Салықтың түсінігі, ерекшеліктері және элементтері туралы қазақша реферат

Салықтар дегеніміз, жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында, мемлекеттік жоғарғы өкілді орган қабылдаған нормативті акті заңның негізінде, сондай-ақ, заңда белгіленген мөлшерде және уақытта заңды және жеке түлғалардан міндетті түрде, қайтарылмайтын және ақысыз негізінде бюджетке алынатын ақшалай төлемдер. Осы берілген түсінікті жан-жақты талдап, салыстыру мақсатында басқа да авторлардың көзқарасына тоқталамыз.

Көптеген экономистер салықтардың түсінігін, мәнін ашуға тырысты. Алғаш рет салықтардың мәні Д. Рикардоның еңбектерінде зерттелген. «Салықтар — ел капиталы немесе кірісінен алынып, үкімет иелігіне түсетін өнімнің бөлігі» деп көрсетті ол.

Загрузка...

Салық теориясына Ресейдің ғалымдары да өзіндік үлес қосты. Н. Тургенев Ресей экономикасын зерттей отырып, былай деді: » Салық — қоғамның немесе мемлекеттің бір мақсатқа жетудегі мәні. Халық мемлекетке бірігіп, оған басшылық жасауға және салық салуға құқық   берді «.

Ал А. Соколов: » Салық дегеніміз мемлекет шығындарын жабу және экономпкалық саясатты шешу үшін кәсіпкерлерден алынатын мәжбүрлік алым » деп көрсетті. Соколовтың бұл анықтамасы салыктың түпкі мәнін көрсетеді. Ол  тек ғана салықтың фискалдық кызметін жүргізіп қоймай, осы

Жиналған салықтарды мемлекеттің саясаттарын жүргізуге қолдану қажеттілігін айтады.

Мысалы, Гуреев В.И. салықтарды “міндетті жарна” деп атайды және мынадай түсінік береді: » міндетті жарна дегеніміз заңды және жеке түлғалардың кәсіпкерлік қызметтерінен және басқа түсім көздерінен тапқан табыстарының бір бөлігін заңмен белпленген тәсілмен ақшалай түрде алу «.

Ал салық жөнінде, мемлекеттің заңды және жеке тұлғалардан тиісті деңгейде бюджетке алатын міндетті жарнасы деген анықтама берген. Белгілі ғалым Пепеляев С.Г. салыққа мынадай анықтама береді “салық мемлекеттің өкімет билігі субьектілерінің төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында, мемлекеттік мәжбүр етумен қамтамасыз етілген міндетті, қайтарылмайтын және дербес ақысыз түрінде заңды және жеке түлғалардан заңда белгіленген тәртіппен алынатын меншіктері”.

Осы автордың айтуы бойынша, егер қандай да болмасын міндетті төлемді алу заңда белгіленіп, негізделмеген жағдайда, оларды алу заңсыз болып табылады. Ал салық телеуші бұл жерде азамат ретінде емес, сонымен қатар меншік иесі де болғандықтан салықтарды төлеу оның жеке меншік жөніндегі құқығынан шығатын әлеуметтік міндеті.

Қазақстандық, белгілі экономист-ғалым Қарағүсова Г.Ж. » салықтар деп, жалпы мемлекеттік мұқтаждықтарды өтеуге жұмсалатын және қабылданған заң негізінде мемлекетке алынатын еріксіз немесе міндетті алымдарды айтады» деген анықтама береді.

Қаржылық қүқық саласының Қазақстан бойынша берілетін бір әйгілі ғалымы Худяков А.М. өз еңбегінде салықтардың түсінігін беріп қана қоймай, олардың басқа төлем түрлерінен ажыратуға қажетті   ерекшеліктерін ашып көрсеткен. Бұл ерекшеліктер салықтардың өз қүқылық және экономнкалық табиғатына тән белгілер болып табылады

1 Салық-әрқашан мемлекет тарапынан енгізілінеді және алынады. Бұл жерде мемлекет саяси субъектісі ретінде көрінеді.

2 Салық-мемлекеттің біржақты түрде белгілейтін төлемі. Бұл жерде мемлекет салық төлеушілердің келісімін қажет қылмайды. Осы айтылған жағдайлар Конституция баптарында көрініс тапқан: Заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міңдеті болып табылады.

3. Салық- әрқашанда ақшадай түрдегі төлем. Осы белгісі бойынша салықтар әртүрлі мүліктік міндеттемелердің — тәркілеу, реквизициялау және т.б. ерекшеленіп тұрады.

4. Салық- әрқашанда ақшаларды еріксіз алу. Бұл жерде салық төлеушіге оның ақшаларын еріксіз алу механизмі құрылады.

5. Салық- заң жүзінде белгіленген ақшаларды алу. Мемлекет салықтарды ашықтан ашық заңға негізделген күйінде алады. Яғни жеке меншіктегі ақшалар мемлекет меншігіне ауысады.

6. Салық- міндетті төлем. Салық төлеушінің салық телеу жөніндегі міндетті салық қызметі органдарының төленген салықты қабылдау жөніндегі міндетімен ұштасады.

