Мұғалімнің бейнелеу өнері арқылы жүргізілетін тәрбие жұмысының бір түрі – музейлерге оқушыларды экскурсияға апару болып табылады. Қазіргі кезде үлкен қалалардағы өнер музейлеріне ұқсастығы бар шағын галереялар селолық жерлерде де ашылуда. Мұндай галереялары экспонаттар өнер шығармаларының оригиналдарын түп нұсқасы көруге мүмкіндірі аз ауыл мектептері оқушыларын апарып көрсетуге қолайлы.

Әңгіме сабақ тақырыбы: Суретші Молдағали Қалдыбаевтың өмірі мен шығармашылығы.

Әңгіме сабағының мақсаты: 1. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру; 2.Өнер шығармаларының көркемдік ерекшеліктерімен таныстыру; 3.Өнертану түсініктерін беру:

Загрузка...

Әңгіме сабақ мұғалімнің әуесқой суретші М.Қалдыбаевтың өмірін оқушыларға таныстырудан басталды. Мұғалім М.Қалдыбаевтың осы өлкеде туғандығы, оның ата-анасынан ерте жетім қалып, балалар үйінде өскендігі туралы мәліметтер берді. Мұнан соң балалар суретшіден өзінің балалық шағы туралы айтып беруін сұрады.

Суретші жасьық шағын еске ала отырып, өзінің Ташкент қаласындағы балалар үйінде тәрбие алғандығына тоқталды. Балалар үйінде ол сурет салуға ерекше құмар болғандығы туралы айтты. Ол үнемі анасының бейнесін көз алдына елестетіп, ана суретін салуды армандаған. Бір түні, түнде тұрып ерекше шабытқа бөлендім, дейді ол. Сонан соң төсегімнен тұрып, терезеден түскен ай сәулесімен төсегімнің тұсына тұрып, терезеден түскен ай сәулесімен төсегімнің тұсына сурет сала бастадым. Өз санамдағы қалған бұлыңғыр ауыл өмірін қағаз бетіне түсіре бастадым. Мейірімді ана бейнесі… Осы есте қалғандарын қара күйемен аппақ қабырғара баттастыра салып жатып, таңның қалай атқанын да байқамаппын. Таңертең шуылдап оянған балалар қабырғадағы суретке қарап таңырқап қалыпты. Осы кезде кіріп келген тәрбиеші апай маған ұрыса бастады. Бірақ кейіннен  суреттің мәнін ұққан ол аппак қабырғаның қара  көмірмен    ластанғанын    айтты.    Әйтпесе ұрыспас па еді, — дейді ол. Жас суретші өнер жолындағы алғашқы соққыны да сол үшін алған болатын. Балалар үйінде өткізген балалық шағы- соғыстың бастауымен аяқталды. Балалар үйіндегі еңбекке жарайтындары  жұмысқа  бөлінді. Мені өзім тәрбиеленген  Өзбекстанның Ферғана облысындағы Куба ауданында слесарь болып жұмысқа қалдырды.

Сұрақ: — Сіз өлең де жазасыз ба?

Иә, мен колхоздың жұмысымен де, шығармашылық жұмыспен де айналыстым. Менің қылқаламымнан туған бояулы қанық, айшықты, суреттері көпшілік көңілінен шыға бастады. Соғыс бітсе, оқуға түсіп, әдебиетші ұстаз немесе ақын боламын деп ойлаушы едім. Бірақ мен ойлағандай жақын маңда соғыс біте де қойған жоқ, әдебиетші де, ақын да бола алмадым. Ойымнан шыға алмаған бала қиял артта қалып, туған ауылым Қарасорға қайта оралдым. Көп ұзамай әскер қатарына шақырылып, 1944 жылы 14 мартта соғысқа аттандым. Қан майданның ортасында жүріп те ол баяғы ақын болам деген қиялым орындалмады. Өлең де жаздым, мен өлеңді өзбек тілінде жазатынмын. Қатардағы жауынгерлер қолы бос кезде оның лирикалық өлеңдерін қызыға тыңдаушылар да көп еді. Менің поэзиямен айналысатынымды штаб бастығы А. Алтунин де білетін. Сондағы өлеңімді сендерге айтып берейін. Ол «Он үш жас» деп аталады. Соғыс жылы кемпір, шал, бала қалды, Бар батырын шығарып дала қалды. Он үштегі жас едік, ойын құмар, Бірақ біздің ұйқымыз шала қанды.

