Шағын және орта бизнесті қаржыландырудың ерекшеліктері туралы қазақша реферат

Шағын және орта бизнес қазіргі қоғамның формациясының негізі    болып  табылады,  көптеген дамыған  мемлекеттерінің  ЖІӨ-нің  негізгі  бөлігін  қалыптастырады.  Осы секторда  ұлттық  ресурстардың  негізгі   массасы шоғырланған.  Шағын  және  орта  бизнестің   қызметі  инновациялық  және  зерттеушілік  қызметінің  бастамасы  ретінде  болады:  зерттеулер  көрсеткендей  негізгі  идеялар  мен  ірі  бизнеске  қарағанда,  көбірек  шағын  және  орта  бизнестен  ұсынылып  отырады.

Шағын  және  орта  бизнесті  нығайту  мақсатында  шағын  және  орта  бизнесті  қолдаудың  және  бағыттары  қойылған – бұл  салық  ауырпашылығын  азайту;  меншік  пен  активтерін  легалезациясы;  несие  ресурстағы  қол  жетімдігін  жеңілдету;  әкімшілік  процедураларды  және  рұқсаттамаларды  оңайлату;  бюрократиялық  шексіздіктен  және  бақылау  тексеру  органдарын  қорғау;  шағын  және  орта  бизнесті  қолдаудың  аумақтық  орталықтарын  құру;  маркетингтік  зерттеулер  жүргізуде,  кәсіптілігін  жоғарлатуында  көмек  көрсету.

Барлық  меншік  нысандарындағы   кәсіпорыдарда  өз  қызметін  жүзеге  асыру  және  пайда  алу  барысында  қарыз  қаражаттарын  тарту  қажеттілігі  туындайды.  Қаражаттарды  тартудың  ең  таралғн  нысаны  несие  келісімшарты  бойынша  банктік  ссуданы  алуы  болып  табылады.

Осыған  байланысты  шағын  бизнес  субьектілерін   қажетті  қаражаттармен  қамтамасыз  ету  мәселесі  бүгінгі  күнге  дейін  өте  актуалды  болып  қала  береді.

Нарық  экономикадағы  шағын  бизнес —  экономикалық  өсу  қарқындарын,  жалпы  ұлттық  өнімнің  құрылымен  сапасын   анықтайтын  жекеше  секторлардың  бірі.  Дамыған  елдерде  шағын  бизнестің  үлесіне  ЖҰӨ-нің  60-70 % -ын  құрайды.  Сондықтан  көптеген  дамыған  мемлекеттері  шағын  бизнестің  қызметін  бар  күшімен  қолдап  отырады.

Шағын  кәсіпкерлік  нарық  коньюктураның  өзгеруіне  жедел  түрде  жауап  беру  арқылы  нарық  экономикаға  қажетті  икемділігін  беріп  отырады.  Шағын  бизнес  бәсеке  ортаның  қалыптасуына  өз  үлесін  қосады.  Сонымен  қатар  ҒТП-тің  маңызды  бағыттарының  бірқатары  бойынша  алға  тартуын  жүзеге  асыруында  шағын  бизнестің  рөлі  елеулі,  біріншіден  электроника,  кибернетика,  информатика  аясында.  Шағын  бизнестің  осы  және  басқа  да  қасиеттері  оның  дамуын  ҚР-ң  экономиканың  қайта  құруындағы  құрамдас  бөлігі  мен  маңызды  фактор  ретінде  қарастыруға  мүмкіндік  береді. [5]

Бүгінгі  күні  әлемде  кәсіпкерліктің  жалпылама  анықтамасы  жоқ.  Американ  ғалымы,  профессор  Роберт  Хизрич  кәсіпкерлікті  құны  бар жаңашылдықты  жасау  процесс  ретінде,  ал  кәсіпкерді  бұған  барлық  қажетті  уақыт  пен  күшті  салып,  қаржылық  психолгиялық  және  әлеуметтік  тәуекелді  өзіне  жүктеп  алып,  нәтижесінде  пайдасына  ақшамен  қанағатты  алатын  адам  ретінде  қарастырады.  Американдық  әдебиеттерінде  кәсіпкерлікті  және  кәсіпкерді  экономикалық,  политэкономикалық,  басқару  мен  т.б.  көзқарас  тұрғысынан  сипаттайтын  көптеген  анықтамалар  берілген.

