Солон реформалары туралы қазақша реферат

Солон реформалары. Б.д. дейінгі 630 жылы эвпатридтерге қарсы Килон қуғын-сүргіні болып өтті. Бірақ ол жеңіске жете алған жоқ. Б. д. дейінгі 594 жылы архонт болып Солон сайланды. Оның алдында екі мақсат тұрды: Афина полисін басқару және Саламин аралып жаулап алып, Мегара қаласын Афинаға бағындыру. Саламин аралы Афинаның Пирей шығанағына кіретін жолын бақылауға қолайлы орналасқан, сондықтан оны өзіне қаратудың Афина үшін маңызы ерекше болды. Солон Кодрид даңқы елге жайылған Афина базилевсі. Бірақ мүліктік жағдайы бойынша Солон іс жүзінде демостың орта жігіне жататын, өйткені ол саудамен айналысатын (сол саудадан байыған) Солон жіберген афин отряды бұл тапсырманы орындады. Ол саяси тақырыпқа өлеңдер шығаратын елге белгілі ақын әрі философ еді, Солон өзінің реформалар үшін шығарған заңдарын өлеңмен жазған. Бұндай талант Солонның атағын, халық алдындағы беделін жоғары көтерді. Солон істеген елеулі жұмыстарының бірі — заң қабылдау. Солонның реформаларын нарықтық және саяси деп бөлуге болады. Заң шығарушы ретінде Солон селолық, негізінен ауқатты қалалық демостың және оларға қосылған евпатридтердің мүддесін жақсы сезініп, нарықтық мәселелерді айқын түсінетін.

Бірінші шешілугетиісті мәселе — салық және жер болды. Евпатридтер өзінің көршісіне қарыз берген кезінде оның жер үлесіне қарыздың бағасы көрсетілген тас бағана қоятын. Жер үлесінің иесі алған егіннің алтыдан бірін евпатридке тапсыруға тиісті болды. Ал егер оған шамасы келмесе, оның жері қарыз берген қожаның қолына өтуі шарт. Одан кейін қарызды өтей алмайтын адамдар өзінің жеке бостандығын кепілдікке салып, ұзақ мерзімге қарыздар үшін құддыққа түскен. Мұндай жағдайда ол шетелдерге сатылып кетуі де мүмкін еді. Солон бұл проблеманы шешу үшін «сисахфия» деген реформа өткізді. «Сисахфия» дегенде «ауыр жүкті сілкіп тастау» деп түсіну керек. Ол бойынша жер учаскесінде орнатылатын бағаналар жойылды. Сөйтіп, шаруалардың қарыздары жойылды. Қарыз үшін құлдыққа түсу дегенді де өмірбақи жойды. Солон шетелге қарыз үшін сатылған құлдарды іздестіріп, оларды қайтадан сатып алып, отанына қайтарып отырған.

Оның «сисахфия» реформасына бірде бір тап риза болған жоқ. Евпатридтар оған кедейлер қарызын төлемеді деп ренжіді, ал кедейлер жерді қайтадан халық арасында бөлмеді деп наразылық білдірді.

Солон Аттикадан астықты сыртқа шығаруға тыйым салды да, басқа азык-түлік өнімдерін (жүзім, бау-бақша шаруашылығын ) сатуға рұқсат етті.

Қолөнер мен сауданы өркендету мақсатында Солон мынадай заң шығарды: егер кезіндеәкесі баласына мамандық беріп, қолөнерге үйретпесе, баласы әкесі қартайғанша жәрдем көрсетуден бас тарта алады.

Солон бүкіл елге ортақ өлшем енгізіп, ақша реформасын жүргізді. Бұл реформа бойынша жаңа жеңіл евбей таланты қарым — қатынасқа енгізілді.

Солон Аттиканың нарықтық өмірін жандандырып, нысапсыздыққа қарсы күресті. Ол сый-сияпатпен жерлеуді, қымбат мазарларды салуды және тасаттық беруді тыйды. Солон қарыз берушіге 9 проценттен артық өсім белгілеуге тыйым салды. Солон өткізген нарықтық реформалардан кейін құлдарды тек қана шетелденәкелетін болды, Аттиканың азаматтарын құл ету мүлде тоқтатылды.

Солонның нарықтық реформасы саяси реформалармен толықтырылып отырды. Ол генократияны («генос»-ру)-«рулық аристократтардың билігін» жойып, оны тимократаямен («тиме»-баға, күн), яғни, дүние, мүлік цензісіне негізделген билікпен алмастырды. Ол осы арқылы ақсүйектерді рулық құрылыстың ескі әдет-ғұрыптармен байланыстағы ерекше жеңілдіктерден айырды. Ареопагпеп қатар Солон 400 кеңесі деп аталатын жаңа орган шығарды. Бүкіл Аттиканың азаматтары елдегі дүние-мүлік цензісіне қарай топтарға бөлінді. Оның негізіне егін шаруашылығынан алынатын натуралдық табыс алынды. Бірінші топқа өзінің жерінен астық түрінде немесе сұйық өнім түрінде 500 медимнен кем табыс алмайтын азаматтар жатқызылды (Бір медимн-41-53 литр май, шарап немесе бидай). Бұл тап бес жүздік деп аталды.

