Тасқа жазылған дастандар туралы қазақша реферат

Шамамен VI ғасырдың кезінде Жетісу, Алтай, Орталық Азияны мекен еткен түрлі ру тайпалар бірігіп, Түрік қағанаты деп аталатын мемлекет құрғаны тарихтан жақсы мәлім.

Міне, сол ежелгі түрік дәуірінің қоғамдық, әдеби мәдени өмірін жыр еткен ғажайып дастандар бар. Бұлар – «Күлтегін», «Білге қаған» және «Тоныкөк» жырлары деп аталады. Бұдан 1250 жыл бұрын үлкен құлпытастарға қашап жазылған осы әдеби ескерткіштер идеялық мазмұны жағынан да, көркемдік шеберлігі тұрғысынан да күні бүгінге дейін оқушысын таңдандырып, тамсандырып келеді.

Тас, руна жазуындағы жәдігерліктер жанры туралы соңғы кезге дейін әртүрлі пікірлер айтылып жүр. Бұларды біресе прозалық шығарма десе, екінші поэзиялық туынды деп келеді. Ал кейінгі кезде, әсіресе, көрнекті совет ғалымы И.В. Стеблеваның «VI-VIII ғасырдағы Түркі поезиясы» /1/ деген еңбегі басылып шыққаннан кейін Руна жазуындағы әдеби мұралар поэзиялық туынды деп танылады.
Тағы рефераттар