«Ұғым бәйтерегін» құрастыру — бір ұғымның мәнін алуға көмектесетін зерттеу әдістемесі. Бұл үрдіс түрлі терминдік сөздіктерге сүйену арқылы жүзеге асырылады: философиялық, психологиялық, қисындық, т.б.

Эксперимент дәлшідемелері мен қисынында пайдаланатын ұғымдар аньфғамасындағы анықсыздық ақиқатқа жету жолын қиындатады, кейде тіпті мүмкіншілік бермейді.

Анықтамалардың анықсыздығы мен айқынсыздығы экспериментті педагогикалық зерттеулерде қолданылатын ұғымдар жөніндегі негізгі қателіктердің бірі, бұл жағдайлар олардың ғылыми және тәжірибелік бағасын бірталай төмендетеді. Дәл осы себепті ғалым-педагогтар жүргізген көптеген диссертациялық және басқа да зерттеулер тәжірибеде өз орнын таба алмайды.

Ұғымдар анықтамасының талаптары:

Кез келген ұғым ең жақын туыстық қатынасы мен түрлік айырмашылықтар арқылы анықталуы қажет.

Ұғым анықтамасына енгізілетін түрлік айырмашылық белгілер немесе белгілер топтары, тек осы ұғымға тән, басқа ұғымдарда кездеспейді.

Ұғым анықтамасы тек теріс қана болмайды, яғни өзінде ұғымдық анықтамада жоқ белгілерді енгізеді.

Ұғым анықтамасы өзінде қисындық қарама-қайшылықтарды ұстамайды, яғни бір-біріне сәйкессіз заттарды бекітпейді.

Сөздіктерді қолдана, зерттеуші ұғым анықтамасын табады; іргелі сөздерді бөліп алады; одан әрі бөлінген сөздер анықтамасын іздестіреді. Бара-бара іргелі сөздер шеңбері тарылып, зерттеуші атқарылған жұмыстар нәтижесіне сүйене отыра, зерттелетін құбылыстардың өзіндік анықтамасын жасайды.

«Педагогика» ұғымының жеке анықтамасы: Педагогика — бұл ұрпақтан-ұрпаққа берілетін мәдениет байлығымен белгіленген адамзаттың әлеуметтік тәжірибесін танып, білуге бағытталған адам қызметінің бір аймағы. Бірнеше нұсқалары болуы мүмкін. «Ұғымдар бәйтерегін» құрастыру зерттелетін ұғым мәнінде түсінік алуға ғана емес, сонымен қатар нышанын, белгілерін, қалыптасу дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді.
Тағы рефераттар