Солтүстік Американың жануарлар дүниесі туралы қазақша реферат

Солтүстік Американың үлкен бөлігінің зоогеографиялық жағдайы Еуразияға жақын және Голарктикалық зоогеографиялық аймақтың шеңберіне енеді.Бұл ұқсастықты геологиялық даму тұрғыдан алғанда таяуда ғана Солтүстік Шығыс Азия мен Солтүстік Батыс Америка арасында құрлық арқылы байланыс жолының болғандығымен ғана түсіндіру мүмкін. Қазіргі Беринг бұғазының орнындағы құрлық арқылы байланыс жануарлардың  алуан түрлері Солтүстік Америкаға да, Еуразияға да тарап кеткен деп санауға болады.

Солтүстік Америка Еуразиядан бөлініп қалғандықтан қазір территориясында бұл күндері жануарлардың Еуразияда жоқ түрлері пайда болған. Оның үстіне Еуразияға тән жануарлар түрінің көпшілігі жоқ.

Солтүстік және Оңтүстік Америка арасында плиоцен кезеңінен бері қарай пайда болған құрлық арқылы жасалатын байланыс екі материктің жалғасып жатқан бөліктеріндегі жануарлар дүниесінің ортақ болып қалыптасуына ықпалын тигізді.Солтүстік Американың  солтүстік ендіктің шамамен 20-ынан бастап оңтүстікке қарай созылып жатқан шеткі бөлігі жануарлар дүниесінің Неотропикалық аймағына енеді.Бұл аймақ бүкіл Оңтүстік Американы да қамтиды. Неотропиктік жануарлар дүниесінің кейбір өкілдері Солтүстік Американың солтүстік ендіктің 20-ынан едәуір солтүстікте жатқан территориясына да еніп кетеді.

Материктің Голарктика аймағына енетін бөлігінің алабында жануарлардың қай жерлерді мекендейтінің алуан түрлі жағдайларына қарай бірқатар  ішкі аймақтарда қалыптасқан.

Тундрадағы жануарлар әлемінің Еуразиядағы тундраның жануарлар әлемімен салыстырғанда да өзіндік ерекшеліктері бар.Құрлықта өмір сүретін ірі сүтқоректілердің ішінде көзге түсетіні-мускус өгізі немесе қойөгіз. Ол өте күшті, денелі әрі өте төзімді келеді. Бір кезде мускус өгіздері Солтүстік Америкадағы солтүстік аралдардан бастап, орман шекарасына дейінгі тундраның барлық жеріне тараған. Ал қазір олар Американың тек қана арктикалық аралдары мен Гренландияда кездеседі деуге болады.Солтүстікте өсетін американдық карибу бұғысы едәуір мол таралған.Ол Еуразияда жабайы солтүстік бұғыларымен біртектес.Қазір бұғының тундрада және орманда өсетін екі түрі бар.Материктің солтүстік жағалауы мен сірескен мұзды аймақтарда ақ аю кездеседі.Тундрада сонымен қатар поляр қасқыры мен поляр сусары да кеңінен таралған.

Кәсіпшілік үшін поляр түлкісінің зор маңызы бар.Кемірушілер отрядынан леммингтер, ақ қояндар, сұр тышқандар жиі кездеседі.Тундраны қыстап қалатын құстардың ішінен әсіресе ақ құр мен тундра құрын ерекше атауға болады.Жылы жаққа қайта ұшып кететін құстардың арасында Аляска жол құсы, ақ үкі, көл жағаларында, батпақты жерлерде жұмыртқалайтын басқа да толып жатқан су құстары кездеседі.Итбалық пен морждар  да көп.

Тайганың жануарлар дүниесі бұдан да зор алуан түрлілігімен сипатталады.Бұрын ондағы ең ірі жануар орман бизоны болатын.Қазір ол тек қорықтарда ғана кездеседі.Американ бұланы барлық жерде тараған.Ол ағаштардың, бұталардың жапырағы мен жас бұтағын, сондай ақ су өсімдіктерін қорек етеді.Бір кезде вапити бұғылары табын табынымен жайылып жүруші еді.Қазір ол  аса ірі, қалың жалды жануарлар да,бизондар сияқты, тек қорықтарда ғана сақталған.

