Шаруашылық тетіктегі өзгерістермен және нарықтық институттардың нақты жұмыс істеуімен байланыссыз бухгалтерлік есепке алудағы өзгерістерді жеделдету экономикадағы қаржылық ақпараттың сапасын төмендетуге, ХҚЕС-тың беделін түсіруге, сондай-ақ қаржылық тәртіптің әлсіреуіне әкеп соғуы мүмкін. Осылайша, қолданыстағы заңнамаға сәйкес ХҚЕС-қа көшу барлық ұйымдарға қатысты, бірақ бұл ретте неғұрлым сарабдалдық ұстаным қажет. Кешенділігіне және әдістемелік күрделілігіне байланысты ХҚЕС іс жүзінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін жарамсыз. Бұдан басқа, соңғы уақытта өзіміз білетін, осы күнге дейін аяқталмаған стандарттардың өздерін белсенді жетілдіру процесі жүріп жатыр (ХҚЕС-қа тұрақты түрде елеулі өзгерістер енгізілуде, оған шағын компаниялардың қадағалап отыруына жағдайы жоқ). Осыған байланысты ХҚЕС-қа сәйкес қаржылық есеп беруді  ірі кәсіпкерлік субъектілері мен көпшілік мүдделі ұйымдар ғана жасағаны орынды.

Қызметі қоғамдық мүддені білдіретін ұйымдар көпшілік мүдделі ұйымдар болып табылады, оларға мыналар жатады:

— қаржылық ұйымдар;

— акционерлік қоғамдар (коммерциялық еместерді қоспағанда);

— жер қойнауын пайдаланушы ұйымдар (жалпы таралған пайдалы қазбаларды өндіретін ұйымдардан басқа);

— жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар ұйымдар (жедел басқару құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда).

Мемлекет басы мен ҚР Үкіметі қойған шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі тапсырмаға сәйкес патент немесе біржолғы талон бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлерді міндетті түрде бухгалтерлік есепке алуды жүргізудің толығымен босату және қалған кәсіпкерлік субъектілерінің бухгалтерлік есепке алуды жүргізу мен қаржылық есеп беруді жасаудың түрлі тәртібін қолдануы мақсатында санаттар бойынша бөлуді белгілеу қажет.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің қаржылық есеп беруді жасауды жүзеге асыру үшін былайша бөлу ұйғарылады:

1. Шаруашылық қожалығын, ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер мен оңайлатылған декларацияның негізінде жұмыс істейтін ұйымдарды қоса алғанда, шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін бухгалтерлік есепке алу барынша оңайлатылған тиісті қаржылық есеп беру стандарты әзірленетін болады;

 

2. Бірінші тармақта көрсетілгенді қоспағанда, шағын кәсіпкерлік субъектілері, орта кәсіпкерлік және алдағы санатқа кірмеген коммерциялық емес ұйымдар үшін, сондай-ақ орта кәсіпкерлік субъектілері (көпшілік компанияларды қоспағанда) және жедел басқару құқығында негізделген мемлекеттік кәсіпорындар үшін ХҚЕС негізінде әзірленген оңайлатылған ұлттық қаржылық есеп беру стандартын қолдануға болады.

Шағын бизнес үшін ХҚЕС-ты қолдану күрделілігі проблемасын шағын-орта бизнес үшін мамандандырылған стандарт әзірлеумен бірнеше жылдан бері айналысатын ХҚЕСКҚ-да түсінеді. Әмбебап стандарт әзірлеу өте күрделі жұмыс, өйткені шағын кәсіпкерлікке қатысты саясат және тиісінше оларға қойылатын талап әр елде әрқалай. Сонымен қатар, осы стандартты ХҚЕСКҚ қабылдағаннан кейін оның ережелерін бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп берудің ұлттық жүйесіне барынша инкорпорациялауға болады.
Тағы рефераттар