Шет елдердегі суицид мәселесі туралы қазақша реферат

Дамушы және дамыған елдерде тiркелген суицид оқиғалары бiр-бiрiне ұқсас. Көңiлiне қаяу түскен, бойын шарасыздық пен сенiмсiздiк жеңген, сүйiктi iсiнен жерiнген, ұйқысыздыққа ұрынған, өзiне қол салуды ойлағандардың көбiсi жүйкесi жұқарған жандар екендігін психолог ғалымдар дәлелдедi. Осындай күйзелiстердi сезiнбейтiн жандар өмiрдi сол қалпында қабылдайды. Күйзелiссiз адамдар әлеуметтiк әлемдi жақсартуға тырысады. Бұлар саясаткерлер, қоғам қайраткерлерi. Депрессия салдарынан болатын оқиғалар көрсеткіші бойынша көштiң басында Еуропа тұр. Дания, Швейцария, Ұлыбритания, Венгрия, Эстония, Латвия, Литва, Германия т.б елдерде өзге қылмыстармен салыстырғанда өзiн-өзi өлтiру дерегі екi-үш есе көп.

Тарихқа үңiлсек, өткен ғасырдың 60-70 жылдары экономикалық, әлеуметтiк мәселелердi дұрыс жолмен шеше бiлген АҚШ тұрғындарын сайран салып өмiр сүру әбден жалықтырып, күйзелiске шалдықтырып, ақырында әрбiр сегiзiншi үйде бiр адам асылып, не у iшiп өлу оқиғалары тiркелген жоқ па? Қазiргi кезде американдықтардың 25 пайызы өздерiн «жүйкесi жұқарған» ауру сезiнiп жүр. Ұлыбританияда әр күн сайын 10 адам мiндеттi түрде өзiн өлтiредi екен. Ағылшындар елiнде осынау жағдай қалыпты құбылыс болып есептеледi. Әсiресе 2000 жылдың 1 қаңтар күнi өзiн-өзi өлтiрген тұрғындардың көп болғаны цифрларда көрiнген. Жаңа ғасыр, жаңа жыл жаңа парағын айқара ашқанымен қайтадан баяғы үйреншiктi өмiр қайталанатына налыған ағылшындардың бiразы ескi жылмен бiрге қыршын өмiрiн қиған. Жапон елi де ағылшындардан қалыспай келедi. Жыл сайын бұл елде 32 мың адам өзiн өлтiредi екен. Дендеп бара жатқан ауруға қарсы тұру үшiн билiк «Суицидке қарсы заң» қабылдаған. Тарау-тарау бағдарлама, азаматтарға арнайы жиындар жүргiзiп келедi. Ал өзiмiздiң көршiмiз ше? Ресейдi айтам. 2007 жылы кәмлетке толмаған 3000 жасөспiрiм өз еркiмен бұ дүниемен қоштасып кете барған. Ғалымдар тағы да жағаңды ұстайтын дәйектер келтiрдi. Әлем бойынша 18-24 жас аралығын қамтитын жастардың 80 пайызы өлiм туралы көбiрек ойлайды. Бұл дәйектi жоққа шығара алмаймыз. Себебi арамызда жалғыздан жалғыз мұң кешiп, түңiлiп жүретiндер аз емес.

Өзiне-өзi қол салушыларды рухани тоқырап, iшкiлiкке салынып, есiрткi тартып, қылмысқа барғандардың амалсыз тәсiлi деп баға берiп, тереңiрек үңiлмей келдiк. Қаржылық тапшылық, басқа да түрлi теперiштер адам психикасына кері әсер етiп, жүйкесiн тоздырады дедiк. Бiрақ бәрi бiрдей материалдық жағдайдың қиындығы үшiн осындай әрекетке барады десек, шындықтан алшақ кеткен болар едiк. Бұл өзi бүкiл әлемнiң назарын аударып отырған көкейкестi мәселе.