Сұрақ: — Соғыстан кейінгі жылдардағы еңбегіңіз туралы әңгімелеп берсеңіз?

Соғыс аяқталды, жеңімпаздар туған жерлеріне қуанышпен оралды. Соғыстан келген соң әр түрлі жұмыстар атқардым. Бақташы да болдым, арба да айдадым. Қай жұмыста уақытым қай мезгілде болмасын қолымнан қыл қаламымды тастағам жоқпын. Менің салатын суреттерімде қоян-қолтық араласып жүрген еңбекші бейнесі, жұмысшылар образы бой көрсетіп жатты. Қай суретімде болмасын өз туған ауылымның әсем табиғаты, ерекше тауларды елес бермей қалған емес. Еңбегім де елеусіз қалған емес.

Ұлы Октябрьдің 60 жылдыгына ұйымдастырылған облыстық көрмеде менің «Туған жер», «Бақташы», «Сушы», «30-жылдардың председателі» шығармаларым көрсетілді.

Сұрақ: — Сіз армия генералы Алтунинмен хат алысып тұрасыз ба?

Бір қуаныштың үстіне бір қуаныш келіп қосылған қандай жақсы. Қуанышымды да, ренішімді де ішке бүгіп үйренбегенмін. Бір күні маған ақ қағазға машинкамен басылған хаты келді. Онда былай деп жазылған:

— «Қадірлі Молдағали бір кездегі полктас досым сенің хатың мені қатты қуантты. Жағдайыңның жақсы екендігін, өмірлік серік тапқандырыңды және болашақ ізбасарларыңның өсіп келе жатқанын хатыңнан білдім. Термез қаласында бірге жұмыс істеген күндеріміз әлі есімде. Ол күндерді еске алу да бір ғанибет. Сен «ақын болам» деген талабыңның орындалмағанына өкінгенмен, суретші болғаның қандай жақсы, бір емес, екі рет лауреат болғаның мені қатты тебірентіп отыр. Сенің де сол еңбегіңе лайық қүрметке бөленіп, қоғамымыздың патриоты   бола білгеніңе тағы да айтам, қатты қуандым. Әрқашан сол бағытыңнан тайма, құрметті Молдағали. Армия генералы А.Алтунин.25 май, 1983 жыл. Москва қаласы»,— деп,хатты оқып берді.

Сұрақ: — Сіздің шығармашылығыңыздың дамуына үкімет қандай қамқорлық көрсетті?

Талант туыла біткенмен, оның толысып, өсіп-өркендеуі адамына байланысты болса керек. Инемен құдық қазғандай ізденбесе, оқымаса, көп еңбектенбесе, қаншама талант болса да оның көмескі тартып қалуы шындық. Сонымен шын талант жағдай күтіп отырмауы қажет. Мен 150-ге тарта еңбе-гімді шағын екі бөлмеде дүниеге келтірдім. Шығармашылық еңбек адамдарына  үкіметіміздің қамқорлығына шек жоқ екендігіне менің көзім талай жетіп жүр. 1984 жылдың май айында мен тұратын «Путь Ильича» колхозының музейін — «Селолық сурет галереясын»етіп  ашып берді. Музей үйінің үлкен екі залы менің салған картиналарымның галереясына айналды. Отыз жылдан астам уақыт еңбектеніп келген картиналарым енді тар да, қараңғы екі бөлмеден жарыққа шықты. Менің өмір бойғы арманым еді бұл. Енді менің еңбектерімнің ондаған, жүздеген көрермендері болатыны есіме түскенде кеудемді ерекше бір қуаныш сезімі биленді. Сонымен қатар шығармашылығымды жалғастыруыма және балаларымның жақсы жағдайда тұруына қамқорлық жасап, колхоз есебінен бес бөлмелі жаңа үй салып берді.