Жыртқыш аңдардың да түрлері көп.Олардың көпшілігі терісі бағалы кәсіпшілік аңдар болып табылады. Мысалы, солтүстік скунсы, камшат, солтүстік американ сусарысы-американ бұлғыны, американ қара күзені және ақ тышқан. Ірі жыртқыш аңдардың ішінен әсіресе аюды, қасқырды, сілеусінді,құнуды айтуға болады.

Кемірушілер отрядына жататындардың ішінде әсіресе канада құндызы мен сабауқұйрық ондатра көп тараған.Осы бір бағалы аңдар көптеген аймақта түгелдей дерлік жойылып біткен еді, бірақ оларды аулауға тыйым салудың нәтижесінде қазір қайтып көбейіп келеді. Ине тікенді эндемик немесе поркупин деп аталатын көбінесе ағаштардың басында жүретін дикобразтектес ірі кеміргіш аң ерекше назар аударады.Ине тікенді эндемикті оның бағалы терісі мен еті үшін аулайды.Неғұрлым ұсақ кемірушілердің арасынан қызыл тиінді, американ қоянын, ақсары тышқанын атауға болады.

Аралас ормандар мен жалпақ жапырақты ормандардың жануарлар дүниесіне ұқсас болғанымен оларда тайга ормандарында кездеспейтін кейбір аңдар өседі.Жапырақты ормандарда тайгада да өсетін барибал деп аталатын қара аю кездеседі.Тайга ормандарындағы сияқты қасқыр,түлкі, күзен,камшат, жанат,скунс, американ борсығы кездеседі.Жапырақты орманға тән тұяқты аң-виргини бұғысы немесе ақ құйрық бұғы. Осы бір үлкен мүйіздері тарам-тарам болып өскен өте әсем аң түрлі ағаштардың жас өркен бұтақтарын қорек етеді, сондай-ақ көк егіске де өш, сондықтан да олардың елді мекендерге жақын жүруі тиімсіз. Бұрын виргини бұғысы аса маңызды кәсіпшілік жолымен ауланатын. Қазір олардың қатары едәуір сиреп кетті. Сондықтан да оларды аулауға Канаданың оңтүстік-шығысындағы қорықтарда және соларға таяу жерлерде ғана рұқсат етіледі. Жалпақ жапырақты ормандағы жануарлар дүниесінің құрамында сонымен қатар тышқандардың тағы бір түрі-қалталы сабауқұйрық та бар. Опоссум деп аталатын бұл тышқан Неотропиктік аймақтан тараған.

Жапырақты ормандардағы қанаттылар атрияды да бай. Онда құстардың американдық өзіндік түрі ретінде айырқұйрық ақсары мен жабайы күрке тауықтар ерекше көзге түседі. Ол ормандарда сондай-ақ қңтүстіктен Неотропикалық аймақтан ұшып келетін колибри торғайының бірнеше түрі кездеседі.

Бауырымен жорғалаушылар отрядының өкілдерінен Мисисипи аллигаторын және Мисисипи аллагатор тасбақасын атап айтуға болады. Құрғақта да, суда да бірдей өмір сүретін жәндіктердің ішінде ұзындығы 20 сантиметрге дейін жететін өгіз-құрбақа ерекше көзге түседі.

Солтүстік Американың ашық кеңістіктеріндегі – прериялар мен Кордильердің ішкі жазық дөңестеріндегі – жануарлар дүниесі алуан түрлдейін ірі-ірі жануарларға, әсіресе тұяқты аңдарға өте бай. Европалықтар келгенге дейін прерияларда жер бетіндегі аса ірі тұяқты аңдардың бірі- бизондар табын-табынымен мол мөлшерде жайылып жүретін. Бизондар өте төзімді келеді, сыртқы көрінісі ебедейсіз көрінгенмен өте жылдам қозғала алады. Мысалы, олар жылқыдан қалай болса солай озып кетеді, үлкен сулардан жүзіп өте береді. Ондаған, жүздеген мың бизон табын-ымен бірге жайылып, кең жазық даланы оңтүстігінен солтүстігіне қарай және оған керісінше кесіп өтіп, орын ауыстырып отыратын. Үндістер бизонды еті мен терісіне бола аулайтын. Европалықтардың келуіне және оқ ататын қарудың пайда болуына байланысты сол бір тамаша жануарларды тағылықпен аяусыз қырып-жою басталды. Оларды мың-мыңдап қырып салып, тек терісін сыпырып алумен болды. Сөйтіп, бизондарды біржола жойылып кетуден «Америка бизон қоғамы» ұйымдастырған арнаулы қорғау шаралары сақтап қалды. Қазір бизондарды тек қорықтардан ғана кездестіруге болады.

