Солтүстік Американың жер бедері мен пайдалы қазбалары туралы қазақша реферат

Солтүстік   Американың    жер   бедерінде  жазықтар  басым. Таулар  материктің   үштен  бір  бөлігін   алып   жатыр. Материктің   жазық    жерлері   ежелгі   Солтүстік    Америка  платформасында  орналасқан. Платформаның  солтүстік   бөлігі  жаппай   мұз   басудың   нәтижесінде  майысып, төмен   түскен. Кейіннен  мұхит  деңгейі   көтерілген   кезде   бұл   бөлікте   Канаданың   арктикалық  архипелагы, Гудзон  шығанағы   мен   бұғаздар  жүйесі   қалыптасты. Әсіресе   Гудзон  шығанағының   жағалауы   қатты   майысқан, мұнда   ойпаттар  тараған. Платформаның  негізін  құрайтын  кристалды   жыныстар   Гренландия   аралы  мен  Лабрадор  түбегінде  жер  бетіне   шығып   жатыр. Ежелгі  платформаның   осы   бөлігі   Канада   қалқаны  деп  аталады. Бұл  бөлікке  көтеріңкі  жазықтар  мен  таулы  үстірттер  тән. Оңтүстікке   қарай   жер  бедері  аласарып, қалың  шөгінді  жыныстармен  жабылған  орталық  жазыққа, одан   Миссисипи  ойпаты  мен  Мексика−   шығанағының   жағалау  жазықтарына   ұласады. Платформаның   батыс  бөлігінде  Кордильераға  қарай   баспалдақ   тәрізді  бітріндеп   биіетейтін, кең  алқапты  Ұлы  жазық  жатыр. Ұлы  жазық    таудан  басталатын  өзен   аңғарлары  мен   күшті  тілімденген. Материктің  40° с.е.   дейінгі  солтүстік  бөлігін  бірнеше  ретт жаппай  мұз  басқандықтан, жер  бедерінде   мұздықтардың   әрекетінен   пайда  болған  үлкен   жартастар, « қой  маңдай »  тастар, мұзжықтар  қазған  қазаншұңқырлар  көптеп  кездеседі.

Ірі   қазаншұңқырларды  алып  жатқан  мұздық  − тектоникалық  көддер  жүйесі   бір − бірімен  қысқа  өзендер  жүйесімен   жалғасып   жатыр. Орталық  жазық   түгелімен  мұздықтар   өңдеп  тасымалдаған   жыныстар − мореналармен  жабылған. Миссисипи  ойпатын  өзен  тасымалдап  әкелген  жыныстар  жауып  жатыр. Материк  жағалауындағы  жазықтар  теңіздік   шөгінділеден  түзілген [5].

Платформаның  солтүстігі  мен  шығысында   палеозойлық   аласа   және  орташа биіктегі таулар орналасқан, оларға Канаданың арктикалық  архипелагының  солтүстігі  мен   Гренландия   аралының  шығысындағы  және  Аппалач    таулары   жатады.

Солтүстіктегі  таулар  мұздықтардың   әсерінен  өте  күшті  тілімденген, ал  Аппалач  тауларын  көптеген  өзен  аңғары   ұзына   бойы  да, көлденеңінен   де   кесіп өтеді. Аппалач тауы жер бедерінің сипаты, биіктігі  жөнінен  Еуразиядағы  Орал тауына  өте  ұқсас: тау  беткейлері   көлбеу, шыңдары  күмбез  тәрізді  жұмыр   болып   келеді.

Материктің  батыс  бөлігін  бойлай   жер  шарындағы   ұзын   тау  жүйелері   болып   есептелетін  Кордильера   тау  жүйесі  созылып  жатыр. Кордильера  испан  тілінен  аударғанда  « тау  жотасы, тау  тізбегі »   деген   мағынаны  білдіреді. Себебі  Кордильера  бір − бірімен  жалғасқан  тау  жоталарының  бірнеше  қатар  тізбектерінен   тұрады. Мұндағы   үшкір  шыңдар    тізбегенен  тұратын  тау  жоталары  сьерралар  деп  аталады. « Сьерралар »  испан  тілінен  аударғанда  « ара »  деген  мағынаны  білдіреді. Шындығында  да  Сьерра − Невада, Сьерра −  Мадре  жоталарындағы   қатар  тізіле  орнласқан   шыңдар   ара  тістеріне  ұқсайды. Кейбір   тау  тізбектерінің   барлығын   өте  көлемді, кең  алапты  қамтитын  көтеріңкі  жазықтар  мен   үстірттер  алып  жатыр.  Бұл  таулар  асқақтығымен, шетсіз − шексіз  алаптығымен, табиғатының  көз  жауын    алатын  әдемілігімен  таңғалдырады. Өте  терең  тау  аралық  ойыстар  мен  каньондар асқар шыңдар, алып жанартаулармен қатар кездеседі. Кордильераның  ішкі  бөліктерінде  жанартаулар   атқылауынан  Йеллоустоун    үстірті  орналасқан. Мұнда   3000 − нан  астам   гейзерлер  мен  ыстық   бұлақтар  бар.

Кордильердің  биік  бөлігі   оның  солтүстігінде  орналасқан, мұнда  тауларды  қалың   мұз   басып   жатыр. Мұздықтардың  кейбіреулері   тау  етектеріне  дейін   төмендеп,  теңіз   жағалауына  тіреледі. Кордильера   екі  литосфералық  тақтаның  түйіскен  жеріне  түзілген  тау  жүйесі  болғандықтан  жер  қыртысында  көптеген   жарықтар   пайда  болған. Олардың  бойында  сөнбеген  жанартаулар  тізбегі  орналасып, күшті  жер  сілкінулер  байқалады. Бұл  апатты   оқиғалар  адамдар  өміріне  қауіп   төндіріп   көп  қайғы − қасірет   әкелед. Мысалы, 1985  жылы  Мехико  қаласында  болған  жер  сілкінудің  нәтижесінде   төрт  мың  адам  қаза  тауып  он  үш  мыңнан  астам  адам  баспанасыз   қалды [2].

Пайдалы  қазбалары. Солтүстік   Америка  пайдалы  қазбаларға  бай. Материктің   солтүстігіндегі   жазықтарда  металдардың  кен  орындары   кең  таралған. Орталық   жазық  пен  Ұлы  жазықтың  шөгінді  жыныстарында  және  Миссисипи  ойпатында  мұнай  мен  газ, тас  көмір  көп. Аппалач   пен   оның  тау  бөктерінде   темір  мен   таскөмірдің   бай  кен  орындары  бар. Кордильера   тау  жүйесінің  қойнауы   шөгінді  жолмен  қалыптасқан  мұнай, газ, таскөмңрмен  қатар, магмалық  жолмен  түзілген  түсті  метелдарға, алтын  мен  уранға  бай  болып  келеді. ХІХ  ғасырда   Кордильера  қойнауынын   өзендер  ағызып  әкелген  шөгінді  жыныстардан  алтынды   шайып   алу  кең  етек  алды. Мол  алтынға  кенеліп, тезірек  баюды  ойлаған   мыңдаған  адамдар  материктің  батысына  қарай  ағылды. 1849 жылы  алтын  іздеушілердің   осындай   бір  тобы  аптап   ыстық  пен  шөлге  шыдамай  қаза  болған. Кейіннен  « Өлім   аңғары »  деген  атаққа  ие  болды. Тарихта   бұл    кезең    «алтын  безгек »   деп  аталды.
Тағы рефераттар