Сұрақ: Кейбір шығармаларыңыздың көркемдік ерекшеліктері туралы айтсаңыз?

— Мен қазір жаңа ізденіс үстіндемін. Өзім тұратын колхозда шаруашылық науқанына көмек ете жүріп, шығармашылық жұмысымды жалғастырудамын. Менің шығармашылығыма арналған галерея залынан еңбек адамдарының портреттерімен бірге шығармашылық адамының да бейнелерін көруге болады. Бір картинамда белгілі ақын Омарбай Малқаров пен сатира сарбазы Садықбек Адамбековтың ат үстінде әңгімелесіп бара жатқан  картинасын бейнеледім. Бұлар соңғы кездегі сәтті туындыларымның бірі  дерлік. Сондай-ақ суреттерімнің әлі бояуы кеппеген жаңа    туындыларымның    бірі — «Біз де жас болғанбыз»   деген   картинамда   тағы табиғат байлығын кең жазықтықта демалыс уақытында тыныстап отыр-ған аға буын өкілдері мен қатар оларға әңгімелесуге келген жастар. Бұл бояулы картинамды да аяқтауға жақынмын.

Осы «Туған ауыл» және «Автопортрет» аталған картиналарым 1977 жылы Лондонда өткен «КССРО халықтары шығармашылығының» халықаралық көрмесіне қатысып, лауреат деген атаққа ие болдым. Алтын медаль алдым. 1975-1977 жылдары өткізілген Бүкілодақтық фестивальдың лауреаты атандым. Москвада кеңес халқының Ұлы Отан соғысындағы Же-ңісінің 40 жылдығына арналып әуесқой суретшілердің Бүкілодақтық көрмесі ашылды. Осы көрмеге екі еңбегім қойылды. Олар «Мейірбан жан» және «Майданнан келген соңғы хат» деп аталады. Мұның екеуі де соғыс кезіндегі тылдағы әйелдер ерлігін көрсетуге арналған. Мұның біріншісінде соғыс ке-зінде эвакуациямен әкелінген панасыз қалған балалардың, екіншісі оларға ана болған әйелдердің жиынтық бейнесі көрсетілген, соғысқа кеткен боздағынан айырылған ананын мәңгі айықпас қайғы-азасы бейнеленген.

Бұл еңбектер көрмеге келушілер мен сарапшылар алқасы тарапынан жоғары бағаланды және аталмыш көрменің лауреаты деген атақ берілді. Бүкілодақтық әуесқой суретшілер көрмесінде мұндай жоғары атаққа осымен екінші рет ие болдым.

Суретшінің әңгімесінен соң оқушылар жеке шығармалардың идеялық мазмұны, композициялық құрылысы, колориті және орындалу техникасы туралы өздері әңгімелеп берді.

1-оқушы: «Жана жердегі көктем» атты майлы бояумен салынған суретші картинасы өлкеміздің тың игерушілеріне арналған. Алғашқы тың игеру кезіндегі қиыншылықтарға патриоттық бастама көрсеткен жас отбасының бітім болмысы, жастық пен махаббаттары суретші көзімен ғана байқалатын өрлік пен ерлікке толы поэма деп қарауға тұратын туынды.