7. Салық- тек құқылық формада қездесетін төлем. Салықтар нормативтік сипаттағы заң актілерімен белгіленеді.

8 .Салық- тек мемлекеттік кіріске түсетін төлем.

9. Салық- тұрақты ақша міндеттемелерін туғызатын төлем.

10. Салық- баламасыз төлем. Яғни, салық қандайда болмасын көрсетілген қызмет немесе сатып алған тауарларға төлейтін төлем емес, ол тек ақысыз төлем.

А.И.Худяковтың айтуы бойынша салықтардың басты белгісі салық нысанасының ауысуы, меншік иесінің ауысуы болып табылады. Мемлекеттік емес заңды тұлғалармен жеке түлғалардың салық төлеу кезінде мемлекет қарамағына өтетін ақшалары мемлекет меншігіне айналады.

Ал мемлекеттік заңды тұлғалардың салықтарды мемлекет қарамағына түскенімен, олардың (заңды түлғалардың, ақшалардың) иесі мемлекет болып қала берді. Бұл жерде мемлекет салықтарды белгілеу және алу процесінде саяси субъекті ретінде, ал міндетті төлемдерді белгілеу және алу кезінде — меншік иесі ретінде болады. Салықтарды алу кезінде мәжбүрлі (еріксіз) түрде меншік формасы өзгертіледі. Қорыта келіп айтқанда міндетті төлемдер — өз кірістерінің бөлігі, ал салықтар – бөтен кірістердің бөлігі.

Салықтар әркашаңца мемлекет пен халықтың жан-жақты мұқтаждықтарын қанағаттандыру және өндірісті дамыту мақсатында ұлттық табысты және жалпы ішкі өнімді, сондай-ақ жалпы қоғамдық өнімді қайта бөлуге байланысты экономнкалық қатынастарды көрсетеді. Сондықтан, олар мемлекеттің заңды және жеке тұлғалармен арасыңдағы экономикалық (қаржылық) қатынастарын сипаттайтын экономикалық категория болып табылады.

Енді салық салу саласында міндеттемелерін және олардың орындалу тәртібін анықтайтын заңды құрылымға, яғни салық туралы заңның элементтеріне тоқталамыз.Тек салық туралы заңның элементтерінің жиынтығы арқылы салық төлеушінің салық міндетттемелері толық белгіленбеген болып есептеледі.

Салық заңдарында белгіленген салық элеметтеріне мыналар жатады: салық төлеуші; салық салу объектісі; салық салу бірлігі; салық ставкасы; салық салу әдісі; салықты есептеу тәртібі; салық төлеу мерзімі; салықтарды төлеу тәсілдері және тәртібі; салық төлеушілердің, банк мекемелерінің және салық қызметі органдарының құқықтары мен міндеттері және жауапкершіліктері. Енді осы салық элементтерінің әрқайсысын жекелеп қарастырамыз.

Салық төлеуші- өз меншігі есебінен салық төлеу жөніндегі заңды міндеті бар тұлға, яғни салық субъектісі. Бұл жерде салық төлеушілер деп, заңмен белгіленген салық салу объектілері бар заңды және жеке тұлғаларды айтамыз. Экономикалық термин ретінде » салық ауырмаларын көтеруші » деген ұғым қолданылады, яғни салықты нақты төлейтін тұлға деген мағынада.

Сонымен, Қазақстан аумағындағы салық төлеушілер мыналар болып табылады:

Кез келген ұйымдық-құқықтық формадағы заңды тұлғалар

1) Қазақстан Республикасының заңдары бойынша заңды тұлға болып табылатындар;

2) біздін республикамызда заңды тұлға ретінде тіркелмегендер, бірақ басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес заңды тұлға болып табылатындар. Бұлар үшін салықтарды филиалдары, агенттіктері, оқшауланған бөлімшелері немесе тұрақты өкілдері төлейді.

Қазақстан Республикасының жеке тұлғалары, яғни азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар.

Салық салу обьектісі — заңда көзделген тауарлық-материалдық игіліктер жасалатын жұмыстар мен көрсетілген қызметтер және т.б. болып табылады.

Қазақстанда заңда көзделген салық салу обьектілері мыналар болып табылады:

а) заңды және жеке түлғалардың кірістері (табыстары, пайдалары және т.б.); б) заңды және жеке түлғалардың мүліктері;

в) мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметтер;

г) өнімдер мен қызметтердің ( жүмыстардың ) қосылған құны;

д) тауарлардың кейбір топтары мен түрлері;

е) шаруашылық айналымы;

ж) қаржылық операциялар;

з) табиғи ресурстарды пайдаланушылардың төлемі

Бұл жерде ескертетін бір жай, қандай да болмасын заң жүзінде белгіленген объектіден салық бір-ақ рет (бір дүркін) алынады, сондай-ақ салық төлемдерін арттыратын заңдарды қолданудың кері күші болмайды.

Салық салу бірлігі — есептеу үшін берілген салық объектісінің өлшем бірлігі. Бүл жерде салық салу бірлігі деп салықтарды есептеу негізіне салынған салық обьектісінің бір бөлігін айтамыз.