ҚР-ның   заңнамасына  сәйкес,  шағын  бизнестің  субьектілері  кәсіпкерлік  қызметпен  айналысатын  қарамағында  қызметкерлердің  орташа  саны  50  адамнан  аспайтын,  жылына  активтердің  жалпы  құны  60  есе  айлық  есептік  көрсеткешпен  аспайтын  заңды  тұлғаны  құрмай  жеке  тұлғалар  және  заңды  тұлғалар  табылады.  Шағын  бизнестің  субьектілері  ретінде  заңды  тұлғаны   құрмай  жеке  тұлғалар  және  мынадай  ұйымдық-құқықтық  нысандарындағы  заңды  тұлғалар  бола  алады:

1       толық  серіктестік

2       сенім  серіктестігі

3       жауапкершілігі  шектеулі  серіктестік

4       қосымша  жауапкершілігі  бар  серіктестік

5       өндірістік  кооператив.

Кәсіпкерлікке  тән  келесі  белгілерін  бөліп  айтуға  болады:

  1. пайда  болу  белгісі  бойынша  кәсіпкерлік  иесінің,  тауар  өндірушінің  немесе  делдалдың  мәндік  белгілерімен  айқындалған  сәйкес  тауарлы  табиғаты  бар  нарық  шаруашылықтың  субьектілерінің  шаруашылық  әрекетінің  типі.
  2. пайданы максимизациясы-тек  толық  шаруашылық  дербестілік  шартымен  жетуге  мүмкін  кз-келген  кәсіпкердің  мақсаты.
  3. шаруашылық  субьектілерінің  мүліктік  жауапкершілігімен  экономиканың  қызмет  етудің  бәсеке-сайыстық  режимі.
  4. меншік  иесі  мен  басқарудың  қызметтерін  бірігуі  немесе  функциялардың  бір  бөлігін  басқа  тұлғаға  беру  нәтижесінде  ақпаратты  байланыстың  тізімділігін  қысқарту.
  5. кәсіпкерліктің  әлеуметтік  экономикалық  анықтылығы.
  6. тәуекелмен  басқару  нарық  субьектілерінің  айқынсыздығымен  тұрақсыздығы  туындаған  мүмкін  жоғалтуларды   азайтуы.
  7. қаржылық,  несиелік,  өндірістік,  технологиялық  басқа  да  мүмкіншілітермен  ресурстарды  шектеулі  қолдануы.
  8. нормативті  және  заң  базасының  жиі  өзгеру  себебімен  саяси  және  экономикалық  жағдайларына  тәуелділік. [6]

ҚР  бойынша  экономиканың  шаруашылықтың  нарықтық    жағдайларына  өтуі  кезеңнің  басынан  бастап  шағын  бизнестің  тұрақтандыруы  экономиканың  сәтті  қайта  құрудың  көрсеткіштерінің  бірі  болып  табылады.  Сонда  кәсіпкерлік  тап  экономикалық  қатынастарының  дербес  субьекті  ретінде  нарықтың  дамуының  құрамдас  атрибуты  ретінде  шығады.

Шағын  бизнес  мемлекеттің  экономикалық  өркендеуі  мен  халықтың  экономикалық  көтерілуіне  ықпал  ететін  маңызды  факторлардың   бірі  және  оның  дамуы  бәсекеқабілетті,  динамикалық  және  диверсификацияланған  экономиканың   құруына  ықпалын  тигізеді.

