Биржа — біріншіден, белгілі бір тауарларды күнделікті саудалау орны, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы шикізат, валюта, бағалы қағаздарга байланысты келісімдерге ықпал ететін сауда делдалы, екіншіден, осы саудалауды ұйымдастыратын және осы саудалауды өткізуге байланысты ережелерді жасайтын жеке және заңды тұлғалардың бірлестігі, және үшіншіден, мемлекеттің экономикалық инфроқұрылымындағы биржаның орнын анықтайтын, басты белгісі болатын, ерекше баға белгілейтін механизм. Берілген анықтамаға байланысты биржаның көп функционалдылығын көреміз. Биржаның негізгі функциялары төмендегілер болып табылады:

1. Сату-сатып алу процессін, сатушы мен сатып алушының кездесуін ұйымдастыру және саудалау орнын дайындау. Биржада сатушылар өз тауарын ұсынады, ал сатып алушылар тауарды бағалап, берілген шарттармен келісіп, келісімдерге отырады немесе келісімдердің қандай да бір параметрлері ұнамаса, өзінің тарапынан ұсыныстар жасайды. Егер алғашқы кезде биржа сатушылар өз тауарларын, өнімдерін әкелетін көтерме сауда орны болса, қазіргі кезде биржа тікелей тауарларды сату-сатып алу, тауарларды ақшаға айырбастау орны емес, белгілі бір тауарға байланысты келісімге келу орнына айналды.

2. Спекуляцияға бақылау жүргізу. Келісімдерді ұйымдастыру барысында, саудалау ашықтығына байланысты кез келген сатып алушы биржада өзіне керекті тауарды сатып ала алады, сондықтан, спекуляцияға бақылау жасалынады.

3. Белгілі бір баға корректировкасын білдіретін, жедел құралдар саудасы арқылы сақтандыру. Осы арқылы екі жақ тарапынан тәуекелді өтеу қамтамасыз етіледі.

Көрсетілген, биржаны анықтайтын негізгі функциялармен қатар, қосалқы функцияларын көрсетейік. Олар:

1. Биржалық бағаларды нарықтық ұсыныс пен сұранысқа байланысты қалыптастыру және реттеу. Белгілі бір деңгейде бағаны тұрақтандыру.

2. Биржалық тауарлардың стандарттарын орнату. Биржаларда тауарлардың өзін өткізбей, осы тауарларга байланысты келісімдерге қол қойылады. Сондықтан, салмағы, көлемі, сапасы жағынан стандартталған тауарлады сатып алу тиімді.

3. Келісімдерді жасауға көмектесетін, биржа мүшелеріне типтік келісімдерді дайындау.

4. Саудалаудың тиімдірек іс-әрекетіне әкелетін, саудалау ережелерін дайындау мен саудалау дәстүрін тұрақтандару.

5. Уақытты үнемдеу мен айналым шығындарды төмендететін, биржа мүшелерімен жеңілдетілген есептеу процедураларын жүргізу. Биржа мүшелері әр жасалынған келісім үшін қаражаттарын бөлмейді, олар белгілі бір сомма көлемінде салым жасайды. Кейінірек осы салымды есеп айырысу палатасы ұтылған және жеңгендердің арасында бөледі.

6. Биржадағы саудалаудың барысын айқындайтын, сатылатын тауарлар мен басқа материалдардың котировкасы жайында информациялық бюллетендерді шығару.

7. Клиенттерге әрдайым ұлғайатын қызметтер спектрін ұсыну.

8. Тауарлар мен шикізаттар нарығын арнайы механизм арқылы қалыптастыру.

Осы функциялардың орындалуы тауардың сату-сатып алу операцияларын эффективті және рационалды іске асырылуына әкеледі.

Тауарлы биржалар бұл — стандартталған материалды-затты тауарларды сатуға, сатып алуға байланысты тауарлы операция бойынша келісімдерге келетін арнайы тәуелсіз мемлекеттік емес ұйымдар. Биржалық саудалаудың негізгі тауарлары — оңай стандартталатын, былай айтқанда биржалық тауарларларға жататын, шикізаттың барлық түрлері (мұнай, металлдар, ағаш және т.б.), ауыл шаруашылық өнімдері, және оңай стандартталатын әрдайым өнеркэсіптің эртүрлі салаларына аралық шикізат болатын тауарлар (қағаз, картон, цемент, құрылыс заттары, мұнай өнімдері) жатады.

Биржалық тауарлар бірнеше топқа бөлінеді[1]:

1. Өнеркәсіптік шикізат:

а) Түсті және бағалы металдар.

э) Жанармай тауарлары — мұнай өнімдері, т.б.

2. Ауыл шаруашылық өнімдері және оның өңделген өнімдері:

а) Астық өнімдері.

э) Май дақылдары — мақта, күнбағыс дәндері, соя, т.б.

б) Мал өнімдері мен ет.

в) Текстиль өнімдері — жүн, мақта, жібек.

г) Тағамдар — қант, шай, кофе, картоп, т.б. ғ) Ағаш өнімдері.

д) Каучук.



[1] Әлемдегі тауар биржапарының тізімін Қосымша 1-ден қара


Тағы рефераттар