түрлі зерттеушілер түсініктері қағидалы тұрғыдан бөлінеді. Мысалы, К. Бернар, С. Левин және басқалары «сақтандыру нарығының жемісті қызмет атқаруы үшін бүкіл сақтандыру өрісі бойынша белсенді бәсекелесетін әмбебап түрдегі сақтандыру компаниясының салыстырмалы шағын мөлшері қажет» деп санайды. Р. Флинч бұл көзқарасты: «сақтандыру қызметтерінің сапасын арттыру сақтандырудың жеке түрлеріне шоғырландыру стратегиясын пайдаланумен қамтамасыз етіледі»  деп оны тікелей   бекерге   шығарады.   Мамандандырылған   және   әмбебап сақтандыру  бизнесінің  арақатынасы,   сақтандыру  қызметтерін ұйымдастырудың тағы да бір шешілмеген проблемаларының бірі сияқты көрінеді, олардың ішінде міндетті және ерікті сақтандыру арақатынасын анықтау да бар. Талдампаздардың көпшілігі міндетті сақтандырудың экономикалық мәні екі ұшты сипатта болады деп  санайды. Бір жағынан, сақтанушылар міндетті сақтандыру қызметтерін сатып алудан бас тарта алмайды, екінші жағынан нарықтық қатынас кезінде мәміле жасау үшін нақты сақтандыру компаниясын  тандап  алу  үдерісі   еркін  талап    етеді.   Міндетті сақтандыру кезіндегі бұл қарымқатынастың екі жақтылығы сақтандыру   қызметі   нарығыңың   елеулі   бөлігін   іс   жүзінде асимметриялық нарықтық қатынастар саласы ретінде жасайды. Бірінші жақ — сақтанушыларының, екінші жаққа қарағанда, еркін таңдап алу мүмкіндігі мүлдем аз, демек әрі сатып алушылар үшін, әрі сатушылар үшін тек сауда серіктесін таңдап алғанда ғана емес, сонымен бірге нақты мәмілені жасау немесе жасамаудың тең мүмкіндігін қамтамасыз ететін бәсекелес нарықтың маңызды талаптарының бірінің жоқтығы. Сақтандыру қызметтері нарығында міндетті сақтандыру кезінде сақтанушылар мәмілені жасамау мүмкіндігінен айырылған. Яғни ерікті сақтандыруға байланысты бөлігі, толық еркін, шынайы нарық ретінде қаралуға тиіс. Басқасы  жалған нарық сияқты, өйткені сақтанушьшар өз құқықтары бойынша шектелгендіктен, өз тілектеріне байланысыз мәмілеге мемлекеттік органдардың ұйғарымдары бойынша отырады. Сақтандыру дамуының алғашқы жолында таралған сақтандыру нарығының құрылымдық бөлшектеп байланыстыруы пайда болады. Нашар дамыған сақтандыру қызметтерінің ұлттық нарықтары міндетті сақтандыруға сүйенеді, ал нарықтық экономикасы дамыған елдерде ерікті сақтандырудың алуан түрлілігі басым. Сонымен, бір қалыпсыз қабылдауда міндетті және ерікті сақтандырудың арақатынасы сақтандыру қызметтері нарығының жетілу көрсеткіші болып табылады, дегенмен де оның жетілуіне нақты мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясаты айтарлықтай әсер етеді. Экономикасы әлеуметтік бағдарланған жоғары дамыған елдерде сақтандырудың міндетті түрлерінің үлесі әжептәуір жоғары болып қалуда. Сондықтан міндетті және ерікті сақтандырудың арақатынасының белгілері сақтандыру нарығының құрылымдық ұйымын зерттеген кезде маңызды мәні болғанымен абсолюттік тұрғыдан таныла алмайды.[2, 144б]

Егер экономиканың даму қарқынына сүйенетін болсақ, сенімді көзқарас сценарийді іске асыру біршама ықтимал және күтуге болады. Әрине, сақтандыру қызметтерінің отандық нарығы 10-15 жыл ішінде дүниежүзілік сақтандыру нарығында бәсекеге қабілетті болады дегенге сену күмәнді, алайда оған жақындай түсетін қадамдар жасалады. Мәселенің сенімді қойылуы ұлттық сақтандыру нарығының айтарлықтай жоғары қарқынмен өсуін жорамалайды, бұл мінсіз менеджменті, сақтандыру маркетингінің дәстүрлі емес нысандарын пайдалануды, жаңа сақтандыру қызметтері мен өнімдерді белсенді енгізуді талап етеді. Сақтандыру бизнесінде капиталдандыруды біртіндеп өсіру және отандық сақтанушьлардың бәсекеге артықшылығын кезең кезеңмен күшейту бағдарламалық міндеттерді шешпейді, стратегиялық қайта құруды талап етеді.

Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады.

Сақтандыру категориясы үшін мына белгілер оған тән болып келеді:

1. қатынастардың ықтималдық сипаты;

2. қатынастардың төтенше (жай емес) сипаты (кез келген ауқымда — мемлекеттік, аймақтық деңгейде, кәсіпорын немесе оның бөлімшесі, жеке адам деңгейінде).

Сақтандыру категориясының қаржы категориясымен ортақ өзгеше белгілері бар:

  • сақтық қатынастарының ақшалай сипаты;
  • сақтандырудың қоғамдық өнімнің құнын қайта бөлуге қатысуы;
  • оның іс-қимылы ақша қорларын жасап, пайдаланумен қосарланып отырады;
  • сақтық қатынастарының бір бөлігінің міндетті сипатының болуы;
  • ақша қорларын жасап, пайдалану кезіндегі сақтық баламалығы барлық жағдайда бола бермейді (қатынастардың баламасыздығы).