Жыл сайын 10-20 миллион адам суицид жасауға бекінеді. Олардың бір миллионға жақыны жарық дүниемен қош айтысады. Алдыңғы қатарлы суицид жасаушылардың отаны ретінде, басқасын айтпағанда, көрші алпауыт мемлекеттер — Ресе мен Қытай — мен Қазақстанды атауға болады. Қазіргі кезде Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының дерегі бойынша Қазақсатан елдегі азаматтарының өз өмірлерін қиюы бойынша әлемде үшінші орынды алады. Ал осыдан үш жыл бұрынғы деректер бойынша Қазақстан бесінші орында болған. Ол кезде орта есеппен 100 000  адамға шаққандағы суицид жасаушылардың саны 30 адамды құраған. ДДСҰ-ның соңғы мәліметіне сүйенсек, әлемде жыл сайын бір миллиондай адам өзін-өзі өлтіреді. Бір миллион адамның 8 мыңы қазақстандықтардан тұрады. Бұл дегеніміз әр бір сағат сайын бір қазақстандық суицид жасайды дегенді білдіреді.Елдегі мұндай ахуал жаңадан пайда болған үрдіс емес. Суицид жасаушылар сонау Кеңес заманынан бері бар. Ол кездің өзінде жыл сайын 4-5 адам өз-өздеріне қиянат жасап, масқара өліммен өмірлеріне нүкте қойып отырған. КСРО және әлем бойынша суицид жасаушылардың саны жағынан Қазақстан сол кездері-ақ алдыңғы қатарлы орындардан көрінген. Бір өкініштісі, суицид жасаушылардың басым бөлігі – еліміздің болашағы деп санаған жас буын өкілдері. Мұндай қара өлімге тап болған адамдардың небары 2-5% ғана Жүйке-неврологиялық диспансерде тіркеуде болған.

Жыл сайын әлемде бір миллионнан астам адам өзін-өзі өлтіреді екен. Оның 280 мыңы қытайлықтар, 30 мыңы американдықтар, 25 мыңы жапондықтар, 20 фрацуздар, 51 мыңы — орыстардың үлесінде. Шведтің суицидиологиялық зерттеулер орталығының мәліметі бойынша, 100 мың адамға шаққанда жастардың суициді жөнінен Қазақстан Шри-Ланкадан кейін екінші орында тұр. Халық санын көбейте алмай отырған Қазақстанға бұл да өзекті мәселе болып отыр. Еліміздегі биылғы өткен ұлттық санақ нәтижелері бойынша, отандастарымыздың саны 16 миллион 402 мың. Мемлекетімізде он жылда не бары миллион жарымға жуық адамға артқан екенбіз

Өз-өзіне қол жұмсау жағдайлары жүргінші жолда (Германияда әсіресе метрода) көп кездеседі. Тағы да жасырылған суицид. Бұл орайда батыстағы полиция қызметкерлері автоцид деген терминді қолданады. Автомобиль бұл кезде суицид жасауға арналған инструмент рөлін ойнайды. Байқаусыздан немесе жоғары жылдамдықта келе жатып, алкогольді мастануда көлікті жүргізу, әлде жолда ұйықтап қалу сияқты себептерді жамылып, өз-өзіне қол жұмсау әрекеттері де көп кездеседі.

Осы мәселемен айналысатын халықаралық ұйымның дерегіне үңілсек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мүшесі болып табылатын Қазақстан жасөспірімдердің өлімі (суицид) бойынша Ресейден кейін екінші орында көрінеді. Суицидтің көлемі соңғы жылдардың өзінде жеті пайызға өсіпті. Осылайша, көршілес Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан тәрізді елдермен салыстыра қарағанда, Қазақстанда жастардың өзіне-өзі қол жұмсау деңгейі өте жоғары болып тұр. Бұған тағы бір дәлел, Қазақстан әлемдегі 193 мемлекеттің ішінде суицид бойынша үшінші орында тұр. Мұндай дерек тек жекелеген отбасын, тіпті қоғамды ғана емес, ел Үкіметін де терең ойландыруы тиіс. Бала біздің болашағымыз емес пе?!