ҚР-да  кәсіпкерліктің  дамуымен  байланысты  бірқатар  заң  актілері  қабылданған  болатын.  Бұл  халықтың  жұмыспен  қамтуын  көтеру,  бәсекені  дамыту,  экономиканың  перспективті  саласында   оның  үлесін  ұлғайту,  халықтың  орта  буынын  құру  мақсатында  шағын  және  орта  бизнесті  мемлекеттік  тарапынан  қолдау  мен  ынталандыруына  дәлел  ретінде  бола  алады.

Республиканың экономиканың  секторы  ретінде  шағын  кәсіпкерлікпен  бірталай  кезең  өткергендігі,  жұмыс  атқарылғандығы  туралы  мынадай  факторлар  дәлел:

1       шағын  және  орта  бизнестегі  субьектілер  саны  әжептәуір  артқан,  ал  жалпы  коммерциялық  қызмет,  сауда  сияқты  мамандыруларды  шекті  мәнге  жетті

2       Шағын  кәсіпорындардың  көбісі  нарық  жағдайында  қызмет  етуде  белгілі  бір  тәжірибені  жинап  алды

3       Орта  және  ірі  капиталы  бар  кәсіпорындардың  үлесі аз  емес,  осы  сферадағы  заңнамасы  көптеген  өзгерістерге  ұшырады

4       Қазіргі  жағдайдың  айрақша  белгілері

5       Коммерция  сферадағы  шағын  бизнестің  дамуы

6       Қызметтер  саласында  бизнестің  жетіспеушілігі

7       өндірістік  және  ауылшаруашылық  шағын  және  орта  кәсіпорындардың  әлсіздігі (Алматы  қаласы  бойынша  өнімді  өндірумен  айналысатын  шағын  кәсіпкерлік  субьектілердің  үлесі-6,2 пайыз,  құрылыста-6,2 пайыз). [7]

Жүргізіген  сұраулар  бойынша  қазақстандық  шағын  кәсіпорындар  банк  қаржыландырудың  қызметтерін  өте  сирек  пайдаланады (жүргізілген  зерттеулер  мәліметтері  бойынша  1999 жылы  шағын  кәсіпорындардың  37,1  пайызы  банк  қаржыландырудың  қызметтерін  пайдаланған),   бірақ  онсыз  шағын  бизнес  ешқашан  аяғына  тұра  алмайды.   әрие  шағын  бизнесті  қаржыландырудың  тәжірибесі  мүлдем  жоқ  деп  айтуға  болмайды.  Қаржыландырудың  аясында  коммерциялық  банктердің  бірқатары  қызмет  етіп  отыр.

Біріншіден,  шағын  кәсіпорындарды  қаржыландырудың  көлемдері  елдегі  төмен  инвестициялық  белсенділік  жағдайында  да  айқынсыз  болып  келеді.  Шағын  бизнесті  қаржыландырудың  көлемінің  айқынсыздығы  бір  жағынан,  банктер  үшін  елеулі  пайда  түсіре  алмайды,  екінші  жағынан  шағын  кәсіпорындардың  қарыз  қаражаттарындағы  қажеттіліктерін  сәйкес  деңгейде  қанағаттандыра  алмайды.  Екіншіден шағын  кәсіпорындағы  берілетін  несиелердің  көп  бөлігі  қысқа  мерзімді  сипатта  болады,  яғни  қарыз  алушының  қызметін  кеңею  мәселесін  шеше  алмайды.  Айналым  қаражаттарына  несиелер  әрине  өте  маңызды,  бірақ  ұзақ  мерзімді  қаражаттарды  алу  мүмкіншіліксіз  шағын  бизнестің  барлық  қызметі  тек 3-4 айлық  перспективасы  бар  өмір  сүру.

Шағын  бизнесті  банктермен  қаржыландырудың  аз  көлемдері  жалпы  нашар  инвестициялық   климатымен,  шағын  бизнесті  қаржыландырудың  жоғары  тәуекелдермен  байланысты .  Жоғары  тәуекелдер  мәселесін  шағын  кәсіпорындарды   қаржыландырудыңдегі  банктердің  тәуекелдерді  басқару  прцесстер  мен  механизімдерін  жүзеге  асыру  керек.