Екінші топқа өзінің жерінен 300 медимнен кем табыс алмайтын азаматтар кірді. Оларды салт аттылар деп атады, өйткені олар өзінің әскери атымен атты әскер қатарына өтуі керек болды.

Үшінші топқа өзінің жерінен 200 медимнен кем табыс алмайтын азаматтар кірді. Оларды зевгиттер деп атады, яғни, олар өз егіздерін жегетіндер, олар жаяу әскер жасағында қызмет етуге және жеке өзінің ауыр қару-жарағын иеленуге міндетті еді.

Төртінші топқа табысы 200 медимнен аз азаматтар жатқызылды. Олар феттер деп аталды. Әскери қызметте олар қосымша жұмыстар атқарды.

Ең бай топты Афины азаматтары-әскери кемелерді жасақтап, оларды қалыпты жағдайда ұстап тұруға тиісті болды. Солон Ареопагты әлсіретті, ол оның құзыретінен халық жиналысында қаралатын істерді дайындау міндетін тартып алып, төрт жүздік кенесінің қарамағына берді.

Бұл істерді әзірлеу үшін Солон Бүле (400 кеңесі) деп аталатын жаңа мемлекеттік орган құрды. Ол ертеден келе жатқан рулық төрт филаларының жиналысында 1, 2, 3, топтардың азаматтарынан сайланатын болды.

Халық жиналысы Солон реформаларының нәтижесінде Аттиканың өмірінде бұрынғыдан әлдеқайда белсенді рөл атқара бастады. Онда ағымдағы саяси мәселелер талқыланып, архонттар және басқа да жоғарғы қызмет адамдары сайланатын. Кейінолардың бәрі өз жұмысы жөнінде жиналыс алдында есепберетінболды. Халық жиналысына азаматтардың бәрі де қатынасты.

Гелиэя-жоғарғы сот. Демек ант берген қорғаушылардың 6000 адамынан жаңа жоғарғы сот құрылды. Бұған барлық төрт топтың азаматтары қатыса алатын болды. Гелиэя он комиссиядан құрылды, оның әрқайсысында 501 адамнан болды, қалғаны запастағылар есебінде болды.

Солонның саяси реформасынан кейін, жоғарыда ескертілгендей, азаматты оның шыққан тегіне қарай бағалау өлшемі, енді дүние-мүлкіне қарай бағалаумен ауыстырылды. Архонттарды бірінші дүние-мүлікті топтан ғана сайлауға болатын еді, ал 1-3 топтың азаматтары төртжүздік кеңестің мүшесі бола алатын. Барлық төрт топтардың азаматтары халық жиналысына және гелиэяға қатыса алатын болды. Солонның реформалары ру ақсүйектері-евпатридтердің билігін тежеп, рутайпалықескі әдет-ғұрыптарын жоюға бағытталған еді. Евпатридтер енді оларды қанай алалмайтын болды. Бұл реформалар шетелдерден құлдарды сатып әкелу, негізіне сүйенген құл иеленуші шаруашылығының дамуына әкеліп соқты.

Тұтас алғанда Солонның реформалары белгілі дәрежеде компромистік реформалар еді. Ол ареопагқа оның заң шығару және бақылау функцияларын қалдырды, Аттиканың ескі ру-тайпаға бөлінуіне, төрт рулық тайпаға-филаға бөлінуіне тиген жоқ. Ал оның бер жағында Аттикада аумақтық ру-тайпаға бөліну принципі Солонның реформасына дейін-ақ бұзылған болатын. Барлық халықтан соғыс кемелерін жасауға қаржы жинау үшін Аттика 48 навкария деген округтерге бөлінді. Солон реформаларының Аттиканың онан әрі өлеуметтік, нарықтық және саяси өркендеп дамуында орасан зор маңызы болды.

Солон өзінің реформаларымен евпатридтердің ашу-ызасын туғызды. Оның реформаларына демостың кедей жіктері де риза емес еді. Олардың аш-жалаңаштығының негізі — бөлініп берілген жердің аздығы еді. Кедейлер евпатридтердің жерінің бір бөлігін алғылары келді, бірақ Солон оны орындамады. Солонның ценз реформасы азаматтардың онша бай емес жіктерінің саяси құқықтарын шектеді. Ескі төрелер де оған қарсы шықты. Солонның реформалары әлі жеткіліксіз болды деп түсінген демостың төменгі жіктері де наразылық білдірді. Солон біраз уақытқа Афинадан кетуге мәжбүр болды. Солон кеткеннен кейін көп ұзамай-ақ Аттикада топтық және саяси күрес шектен тыс шиеленісіп кетті. Өзара тартыс кезінде үш түрлі: әлеуметтік, саяси және аумақтық топтар құрылды. Педиэйлер-олардың басында Ликурт тұрды, бала Парлийлерде-Мегакл, Диакрийлерде-Писистрат көсемдік жасады. 560 жылы бұл күресте Писистрат жеңіп шықты. Ол Акрополды басып алды да, мемлекеттік төңкеріс жасады. Сөйтіп ол тиранға айналды. Бірақ ол Солонның заңдарын жойған жоқ, қайта кезінде Солон бастаған әлеуметтік, нарықтық және саяси реформаларды жалғастырды. Писистраттың ең басты шараларының бірі-мемлекеттік ұзақ мерзімді қарызды енгізу болды. Бұл өзгеріс шаруалардың жағдайын жеңілдетті.