Адам белгілі бір нәрсеге қатты күйзелгенде және ол ұзақ уақыт бойы болғанда стресстік сезімдерге душар болады.Стресс өте ауыр психологиялық жағдайда қауіп қатер төнгенде,іс әрекеттің өте ауыр да жауапты кезеңде,әл қуатқа және ақыл ойға салмақ түскенде пайда болады.

Негізі психологтар былай дейдi: «Дерттiң терең механизiмiн зерттегенде ағзамызда катехломин деп аталатын зат бар, бас миында болатын белгiлi бiр биохимиялық үрдiс кезiнде көңiл-күйдi көтеретiн, теңестiретiн зат. Осы заттың қосылысы кемидi. Кейбiр жағдайларда жүйке жасушаларының бұл заттарды ұстап тұруы бұзылады. Бұл көңiл күйдiң төмендеуiне әкеп соқтырады. Егер адам күйзелiс жағдайында болса, катехломиндi көптеп шығарады да, бiраз уақыт өткен соң оның деңгейi қайта қалпына келедi», — дейдi. Сондай-ақ, күйзелiске ұшыраудың 70 түрiн атап көрсетедi. Емделуге болады. Тек «депрессия» атты ауруға шалдыққандар психологтарға дер кезiнде көрiнуi керек.  [3]

Соңғы уақытта жасөспірімдердің өзіне-өзі қол жұмсау фактісі етек алып барады. Ең ауыры сол, суицид қазіргі уақытта бір ғана отбасының қайғысына ғана емес, ауқымы үлкен қоғамдық кеселге айналып отыр. Сондықтан да жақында бір топ Мәжіліс депутаты Үкіметке сауал жолдап, осынау маңызды мәселеге барынша назар аудару қажеттігін сұрадық. Бұған себеп болған нәрсе, егер мәселенің статистикалық жағына келсек, біздің елімізде күні бүгінге дейін суицидті нақты есепке алу толық жолға қойылмаған көрінеді. Өйткені осы дертке қарсы күресетін нақты бір ұйымдасқан шара жоқ. Білім министрлігі өзінше, Ішкі Істер министрлігі өзінше жеке мәлімет жинауда. 2009 жылы еліміз бойынша 260 жасөспірім өзіне-өзі қол салып, фәнимен қоштасқан. Бұл аз болғандай, 2010 жылы 237 суицид оқиғасы тіркеліпті. Қолға түскен ресми статистикаға қарасақ, суицид оқиғасы барлық облыстарда азаймай отыр. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысында 30 шақты жасөспірім өмірмен қош айтысса, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе облыстарының әрқайсысында соңғы жылдың өзінде ғана 20-дан астам оқушының өзіне-өзі қол салғандығын жасыруға болмайды.

«Суицид »  туралы жаңалықтарды телеарналардан жиі берудің қажеті шамалы. Өйткені жасөспірімдерге мұның пайдасынан гөрі, зияны көбірек. Керісінше, шағын ақпаратты көрген оқушы суицидтің атынан «үркетіндей» етіп берген жөн. Әйтпесе қайсыбір телеарналар мұндай оқиғаларды басқаша ракурста беруді әдетке айналдыруда. Міне, біз осыған тоқтау салуымыз керек. Тағы бір маңызды нәрсе, мектепте жұмыс істеп жүрген ұстаздар қауымының әсте үндемейтін, «мылқау» оқушының да тілін таба білуге үйренгені жөн. Білім беру саласында ұстаз үшін бұл — басты бағыттың бірі болуы керек. Жалпы, суицид деген суық әрекеттен жасөспірімдерді аулақ ұстау үшін барлық ауылдар мен қалаларда тегін спорт секциялары мен алуан түрлі үйірмелерді көптеп ашып, оған оқушыларды жаппай тарту қажет. Осылайша суицид туралы немесе бөтен пиғылды ойлауға оқушылардың шамасын келтірмеуге тырысу керек. Өмірдің өзі көрсеткендей, бос уақыты көп оқушы кейде жаман нәрсеге үйірсек келеді.