ҚР-ғы  шағын  бизнес  қайта  бөлу  қатынастар жағдайында  дамыды.  Нәтижесінде  жиынтық  капиталдың  белгілі-бір  үлесінің  меншік  иесі  ретінде  қазақстандық  шағын  бизнестің  жағдайының  әлсіздігі,  сәйкессіздігі  орын  алып  отыр.  Бүгінгі  күні  елдің  негізгі  капиталындағы  меншік  иесі  ретіндегі  шағын  кәсіпорындардың  үлесі  осы  капиталдың   жалпы  құнынан  1,5  пайызы,   соның  ішінде  өндірістік – коммерциялық  капитал  активтеріне  меншіктің  үлесі  2-2,5 пайыз.  Мұндай  көрсеткіштер  қазіргі  жағдайда  нақты  қалыптасқан  шағын  бизнестің  даму  деңгейіне  сәйкес  келіп  отырған  жоқ. [8]

Қазіргі   кезде  негізгі  капиталға  меншікті  көбейтуге  кәсіпорындардың  ұмтылысына  әсер  етуші  факторлар  нарықтардың  тұрақсыздығы,  мәжбүрлі  көппрофильдігі, т.б.

Қазақстан  Республикасында  шағын  бизнестің  құрылуының  алғашқы  этаптарында  шаруашылық  қызметтің  көп  профильдігі – бизнесті  ұстауды  қолдау  негізінде  қажетті  шарты  болды.  Бұдан  басқа  сауда  мен  делдалдық  есебінен  көптеген  шағын  кәсіпорындар   тікелей  өндірістің  кейбір  элементтерін  ұстап  қалуға  мүмкіншілікке  ие  болған,  бірақ  заман  өзгерді.  Бүгінгі  күні  мұндай  жағдай  ұзақ  мерзіді  коммерциялық  табыстылыққа  қайшы  келетін  түрі  болып   табылады.   Сол  себептен  шағын  бизнес  секторындағы  ең  көп  инвестициялар  құрылыс  саласына  құйылады,  яғни  нарық  тұрақты,  ал  шаруашылық  қызметтің  бағыттары  біртекті  болып  тұған  жерде (ғимараттарды  монтаждау,  өңдеу  жұмыстары,  вентиляциялық  және  сантехникалық  құрал-жабдықтарды  монтаждау).  Құрал-жабдықтардың  дамыған  екінші  реттегі  нарықтың  болмауы  шағын  кәсіпорындарды  меншікті  негізгі  капиталға  ірі  салымдарды салудан  ұстап  тұрады.

Шағын  бизнестің  сферасындағы  банктік  қаржыландырудың  тәуекелдерінің  қалыптасуына  және  осы  тәуекелдермен  басқаруына  әсер  ететін  ҚР-ғы  шағын  бизнестің  үшіші  факторы  немесе  ерекшелігі  шағын  бизнестің  бүкіл  кәсіпкерлік  ортаның  қалыптасуынан  алшақтығы  болып  табылады.  Бұл  алшақтық  шағын  бизнестің (кооперативті  қозғалыс  стадиясында  да)  ірі  кәсіпорындардан  бұрын  кіргенімен  байланысты;  кейін  соңғылар  мұндай  қадамды  жасап,  көбісі  ұтылған  болатын.  Нәтижесінде  шағын  бизнес  ірі  кәсіпорындардың  қолдауынсыз  дамып  келе  жатыр.  Ал  әлеидік  тәжірибе  бойынша  олармен  өзараәсерлесетін  шаруашылықтың  шағын  формалардың  кепілі,  ал  кейбір  жағдайда  оларға  қажетті  несие-инвестициялық  ресурстар  бойынша  кепіл  беруші  ретіде  шығады,  және  де  мұндай  байланыс  міндетті  түрде  бірегей  инновациялық  және  өндірістік-технологиялық  тізбелер  аяында  мықты  шаруашылық  өзара әсерлесуіне  негізделу  керек.
Тағы рефераттар