2-оқушы: «Танысу» атты суреттің де өзіндік шертер сыры бар. Мұнда малшы ауылдың жастары бейнеленген. Әскер қатарындағы қызметтен соң шопан болған жас жігіт көк майсалы қия беткейде қой жайып жүріп, көркі көз тартар бір сүйкімді қызға кездеседі. Қыз жігіт көйлегіндегі түйменің үзілгенін көреді. Бірақ таныстығы жоқ жігіттен ұялады. Балғасын тастамайтын жақсы ұста сияқты бұл қыз да кестесі мен ине жібін тастамайды екен. Әңгіме үстінде танысқан соң жігіт көйлегінің түймесін қадауға кірісті. Екеуі де сыр білдіргісі келмейді. Алайда бірі екіншісінен өз бақытын табатындай сезімде. Екеуініңде бүкіл тұлғасынан уәдеге берік, адал жандар екенін байқайсың. Оларға еріксіз бақыт тілейсің.

Қорыта айтқанда автор бұл сурет арқылы шынайы махаббат пен асқақ, адамгершілікті дәріптейді. Иә, махаббат пен адамгершілік қатар жүрсе, мұнан асқан сұлу да жарасымды өмір жоқ.

3-оқушы: «Сауыншы» атты майлы бояу мен салынған картинасы сауыншылардың қимылын және іс-әрекеттерін бейнелеген:Қайсібірі сауынға кірісер алдында қолын, шелегін таудың таза суына жуып, ақ сүлгімен ұқыптап, қайта-қайта сүртеді. Қыл қалам туындысында жасыл көк, ақ түстер басым, Олар көктемнің түсі. Бұл жаңа бастаманың жастықтың символындай. Туындыда түстердің гармониялық қайталануы, үйлесімділігі арқылы халықтың өмірі, жаңа тұрмысы бояулар тілімен көрерменге аса шебер жеткізілген.

4-оқушы: «Сауыншы», «Автопортрет» деген картинасы әуесқой суретшілердің облыстық байқауында үздік бағаланып, республикалық көрмеге жолдама алды. Онда алтын медальға иемденеді.

Экскурсия барысында балалардың назарын суретші шығармашылығы жайлы пікірлер жазылған кітапқа аударып, оның кейбірі оқып берілді. Қ.Жұбасова пікір кітабына былай деп жазыпты: «Өнер игілікті әсер етеді, өнер тәрбиелейді. Селолық көркем-сурет галереясын жасаудын инициаторларына шын жүректен алғыс айтамыз. Молдакең Бүкілодақтық фестивальға дейін «Менің ауылым», «Сауыншы», және «Автопортрет» суреттерін ғана салған еді. Ал содан бері бес жыл ішінде іске асқан мынадай көп еңбекке көз сала отырып, еріксіз таңданасың. Молдакеңнің алға қойған мақсатқа жету жолындағы табандылығын қиынылыққа тайсалмай қарайтын қайсарлығын, шаршап шалдығуды білмейтін қажыр қайратын айтпай-ақ аңғарасың».

Көркем сурет галерсясындағы экскурсия ксзінде оқушыларға өнер шеберлері Ф. Потехин, Б. Талқанбаев, Б. Байменов, У. Көшкінбаев, А. Оспанов, Ю. Евсеевтердің суретшіге сыйлаған енбектері таныстырылды. Мұнан соң балаларды қазақ халқының сәндік қолданбалы өнер бұйымдары көрсетілетін залға апарып, ою-өрнектердің тұрмыс заттарын әсемдеуге колдану жолдары, халықтың әсемдік талғамы, жайлы әңгіме қозғалды.

Кездесу соңында мұғалім: суретші шығармаларда туған ауылын бейнелей келе халықтың өмірін, тұрмысын көрсетіп, оны кейінгі ұрпақтың көз алдына елестете білген, еңбек адамдарынын шынайы образын жасағандығы туралы айтты. Балалар, біз өзінің қымбат уақытын бөліп кездесуге келіп, өнер жайлы қызықты әңгімесін айтқан Молдағали ағаға көп-көп рахмет айта отырып, зор денсаулық, шығармашық табыс тілейміз деп аяқтады.Сабақтыңың соңында оқушылар суретшіге алғыстарын айтып, өз шамаларынша шағын концерт көрсетті.

.
Загрузка...

Тағы рефераттар