Қазақстанда жыл сайын өзін-өзі өлтірушілер көбейіп келе жатыр. Қоғамдағы бұл кесел бұрын да адамзаттың басты мәселесі болған. Қазір де солай. Кебір мемлекет өз- өзіне қол жұмсау оқиғаларын азайту үшін түрлі амалдар қолданған. Мысалы, суицидті қылмыс ретінде қабылдаған елдер де болды. Атап айтсақ, ежелгі Грекия. Мұнда өз-өзіне қол жұмсаушылардың үстінен (тірі қалғандарына) қылмыстық іс қозғалыпты. Оны аз десеңіз: қолдарын шауып тастайтын көрінеді. Заңның аты — заң. Сондықтан оған қарсы ешкім келе алмайды. Мұның бір пайдасы, сол дәуірде өзін өлімге итерушілер азайған. Дегенмен, елдерде бірдей суицидті қоғамның бас ауруы деп қарамаған. Мәселен, қытайлықтардың ұғымында өзін-өзі өлтіру — адамның асқан ақылдылығының белгісі. Елден ерекше дарын иесі Алладан ажал күтпейді деп түсінген. Ежелгі үндістер мен жапондықтардың да көзқарас, ой-пікірі осындай болыпты

Жасөспірімдер арасында өзін-өзі өлтіру мен өзін-өзі өлтіру ниеттену  проблемасы өткір тұр.Бақытсыз махаббат,сатып кету,ата аналарымен болған жанжал,жалғыздық,материалдық қиындықтар осының бәрі жасөспірімнің иығынауыр күш болыпбасылады,өзін-өзі өлтіру туралы ойосы проблемаларды шешудің бірден бір жолы сияқты көрінеді.Жүргізілген социологиялық зерттеулердің мәліметтер көрсеткендей,10-16 жастағы балалардың 23,6% өзін өзі өлтіру туралы ниет болған екен.Өскен сайын бұл ойлар жиі басқа келеді:5-6 сынып оқушыларының 16,6% бұл мәселені құптаған,7-8сыныптағылардың -24,9%,ал 9-11 сыныптағылардың -27,1% құпптаған.Ұл балаларда ол 12-13 жаста шарықтау шегіне жетсе (29%өмірден өз еркімен кетуді ойлап жүр),қыздардың көптеген маңызды проблемалары 14-16 жастарында ушығады екен де,өзін өзі өлтіру туралы ой сұрағандардың 30% ойында жүр.[8]

Статистика көрсетіп отырғандай ,өзін-өзі өлтіруге ниет қылған  жасөспірімдердің көбі әл-ауқаты нашар отбасылырдан шыққандар.Осындай отбасыларда ата-аналары арасында дау жанжалдар жиі болып тұрады, сондай ақ ата-аналары мен балалары арасындағы жанжал к өбіне қол жұмсау арқылы жасалады,ата аналары балаларына  мейірімсіз болады,тіпті өшпенділік танытатындары бар.Өзін-өзі өлтіруе шешім қабылдауға ата -аналарының  жиі жұмыссыз жүруі мен отбасындағы экономикалық проблемалар,ата-анасын ерте айырылу немесе олармен қарым қатынасты жоғалту,анасының ауруы немесе әкесінің отбасынан кетуі де жатады.Өзін-өзі өлтіруге ниеттену көмек сұрау туралы айқайлау,ол жасөспірімдердің ,бозбалалар мен бойжеткендердің өздерінің қайғыларына назар аудартуы немесе  қоршағандарынан аяшулық сезімді шақыруы,болмаса басқа адамдарға белгілі бір мақсатта әсер етудің жолы.

Өзін-өзі өлтіруге деген ниеттің себептерінің ішінде жасөспірімдердің және эксперт-психологтардың айтуынша,басқа адамдарға әсер етудің әртүрлі тәсілдері бар шамамен: 40%- «басқа адамға сенің қандай қиын жағдайда екніңді түсіндіру» үшін жасадым десе,шамамен 30% «өзіңе жамандық жасаған адамға сол қылығы үшін өкіндіргім келді» дейді,25% «өзімнің қалайша басқаны жақсы көретінімді көрсеткім келді немесе мені шынымен де жақсы көретінінтексергім келді» деп түсіндіреді,18%- «көмектің басқадан келгенін көрсету» дейді әрине әрбір суицид жасаушысыныңсебептері бірнешеу болады.