Сақтандыру шеңберінде мемлекет сақтық ресурстары меншігінің субъектісі болып келетіндіктен сақтандыру жалпы мемлекет қаржысының құрамды бөлігі болып табылады, қалған барлық жағдайда сақтық ісін (қызметті, бизнесті) экономикалық жүйе шеңберіндегі айрықша сақтанушыға немесе оның қайта бөлу процестерін жүзеге асыратын арнаулы қаржы кредит институты ретінде қарауға болады.

Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанға көмек көрсетілетіндігінде. Демек, сақтандыру — қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болган кезде жеке және заңи тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және оларға материалдық зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану жөніндегі қайта бөлгіштік қатынастардың айрықша сферасы.

Сақтандырудың экономикалық мәніне бұл категорияның қоғамдық арналымының көрінісі ретінде оның бөлу, өтемдік, жинақтық және бақылау функциялары сай келеді.

Бөлу функциясы: бұл функцияның өзгешелігі қайта бөлу ретінде керінуі. Ол алдын алу функциясына, мысалы, алдын алу шараларын қаржыландыру жолымен сақтық жағдайының болу мүмкіндігін жоюға бүгіледі. Жеке басты сақтандыруда бөлу функциясы сақтандырудың тиісті түрлерінің жинақтық функциясына бүгіледі.

Бақылау функциясы сақтық төлемдерін жұмылдыруды және сақтық қорын қатаң мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты болатын тараптардың нақты қатынастарында көрінеді.

Соңғы уақытта бірқатар зерттеушілер сақтандыру экономиикалық категориясын сипаттау үшін тәуекелдік функциясын қарауды ұсынады, өйткені сақтық тәуекелі сақтандырудың негізгі арналымымен — қолайсыз оқиғалардан болған зиянның орнын толтырумен байланысты.

Сақтық қатынастарының бір бөлігінің салыстырмалы жалпы бағыттылығы мен (кең арналымдағы резервтік қорларды пайалана отырып) қоғамдық қорғаудың жүйесі арқылы тиісті ақша қаражаттарының арналымы болады. Бұл қатынастар мен қорлар байланысылған және жалпы ұлттық сипаты бар төтенше оқиғаларды ескертуге және жоюға бағытталған. Мұндай жағдайларда   тұрақты   жұмыс   істейтін   қорлардан   басқа (жалпы мемлекеттік материалдық резервтерден, Үкіметтің резервтік қорларынан) кәсіпорындардың, ұйымдардың, халықтың ерікті қайырымдылықтары есебінен қосымша қаражаттар жүмылдырылуы мүмкін. Бұл қорлар халыққа, өндіріс пен инфрақұрылымның объектілерін жаңғыртуға, экологиялық тепетендікті қалпына келтіру жөніндегі шараларды жүзеге асыруға келтірілген зиянды өтеуге пайдаланылады.

Сақтық қорлары — қоғамның ұлттық шаруашылығындағы сан алуан, алдын ала болжануы мүмкін емес жайттардан сақтандыруға арналған қоғамның резерв қорлары жүйесінің қажетті құрамды бөлігі.

Мүліктік мүдделерді қорғауды, материалдық зияннан сақтандыруды және оның орнын толтыруды сақтандыруды жүзеге асыратын сақтық қоры материалдық немесе ақша қорлары нысанында жасалады. Сақтық қорларында қоғам мүшелерінің ұжымдық және жеке мүдделері қорғалады, олардың тіршілік әрекетінің сан қырлы экономикалық және әлеуметтік аспектілері көрінеді.

Сақтық қорларының басқа қорлардан ерекшелігі: олар алдын ала тұтыну қорларына да, жинақтау қорларына да жатпайды. Ол  табыс ретінде тұтынылмайтын және қорлануға міндетті қызмет етпейтін табыстардың бірден бір бөлігі.[1, 356б]

Нарықтық экономикада сақтық қатынастарының едәуір бөлігі коммерциялық қатынастар болып табылады. Ең алдымен бұл жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандыру категориясына қатысты, бұлардың қызметтер көрсетуі өзгеше сақтық қызметтерін көрсетуге түрленеді және мұндай қызметтер көрсетудің еркін рыногында ұсынылады. Бұл қызметтер көрсетудің бағасы сақтық тарифтері мен жарналары түрінде болады. Сақтық қызметтерін керсетуге сұраным олардың сапасымен және бағаның деңгейімен анықталады.

Өтпелі экономика жағдайындағы сақтандыру институтының ерекше маңыздылығы бірқатар факторлармен айқындалады.

Біріншіден, мемлекет тарапынан көзделген шаралардың сипаты мен көлеміне қарамастан, сақтандыру халық пен ұйымдардың түрлі мүдделерін қосымша қорғауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі шығыстардың негізгі ауыртпалығы мүмкіндігі объективті түрде шектеулі болып табылатын мемлекеттік бюджетке түседі.

Екіншіден, сақтандыру механизмін қазіргі жағдайда пайдалану елдегі кәсіпкерлік қызметті жедел дамытуды, Қазақстан экономикасының негізгі саласының ерекшеліктерін, оның климаты мен географиялық орналасуы, экологиясының деңгейін ескере отырып, өндіріс технологиясын жетілдіруді қамтамасыз етеді.[1, 357 б]

Табиғаттың төтенше күштері, кездейсоқ құбылыстар, өндірістік факторлар мен ақшалай кірістер есебінен қатерлердің орнын толтырумен байланысты экономикалық қатынастар дербес сақтандыру категориясын бөледі.

Сақтандырудың мақсаты азаматтарды, мүлікті, қоғамды немесе үжымды қорғау және ұдайы өндірістің үздіксіздігің қамтамасыз ету үшін өндірістік процестерді қорғау болып табылады.
Тағы рефераттар