Санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді бұзу туралы қазақша реферат

Қылмыстың обьектісі тұрғындардың денсаулығы және өмірі.

Обьективтік жағынан қылмыс – абайсызда адамдардың жаппай сырқаттануына немесе улануына әкеп соққан санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді бұзу арқылы жүзеге сырылады.

Қылмыстық Кодекстің 267-бабының нормасы бланкеттік. Бұл тұрғыдағы заң бұзушылық Қазақстан Республикасының арнаулы санитарлық – эпидемиоло-гиялық Заңы арқылы реттеледі. Санитарлық-эпидемиологиялық ережелер – жұқпалы аурулардан сақтандыру, олардың тарауына жол бермеуге бағытталған нормативтердің жиынтығы болып табылады.Осы ережелерді бұзу әрекет немесе әрекетсіздік арқылы істелуі мүмкін. Көрсетілген қылмыс санитарлық-эпидемио-логиялық ережелерді бұзудан абайсызда адамдардың жаппай сырқаттануына не-месе улануына әкеп соққанда ғана туындайды.

Адамдардың жаппай сырқаттануына эпидемиялардың тарауы (тырысқақ, тұмау, т.б.);

Улануға – химиялық, бактериологиялық, өндірістік, тұрмыстық, тағамдық уланулар жатады. Мұндай уланулар адам организміне улы, зәрлі заттардың әсер етуі арқылы пайда болады.

Көрсетілген ережелерді бұзу мен адамдардың жаппай сырқаттануының немесе улануының арасындағы себепті байланысты анықтауы тиіс. Қылмыс көрсетілген сырқат немесе улану орын алған сәттен бастап аяқталған деп саналады.

Қылмыс субьективтік жағынан абайсыздықпен істеледі.

Қылмыстың субьектісі 16-ға толған жай адам, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді сақтау өзіне жүктелген лауазымды адамдар да болуы мүмкін.

Қылмыстық Кодекстің 267-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын тірі: абайсызда кісі өліміне әкеп соққан дәл сол әрекет үшін жауаптылық көзделген.
Тағы рефераттар