Америкалық зерттеуші Уоррен Шиблдің «Смерть:междисциплинарный анализ» атты кітабында суицид проблемасына байланысты студенттер арасында жүргізген сауалнаманың нәтижесі көрсетілген . «Сіздее өлуге деген ниет болады ма?Егер болса не себепті?» Деген сұрақтарға сұрағандардың 28% оң жауап берді.Себептерінің ішінде «өмір бос уақытты өткізу сияқты болып көрінді», «өз өмірімді жек көрдім», «өмірден шаршадым» , «әлеуметтік және жеке келеңсіздіктер,өзімнен қоршағандарды ұтқарғым келді», «одан кейін не болатынын білгім келді,адамдардың мені аяғанын тіледім»дегендері бар. «Өмірден өзін өзі өлтіру арқылы кетуді ойладыңыз ба?Егер болса,неліктен?»деген 22% оң жауап берді.Дәл осындай зерттеу жұмысы Тверь мемлекеттік техникалық университетінде (Ресей) де өткізілген болатын,ол мынадай нәтиже берді бірінші сұраққа 28% оң жауап алынса ,себептері-  «қызығушылықтан», «қорқытқым келді» , «өмір -құдайдың жазасы»,әлеуметтік қиындықтар (соның ішінде әскер қатарына шақырту) болды.Екінші сұраққа сұрағандардың 18% оң жауап берді.Мұндай қылықтың әлеуметтік себебіне ЖИТС-пен ауру көтерілген.Тек қана 5% «Ешкім де өз өмірін қиюға қақысы жоқ,ол үлкен күнә» деп жауап берген. [18]

Көпшілік қабылдаған өзін-өзі өлтіру ниеттері туралы пікірлерге қарамастан көп жағдайда оны алдын-ала біліп,оның алдын алуға болады.Өзін-өзі өлтіруге бармас бұрын жас адам қандай да формада қарсылық көрсетеді: үйден кетіп қалады,барлығына немқұрайлық танытады,соның ішінде сыртқы әлпетіне,немесе тағы да басқаша өзіне назар аудартады.Өзін-өзі өлтіруге ниеттенген жасөспірімдердің көпшілігі әдетте осы тақырыпта (көбіне сырғақтап) қоршағандарымен әңгімелеседі.Егер соңғылары дер кезінде алаңдаушылық туғызатын белгілерді байқаса,оған бірден назар аударып,оны байыппен бағалайды,қандай да бір одан шығар жол іздейді,бұл бақытсыздықтың алдын алуға көмектеседі.

Болуы мүмкін суицидальды қауіптердің индикаторларына мыналар жатады:

а)мінез-құлығындағы белгілі-бір белгілер:суицидальды қорытулар,осының алдындағы өзін өзі өлтіру ниеті,адамның мінез құлқындағынемесе жеке басындағы үлкен өзгерістер, «өмірден шаршағаны» немесе «жағдайдың тұйықталған» туралы арыздары,сондай-ақ соңғы өтініштеріне дайындығы

ә)депрессия,үмітсіздікті,қауқарсыздықты бастан кешіру,қамыту,жалғыздық,ешкімге қажетсіздік сезімі әлеуметтік оқшаулану және т.б. сияқты психоэмоциялық белгілі бір жағдайлар.[17]

Суцидпен көз жұмғандардың 44% өзіннің өліміне мына адам кіналі деп хат жазып қалдырады. Олардың кіналі деп тапқаны мыналар:«барлығы» -20%,Жақын адамым – 12%,Бастық – 8%, Ешкім емес – 4%.Яғни бұл-эгоизм. Артында қалғанды ойламайды, «сол керек!»-деп кек қайтарған болады.
Тағы рефераттар