Шаруалардың сотқа байланысты жұмыстарын жеңілдету үшін Писистрат демаларды аралап жүретін соттар қызметін енгізді.

Қала демостарының — саудагерлер мен қолөнершілердің де мүддесін ескеру қажет болды. Олардың мүддесі үшін Писистрат қызу сыртқы саясат жүргізді. Қолөнершілер экспортқа қара лақ вазаларды көптен жасайтын. Писистрат құдай Диониске-жүзім шаруашылығы мен шарап жасау ісінің қамқоршысына сыйынатын мемлекеттік діни қызмет ұйымдастырды. Дионистің құрметіне жалпы қалалық мереке-тойлар-ұлы дионисийлер өткізілетін.

Сонымен қатар Писисфат-Афина қаласын сауда-қолөнер және мәдени орталық ретінде дөріптеуге тырысты.

Қала қамқоршысы Афина құдайының құрметіне ұлы Панафинейлер өткізілді. Писистрат б. д. дейінгі 527 жылы қайтыс болды. Ол өле-өлгенше өкімет басында қалып қана қойған жоқ, сонымен қатар билікті өзінің балалары Гиппий мен Гилархқа беріп кетті.

Б. д. 510 жылы тирандық өкімет билігі жойылды. Писистраттың Гипарх деген баласын евпатридтер өлтірді де, Гиппийді Афинадан қуып жіберді. Бұл көтерілісті Спартаның көмегімен Алкмеонид руы басқарған еді.

Клисфеннің реформалары. Б. д. дейінгі 509 жылы Клисфен (Алкмеонир руынан) реформалар жасауға кірісті. Оның бұл реформалары ру-тайпа қатынастарынын қалдықтары мен сарқыпшақтарын толық жойды және Афинада құлиеленушілік демократия жүйесін қалыптастырды.

Ол ескі төрт ру-тайпалы филаларды жойып, олардың орнына он аумақтық филалар құрды. Әрбір фила үш бөлімнен құралды: қалалық, теңіз жағалауы және ішкі аудандар. Алғашқы екеуінде демос, үшіншісінде аристократтар басым болды.  Бұл үш ауданның, әрқайсысын 10 триттийге бөлді, бүкіл Аттика 30 триттийға бөлінді. Әрбір жаңа аумақтық фила үш: бір қалалық, бір теңіз жағалауы, бір ішкі триттийден тұрды. Бұл реформа халықты өбден араластырып, ру-тайпалық қатынастардың қалдығын бұзу мақсатын көздеді. Клисфен Аттиканың бүкіл аумағын 100 төменгі бастауыш аумақтық әкімшілікке бөлді. Олар дем деп аталды. Әр филада 10 демнен болды. Кейінен демдердің саны көбейді. Әрбір Афина азаматы өзі шыққан демге тіркелді. Өзі шыққан руына байланысты атауға тыйым салынды. Сөйтіп рулық қатынастар жойыла бастады.

400 адамнан тұратын солондық кеңес бесжүздіктер кеңесіне айналды (әр фила 50 өкілден). Халық жиналысында тыңдалуға тиісті істерді әзірлейтін орган ретіндегі оның рөлі күшейді. Бесжүздіктер, кеңесі жоғарғы әкімшілік орган болды.

Остракизм (құғын-сүргін). Үкіметтің беделді азаматтары Афина жерінен аласталып қуғынға ұшыратылды. Қуғынға түскен беделді азаматтардың Аттикаға 10 жылдан кейін қайтып келуіне рұқсат етілді. Ондай азаматтардың отбасы және мүлкі есептен шығарылмай, сақталды. Бұл қуғынның құрметті түрі деп есептелді. Ең беделді азаматтар Афинаның халық жиналысында ресми белгіленіп отырды. Афинаның 6000 азаматы қолына берген тасқа, ыдыстың сынығына олардың атын жазды. Кливфеннің реформалары Афинадағы демократиялық құл иеленушіліктің қалыптасу процесін аяқтады. Клисфеннің реформалары рудық құрылыстың ең соңғы қалдықтарын «түпкіліктен» жойған төңкеріс еді.
Тағы рефераттар