Субтропикалық (Чили — Аргентиналық) Анд туралы қазақша реферат

Оңтүстікте ылғалдылықтын көбеюіне байланысты Андының бұ бөлігінде ландшафттың шөлейттік, жерорта теңіздік типтен ылғалды субтропикалыққа дейін жүелі түрде аусады. Рельеф түрінің ерекшелігі әртүрлі: су эрозиялық, жанартаулық, ежелгі және қазіргі мұзданулар. Субтропикалык Андының    (28˚ — 41˚ о.е.)табиғат комплексі осындай күрделі, және бұл жағынан США — ның оңтүстік батысындағы Кордильермен ұқсас келеді.

Орографиясы қарапайым: аласа (2300м дейін) Жағалы Кордильер, Басты Кордильер Аконкагуа тауымен (6960м) және екеуінің арасындағы Бойлық аңғарының грабені.

Альпілік орогендік қозғалыстар Басты Кордильерде  батыстан шығысқа қарай және Кордильер алдының гирциндік құрылымын ала отыра жылжыған. Пенепленденген жоталар қазіргі уақытқа дейін жалпы көтерілуді көруде. Тік қозғалыстармен бірге жарылулар, қарқынды жанартаулар және жер сілкіністері қабаттаса жүрген және әлі де қабаттаса жүруде.

Солтүстік шетте, 29˚ — 33˚ о.е. арасында, осы заманға вулканизм жоқ, Басты Кордильер өзінің бүйір жақ сілемдерімен Жағалықпен тұтасуға жақын дерлік. Бойлық аңғармен бірге солтүстікке терең көлденеңді шатқалы бар орта тау (2 -3мың м) рельефі тән. Оңтүстігінде жауын – шашым (150 – 300мм жылына) мөлшерінің көбеюіне байланысты, морфогенезде маңызы зор рольді физикалық үгілумен бірге су – эрозиондық процесстер атқарады, бұл процесс плейтоценде өте қарқынды жүрген. Мезгілдік, сирегірек тұрақты ағын сулардың екі су тасуы болады: жазғы – қар еруінен, қыстық – жаңбырдан. Жағалық Кордильерде тегістелген беттер кең көлемде сақталған, өйткені бұл жаққа ағын сулар жетпейді. Басты Кордильерде – ежелгі трогтар,құзды шыңдар кездеседі, олардың биіктері (Мерседарио – 6770м және т.б.) мәңгі қар белдеуіне енеді (4800 – 5000м биіктіктен бастап).

Батыстағы сияқты, шығыстың да беткейлері топырақ — өсімдік жамылғысына кедей. Подушкалы льяредтер (Azorella multifida) және шоқ боталы толдар (Lepidophyllum quadrangulare) 3000м дейін жетеді, 2000м дейін – кейбір ксерофитті бұталар және шоқты астық  тұқымдастары таудың сұр топырағында кездеседі . Бірінші мұхиттан ылғалдылықты тартып алатын Жағалық Кордильердің өзен шатқалдарында сұр – қоңыр топырақтар және «жерорта теңіздік» типтегі өсімдіктер өкілдері пайда болады: улы литре ағашы (Lithraea caustica) килья (Quillaria saponaria)қабығында сабынды зат сапонин кездеседі, тик (Aextoxicum punctatum) т.б.

Орталық бөлігінде – (32˚ 30΄ —  37˚ 30΄) жағалауларда жауын – шашын  мөлшері жылына 500 – 700мм дейін өседі , Бойлық аңғарда  — 250 – 400мм және Басты Кордильердің ортанғы белдеуінде 2000м дейін және одан да көп. Осыған байланысты су – эрозиялық процесстің маңызы өсе түседі. Өзендері екі су тасудан тұрады, бірақ мұнда тұрақты. 10˚ ендік аралында қар сызығы екпінді түрде 4900м ден 1800м – ге төмен түседі (плейстоценде 900 – 2000м төмен болған). Бұл жердегі таулар ең биіктері болып келеді – Аконкагуа және Тупунгато 7000м – ге дейін жетеді . Басты Кордильердің тегістелген адырлары тек ежелден бері ғана емес, сонымен бірге қазіргі кездегі альпілік типтегі мұзданумен сүйірленген. 4000м – ден биігірек Майпо, Тингиририка және басқа жанартаулар көтеріледі. Анық формасы бар Бойлық аңғар өзендерден келген мұздықтар шөгінділерінен жасалған және жиі осы кездегі аллювиимен көмкерілген. Жағалық Кордильер (600 – 700м) төменденген және эрозиямен тілімденген, оның батыс етегінде аллювиалдық ойпаттар құралады.

