Штангалы сорап конструкциясы туралы қазақша реферат

Скважиналық сорап цилиндрден, поршеньнен, сору және айдау клапандарынан тұрады. Поршень жоғары жүргенде сорап цилиндрінде пайда болады, соның нәтижесінде сорап сыртындағы қысым ішіндегісінен жоғары болады. Бұл сору клапнанын ашқызып, сорап цилиндріне сұйық үлесін кіргізеді.

Бір уақытта поршень үстіндегі сұйықтық айдау клапанына қысым түсіріп, оны седлоға қысады, және поршеньмен бірге жоғарыға жүреді. Жоғарыға жүрістердіңбелгілі бір саны арқылы (циклдер) СКҚ колоннасының толтырылуы болады және сұйықтық сағалық құбырға түсе бастайды.

Төменге жүргенде плунжер берілген типтің сораптарында сұйықты көтеру бойынша жұмыс атқармайды: цилиндрді толтырған сұйықтың сығылуы сору клапанының жабымды және айдау клапанынң ашылуы, сораптың поршень асты облысынан поршеньүсті облысына сұйықтың ағып өтуі болады.

Қазіргі уақытта скважиналы поршеньді сораптардың көп сан конструкциялары жасалғанына қарамастан оларды екі класқа бөлуге болады: салынбайтын және салынатын. Салынатын сораптар жұмыс принципі бойынша салынбайтын сораптардан ерекшеленбейді. Ерекшелігі олардың скважинадағы монтажы болып табылады: сорап құлыптық тіректе берілген тереңдікте белгіленеді. Құлыптық тірек алдын-ала СКҚ-да олардың скважинаға түсуі алдында орнатылады.

Құлыптық тірек арнайы тіректі муфтада орнатылатын және төбеден переводникпен қысылатын тіректі сақина мен серіппелік якордан тұрады. Конус СКҚ-ға тіректі сақинаға отырады, ниппель якорь серіппелерін қысудан босатып, олармен ұсталып қалады, сорапты сенімді белгілейді.

НСВ шифрі астында 28,32,38,43,55,68мм диаметрлерімен, 10метрге дейін ұзындығымен, 52кг-ға дейін массасымен салынатын сораптар шығарылады. Плунжержүрісінің ұзындығы 0.6-6м. Олар терңдігі 2500 метрге дейінгі скважиналарда пайдалануға арналған.

НСВ шифрі астында кәсіпорынмен шығарылатын салынбайтын сораптардың түгел тартылған цилиндрі және тегіс беткейлері, винттік және сақиналыққазулары немесе беткейіндегі тереңдеулері бар бос плунжері бар.металл плунжерлерден басқа манжеттік және цилиндрленген плунжерлер қолданылады.

Винттік және тік бұрышты қазулар (канавка) құмның шығарылуын және оның цилиндр қабырғаларына күреп түсуін қамтамасыз етеді, беткейдегі тереңдеулер параның жақсы жағылуын қамтамасыз етеді. Цилиндр мен плунжер арасындағы саңылау олардың сорып алынатын мұнайдың мінездемесіне байланысты 0.12мм-ге дейін орнатылады: аз тұтқырлы мұнай үшін саңылау минимальды болу керек, жоғары тұтқырлы мұнай үшін – керісінше.

Клапанадық түйінде корпус, конус, седло, шар кіреді. Сорушы клапандық түйін цилиндр негізделуінде орнатылады және скважинада бір уақытта плунжермен бірге көтерілуі мүмкін. Осы мақсатта крестовина түрінде орындалған ұстау тетікпен жабдықталады. Түйін негіздеу тілігіне кіріп, соңғысының бұрылуы арқылы онда белгіленеді

Айдау клапанының түйіні плунжердің жоғарғы немесе төменгі бөлігінде орналасады және сору клапанынан ұстап қалудың жоқтығымен ерекшеленеді.

НСВ типті сораптардың техникалық мінездемесі: цилиндрдің ішкі диаметрі 28,32,38,43,55,68,82,93мм; плунжер жүрісі 600-6000мм; жүріс саны минутына 10 болғандағы өнімділігі 5.5-585 м3/тәу; түсудің шеткі тереңдігі 650-1500м; габариттік өлшемдері: сыртқы диаметр 56-133мм, ұзындығы 2785-8495мм, массасы 23.5-406кг.

Штангалы сораптар арасынан қиын жағдайларда жұмыс істеуге арналған арнайы сораптардың бөлек тобын белгілеуге болады. Осындай талаптар – мұнайда газ, тұз, құм, су және өндіру талаптарын өзгертетін басқа агенттердің болуы. Міне қолданылатын типтердің бірнешеуі.

Манжеттік сораптар поршеньнің конструкциясымен ерекшеленеді және өте тұтқырлы мұнайлар скважиналарды пайдалану үшін. Манжеталар мұнайға төзімді резеңкелен жасалған және құбыр стерьженде жиналады.

Гуммирленген плунжері бар сораптар салынатын және салынбайтын типті болып шығарылады. Көп мөлшерде құмы бар скважиналарды пайдалану үшін қолданылады. Плунжердің сақиналы проточкаларында 3-4 резеңкелік сақиналар престеледі. Сақиналы бекіту сақина астынан шығатын, корпустағы тесік арқылы поршень ішіндегі сұйықты қысумен жеткізіледі.

Телескопиялық сораптар көп мөлшерде құмымен үлкен тұтқырлы сұйығы (50 10м2/с және одан көп) бар скважиналарды пайдалануға арналған.

Сорап конструкциялы үш құбырдан орындалған сорап цилиндрі болып табылатын төменгі қозғалмайтын және цилиндр бойымен сырғанайтын және плунжердің функциясын атқаратын қозғалмалылардан. Бұл құбырлар жоғарыдан қосылған. Осындай функция цилиндрмен плунжер арасында үлкен саңылау (0.5мм-ге дейін) алуды қамтамасыз етеді. Саңылау бойымен циркуляцияланатын сұйықтың болуы құмның шығарылуымен гидравликалық бекітуді қамтамасыз етеді.

Көп баспалдақты сораптар үлкен газ факторы бар скважиналарды пайдалануға арналған. «Тандем» принципі бойынша жұмыс істейті әр түрлі тілулердің 2-3 плунжерінен тұрады: ұлғайтылған диаметрдің төменгі плунжері газдалған сұйықтар жоғарысына береді, онда сұйықтық жоғарғы плунжермен цилиндрдің кіші диаметрі әсерінен үлкен қысым астында сығылады.

Екіеселенген әрекеттік сораптар кіші диаметрлі жоғары дебиттік скважиналарды пайдалануға арналған
Тағы рефераттар