Европалықтар Америкаға европа жылқысын ала келді. Ормансыз жазық далаларда жабайыланып кеткен жылқы тіпті көбейе түсті. Мустанг деп аталатын жабайы жылқылар үйір-үйірімен келіп, егін далаларын таптап кететін болды. Жабайы жылқыларды қолға үйрету көптеген адамдардың арнаулы кәсібіне айналды. Қазір мустанг жылқылары түгелдей дерлік ұстап алынды.

Жазық даланың тұяқты аңының бірі – айыр мүйіз. Ол аңдар жүйесі бойынша алғанда бөкен мен бұғының арасындағы жануар. Айыр мүйіз қорық жағдайына төзе бермейді, сондықтан да ол қазір біржола құрып бітті десе де болады.

Жазық дала жыртқышы – дала қасқыры немесе койот осы уақытқа дейін өте жиі кездеседі. Ол өлекселер мен ұсақ аңдарды қорек етеді.

Бұл аймақта түрлі кемірушілер көп тараған. Олар әсіресе жыртылған жерлерде ерекше көбейіп кеткен. Саршұнақтар мен суырлар өте көп. Солтүстік Америкада баяғыдан сақталып қалған шалғынды дала иттері, тышқан тәріздес басқа да кеміргіштер кездеседі.

Құстарға келетін болсақ, дала құры, күрке тауық тәріздес күшіген, жол бойы көкегі жиі ұшырасады.

Солтүстік Американың перияларымен ішкі үстірті ауа райы құрғақ келетін басқа кез келген жерлер сияқты бауырымен жорғалаушы жәндіктерге бай. Әсіресе алун түрлі кесіртке көп, ысылдағыш улы жыландар кездеседі.

Кордильерде Солтүстік Америкадағы ең ірі жыртқыш аң – гризли деп аталатын алып қоңыр аю кездеседі. Жұрттың мжиі айтып жүрген пікіріне қарама-қарсы, бұл аю адамдарға тез үйренісіп кетеді. Гризли қорықтарда адамдардың тұрғын үйлеріне дейін жақын келіп азық-түліктің қалдықтарын, адамдардың берген тағамдарын жеп кетеді. Материктің оңтүстік-батысындағы тауларда сонымен бірге шұбатылған қара жүні бар барибал деп аталатын аю кездеседі. Солтүстік Американың көптеген жерлерінде жиі кездесетін бұл аң егінді таптап, малды қырып кетеді. Қасқырлар, сілеусіндер, түлкілер, борсықтар көп. Бұл маңға Неотропиктік аймақтан пума деп аталатын жабайы мысық келеді. Түяқты жануарладан түрлі бұғылар мен таудың орманды деңгейінен жоғары жерлерінде болатын жуан мүиіз қойларды жиі кездестіруге болады. Кемірушілер де көп. Олар құндыз, ағаш дикобразы, қоян, тиін сияқты аңдар. Құстардың ішінде ерекше көзге түсетіні –Калифорния күшігені мен Калифорния құры. Неотропиктік құстар дүниесінің өкілі колибри торғайы болып табылады.

Америка Құрама Штаттарының оңтүстік-батысы мен Мексиканың солтүстігінде бауырымен жорғалаушылар және буын аяқтылар өте көп тараған. Әсіресе кесірткелердің түр-түрі көп-ақ. Олардың арасында өте ертеден сақталып келе жатқан Калифорнияның аяқсыз кесірткесі мен осы тұқымдастар ішіндегі ең улы өкілі – улы кесірткесі.
Тағы рефераттар