Шоқпар батыр қалмақты Ертіске жеткізбей қырғанда жасы ең үлкені екен. Бұл туралы Жанақ ақын өзінің «Баянаула туралы дастанында»:

Шоқпардан жас болыпты барлық батыр

Алпыс жыл аттан түспей келе жатыр.

Қалмақ қызын бас қылып, олжа беріп,

Қонысы — өзі алған үлкен адыр.

Бет қоя өз жеріне қашқан қалмақ,

Батырдың тізесіне кім шыдамақ.

«Серектас» деген аты қалдырылып,

Аталып «Қалмаққырған» содан қалған…,

— деп жырлайды. [12, б. 12-13]

Әр бөліктің басында сарбаздардың өздері араларынан сайлап алған өз басының ерлігі мен қол басқару қабілеті көзге түскен бір адамнан тұрғанда «Қазақта батыр көбейіп кетіпті» деген қаңқуды айтуға қақымыз барма? Жоқ! Қайта ондай оқиғаға назар аударып, ас берілген, не берілетін перзентінің азаттық күрестегі орнын белгілеп беру тарих ғылымының міндеті болса керек. Осы ретте менің білетін батырларым қаржас Шоқпар, Жасыбай, қозған Бөкше,  бәсентиін Малайсары. Осылардың ішінен тіліме тиек етейін деп отырғаным – Шоқпар батыр. Ол Сүйіндік жасағының жартымыңдығын басқара жүріп, қазақ – қалмақ арасында болған ірілі-ұсақты шайқастардың бәріне де қатысқан екен.

Жаудың сағы сынған 1730 жылдан кейін қазақтардың тарихи Отаны, кең жайлауы Сарыарқаға қарай қайтқаны белгілі. Сәти мырза (Шорман бидің атасы) «Алда қанды жорық тұр», деп, Сүйіндік балаларынан өрбіген ұрпақ басын «Күшті ыдыратпай, тас түйін болып жылжиық», деп, «Төртұлы» (Мәжік әлде жастайынан қайтыс болдыма екен, әйтеуір бұдан ұрпақ болмаған – Қ.И.) деп аталатын одаққа біріктірген екен. Бұл көш жөнінде Жанақ ақынның бізге мынадай жыр жолдары жетіпті:

Сәти атам Сырда жұртты жинаған шақ,

Зейнеп ана ақылгөй серігі екен

«Арқаға тарт көшті», деп берген ойды.

Ол көштің бас-аяғы бір күндік жер,

Екен дейді шерулеп қозғалыпты ел.

Ол кезде қалмақ елі жолды кескен

Еркек атау көрінбепті аттан түскен.

Сонда Зейнеп айтыпты Сәти биге:

«Алаңдама, алға тарт! Мұрат сонда,

Әйел де ет –сүйектен жаралған ғой

Ол да батыр қаруы барда қолда.

Бала-шаға,малымыз бәрі көште,

Уә, тағала, әйел алған беті оңда!»

Сөйтіп, Зейнеп әйелден жинапты қол,

Әскер саны сол себепті болыпты мол.

Сәти алда, соңында көштің Зейнеп,

Ақылмен ашылыпты қайырлы жол.

бүйірден тиіскендермен соңынан қуушыларды қорғаушы жасақты басқару Шоқпарға тапсырылды.

Қаратау маңында Құлболдының бір тармағы айдабол руының көші қосылып (оның қорғанын Олжабай батыр басқарған) қалған жолды «Төртұлымен» бірге алған екен. Бұл оқиғаны бізге жеткізген кәрі  құлақтар көштің әуелі Ереймен  сілеміне келіп қоныстанғанын айтады. Мұның белгісі ретінде осы сілемде «Сәти шілік», «Олжабай шілік» деген жер атаулары әлі күнге дейін сақталған.

Енді содан жүз жыл бұрын қалмақ басып алған Баянауыл, Желтау, Қызылтау сілемдерін жаудан босатып алу күресі он жылға созылды. Сонда «Төртұлы» жасағы жылжыған екен дейді қанатын кең жайып шығысқа қарай. Қанаттың орта тұсында Баянауланы бетке ұстаған айдабол жасағы (Сүйіндік жартымыңдығы) –мұны Жасыбай батыр басқарды, сол қанатта – Малайсары басқарған бәсентиін жасағы, оң қанатын – Шоқпар батыр бастаған Сүйіндіктің жартымыңдығы құрайды да осының бәріне Олжабай бас сардар болады. Азаттық күресі ұзақ жүреді. Жау қайыспайды, қазақ мойымайды. … Текетірес тағы да он шақты жыл алады…
Тағы рефераттар