Мысалы, жер салығында- 1 гектар, 1 шаршы метр, 1 акр; акциздерде -1 бөтелке, 1 қорап сигарет; табыс салығында — теңге, доллар, евро, рубль және т.б.

Салық ставкасы — салық салу бірлігіне қатысты салық мөлшері немесе салық нарқы. Салық ставкасы салық салу нормасын сипаттайды. Құрылу әдісіне байланысты салық ставкалары тұрақты және пайыздық болып екіге

бөлінеді. Тұрақты ставкалар — түсетін табыс мөлшерін есепке алмай, салық салу обьектісіне ( жер учаскесіне ) тікелей, нақты салық бірлігінің шекті сомасымен белгіленеді. Пайыздық ставкалар: пропорционалды, прогрессивті және регрессивті болып екіге бөлінеді.

Пропорционалды ставкалар — бірыңғай пайыз түрінде белгіленеді, бұл жерде салық обьектісінің көлемі ескерілмейді.

Прогрессивті ставкалар — табыстар мен мүліктердің өсуіне байланысты күрт өсетін шкала түрінде белгіленеді. Прогрессивтік ставкалар екіге бөлінеді: қарапайым және күрделі.

Қарапайым прогрессивтік ставкалар — мүліктің немесе табыстың құны артқан сайын өсе түсетін салық ставкалары.

Күрделі прогрессивтік ставкалар — табыс екіге бөлініп, әрқайсысына көбейетін салық ставкасы белгіленеді.

Регрессивті ставкалар — салық салу объектісінің өсуіне қарамастан төмендетіле берілетін ставкалар.

Салықты есептеу тәртібі әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, кәсіпорындардың жеке тұлғаға табысын төлеу кезінде, бұрынғы тапқан табыстарын есепке алмай, сол төлеп жатқан табыстан ғана салық сомасын есептеуі.

Кейбір әдіс бойынша, төлеушінің жылдық нақты мезгілінде тапқан табысының соммасын және осы мезгілге қатысты салық төлеушінің жеңілдіктерінің жалпы сомасын есептеу арқылы жүзеге асырады. Әрбір кәсіпорынның бухгалтериясында нақты салық төлеушінің бір жыл бойындағы табысының жалпы сомасын алып тастау арқылы да салық есептелінеді.

Салықтың есептелген сомасын төлеу кезінде бұрын осы табыстан ұсталған салық сомасына азайтылады.

Салықтардың төлеу тәсілдері. Салықтарды төлеудің үш тәсілі бар, деклорация бойынша салық төлеу, салық төлеудің кадастірлік әдісі, табыс көзі бойынша салық төлеу әдісі.

Салық төлеу мерзімі — салықтар мен басқа да міндетті төлемлердің бюджетке алыну уақыты. Мысалы, қосылған құнға салынатын салық бойынша салық төлеуші ағымдағы он күндік төлемдерін мына мерзімдерде, есепті айдың он үші, жиырма үші, келесі айдың үші күндері төлейді.

Салық жеңілдіктері – төлеушілердің заңда көзделген жағдайда, салық төлеуден ішінара (кейбір түрлерін ғана) немесе толығымен босатылуы. Салық жеңілдіктеріне мыналар жатады: салық төлеуден толығымен босату, салық төлеуден ішінара босату, салық салуға жатпайтын объектілерді анықтау; салық мөлшерін төмендету; мақсатты салық жеңілдіктерін беру; уақтылы төленбеген салықтарды есептен шығарып тастау; салық төлеу мерзімін кейінге калдыру.

Мысалы, табыс салығы бойынша — мынадай заңды тұлғалардың табысы салық салудан босатылады: мүгедектердің ерікті қоғамы; Ауғанстан соғысы ардагерлерінің республпкалық ұйымы және т.б

Сонымен, салықтардың мәнін қарастыра отырып, мемлекеттің салықтарды дамыту мен қолданудағы рөлін, жаңашыл салық салудың қоғамның қандай мүшелерінің мүддесі үшін жұмыс атқаратынын көруге болады.

Біріншіден, қоғамның барлық мүшесі елдің қауіпсіздігін және ел ішіндегі азаматтарының жеке басының қауіпсіздігін ойлайды. Сондықтаңда

қоғамның барлық мүддесі үшін әскери күштер мен қоғамдық тәртіпті сактау органдарын ұстауға қаражат қажет.

Екіншіден,    қоғамда    мемлекетті   басқару    қызметкерлерін  ұстауға қаражаттар керек.

Үшіншіден, қоғамдағы білім беру және емдеу мекемелерін толығымен ақылы түрге көшіргенмен де, қарттар үйі мен жетім балалар үйлерін ұстауға, уақытша жұмыссыздарға жәрдемақылар және зейнетақылар төлеуге қаражат міндетті түрде керек. Өйткені, осы және басқа да әлеуметтік мәселелер қоғамның барлық мүшелерін қозғайды, сондықтанда бұл мақсаттағы шығындар салықтар арқылы жабылу қажет.

.
Загрузка...

Нравится


Проблемы со скачиванием? (нажмите на ссылку)

Тағы рефераттар