Орта Чилидің орталық бөлігінде жерорта теңіздік климат және топырақ — өсімдік жамылғысы айқынырақ көрінеді. Ылғалдылық коэффициенті қысқы айларда барлық жерінде 100 – ден асады, ал жазда 0 –ге дейін төмендейді. Сант – Ягода және Калифорния аңғарында сияқты жылдық 350мм жауын – шашыны 8мм ғана қыстың үш айында  түседі. Шынындада, Чилидегі аласа Жағалық Кордильнрдің айтарлықтай тілімденгеніне байланысты мұхиттің ықпалы күштірек, Бойлық аңғарда температура ауытқулары үлкен емес (орташа шілденікі Сант – Ягода 7,7˚ С, қаңтарда 19,7˚ С). Басқа да «жерорта теңіздік» ландшафт сияқты, бұл жерде де қоңыр топырақтар қалыптасады, мәңгі жасыл тікенді бұталы тоғайлар эспиналес – тән,  маквис немесе чапарраль түрлі, олармен Жағалықтың желдік беткейлері және Басты Кордильердің төмен беткейлері жамылған. Өте ылғалды беткейлерде литра, тик, кильяға персея (Persea lingue)  мәңгі жасыл шамшат (Nothofagus dombeyi), канела (Drimys winteri) және ежелден қалған балды пальмасы (Jubea spectabilis). Басты Кордильердің орталық белдеуінде жапырақтыларға қылқандылар араласады, орманның жоғарғы жиегінде (1800 – 2000м) жазғы жасыл шамшаттар (Nothofagus pumilio                   және N. antarctica), ал одан жоғарырақ материктегі жалғызнағыз альпілік шалғындар таралған. Андының шығыс беткейлерінде әлі де болса өте құрғақ және жалаңаштанған. Бойлық жазықтың өзінің негізгі өсімдіктері субтропикалық құрғақ дала болған. Қазіргі таңда түгелімен дерлік суармалы жүзімдік, жеміс – жидек бақтары, азықтық және бақша дақылдарына жыртылған. Бұл – Чили ауданының негізгі егіншілік Чили ауданы.

Субтропикалық Андының оңтүстігінде жауын – шашым мөлшері тез өседі  — 3000мм – ге дейін. Ылғалдылық коэффициенті қаңтардың өзінде 60 – тан кем болмайды, шілдеде Оңтүстік Американың максимал мөлшеріне – 200 – ге жетеді. Сондықтан 37˚ – 38˚  о.е Бойлық жазығына ормандар түседі де және шығыс беткейлерін жабады, бидай және сұлы егіз далалары қолдан суландыруды қажет етпейді. Ормандардың құрамы және түрі өзгеше. Субтропикалық Андының оңтүстігінде гемигилея басталады, олар таудың құба топырақтарында дамиды. Онда мәңгі жасыл шамшаттары басым, осы жердің, субтропикалық Андының оңтүстігінде эндемикалық араукария (Araucaria imbricate var. araucana) өседі. Шаруашылықта ағаш өңдеудің маңызы зор. Патагония Андысының солтүстігінде гемигилея өте айқынн көрінеді және оның жануарлар дүниесі ұқсас.

Чилилік – Аргентиналық Андының оңтүстігі қазіргі заманғы  жанартаудың белсенді облысы болып табылады. Жанартаулардың үздіксіз тізбегі Басты Кордильерді батыс беткейлерінде көтерілген және де Бойлық аңғардың түбінде (Лонкимай, Льяйма, Вильяррика, Осорно, Кальбуко және басқалары). Нақты осы ауданды 1960 жылдың мамыр – маусымында қатты жер сілкіністері болған.

Жауын – шашынның молдылығына байланысты қар сызығы 1400м төмен түседі және шошақтары қармен жамылған, ал Басты Кордильерден мұздықтар тіпті 380м теңіз деңгейіне дейін төмен түседі. Етегі ірі көлемді мореналар немесе лавалармен бекітілген кейінгі көлдер тән. Су мол өзендердің  қалын жүйесі ылғи да Бойлық аңғарды суландырады. Бұл жерде ол ойпаң жерде және біраз үлескілерде мұхитқа шығады. Жағалық  Кордильер тек қана екі жайпақты шыңды массивтерден тұрады, ал 41˚ 30΄ о.е төмен ол аралдар қатарына ауысады. Мұхит суына батады да және Бойлық аңғар  түзеді. Осы жерден Патагониялық Анд басталады.
Тағы рефераттар