Су ресурстарының сарқылуы және ластануы туралы қазақша реферат

Қазақстан су ресурстарының үлкен жетіспеушілігі елдердің санатына жатады. Қазіргі уақытта су объектілерін тау – кен өндіру, металлургия және химия өнеркәсібі кәсіпорындары, қалалардың коммуналдық қызметтері қарқынды ластауда және ол нақты экологиялық қатер төндіреді. Ертіс, Нұра, Сырдария, Іле өзендері, Балқаш көлі неғұрлым ластанған. Халықты ауыз сумен қамтамасыз етудің негізгі көзі болып табылатын жер асты сулары да ластануға ұшыраған.

Су объектілеріне антропогендік салмақ пен қалпына келу қабілетінің арасындағы теңгермесіздік экологиялық қолайсыздықты іс – жүзінде барлық ірі өзен бассейндеріне тән етті, ал су шаруашылығының мұқтаждықтарын жеткілікті қаржыландырмау су шаруашылық объектілерінің барынша қанағаттанғысыз (кей жерде апаттық ) техникалық жай – күйіне және халықты ауыз сумен қамтамасыз ету проблемаларының тым шиеленісуіне себеп болды.

              Бұл проблемаларды шешу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 қаңтардағы N71 қаулысымен су ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану проблемаларын шешудің негізгі жолдары айқындалған Экономиканың су секторын дамытудың және Қазақстан Республикасы су шаруашылығы саясатының 2010 жылға дейінгі тұжырымдамасы қабылдады. Сондай-ақ халықты жеткілікті көлемде және кепілді сападағы ауыз сумен тұрақты қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардаңы N93 қауылысымен «Ауыз су» салалық бағдарламасы бекітілді, Қазақстан Республикасының Су кодексі және «Су  пайдаланушылардың ауылдық тұтану кооперативтері туралы » Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, 2005-2010 жылдары негізгі су бассейндерінің су ресурстарын кешенді пайдалану мен қорғаудың схемаларын әзірлеу жөніндегі жұмыстар жүргізілетін болады.

Қабылданған бағдарламалық құжаттардың шеңберінде 2005 жылы іске асырылуы суды қажет ететін өндірістер дамуының қарқыны мен көлемін шектеуге, су үнемдейтін технологияоарды, су пайдалаудың айналымды және тұйық жүйелерін жаппай енгізуге, өнім бірлігіне және пайдалану шығындарына жекелей су пайдалануды азайтуға, су шаруашылық жүйелерін сепке алу мен реттеудің қазіргі заманғы құралдарымен жарақтандыруға мүмкіндік беретін сумен қамтамасыз ету жөніндегі республикалық мақсатты  бағдарлама әзірлеу қажет. Бағдарлама су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемнің қолданыстағы ставкаларын саралау, су шаруашылық объектілерін ұстау мен жөндеу жөніндегі қызмет үшін баға белгілеуді оңтайландыру жөніндегі іс-шараларды да қамтуы тиіс.

Өзен экожүйелеріне ауыртпалықты азайту мақсатында және олардың ластануы мен қоқыстануының алдын алу үшін 2005-2010 жылдар барысында пайдаланатын барлық су объектілері үшін су қорғау аймақтары мен жолақтарының жобалары әзірленетін болады, 2005-2006 зиянды әсердің мүмкін болатын шекті нормативтерін және судың жай-күйінің мақсатты көрсеткіштерін әзірлеу жөніндегі ғылыми – қолданбалы зерттеулердің кешені жүргізілді, ол су объектілеріне ластаушы заттар төгінділерін таңбалыдан жиынтық нормалауға кезең-кезеңмен көшіруді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Осының бәрі ағынды суларды тазартатын құрылыстарды салу мен қайта жаңғырту кезінде жаңа технологияларды енгізуді жеделдетеді.

Қолда бар су ресурстарының санын ұлғайту мен сапасын жақсарту үшін жетіспеушілігін тартып отырған өңірлерде өзен ағынын реттеу жөніндегі, оның ішінде бассейн аралық қайта бөлу, сондай–ақ жер асты суларын пайдалануды жеделдету жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажет.
Тағы рефераттар